Батыс Еуропа елдерін типке бөлу және топтастыру

0
11474
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Батыс Еуропа аймағына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланды, Австрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді. Ұлыбритания мен Ирландия материктегі елдерден жіңішке Ла – Манш бұғазы арқылы бөлініп жатыр.

Жоспар

  1. Кіріспе

I тарау Батыс Еуропа елдерін типке бөлу және топтастыру

1.1.  Батыс Еуропа елдерінің көптүрлігі және типологиясы

1.2. Батыс Еуропа елдерінің жіктеліп топтастырылуы

             II тарау Батыс Еуропа елдерінің жеке аймақтарына жалпы  шолу

2.1.Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия    мемлекеттеріне жеке-жеке сипаттама

2.2.   Швейцария, Белгия мемлекеттеріне сипаттама

ІІI  Қорытынды

ІV  Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

Батыс Еуропа аймағына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланды, Австрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді. Ұлыбритания мен Ирландия материктегі елдерден жіңішке Ла – Манш бұғазы арқылы бөлініп жатыр. Батыс Еуропа ежелден – ақ шаруашылық пен өркениеттің барынша өркендеген аймағы болып саналады.

Батыс Еуропа елдерінің табиғат жағдайына Атлант мұхитының тигізетін ықпалы өте зор. Британ аралдарының оңтүстігі мен материктегі елдердің солтүстігін жазық жерлер алып жатыр. Ойпаттардың теңіз деңгейінен биіктігі 50 – 100 м – ден аспайды. Мұндай жерлердің су астында қалу қаупі жоғары. Сондықтан жергілікті халық ежелден бері құнарлы жерлерді теңіз суы басып кетпеуі үшін тастан, құмнан және бетоннан бөгеттер жасап келеді. Солтүстік теңіз жағалауындағы осындай жерлер марш, ал Нидерланды жерінде польдер деп аталады. Бұл жерлерді шалғындар мен бау – бақшалар алып жатыр. Ал осы аймақтағы гүл плантацияларында өсірілген раушан гүлі мен қалампыр, қызғалдақ көптеген елдерге сатылады. Су деңгейінің кенет көтерілуінен кейде алай – түлей теңіз толқындары жүреді. Мысалы, 1953 жылы болған су тасқыны кезінде үйлер мен жолдар бұзылып, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келген, адам шығыны болған.

Жазықтар оңтүстігі мен шығысқа қарай биіктеп, қыраттар мен үстірттерге, аласа тауларға, одан әрі Еуропаның ең биік тау жүйесі – Альпіге ұласады. Таулы жер бедері Британ аралдарының солтүстігіне де тән. Ойпаттар мен теңіз түбіндегі шөгінді жыныстарда мұнай мен табиғи газдың кен орындары бар. Сонымен қатар бұл елдердің қойнауы тас көмір, темір, түсті металл, калий  тұзы кендеріне бай болып келеді. Бұл аймақ Атлант мұхитынан келетін ауа массаларының ықпалында болатындықтан Британ аралдары мен жағалаудағы елдерде климат қоңыржай  теңіздік сипатта болады. Қысы жұмсақ, жазы салқын, жаңбыр ұдайы жауып тұрады.

Ауа райы құбылмалы, тұманды, желді келеді, ашық күндер аз болады. Шығысқа қарай

климат біртіндеп өтпелі, одан әрі қоңыржай континентті климатқа ауысады. Биіктігі орташа таулардың өзінде қыс қыс салқындау болады, жауын – шашын таулардың батыс беткейінде молырақ түседі. Қыста тауларда бірнеше ай қар жатады. Таулардан мол сулы өзендер ағып шығады, олардың бойында осы аймақтағы ірі қалалар мен елді мекендер орналасқан. Батыс Еуропа елдерінің басым бөлігінде орманның қоңыр топырағы таралған, мұнда емен, шамшат, шегіршін ағаштарынан тұратын жалпақ жапырақты ормандар  өседі. Таулы аудандарда шырша мен самырсын құрайтын қылқанды ормандар таралған. Жазықтардағы ормандардың көбі әлде қашан кесілген, жануарлар дүниесі адам әсерінен кедейленген. Олар тек қорықтарда ғана сақталып қалған.

Батыс Еуропа – дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы. Аймақта халық тығыз қоныстанған, олардың  басым көпшілігі қалаларда тұрады. Халықтың ұлттық құрамы да күрделі. Батыс Еуропада адамзат тарихындағы алғашқы ірі өнеркәсіп орталықтары пайда болған, сондықтан аймақта орналасқан елдерде өнеркәсіп күшті дамыған. Қазіргі кезде бұл елдерде шығарылатын реактивті ұшақтар, автомобильдер (« «Мерседес», «Рено», «Ауди», «Пижо»), күрделі электрондық техника (компьютерлер, есептегіш құралдар) дүние жүзіне әйгілі. Швейцарияда жасалатын сағаттар өте дәлдігімен, сапалылығымен аса жоғары бағаланады. Батыс Еуропа банктерінде әлемнің көптеген елдерінің ақша қаржысы мен алтындары сақтаулы. Аймақтың табиғат жағдайлары ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруда ғылым мен техниканың ең соңғы жаңалықтары қолданылады. Сондықтан бұл саланың да даму дәрежесін өте жоғары деңгейде.

Батыс Еуропа елдерінің табиғи және тарихи – мәдени ескерткіштерін көріп, тамашалау үшін, жанға жайлы табиғатының аясында емделіп, демалу

үшін бұл аймаққа жыл сайын  әлемнің көптеген елдерінен миллиондаған туристеримен демалушылариағылады.

I тарау  Батыс Еуропа елдерінің типке бөлу және топтастыру

1.1. Батыс Еуропа елдердің көптүрлілігі және типологиясы

Әлемнің сан алуан елдері бір – біріне мүлдем ұқсамайды және әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиеттері бар. Мәселен, жер аумағы мен географиялық орналасуы, халқының саны мен құрамы, табиғат ресурстары мен шаруашылық салалары, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі мен оның сипаты, т.б. белгілеріне қарай ерекшеленеді. Осы себепті оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау арқылы жекелеген түрлерге бөлеміз. Әдетте, елдердің жалпы әлеуметтік  — экономикалық деңгейі мен өнеркәсіптік қатынастарының даму дәрежесіне негіздеп саралау басым. Бұл негіздемелер елдерді типке бөлудегі басты белгілер болғаны мен, оны біз мәңгілік өзгермейтін ұстаным деп есептеуімізгеәсте болмайды. Сонымен қатар қазіргі құбылмалы дүниеде оның бір түрінен екіншісіне өту немесе қайта оралу процестері нақтылы түрде болып отыр.

Барлық топтағы елдерді дүние жүзінің саяси картасында типологияға бөліп жіктеу Қазан революцисынан кейін, әсіресе жүйелі түрде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзгерістерге байланысты әр түрлі саяси – қоғамдық құрылыстар негізінде пайда болды. Елдерді өткен ғасырдың соңғы онжылдығына дейін үш типке бөліп келді: социялистік, дамыған капиталистік, дамушы елдер.

Жалпы экономикалық – географиялық типологияға статистикалық сандық көрсеткіштер негіз етіп алынғанымен де, бұл кешенді түрдегі географиялық типология.

Әдетте, дүние жүзі елдерінің экономикасының әлеуметтік құрылымында шаруашылықтың белгілі бір сферасы басымдық көрсетеді. Мәселен, дамыған елдерде басты орынды өңдеуші, әсіресе бастаушы және қызмет көрсету секторлары алады. Ал дамушы елдердің барлығы дерлік тарихи жағынан бұрынғы отар немесе жартылай отар елдер юолғандықтан, шаруашылығы көп укладты әрі онда ауыл шаруашылығы (орман, балық т.б.) және өндіруші (отын, шикізат т.б.) өнеркәсіп салалары басым болады. Мәселен, көмірсутек экспорттаушы елдер (Біріккен Араб Әміршілігі, Кувейт, Бахрейн, т.б.). осы себепті оларды аграрлық, болмаса, минерал – шикізаттық мамандану мен әлемдік экономикалық жүйеге бағыныштылығы орын алады.

Елдердің экономикалық тұрғыдан өсіп – өрлеуі тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің тек сандық қана емес, сапалық жағынан да қарастырады. Негізінен, дамушы елдерге тән экстенсивті жолымен дамудан, интенсивті типтегі дамыған елдерде еңбек өнімділігі аса жоғары. Олар мұндай нәтижеге өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру,ҒТП мен технологияның озық түрлерін пайдалану және жұмыс күшінің мамандану дәрежесін арттыру арқылы жетіп отыр. Осы екі тип елдерінің сыртқы сауда байланысыныңтжалпы көлемдері, оның қатынас түрлері  мен құрылымдары да әрқалай. Дамыған елдерде экспортқа дайын өнімдер, озық технология, капитал шығару мен қызмет көрсету басым болса, ал дамушы елдерге отын, шикізат, азық – түлік тауарларын шығару және инвестиция тарту, сол сияқты жұмыс күшімен қамтамасыз ету, оның ішінде «ақыл – ойдың сытылуы» тән. Әсіресе экономикалық жағынан өсіп – өркендеуіне сыртқы сауда айналымы үлкен ықпал етіп отырған «ашық экономикалы» елдер бұл жағынан айрықша орында.

Дамушы елдер топтарына берілген саяси – экономикалық анықтамаларда «социалистік бағыттағы» елдер туралы сипаттама ескерілмеген.

Жалпы салыстырмалы түрде өткен ғасырдың 70 – 80 жылдарында олардың саны дүние жүзі елдері бойынша 20 – дан астам болатын.

Қазір бұл елдердің көпшілігі социализмнің болашағының жоқ екенінен әрі өздерінің саяси – әлеуметтік дамуы мен ішкі факторлардағы келіспеушілігінен социалистік бағытты ұстаудан ресми түрде бас тартты. Ал кейбір елдер ұлттық экономикасының  құлдырауынан, азамат соғыстарының ұзаққа созылуынан, бүркемелі түрдегі шетелдік басқыншылықтың өрістеуінен, бұрынғы Кеңес Одағы және социалистік жүйедегі, т.б. елдерден берілетін қаржы – экономикалық және басқадай көмектің (әскери, техникалық) қысқартылуынан, т.б. осы сынды себептерге байланысты олар да социализмнен бас тартуға мәжбүр болды. Қазіргі кезде социалистік бағытты ұстанып отырған дамушы мемлекеттер дүние жүзінің саяси картасында іс жүзінде жоққа тән.

Сонымен, қазіргі дүние жүзі елдерін, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай: экономикасы дамыған және дамушы мемлекеттер деп екі түрге ажыратамыз. Бұлайша саралаудың мәні – оларды жалпы тану тұрғысында ғана емес, халықаралық ұйымдардың осы типтердегі жекелеген елдер топтарының даму проблемаларын зерттеп білу мен оны шешу үшін ұсыныстар беруде де практикалық маңызы зор.

Экономикалық дамыған және өтпелі экономикалы елдер. Экономикасы дамыған елдерге БҰҰ сараптамасы бойынша: Батыс Еуропа елдері түгел, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Оңтүстік Африка Республикасы, сол сияқты өтпелі эканомикалы елдерге Шығыс Еуропа мен ТМД – ның кейбір елдері жатады.

Батыс Еуропа ұзақ ғасырлар бойы әлемдік дамудың орталығы болып келді. Ұлы географиялық ашылулар, кейіннен экономика, ғылым мен техника және әлеуметтік саладағы әрі жаңалықтар мен жетістіктер бұл аймақтың даму қарқынын жеделдетті.

Жер көлемі шағын осы аймақта жоғары дәрежеде дамыған төрт ірі ел мен ғалымдар «Еуропаның шағын капиталистік елдер» деген айрықша топқа біріктіретін 20 мемлекет орналасқан. Бұл елдердің арасында аумағы біршама үлкендерімен (Испания, Швеция, Фингляндия) қатар, кішігірім «ергежейлі» мемлекеттер (Андорра, Лихтенштейн, Ватикан, Манако, Сан – Марино, Мальта) де бар.

Жалпы алғанда, Батыс Еуропа елдерінің экономикалық – географиялық жағдайы Ұлы географиялық ашылулардан соң аса қолайлы бола бастады. Өйткені теңіз көлігінің маршруттары ішкі теңіздерден (Балтық және Жерорта) Атлант мұхиттарына орын ауыстырды. Елдер арасындағы қарым – қатынастардың дамуы құрлық жолдарының тұтас жүйесін жасауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың басында пайдаланыла бастаған әуе көлігі аймақтың жағдайын одан әрі нығайтты. Жоғары ендіктерде жатуына байланысты осы аумақ арқылы ең қысқа халықаралық әуе жолдары өтетін болды. Нәтижесінде Еуропаның шағын капиталистік елдері аса маңызды халықаралық көлік торабына айналды. Ендігі жерде Батыс Еуропадағы күшті дамыған елдермен ғана емес. Америкадағы жоғары дамыған елдермен   қарым – қатынас орнатылып, жаңа шикізат көздеріне жол ашылады.

Батыс Еуропа елдерінің XX ғасырдың бірінші жартысында соғыс ошағына айналуы аймақтағы геосаяси жағдайды қолайсыз етті. Өйткені көршілес орналасқан мемлекеттер бірінен соң бірі соғыс қимылына кірісуге мәжбүр болды. Бұл топқа енетін бірқатар елдер (Бельгия, Нидерланд, Норвегия, Дания, Исландия, Португалия, Грекия, Люксембург) НАТО – ға мүше. Дегенмен қазіргі кезде аймақтың көпшілік елінің бейтарап саясат ұстануы, елдер арасындағы экономикалық интеграцияның кең қанат жаюы Батыс Еуропада салыстырмалы түрде артта қалған елдердің болмауы да осы жағдайлармен түсіндіріледі.

Қазіргі кезде дүниежүзілік саясатта шағын елдердің рөлі артып отыр. Бірқатар халықаралық ұйымдардың штаб – пітерлерінің осы елдерде орналасуы – осының дәлелі. Мысалы, Брюссель қаласында НАТО мен Еуропалық Одақтың, ал Венада МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) және ОПЕК (сыртқа мұнай шығаратын елдер ұйымы) сыртқы ұйымдардың штаб – пәтерлері орналасқан. Бейтарап саясат ұстанатын Швейцарияда Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына енетін Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік Метеорологиялық ұйымының және Халықаралық пошта одағының штаб – пәтерлері шоғырланған.

Халқы Шағын елдердің көпшілігінде, әсіресе Солтүстік теңіздің жағалауында орналасқан елдерде халық тығыз орналасқан. Мысалы, Бельгияда орташа есеппен алғанда 1 км2 – ге  337 адамнан келеді. Бұл жалпы Еуропа бойынша халық тығыздығының ең жоғары көрсеткіштерінің бірі. Ергежейлі мемлекеттерде халық Солтүстікте орналасқан мемлекеттерде халық тығыздығы төмен: Норвегия, Фингяндия, Швецияда 1км2 – ге 10 – 20 адамнан келеді. Таулы аймақта орналасқан Австрияда халық тығыздығы  1км2 – ге 95 адамнан келеді. Бір елдің аумағының өзінде халықтың біркелкі қоныстанбауы халық тығыздығына айырма жасайды. Жалпы алғанда, Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінде ең жоғары тығыздық теңіз жағалауларындағы аудандарда байқалады. Бұл жергілікті халықтың дәстүрлі қоныстану ерекшелігімен және қалалардың осы аудандарында орналасуымен түсіндіріледі.

Бұл топтағы елдердің басым көпшілігінде урбандалу дәрежесі жоғары (қосымшадағы анықтамалық кестені қараңдар). Урбандалу дәрежесі төмен елдерге Португалия (қала халқының үлесі 45%), Ирландия (54%), Грекия, Финляндия (59%) жатады. Қала халқының, негізінен, ел астанасында шоғырлануы Батыс Еуропа елдерінде жиі байқалатын құбылыс.

Теңіз жағалауларындағы елдерде ірілігі жөнінен портты қалалар астаналардан кейінгі орынды алады. Қалалар аумағының ұлғаюы қала агломерацияларының қалыптасуына негіз болады. Олардың аса ірілеріне Брюссель, Вена, Амстердам және Копенгаген агломерациялары жатады. Солтүстегі елдерде қалалар өте сирек, бір – бірінен алшақ орналасқан, батыс Еуропадағы көптеген қалалар өзінің ортағасырлық сипатын сақтап қалған. Олар аймақтағы тартымды туристік объектілер болып табылады.

Шағын елдердің барлығында дерлік халықтың ұлттық құрамы біртектес, тек Бельгия екі ұлтты (фламандықтар мен валлондар), ал Испания көп ұлтты мемлекеттер қатарына жатады. Жалпы алғанда, Батыс Еуропаның жоғары дамыған елдеріндегі сияқты, шағын елдерде де «ұлттық қартаюы» проблемасы бар. Бұл соңғы онжылдықта халықтың табиғи өсімінің күрт төмендеп, адамның өмір сүру жасының ұзаруымен түсіндіріледі.

Шаруашылығы Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінің Батыс Еуропа аймағындағы және дүниежүзілік шаруашылықтағы орны айрықша. Бұл елдердің Батыс Еуропаның өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 30%, ал сыртқы саудадағы үлесі 40% — ды құрайды. Дүниежүзілік нарықта бұл елдердің жабдықтар мен станок жасау, электротехника, кеме жасау, химия және целлюлоза – қағаз өнеркісібінің өнімдері жоғары бағаланады. Шағын елдердің өте жоғары дамыған ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығы дүние жүзінің көптеген елдеріне ет – сүт тағамдарын, балық өнімдерін жөнелтуде. Елдердің экономикасы негізінен сыртқы нарыққа бағдарланғандықтан, шаруашылықтың мамандану деңгейі де жоғары.

Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде Бельгия мен Нидерланд порт шаруашылығымен (Антверпен, Роттердам), электр техникасы өндірісімен; Грекия мен Норвегия халықаралық теңіз тасымалына мамандануымен; Швейцария қаржы орталықтарымен және станок, сағат өндірісімен; Фингляндия целлюлоза – қағаз өндірісімен;

Швеция машина жасау және металлургия өнеркәсібімен ерекшеленеді. Кішігірім Швейцарияда 620 банк бар. Ал Нидерланд гүл өсірушілері әлемдік гүл нарығының жартысынан астамын «жаулап алған».

Бұл топқа енетін елдер әлемдік – экономикалық деңгейі жөнінен бір – бірінен айырмашылық жасайды: дамуы өте жоғары мемлекеттермен (Швеция, Норвегия, Швейцария, Дания, Нидерланд, Белгия) қатар, индустрияландыру кезеңіне жаңадан қадам басқан елдер (Ирландия, Португалия, Испания, Грекия және т.б.) де бар.

Бұл топқа енетін 12 ел (Бельгия, Нидерланд, Австрия, Ирландия, Швеция, Дания, Финляндия, Испания, Португалия, Грекия, Люксембург, Мальта) Еуропалық  Одаққа мүше ретінде біртұтас экономикалық кеңістікті құрайды. Қазіргі кезде ЕО шеңберінде ортақ экономикалық саясат жүргізілгенімен, әрбір ел дүниежүзілік нарықтағы өз бет – бейнесін сақтап қалды деуге болады.

Ішкі айырмашылықтары Тұтас экономикалық – географиялық кеңістік құрайтын бұл елдер тобы тарихи, этностық, табиғи, экономикалық және т.б. ерекшеліктеріне орай Солтүстік ( Норвегия, Швеция, Дания, Финляндия, Исландия), Орта (Бельгия, Нидерланд, Австрия, Швейцария, Ирландия, Лихтенштейн, Люксембург) және Оңтүстік (Португалия, Испания, Грекия, Мальта, Андорра, Сан – Марино, Ватикан, Монако) Еуропаға ажыратылады.

1.2.Батыс Еуропа елдерінің жіктеліп топтастырылуы

Дүние жүзі елдерін сандық және басқа да ерекшелік белгілеріне қарай жіктеп топтастырамыз. Ең алдымен сандық белгілері бойынша көп таралғаны – елдерді жер аумағы көлемі мен халқының санына байланысты топтастырады. Мәселен, әлемде жер көлемі 3 млн км2 – ден астын ең ірі 7 ел көзге түсті. Сол  сияқты халқының саны 100 млн адамнан асатын әлемде 11 ел бар.  Олардың халқы бүкіл жер шары халқының 3/5 бөлігін құрайды.

Дүние жүзі елдерін осындай сандық көрсеткіштері бойынша бірнеше сатыға бөліп топтастыруға болады. Әдетте, саяси картада орта және шағын мемлекеттер саны басым. Сонымен қатар «ергежейлі елдер» деп аталатын аса ұсақ елдер өз алдына жеке топ құрайды.

Мемлекеттерді географиялық орнына қарай топтастыру жиі кездеседі. Бұл ретте олар: теңіз жағалауында, түбектерде, аралдарда, архипелактартарда орналасқан елдер болып бөлінеді. Осы жерде теңізге шыға алмайтын елдер өз алдына ерекше топ құрайды. Дүние жүзінде олардың жалпы саны 40 – қа жуық, бұлардың сапында Қазақстан да бар. Мұндай қолайсыз географиялық жағдай, олардың әлемдік сауданың күре жолы – дүниежүзілік мұхитты және оның байлықтарын пайдалануды қиындатады. Сол сияқты Батыс Еуропа елдері де бірнеше елдерге жіктеліп топтастырылады.

II тарау Батыс Еуропа елдерінің жеке аймақтарына жалпы шолу

2.1.Ирландия

Ирландия Республикасы Батыс Еуропадағы мемлекет. Ирланд аралығының 5/6 бөлігін алып жатыр. Жер көлемі 70,3км2 . халқы – 3,63млн адам. Негізгі тұрғындары ирландықтар. Ресми тілдері – ирланд және ағылшын тілдері. Тұрғындардың 92% — ы христиан дінінің католик, қалғандары протестант тармағын ұстанады. Астанасы Дублин қаласы. Ирландия – парламенттік республика. 1937 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – Президент жалпы халықтықтық сайлауда 7 жылға сайланады. Заң шығарушы органы – екі палаталы (сенат және өкілдер) Ұлттық парламент. Ел әкімшілік – территориялық жағынан 26 графтыққа бөлінеді. Ұлттық мейрамы 17 наурыз – Әулие Патрик күні. Ұлттық ақша бірлігі – ирланд фунты.

Табиғаты Жер, негізінен, жазық, ойпатты келеді. Биіктігі орташа таулар елдің шет жақтарында орналасқан. Пайдалы қазбалары: шымтезек, тас көмір, фосфарит т.б. Климаты қоңыржай, мұхиттық. Қысы жылы, жазы қоңыр салқын. Жауын – шашынның жылдық мөлшері 700 – 1500 мм, таулы өңірлерде 2000 мм – ге дейін. Басты өзені – Шаннон. Ірі көлдері: Лох Корриб, Лох – Маск, Лох – Ри. Жері шымтезек араласқан батпақты, күлгін топырақты, шалғынды келеді. Территориясының 1% — ы орман, жан – жануарлар дүниесіне өте кедей.

Тарихы Б.з.б. 4 ғасырда Ирландияны кельт тайпалары қоныстанды. Олар өздерінен бұрынғы халықты бірте – бірте ассимиляцияға ұшыратты. Б.з. 3ғасырында алғашқы мемлекеттер пайда болып, 5 ғасырда христиан діні тарай бастады. 795 жылы Ирландия норман тайпалары басып кіріп, 1169 – 1171 жылы толығымен жаулап алды. Қалаларда қолөнер мен сауда дамып, мал шаруашылығы басты салаға айналды. 16 – 17 ғасырларда ағылшындар отарлауды күшейтті де жергілікті халық жиі – жиі көтеріліс жасап отыр. 18 ғасырдың 60 – 70 жылдары шаруалар астыртын ұйымдарға бірікті.

Ағылшын үкіметі халық көтерілістерін басып тастап отырды, бірақ 1782 – 1783 жылы ирланд парламенті үшін автономия белгіледі. 19 ғасырда Ирландия ағылшын үкіметінің а.ш. базасына айналды. Өнеркәсіп нашар дамыды. 1840 жылы елде агр дағдарыс болып, ұсақ жер иелері кедейленіп, ірі фермерлер өсіп шықты. 1842 жылы халықты қарулы көтеріліске шақырған ұлттық радикалды топ «Жас Ирландия» ұйымы пайда болды.  Соңғы құрылған одақ 1913жылы тамызда Дублин ереуілін ұйымдастырып, қарулы ұйым «Ирлан азаттық армиясы» дүниеге келді. Бірақ 1916 жылы болған Ирланд көтерілісі аяусыз басып тасталды.  1919 – 1921жылдары елде ұлт – азаттық қозғалысы қайтадан күшейді.  1919 жылы қаңтарда Ирландия өзінің тәуелсіздігін жариялап, Ирланд республика армиясы ағылшын әскеріне қарсы батыл соғыс қимылдарын жүргізді.  1921жылы желтоқсанда Ұлыбританиямен арада бітім жасалып, ол бойынша Ирландия доминион мәртебесін алды  1922 – 1923 жылы азамат соғысы болып, оңшыл күштер жеңіске жетті. Елде полицейлік террор тәртібі орнады. Бірақ 1932 жылы парламент сайлауында ұлттық патриоттық топтар жеңіске жетіп, Британ тағына ант беруге тыйым салынды, елдегі ағылшын әскери – теңіз базалары жойылды. 1937 жылы конституция қабылданды.  1949 жылы Ирландия тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Ирландия  1955 жылдан БҰҰ мүшесі, соңғы жылдары Ұлыбритания құрамында қалған Солтүстік Ирландия мәселесін саяси жолмен шешу, халықаралық шиеленістерді бәсеңдету жолында  қызу күресуде.  1989 жылы  10 сәуірде Солтүстік Ирландия мәселесін бейбіт жолмен шешу жөніндегі ағылшын – ирланд келісімі жасалды.

Экономикасы Ирландия – аграрлы – индустриялы ел. Ұлттық табыстың 38% — ын – өнеркәсіп, 8% — ын – ауыл шаруашылығын береді. Өнеркәсіпте шет ел капиталы үлкен рөл атқарады. Олар бүкіл өнеркәсіптің 70% — ын өз қолдарында ұстайды. Ауыл шаруашылығының 87%- ын мал шаруашылығы береді.

Экспортқа: компьютерлік құралдар, тірі мал, тамақ өнеркәсіптері, химия өнімдері, т.б. шығарылады. Елге туризм жыл сайын үлкен кіріс әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, Германия т.б. Қазақстанмен дипломатиялық байланыс 1992жылы орнаған.

Франция

Француз Республикасы – Батыс еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Па – де – Кале, Ла – Манш бұғаздарымен, батысында Атлант мұхитындағы Бискай шығанағымен, оңтүстігінде  Жерорта теңізімен қоршалып жатыр. Шығысында Бьелгия, Люксембург, Германия, Швейцария, Италия,  Манакомен, оңтүстігінде Испания мен Андоррамен шектеседі. Аумағы – 551600км2. Халқы 58,6 млн. оның  94% — на жуығы француздар, қалғанын португалдар, алжирліктер, италияндықтар, марокколықтар, испандықтар, түріктер мен армияндықтар, т.б. құрайды. 1,3 млн. француз Франциядан тыс жерлерде тұрады. Дінге сенушілердің 76%  — дан астамы католиктер, қалғандары протестанттар, мұсылмандар, православие дініндегілер. Ресми тілі – француз тілі. Астанасы – Париж қаласы. Ірі қалалары – Лион, Лилль, Бордо, Тулуза, Нант, Страсбур, Монпелье, Сент – Этьен, Рен, Реймс, Гренобль. Негізгі порттары – Марсель, Ницца, Гавр. Әкімшілік аумақтық жағынан 96 департаменттен, теңіздің ар жағындағы 4 департаментен теңіздің арғы жағындағы төрт аумақтан және арнаулы әкімшілік – аумақтық құрылымдар – Майотта аралы мен Сен – Пьер, Микелон аралдарынан тұрады. Мемлекет басшысы – президент, ол тікелей, жалпыға бірдей дауыс беру жолымен 7 жыл мерзімге сайланады. Жоғарғы заң шығарушы органы – екі палатадан тұратын  парламент. Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Департаменттердегі негізгі үкімет билігін президент тағайындаған префекттер жүргізеді. Ұлттық мерекесі – Бастиля қамалы алынған күн, 14 шілде БҰҰ – ның Еуропа Одақтың мүшесі. Ақша бірлігі – еуро.

     Табиғаты Францияның көпшілік бөлігі жалпақ жапырақты ормандар айма.ында орналасқан. Қиыр оңтүстігін, жерорта теңіздік субтропиктер алып жатыр. Жағалаулары негізінен аласа, акумлятивті немесе лагуналы құрлыққа еніңкіреп жатқан шығанақтары бар. Франция аумағының көпшілік бөлігі герциндік қатпарлық облысқа жатады. Қазіргі кезде франция аумағы кайназойдың соңыда аяқталған жалпы көтерілім нәтижесінде қалыптасқан. Негізгі қазба байлықтары – темір кен тастары, боксид, қалайы тұздары, табиғи газ бен тас көмір уран. Темір кен тастарының кен орындары Лауатария бассейннің Юра шөгінділерімен, боксидтің ірі кен орындары  Прованстың мезазой әктастарымен байланысты. Калий тұздарының негізгі кендері Эльзаста, табиғи газ бен аз мөлшердегі мұнай кен орындары Аквитания бассейнінде. Францияның негізгі тас көмір бассейндері Валаксьенн мен Лотаринге эпигиодиндік платформасының қатпарлық ірге тасымен байланысқан.

Экономикасы Францияның жоғарғы дамыған индустриалы – аграрлы ел. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша дүние жүзінде 4 орын. Еуропада Германиядан кейінгі 2 орынды алады. Ұлттық табысты жан басына шаққандағы жылдық мөлшері  24990 АҚШ долларына тең. Францияның автомобил шығару жөнінде дүние жүзінде 3 орын. Авияция және ғарыштық техника өндірісі бойынша Еуропада 1 орын алады. Сондай – ақ экспортқа көп мөлшерде қару – жарқ, АЭС – тер үшін құрал жабдықтар, химикаттар, маталар мен киім кешек шығарады. Франция өнеркісібінің жетекші салаларына автомобил жасау, химия мен мұнай химиясы, ұшақ жасау, электроника, металлургия шығару жатады. Парфимерия саласын  мен жоғары талғамды сәнді киімдер шығаруда  Франция дүние жүзінде 1 орынды иеленеді. Жылына шамамен 3,5 млн автомобил шығарса, оның жартысына жуығы экспортқа жіберіледі. Автомобилдердің 90% — дан астамын «Рено» мен «Пежо – Ситрион» компаниялары шығарады.

Кеме және станок жасау, ауыл шаруашылық машиналары өндірісі де жақсы дамыған. Химия өнеркәсібі минералды тыңайтқыштар мен синтетикалық каучук пен пласмасса өндіреді.

Ұлыбритания

Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның біріккен каролдігі Еуропаның солтүстік – батысында, Британ аралдарында,  Ирландия аралдарының солтүстік – шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла – Манш және Па – де – Кале бұғаздары арқылы бөлінген. Аумағы 244,11 мың км2. Халқы – 60,3 млн. Астанасы Лондон. Халқының 80% — на жуығы ағылшындар, 15% шотландықтар, уэльстіктер мен ирландықтар 5% — қа жуығын британ достастығы елдерінен келген эмигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемлекет шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландықтардың басым бөлігі – пресвитерияндар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4 қалаларда тұрады. Ірі қалалары: Үлкен Лондон, Бирмингем, Лидс, Глазго, Шеффилд, Братфорт, Ливерпуль, Единбург, Манчестр, Бристоль. Ұлыбритания 4 әкімшілік саяси бөліктен: Англиядан, Уельстен, Шотландиядан, Солтүстік Ирландиядан тұрады.

Табиғаты Ұлыбританияның Атлант мұхитының Солтүстік және Ирланд теңіздері, Ла – Манш, Па-де-Кале, Солтүстік және Қасиеті Георг бұғаздары қоршап жатыр. Жағалаулары шығанақтармен күшті тілімделген. Неғұрлым үлкен түбектері-Уэльс пен Корнуолл. Жер бедері оңтүстікпен оңтүстік шығыс бөлігінде ойпатты жазық болып, батысында Уэльс түбегіндегі Кембрий тауларына, Англияның солтүстігінде Пиннин және камберленд тауларымен жалғасады.

Жер қойнауында тас көмір, темір, қалайы т.б. түсті металдар сияқты қазба байлықтары мол. Ұлыбританияның климатының теңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен өтімді желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады.

Қысы өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ. Түсетін жауын шашын мөлшерінің буланудан басым болуы себепті оңтүстік-батысындағы кейбір аудандардан басқа елдің бүкіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан.

Өсімдік жамылғысы кедей. Адамдардың ормандарды түп – тамырымен жоюы, батпақтарды құрғатуы мен кен орындарын игеруі жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түр құрамын өзгертеді.

Германия

Германия Федеративтік Республикасы – Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып табылады. Жер аумағы 356,96 мың2. Халқы 81,7 млн. Астанасы 1991жылдан Берлин қаласы. Халқының 94% — ы немістер. Ресми тілі – неміс тілі. Германия 16 аймақтан құралған федеративті республика.

Табиғаты Германияның солтүстігін Орта Еуропа жазығы алып жатыр. Оңтүстігінде Шығыс Альпі тау жоталары орналасқан. Өзендерінің көпшілігі Солтүстік теңізге, Оңтүстігіндегі өзендер Дунайға құяды.  Батысы мен солтүстік Батысы мен Солтүстік – Батысының климаты қоңыржай теңіздік, ал оңтүстік шығысының климаты қоңыржай – континенттік болып келеді.

Экономикасы Германия аса жоғары дамыған индустриялы – аграрлы ел. Елдегі ұлттық табыстың 33,6% — ін өнеркәсіп пен құрылыс өнімдері, ал 1,2% — ін,  ауыл шаруашылық өнімдері мен орман шаруашылығын береді. Экономикасының негізгі салалары: қоңыр көмір мен тас көмір шығару, қара және түсті металлургия, химия, электртехникасы мен радиоэлектроника, машина жасау, кеме жасау, станок жасау, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Электор энергетикасы, негізінен, жылу электр станцияларынан және АЭС – терден алынады. Бұған қоса фарфор өнімдері мен музыкалық аспаптар, баспа машиналары мен оған қажетті өнімдер шығару да жақсы дамыған.

Қазақстанда 80  — нен аса неміс компанияның өкілдері ашылған. Олар 102 бірлескен кәсіп орындарда жұмыс істейді.

2.2.Швейцария

Швейцария Конфедерациясы – Орталық Еуропадағы мемлекет. Аумағы 41,3 мың км2. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франсиямен, Онтүстігінде Италиямен, шығысында Австрия және Лихтенштейнмен шектеседі. Халқы 7,3млн,  оның 65%- немістер, 18% — француздар,  10% — италиялықтар, 1% — реторомандықтар, т.б. дінге сенушілердің 50% — католиктер, 48% протестантар. Астанасы – Берн қаласы. Негізгі қалалары: Цюрих, Женева, Лозанна, Люцерн, Санкт – Галлен, Винтертур, Базьел, әкімшілік – аумақтық жағынан 20 гантон мен 6 жартылай гантоға бөлінеді. Швейцария федеративтік парламенттік республика. Мемлекет басшысы – Президент, жоғарғы заң шығарушы органы – екі палаталы федералдық жиналыс. Мемлекеттік тілі – неміс, француз, италиян тілдері. Ұлттық мейрамы – Конфедерацияның негізі қаланған күн, 1 тамыз. 1291жыл.  Швейцария – Еуропадағы  қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның, Еуропалық кеңестің мүшесі. Ақша бірлігі – швейцар франк.

Табиғаты Швейцария таулы ел. Көпшілік бөлігі Альпі аумағында орналасқан. Оңтүстігінде Пеннин Альпісі, Лепонтин, Ретиия, Альпісі мен Вернин массивінде орналасқан. Альпіден Солтүстік батысқа қарай ел аумағының 3/1 не жуығын алып жатқан Швецария қыраты орналасқан. Сондай – ақ мұнда ең құнарлы ауыл шаруашылық жерлер мен жайылымдар бар. Елдің Солтүстік батысында қатпарлы Юра таулары жатыр.Швейцарияға суы мол өзендердің жиі тармағы тән. Негізгі өзендері: Рейн, Ааре, Рона, Инн, Тошино өзендері Альпі тауларынан бастап, еріген қар және жауын-шашын суларымен толығады.

     Экономикасы Швейцария жоғары дамыған өнеркәсі бен өнімді ауыл шаруашылығы бар мемлекет. Швейцария дүние жүзіне капиталды шетке шығарудан алғашқы орындардың бірін иеленеді, дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі болып саналады.

Швейцария банклерінің сейфтерінде дүние жүзіндегі ең дамыған елдердің барлық құнды қағаздарының жартысы жатыр. Өнеркәсібі жоғары сапалы, қымбат және ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдер шығаруға маманданған. Ел экономикасында ірі трансұлттық манаполиялар үстемдік жағдайға ие. Швейцария өз аумағы арқылы өткізілетін туристік жүктерден көп пайда табады. Өнеркәсібі сырттан әкелінентін шикізаттарға тәуелді және дайын өнімдерді экспорттауға бейімделген. Жетекші салалары – машина жасау мен өңдеу , химия, тамақ өнеркәсіптері. Машина жасауда ұсталық процестеу жабдықтарын, дәлдәгі жоғары металл өңдеу станоктарын дәл өлшеу аспаптарын сағаттар шығару неғұрлым жоғары дамыған.

Бельгия

Бельгия каролдігі – Батыс Еуропадағы мемлекет. Жері – 30,5 мың км2. Халқы – 10,5 млн. Астанасы – Брюссель. Ірі қалалары: Антверпен, Гент, Шерлеруа, Льеж. Әкімшілік жағынан 10 правинцияға бөлінеді. Ресми тілдері француз, нидерланд, неміс тілдері. Халқының 70% — і христиан католиктер. Ислам дінін 200мыңдай адам ұстанады. Ақшасы – Белгия Франкі. Ұлттық мейрамы 21 шілде мен 15 қараша.

Бельгия жерінің жазықтығымен, жылы климаты мен ерекшеленеді. Ардена тауы Бельгияның оңтүстік шығыс бөлігін алып жатыр. Ең биік жері  -Ботранж шоқысы. Бельгия жерінде ерте заманда кельтердің белг тайпалары өмір сүрген. Олардың қалған тарихи қоныстар ашель мадениетіне жатады.

Қорытынды

Батыс Еуропа аймағына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланды, Австрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді. Ұлыбритания мен Ирландия материктегі елдерден жіңішке Ла – Манш бұғазы арқылы бөлініп жатыр. Батыс Еуропа ежелден – ақ шаруашылық пен өркениеттің барынша өркендеген аймағы болып саналады.

Батыс Еуропа елдерінің табиғат жағдайына Атлант мұхитының тигізетін ықпалы өте зор. Британ аралдарының оңтүстігі мен материктегі елдердің солтүстігін жазық жерлер алып жатыр. Ойпаттардың теңіз деңгейінен биіктігі 50 – 100 м – ден аспайды. Мұндай жерлердің су астында қалу қаупі жоғары. Сондықтан жергілікті халық ежелден бері құнарлы жерлерді теңіз суы басып кетпеуі үшін тастан, құмнан және бетоннан бөгеттер жасап келеді. Солтүстік теңіз жағалауындағы осындай жерлер марш, ал Нидерланды жерінде польдер деп аталады. Бұл жерлерді шалғындар мен бау – бақшалар алып жатыр. Ал осы аймақтағы гүл плантацияларында өсірілген раушан гүлі мен қалампыр, қызғалдақ көптеген елдерге сатылады. Су деңгейінің кенет көтерілуінен кейде алай – түлей теңіз толқындары жүреді. Мысалы, 1953 жылы болған су тасқыны кезінде үйлер мен жолдар бұзылып, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келген, адам шығыны болған.

Бұл аймақ Атлант мұхитынан келетін ауа массаларының ықпалында болатындықтан Британ аралдары мен жағалаудағы елдерде климат қоңыржай  теңіздік сипатта болады. Қысы жұмсақ, жазы салқын, жаңбыр ұдайы жауып тұрады. Ауа райы құбылмалы, тұманды, желді келеді, ашық күндер аз болады. Шығысқа қарай климат біртіндеп өтпелі, одан әрі қоңыржай континентті климатқа ауысады. Биіктігі орташа таулардың өзінде қыс қыс салқындау болады, жауын – шашын таулардың батыс беткейінде молырақ түседі. Қыста тауларда бірнеше ай қар жатады.

Таулардан мол сулы өзендер ағып шығады, олардың бойында осы аймақтағы ірі қалалар мен елді мекендер орналасқан. Батыс Еуропа елдерінің басым бөлігінде орманның қоңыр топырағы таралған, мұнда емен, шамшат, шегіршін ағаштарынан тұратын жалпақ жапырақты ормандар  өседі. Таулы аудандарда шырша мен самырсын құрайтын қылқанды ормандар таралған. Жазықтардағы ормандардың көбі әлде қашан кесілген, жануарлар дүниесі адам әсерінен кедейленген. Олар тек қорықтарда ғана сақталып қалған.

Батыс Еуропа – дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы. Аймақта халық тығыз қоныстанған, олардың  басым көпшілігі қалаларда тұрады. Халықтың ұлттық құрамы да күрделі. Батыс Еуропада адамзат тарихындағы алғашқы ірі өнеркәсіп орталықтары пайда болған, сондықтан аймақта орналасқан елдерде өнеркәсіп күшті дамыған. Қазіргі кезде бұл елдерде шығарылатын реактивті ұшақтар, автомобильдер (« «Мерседес», «Рено», «Ауди», «Пижо»), күрделі электрондық техника (компьютерлер, есептегіш құралдар) дүние жүзіне әйгілі. Швейцарияда жасалатын сағаттар өте дәлдігімен, сапалылығымен аса жоғары бағаланады.

Пайдаланыған әдебиеттер

  1. Қазақ ұлттық энциклопедиялы. 1-6 том.
  2. Селищев А.С. Селищев Н.А. Перманская эканомика. XXI веке.
  3. География және табиғат журналы.
  4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы: Ғылым 1997ж
  5. Интернет.
  6. Майдан – 2м Байгісиев. Халықаралық эканомикалық қатынастар. 1998ж.
  7. Шетелдердің әлеуметтік – экономикалық география / под.ред. В.В. Вольского – Мәскеу. КРОН-ПРЕСС,1998ж.
  8. Липец Ю.Г., Пуляркин В.А., Шлихтер С.Б. Дүниежүзі шаруашылық географиясы. Студенттер үшін оқулық – Мәскеу, Гуманит. Центр ВЛАДОС, 1999ж
  9. Спиридонов И.А., Әлемдік экономика, оқулық – Мәскеу, ИНФРАМ, 1999ж.
  10. Максаковский В.П., География мәдениеті, студенттер үшін оқулық-Мәскеу, Гуманит. Центр ВЛАДОС, 1999ж.
  11. Ареева Р.А., Елдер мен  халықтар: аттарының келіп шығуы.-Мәскеу, Ғылым, 1990ж.
  12. Майдан-Әли Байгісиев, Халықаралық экономикалық қатынастар, 1998ж.
  13. Ерамов Р.Н. Физишеская география Зарубежной Европа. М.: Мысль: 1973ж.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ