Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

0
3080
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»  
Сабақ мақсаттары

-Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаянымен танысады және мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықтайды.

-Мәтінмен жұмыстана отырып, әдеби шығармаға талдау жасайды.

-Шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы қабілеттерін көрсетіп, ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей білуге үйренеді.

Сабақ түрі: аралас

Сабақта

қолданылатын

әдіс-тәсілдер:

Түсіндірмелі-илюстративті, сұрақ-жауап, сөздік
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу
Көрнекілігі: Слайд, бейнеролик
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

/Психологиялық дайындық/

(Оқушылар өлең жолдарын айту арқылы бір-бірімен және қонақтармен амандасады.)

Мейірімді жүрекпен,

Кең пейілді тілекпен.

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

«Асыл қасиет»

Оқушылар бір-бірлеріне қарап, бір-бірлерінің қасиеттерін айтады.

/Үй тапсырмасын тексеру/

«Кофе таяқшалары» әдісі арқылы оқушылардан үй тапсырмасы сұралады.

Сұрақтар:

— Оқымысты бала әңгімесінің авторы кім?

-«Оқымысты бала» әңгіміесіндегі басты кейіпкер?

-Әлкeй тұратын ауыл қай өзеннің жағасында орналасқан?

-Әлкей қандай бала?

-Әлкей кімнің өлеңдерін оқып шығады.

-Ауыл балалары жидек терген кезде, Әлкей не істейді?

-Болған оқиғадан кейін ауыл адамдары Әлкейді қалай атайды?

-Әкесі қонақтар келгенде Әлкейді шақырып алып, нені айтуды өтінеді?

Шаттық шеңбері

Кофе таяқшалары

Сабақ ортасы

25 мин

«Болжау әдісі»

-Балалар, берілген суреттерге қарай отырып, бүгінгі тақырыбымыз қандай,не туралы талқылаймыз, сол жөнінде болжау жасайықшы.

-Дұрыс айтасыздар, бүгін біздер Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» әңгімесімен танысатын боламыз.

/Дәптермен жұмыс/

Күннің жадын, тақырыпты тақтаға жазу.

-Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны, шығармашылығы туралы ізденіп, біліп келуге сіздерге үйге тапсырма берген болатынмын. Сол бойынша кім өзінің білетінін айтқысы келеді?

Оқушылар автор туралы мағлұмат береді.

/Мәтінмен жұмыс/

Бейнероликтен үзінді тамашалау.

1. Оқушыларға тізбектей оқыту,талқылау.

2.Тапсырма: Кеңестің қаулысы бойынша Қожаның бойындағы басты кемшіліктерді жазу.

1. Тәртіпті болу.

2.Тәртіпсіз болсам, жазаланып тұрамын.

3.Сұлтанмен араласпау.

4.Сабақты жақсы оқу.

Сергіту сәті

Шығармашылық тапсырма

«Шахмат әдісі»

Шарты: Оқушылар шахматтың ақ жолағына оқушыларға істеуге болатын әрекеттерді, ал қара жолақтарына теріс әрекеттерді жазу қажет

Венндиаграммасы

жағымды жағымсыз

жағымды: алғыр, жақсы оқиды

жағымсыз: тәртіпсіз, бұзық,

«Шифрланған мақал»

Шарты:Мақалды тауып, мағынасын ашу.

1. Тентек бүлдіреді ата-анасын күйдіреді.

2. Жақсы бала жеткізеді мұратқа

3. Білегі күшті бірді жығады,Білімі күшті мыңды жығады

Бейнеролик,

Слайдтар,

Плакаттар,

Жұлдызшалар

Сабақтың соңы

5 мин

Үйге тапсырма:

Мәтінді оқу, «Қожаны қорғау» сөзін жазу.

«Білім баспалдағы»

Оқушылар тақтадағы баспалдаққа өздерінің тақырыпты түсінген деңгейіне орналастырады.

Қағаздан жасалынған парақ

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ