Білгенге маржан

0
5471

     Халқымыз қашан да үш, бес, жеті сандарын қасиетті ұғым ретінде бағалап келген болатын.Өйткені осы сандардың аясында айтылатын ұғымдардың астарында тереңде мағыналы ойдың жатқаны мәлім. Бұған қоса оның терең тағылымдық, тәрбиелік, мәні бар екенін өмірдің өзі дәлелдеп берген.Қазақтың жеті атаға жетпей қыз алыспайтыны ұрпақтың болашағын ойлағаны болса,»жеті жок»атауы ғаламды түсіндіруге ықпал еткен.
ҮШ ЖҮЗ. Қазақ халқы үш жүзден тұрады.
 Бекарыс-Ұлы жүз, Ақарыс-Орта жүз, Жанарыс-Кіші жүз.
ҰЛЫ ЖҮЗ: (Үйсін ,сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, Дулат, Сіргелі, Жалайыр, Шанышқылы).ОРТА ЖҮЗ: Арғын, Найман, Керей, Уақ, Қоңырат,Қыпшақ.
КІШІ ЖҮЗ: Үш топ Алшыннан құралады. Олар-Байұлы (Адай, Беріш, Алшын, Жаппас, Есентемір, Малқар,Таз, Байбақты, Тана, Шеркеш, Ыссық, Қызылқұрт), Әлімұлы(Әлім, Шөмен,Кете, Қаракесек,Қарасақал, Төртқара, Шекті), Жеті ру (Кердері, Жағалбайлы,Керейт,Телеу,Табын, Тама, Рамадан).
ҮШ ЖҰРТ. Жігіттің үш жұрты бар. Өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны ; өз жұртың -күншіл, қайын жұртың-міншіл, нағашы жұртың -сыншыл деп мәтелдейді. Яғни, ағайының бар болса- бөліп бере алмайды,жақсы болсаң-күндейді, жаман болсаң -жүндейді.Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды,жағаңның қызылдығына қарайды,берсең-жағасың, бермесең-дауға қаласың.Нағашы жұртың-жақсылығыңа сүйінеді,жаманшылығыңа күйінеді,әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор болады.
ҮШ ТӘТТІ: жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.
ҮШ АРСЫЗ: күлкі арсыз, нәпсі арсыз, ұйқы арсыз.
ҮШ МАҚСАТ: сауда мақсаты — ұту, жол мақсаты- жету, дау мақсаты- біту.
ҮШ КӨЗ: су анасы-бұлақ, жол анасы-тұяқ, сөз анасы-құлақ.
ҮШ АЛЫС: жер мен көк алыс, кәрі мен жас алыс,жақсы мен жаман алыс.
ҮШ ҚУАТ: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.ҮШ ҒАЙЫП: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып.
ҮШ ДАУСЫЗ: мініз даусыз, кәрілік даусыз, ажал даусыз.
ҮШ ТОҚТАМ: ақыл-арқан, ой -өріс, адам-қазық.
ҮШ ҚАДІРСІЗ: жастық, денсаулық, жақсы жар.
ҮШ ЖАМАНДЫҚ: нақақтан қан төгу, кісі малын нақақ алу,ата бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
ҮШ ІЗ: бала -артта қалған із,бақыт-ұзатылған қыз,байлық -қолға ұстаған мұз.
ҮШ ҚАЗЫНА: ер қазынасы-жүрген із, ел қазынасы-көне көз, тіл қазынасы-ескі сөз.
БЕС ТОП.  Түркі халықтары тілдік жақындығы жағынан бес топқа бөлінеді.Олар
1)Қарлұқ тобы (қырғыз, сақа, тува, хақас, алтай,ұраңқай, шор,долған, топа)
2)Оғыз тобы (түрікмен, қашқай, қызылбас, апшар, шақшыбан, қарадағ)
3)Қыпшақ тобы (қазақ, татар,чуаш,башқұрт, қырым, қарақалпақ, құмық, қарашай, малқар,ногай, қарайым, қырымшақ)
4)Шағатай тобы (өзбек, ұйғыр,салар, бұқар еврейлері, сарұйғыр,хотан)
5) Салжұқ тобы (түрік, әзірбайжан, месхет,ғағауыз, қыпыр, қара папқ, қаджар)  Барлық түркі тілдері 5 топқа, 40 тілге және жүз диалектіге бөлінеді.
БЕС КОНАҚ. Қазақ есепшілері бір жылды алты ай жазға, алты ай қысқа бөлген. Әрбір айда 30 күн болған. Жыл аяғында 12 айдың есебіне кірмей қалған 5 күнді «бес қонақ» деп атаған. Осы қыс пен жаздың қақ ортасындағы » түске дейін мүйіз,түстен кейін киіз» болып тұрып алатын «бес қонақты» есепшілер «Жуанның жіңішкерер, жіңішкенің үзілер тұсы» деп түсіндірген.Қазақ бұрын осы өлараны өткізбей жолаушы жүрмеген, көшпеген, жиын-той жасамаған, мал сойып, қонақ шақырмаған.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ