Жас мамандар арасында І Республикалық «ЖАС МАМАН» байқауы өтеді

49
15983

 Жас мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында  еңбек өтілі бес жылға дейінгі мамандар арасында  «Жас маман» І республикалық байқауы ұйымдастырылады. Байқауға  қабылдаулар қаңтар айының 9-31 аралығында жүргізіледі.

«SKILLS ACADEMY» ЖШС martebe.kz білім сайты арқылы республикамыздағы жалпы білім беретін білім ордаларындағы жас мамандар арасында өтетін «ЖАС МАМАН» І республикалық байқауын оnline режимде жариялайды.

Байқаудың ақпараттық демеушісі – Martebe.kz республикалық білім сайты. Байқауға келген жұмыстар  www.martebe.kz  сайтында жарияланады.

Байқаудың мақсаты: жас мамандардың біліктілігін арттырып, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін ояту және олардың мамандығына үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 9 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында  skillsacademy.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

 

           «ЖАС МАМАН» І республикалық жас мамандар байқауының

 ЕРЕЖЕСІ

1.Байқаудың мақсаты

  • Жас мамандардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу;
  • Республика бойынша жас мамандар ішінен ең үздігін анықтау;
  • Педагогикалық тәжірбие жинақтау және кеңейту, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы жас мамандардың мәртебесін көтеру;
  • Жас тәрбиешілердің республикалық деңгейде педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттырып, ғылыми қабілеттілігін жетілдіру.
  1. Байқаудың өту тәртібі
  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін ЖОО-ның профессорлар және ғылым кандидаттары құрамынан тұратын арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады. Сонымен қатар, ұйымдастыру алқасының өкілдерінен арнайы ғылыми-әдістемелік кеңес құрылады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін екі апта ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға кез-келген жалпы білім беретін ұйымдарының еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандары қатыса алады.
  1. Байқау тапсырмалары
  • «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында эссе жазу (көлемі – 2-3 бет, Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал).
  • Мұғалімнің жеке портфолиосының электронды нұсқасы (мұғалімнің жеке басын куәландыратын құжаттарымен бірге слайд түрінде жетістіктері толық қамтылуы тиіс);
  • Үздік ашық сабақ (word нұсқасы мен презентация түрінде);

Ескерту: Басқа адамның және интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады.

 

  1. Байқаудың марапаттау рәсімі

Байқауға келіп түскен қатысушылардың жұмыстары Martebe.kz білім сайтында жарияланып, сертификат беріледі.

Бас жүлде (1) — диплом,  байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған                                                                                                               «Жас маман» төсбелгісі  беріледі.

І орын – диплом, естелік сыйлық, ғылыми жинақ.

ІІ орын – диплом, естелік сыйлық, ғылыми жинақ.

ІІІ орын – диплом, естелік сыйлық, ғылыми жинақ.

«Ең үздік портфолио» номинациясы — диплом, естелік сыйлық, ғылыми жинақ.

«Үздік эссе» номинациясы — диплом, естелік сыйлық, ғылыми жинақ.

«Үздік ашық сабақ» номинациясы — диплом, естелік сыйлық, ғылыми жинақ.

Барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталады.

Байқауға қатысу құны — 4000 тг. Байқауға келіп түскен қатысушылардың      ұйымдастырылған оқу қызметі республикалық ғылыми жинақта жарық көреді. Алу құны — 4000 тг. Алам деушілер үшін байқау жарнапұлымен бірге аударылуы тиіс.

 

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

«SKILLS ACADEMY « ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

КНП 859

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 8775-998-83-87.

Өтініш беру үлгісі

             «ЖАС МАМАН»  атты республикалық жас мамандардың байқауына қатысу туралы өтініш

Аты – жөні  
Туған күні, айы, жылы  
Мекен – жайы, индекс  
Жұмыс орны  
Еңбек өтілі  
Жетістіктері  
Эл. поштасы  
Байланыс номері  
Сапалы фото суреті (міндетті)  

 


49 ПІКІРЛЕР

  1. Жақсы жоба. Осындай байқаулар көптеп ұйымдастырылса екен. Міндетті түрде қатысамын!

  2. Менің еңбек өтілім 2 жарым жыл. Бірінші байқауым болайын деп тұр) Қатысамын, бұйырса!

  3. Сəлеметсіздер ме?! Байқау қашықтықта жүзеге асырыла ма? мектебімде ғаламтордағы жарыстардың Марапат грамоталары еленбейді, ойлануымның себебі осы кедергі болып тұр. Əйтпесе, жетістіктерім жетерлік, оқушы жетістіктері есептеле ме портфолиода

  4. Әрине, онлайн жүзеге асырылады. Республика деңгейінде ұйымдастырылатын байқаудың марапатын елемеуі қызық екен)

  5. Берілгері 3 талапты да орындау керек пе? Эссе портфолио ашық сабақ ? Кандай банкка тілейміз? Халық банкка төлеуге болады ма?

  6. Кешіріңіздер. Т9 қате кетті.Берілген 3 талапты да орындау керек пе? Эссе портфолио ашық сабақ? Қандай банкқа төлейміз. Халық банкқа төлеуге болады ма?

  7. Ия барлық талапты орындау керек. Кез келген банктен төлем ажасай аласыз

  8. Байқаудың қорытындысы қай уақытта шығады?

  9. мен биыл бірінші жылым қатысуға ниет білдіріп отырмын. бірақ портфолиомда ешқандай жетістігім жоқ№ эссені жазып қойдым және ашық сабағымда дайын.

  10. 31 күні сонгы кун бе? тунги 12-ге дейн материалдарымды жиберсем улгерем бе? Алдымен материалдарымды жиберип алып, сонынан акшасын толесе калай болады? Жауап кутемин

  11. Жібере беріңіз, бұл мүмкін алғашқы жетістіктеріңіздің бірі болып қалар

  12. Салеметсизбе! Мен Жанабил Мадина оз жумыстарымды жибергенмин . Толем кагазын да. Енди жауабы кашан болады?

  13. Байқау нəтижесін асыға күтіп жүрмін, бұл менің де алғашқы қатысып отырған жобам болмақ. Барлықтарыңызға сəттілік?

  14. Өте тамаша жоба! Әрі қарай жалғасын таба берсін??

  15. 10 ақпанға дейін жариялаймыз деп жоспарлап отырмыз. Қазір тексерілуде

  16. екі апта ішінде деп жазылған қатынас хатта. 10-12 ақпанға дейін жариялаймыз сайтқа

  17. конкурстын натижеси кайда кашан шыгады

  18. 2018 жылға Осы байқау жоспарда бар ма? Қатысқым келеді

  19. Жас ерекшелігі ше,жас маманның жасы нешеде болуы тиіс?

  20. Осы сайысқа қабылдау тоқтатылды ма,әлде жүріп жатыр ма?

  21. Қайырлы кеш! Бұл өткен жылғы қатынас хат. Биылғы жылы жаңа жылдан кейін ұйымдастырылады

  22. салеметсиздер ме психолог мамандары қатыса ала ма? егер қатыса алса 3 талап ашық сабақ осы талапты қалай істейміз.

  23. МЕН БУГИН ГАНА БИЛДИМ. ЕРТЕН ТАПСЫРСАМ БОЛА МА?

  24. здравствуйте. когда будут результаты конкурса.сегодня уже 21февраля

  25. Сәлеметсіздер ме!Портфолио электронды түрде почтаға жіберілеме?Өтінішті толтырғанда индекс жазылған соған түсінбедім.Нені толтырамыз?Алдымен өтінішті тотырып жібереміз бе?

  26. Қайырлы күн! Ережені толық оқып, мұқият жасаңыз. Барлығы бірге жіберілуі керек. Барлық тапсырмаларды орындап жіберіңіз. Байланыс номерге хабарласып толық ақпарат алуыңызға болады.

  27. Кеш жарық! Мен қатысамын. электронды портфолионы ережеде көрсетілген мекен жайға жібереміз бе?

  28. Қайырлы күн! Барлық тапсырмаларды орындап сол почтаға бірге жібересіз

  29. Бұл сайтты енді біліп отырмын. алдағы уақытта енді қашан болады? уақытын жазасыз ба?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ