Саяси билік. Биліктің қызметтері мен жіктелуі

0
27369

Жоспар\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n

Кіріспе
 
 
Негізгі бөлім
 
Биліктің қызметтері мен жіктелуі
 
Билік пен жеке адам арақатынасы
 
Қорытынды
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе\r\n\r\n Билік – саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік күнделікті өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның, мемлекеттің билігі және т.б.\r\n\r\nБилік деп біреудің екіншілерге өз әмірін жүргізіп, олардың іс- әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады. Бұл жалпы билік туралы түсінік. Ал билік деген ұғым үлкен екі топқа бөлінеді: саяси билік және саяси емес билік.\r\n\r\nСаясаттанудың объектісі тек ғана саяси билік. Саяси билікке заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер жатады. Сонымен қатар саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы емес.\r\n\r\nСебебі саяси биліктің түрлері өте көп. Мысалы, монархияның билігі (патша, император, король, хан, шах, сұлтан), бір партияның билігі, әскери топтың, диктатураның билігі, фашистік билік т.с.с.\r\n\r\nСаяси биліктің тағы бір түрі – сайланған билік, яғни, халық билігі.\r\n\r\nОсыған байланысты, саяси биліктің өзі екі түрге бөлінеді: заңды (легитимді), сайлаулы билік, демократиялық билік және заңды емес (легитимді емес), сайланбаған, демократиялық емес билік. Саяси билік қоғамдағы аса күрделі процесс болғандықтан, оның көріністері де сан алуан болып келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nНегізгі бөлім\r\n

    \r\n

  1. Биліктің қызметтері мен жіктелуі
  2. \r\n

\r\nСаяси биліктің құрылысы, басқа да белгілері, қасиеттері әр уақытта тарихи, ұлттық, тіпті елдің географиялық өзгешеліктерімен байланысты болады. Мысалы, Англияда осы күнге дейін монарх пен лордтар палатасының сақталуы, АҚШ-тағы штаттардың уәкілдерінен қалыптасқан сенат палатасының 43 болуы, Жапониядағы императорлық дәстүрлердің сақталуы, Қазақстандағы парламенттің бір палатасы Мәжіліс деп аталуы т.с.с.\r\n\r\nКелесі ерекшелік — саяси биліктің сапасы көбінесе қоғамның саяси- құқықтық мәдениетінің деңгейімен байланысты болуы. Саяси билік – теориялық проблема. Қоғамда неғұрлым саяси биліктің теориялық проблемаларын танып-білуге, меңгеруге жағдай жасалған болса, соғұрлым саяси биліктің қарқынды дамуына жолдар ашылып оның сапасы жоғарылайды. Мысалы, бұл процесті альпинизммен салыстыруға болады. Тауға көтеріліп бара жатқан альпинист алға ұмтылған сайын таудың шыңы альпинистке жақындай түседі. Саяси билікте те солай – ол саяси білімнің, теорияның шыңы, оны меңгеріп ұққан сайын билік қоғамға жақындай түседі.\r\n\r\n«Әр елдің билігі өзіне лайық» деген саясаттанудағы тұжырымдама осыны көрсетеді.\r\n\r\nБилік туралы білімді жоғарылату қажет екеніне дәлел – күнделікті қарапайым түсінік деңгейі. Жер жүзіндегі адамдардың көпшілігі әлі де болса саяси билікті біреулердің қолындағы құрал, олар сол құралды өз қажетіне пайдаланады деп есептейді.\r\n\r\nСаяси билікті түсінудің бұл бірінші, төменгі деңгейі.\r\n\r\nЕкінші, жоғарғы деңгей – саяси билікті қалыптастырудағы қоғам мүшелері өздерінің мемлекеттегі орнын, ролін жақсы түсіну. Бұл деңгейдегі түсінік бойынша, саяси билік біреулердің күшімен, еркімен, не болмаса ақылымен ғана ұйымдастырылмайды, саяси биліктің қызметі, белсенділігі әр адамның қосқан үлесіне байланысты.\r\n\r\nОсы бірінші деңгей мен екінші деңгейдің аралығы алыс, алшақ жатыр.\r\n\r\nЕкі аралықтың арасын жақындату, қоғам мүшелерінің түсінігін көбірек бірінші деңгейден екінші деңгейге көтеру – саяси ғылымның негізгі мақсаттарының бірі.\r\n\r\nСаяси билік\r\n\r\n– саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік күнделікті өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның, мемлекеттің билігі және т.б.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Билік пен жеке адам арақатынасы
  2. \r\n

\r\nБилік теориясына байланысты туындайтын тағы бір мәселе – билік пен жеке адамдар еркіндігінің ара қатынасы. Әрине, билік қоғамды басқару үшін, тәртіп орнату үшін қажет. Бірақ тәртіпті нығайту үшін билік өте қатал болып мейірімсіздікке барса, онда азаматтардың еркіндігіне зиян келутіруі де мүмкін.\r\n\r\nБұл қайшылықты қалай үйлестіру керек?\r\n\r\nОсы сұраққа саясаттану ғылымының беретін жауабы: саяси биліктің өзінен, не болмаса билік пен адамның қарым-қатынасынан әрбір жеке адамға тікелей қиянат келмеуі мүмкін. Бірақ адам құқығына, еркіндігіне зиян келтіретін –\r\n\r\nсаяси биліктің бір қолға шоғырлануы, топталуы. Яғни, билік пен жеке адамның арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібінің бұзылуы.\r\n\r\nСаяси билік неғұрлым бір орталыққа шоғырланған, топтастырылған болса, бостандыққа соғұрлым шек қойылады, қысым жасалады. Шексіз билік — бостандыққа шексіз қысым орнатады.\r\n\r\nИмперия, монархия кезеңдерінде, фашистік режимдерде мемлекеттік билік дара бір адамның қолына шоғырланды. Кеңес өкіметі кезінде де билік\r\n\r\nтүгелдей бір орталыққа шоғырланған болатын. Әлеуметтік бастамалар көтеру, бірігіп шешімдер қабылдау, әртүрлі пікір, көзқарас білдіру – бәрі де қатал бақылауға алынды. Бұл билік түрі қоғамның прогресті дамуына жол бермеді.\r\n\r\nАл кейбіреулер керісінше биліктің қай түріне болмасын қарсы шығып, анархизмді уағыздайды. Бұл жолдың да болашағы жоқ. Сондықтан алдыңғы қатарлы дамыған елдерде биліктің орталықтануы мен шоғырлануынан саналы түрде бас тартып, барлық азаматтардың өкімет шешімдерін қабылдауға араласуын, билікке қатысуын қалайды. Бұл легитимді (заңды) билік, яғни демократиялық билік қалыптастыру жолы.\r\n\r\nДемократиялық саяси билік дегеніміз – құқықты, қабілеттілікті, оның барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, халық үшін есепті қызмет етіп, қоғамның өндірістік және рухани өмірін, азаматтар арасындағы қарым- қатынастарды басқару, ұйымдастыру.\r\n\r\nМемлекеттік саяси билік ең алдымен қоғамдық өмірді ұйымдастыру үшін керек. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, қоғам мен мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін қажет.\r\n\r\nДемократиялық мемлекеттегі ең таңдаулы, ең шынайы билік – ол шын мәнінде халық бақылауында болатын билік.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\nБилік — көп қырлы ұғым. Ол қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік-табиғи айырмашылықтарға, субьективті-обьективті қарым-қатынастарға байланысты қалыптасады. Оның мақсаты — қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мән-мазмұны — үстемдік пен бағыныштылықты орнықтыру. Экономикалық, саяси, құқықтық, әскери, рухани және отбасылық билік түрлерінің арасында қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы ерекше. Өкіметтің ерік-қалауын топтастыру, айрықша басқару аппаратын иелену, арнаулы органдар дербестігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тұрмысты тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен жеке тұлға қарым-қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне жету билікке тән белгілер болып\r\n\r\nтабылады. Субьектінің мақсатына орай биліктің нысанына ықпал ету үшін пайдаланылатын құралдардың барлығы “билік ресурстарын” құрайды.\r\n\r\nСаяси биліктің өзіңдік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекетгің істерін басқару; үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т. б.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер тізімі\r\n

    \r\n

  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі.
  2. \r\n

  3. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
  4. \r\n

  5. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
  6. \r\n

  7. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. — 569 б.
  8. \r\n

\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ