Мемлекет туралы ұғымы

0
7119

Еуропалық елдерде – мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты. Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде – мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты.

ЖОСПАР

Кіріспе

  1. Мемлекет туралы ұғымы
  2. Мемлекеттің негізгі белгілері
  3. Мемлекеттік басқарудың функциялары

Қорытынды

 

Кіріспе

Еуропалық елдерде – мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты. Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде – мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі саияс бірлестік болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халық санынан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару  аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп орнады.

Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иелену көп дамымады.Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады.Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық мемлекеллің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта азия елдерінде қалыптасты.

Мемлекет туралы ұғымы

Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.

Ежелгі грек философы Демокрит: «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек»,- деп есептеген екен.Оның пайымдауынша: «Жақсы басқарылатын мемлекет – үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады- бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі».
Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.

Мемлекеттің белгілері мыналар:

  • мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
  • мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс,аудан,…) бөлінеді(ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
  • мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
  • мемлекеттің ең маңызды белгісі- оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;
  • мемлекет әскерді полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелердеқызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
  • мемлекет заңдар және басқа нормативтік- құқықтық актілершығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады;

Мемлекеттің типтері. Мемлекеттер типі жағынан екіге бөлінеді:

  1. Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.
  2. Индустриалдық мемлекет.

Құлиеленушілік құрылыс орнағаннан бастап, мемлекет адамдар қауымдастықтарын бір орталыққа бағындырып, басқарып отыратын жоғарғы билікті иеленуші құрылымға айналды. Құлиеленуші мемлекет тұсындағы негізгі билік жүгізуші тап – құл иелері, ал өндіргіш күш ретіндекөрінген тап – құлдар болды.

Құлиеленушілік құрылыс тұсында материалдық игіліктерді өндіретін, мемлекеттің қазынасын толтырып отыратын негізгі күш құлдар болса да, бұл тұрпаттағы қоғамдардың таптық құрылымында құлдардың үлесінің көп болмағанын айтады.

Феодалдық мемлекеттердің мысалдарына VI-XII ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында өмір сүрген Түрік, Батыс Түрік қағанаттарын, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттерін, өзге аумақтардан Киев Русін, Батыс Еуропадағы Ұлы Карл құрған мемлекеттерді алуға болады.

  1. Мемлекеттің негізгі белгілері

Қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады.Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды.

Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстем тапқа топқа қарсы іс — әрекеттерін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды.

Қоғамды, экономиканы дамыту үшін әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды.

Қоғамның қорғанысын күшейту үшін , заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.

         Мемлекеттің негізгі белгілері:

  • Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы (әскер, полиция, сот, т.б.) Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты мемлекттің механизмі де күрделене түседі.
  • Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдыққарым –қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.

Мемлекеттің билік жүргізетін  белгілі территориясының болуы, халықты руына қарай емес, жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемде  белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасу процесіне әсер етті. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т.б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси ұйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы үкімет билігіне  (тәуелсіз – суверендік құқыққа) иелігі. Мемлекеттік үкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:

  • мемлекет қоғамдық көлемде бірден – бір билік жүргізетін ұйым; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативті актілерді қабылдай алады;
  • мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында орындалуын, іске асуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылып отырады;
  • мемлекеттің ішкі және сыртқы істеріндегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.

мемлекеттік басқарудың өзіне тәен ерекшеліктері болады. Олар:

  1. Мемлекеттік басқару – осы аядағы басқару органдарының, яғни тек басқару жөніндегі мемлекет тарапынан уәкілдік берілген өкілетті мемлекеттік органдардың күшімен жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттік басқарудың негізгі бағдар- бағыты, басқару ісінің негізгі мән- маңызы – атқару–жарлық беру қызметтері. Бұл қызметтер мемлекеттің алға қойған міндет- мақсаттарын орындау үшін шығарылған заңдарды іс жүзінде іске асыру, сол заңдардың орындалуын көздеп және солардың негізінде  (белгіленген шеңберден шықпай)        атқарылатын іс- қимылдары болып табылады. Атқару мемлекеттік басқарудың басты және өзіне тән белгісі ретінде көрініс табады. Сонда атқару дегеніміз мемлекеттік басқару қызметін мемлекет тарапынан қабылдаған заңдарға немесе басқа да заң күші бар нормативтік актілерге сай ,соларға негіздеп іс жүзінде іске асыру;
  3. мемлекеттік басқару, мемлекеттік- өктем сипаттағы қызмет болып табылады. Басқару істері өздеріне бағынышты салалар мен объектілерді басқарушылардың өз өкілеттіктері шеңберінен шықпай өктем- бұйрық беру, яғни жарлық ету арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік- өктем, яғни өктем- ұйымдастыру түрінде жүргізілетін биліктің көрінісі болып табылады;
  4. Мемлекеттік басқарудың ең басты мәні – ұйымдастыру болып табылады. Бұл жерде әлеуметтік- мәдени, шаруашылық және басқа салаларда туындайтын қоғамдық қатынастардағы адамдардың біріккен қызметтерін ұйымдастыру арқылы басқару ісі жүзеге асырылады. Айта кететін бір жай, қоғамдағы басқару ісіне қатысушылар кез – келгендерге басшылық ете бермейді. Әр саланың өз алдында басқаратын органдары болады;
  5. Мемлекеттік басқарудың өзіне тән алға қойған бағдар- мақсатын орындауға жұмылдырылған, басқарушыларға бағынатын және мемлекет міндеттері мен функцияларын орындауға ат салысатын басқару объектілері бар. Олар мына төмендегідей болып келеді:
    1. Мемлекеттік басқару салалары- белгілі бір бағытта қызмет атқаруға арналған арнайы ұйымдастырылған кешендер (энергетика, агроөнеркәсіп, ауыр металлургия және т.б.);
    2. Мемлекеттік басқару аялары- арнайы, салааралық сипаттағы қызметтерді жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырылған кешендер;
    3. Мемлекеттік басқарудың әртүрлі бөлімдері, буындары мен қатынастарының жүйесі.Бұлар басқару объектісінің нақтылынған бағытымен, маңызымен ерекшеленеді (өнеркәсіп, өндіріс, көлік, денсаулық сақтау және т.б.);
    4. Еңбек ұжымдары –мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар,т.б.;
  6. Атқарушы билікшіл қызметтің басқару объектілері мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар болғандақтан оларды басқару орталықтандырылған басшылық және тікелей басқару арқылы жүзеге асырылады.Орталықтандырылған басқару басқару объектілеріне тікелей басшылық ету арқылы емес, олардыың басшыларына жарлық беру арқылы жүргізіледі. Тікелей басқару кәсіпорындар мен ұйымдарды және басқа да басқару объектілерін өз өкілеттілігінің көлемінде тікелей басқару болып табылады.
  7. Мемлекеттік басқару процесін алып қарасақ, онда оның құрылымы мемлекеттік басқару органдары біртіндеп жүзеге асыратын бірнеше сатылардан тұратынын көреміз;
    1. басқару актілерін әзірлеу;
    2. басқару объектілерін қабылдау;
    3. қабылдаған қаулыларды атқару;
    4. атқарылуына бақылау- қадағалау жүргізу.

Бірінші сатыда басқарудың негізгі ережелері ,қызмет бағыты мен нормативтері белгіленеді, сондай- ақ басқару жөніндегі қатынасқа қатысушылардың мәртебелері анықталады;

Екінші сатыда жаңағы жасалған жасалған шешімдер мен қаулылар, жоспарлар арнайы өкілетті органдардың тексеруінен өткеннен кейін бекітіліп, қабылданады;

Үшінші сатыда қабылданған жарлықтарды, олардың ішіндегі өктем бұйрықтарды басқару процесі кезінде тікелей реттеуге қолдану, басқару байланыстарын талдау арқылы тікелей басқару- атқару қызметі жүзеге асырылады.

Төртінші сатыда басқару жүйесінің қызметіне бақылау жүргізіледі: Осы жоғарыда аталған басқару процесінің сатылары мен басқару функциялары, яғеи мемлекеттікбасқарудың мақсат- міндеттерімен анықталған басқару қызметінің бағыты мен түрлері тығыз байланыста болады.

Функциялардың көмегімен қандайда болмасын басқару органдарына тән қызметтері жүзеге асырылады.Олар: 1. болжалдау; 2. жоспарлау; 3. ұйымдастыру; 4. басшылық ету; 5. реттеу; 6. бақылау.Осы функциялар жалпы басқару қызметінің бәріне тән болса, бұлардан басқа арнайы функциялар болуы мүмкін. Олар басқару органдарының ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді. Мысалы, әдістемелік және техникалық басшылық ету, техниканы бақылау, іс жүргізу, заң кеңесін беру,т.б.

  1. Мемлекеттік басқарудың функциялары

Мемлекеттік басқарудың функцияларына тоқталсақ, бұл жөнінде пікірталастар өте көп. Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша , олардың ішінде Афанасьев В.Г., Козлов Ю.М., Бачило И.Л., көбінесе басқару процесіне тән функцияларды бірқатар жағдайларда лауазымды адамдар мен нақты басқару органдары атқаратын функцияларымен шатастырады.

Басқару функциялары негізгі және қосалқы функциялар болып топтастырылады. Негізгі функциялар мемлекеттік басқарудың мәні, маңызымен тығыз байланысқан басқарушы қызметтің түрлері болып табылады және олар тиісті объектілерге мақсатты, бағдарлы түрдегі басқарушы ықпал етуді жүзеге асырады. Негізгі функциялар жалпы және мамандандырылғанг болып екіге бөлінеді.

Жалпы функциялар объективті түрде қандай- да болмасын басқару процесінде болады. Жалпы функцияларсыз басқару процесі жүргізілмейтіні белгілі. Осы функцияларға мыналар жатады:

  • жоспарлау;
  • ұйымдастыру;
  • басқару; басшылық ету;
  • жарлық беру;
  • бақылау.

Ал мамандандырылған функциялар объектінің өзіне тән айрықша ерекшеліктерін және оған ықпал ететін басқарушы қызметті көрсетеді.

Басқарудың қосалқы функциясы жалпы және мамандандырылған функциялар шегінен  шықпай басқару процесіне қызмет етуге арналған. Мысалы: іс жүргізу, заңды кеңес беру, шаруашылық қызмет көрсету, т.б.

Басқару функциялары іс жүзінде басқару органдарының тиісті іс- қимылдарына жүргізіледі.Басқару функцияларына байланысты басқару теориясы басқарушы ықпал жасау әдістерін алға шығарады. Мемлекеттік басқару процесінде бұл әдістер  мемлекет атынан, оның тапсырмасы мен мүддесін көздей отырып пайдаланылады.

Мемлекеттік басқару функциялары:

  • ішкі функциялар, бұл мемлекеттік басқарушы жүйенің ішіндегі басқаруды білдіретін функция.Олардың болуы мемлекеттің көпдеңгейлілігімен, түрлі компоненттілігімен байланысты. Басқарудың бұл функциясының мақсатты бағдарлануы әрбір мемлекеттік органға динамикалылық пен заңдылықты берумен байланысты;
  • сыртқы функциялар бұл мемлекеттік органдардың қоғамдық процестерге ықпал ету процесі.
  • жалпы функциялар ( ішкі және сыртқы), бұлар мемлекеттік басқарудың негізгі объективті қажетті өзара байланыстарын білдіреді.Жалпы функциялар ішінде түрлі функцияларды бөліп көрсетуге болады. Р. М. Фалмер жоспарлау, ұйымдастыру, орындау, бақылау туралы жазады1.

Қорытынды

Сонымен әлеуметтік басқару кең мағынада қоғамдық байланыстарды ұйымдастыру тетігі. Осы басқару түрінің элементі ретінде жергілікті өзін- өзі басқаруды атауға болады. Мемлекеттік басқару мемлекеттік қызметтің арнайы түрі болып есептеледі.

Мемлекеттік басқару көптеген елдердің заңдарында, ғылыми әдебиеттерінде кеңінен қолданылып жүрген термин. Бізде де қолданылуы етек жайған осы мемлекеттік қызметтің бір түрі нарықтық экономика қатынастарына бет бұрғанымызға дейін конституциялық заңнан өзіне тиісті орын алып келген болатын. Кейінгі кездерде мемлекеттік басқарудың орнына айналымға атқарушы билігі атты термин енгізілген. Себебі Конституция бойынша биліктердің бөлінгені туралы жарияланған болатын.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабының 4- ші тармағында мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінген.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ