Білім беру робототехникасы STEAM-білім берудің құрамдас бөлігі ретінде

0
5396
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Заман талабына сай адам іс-әрекетінің барлық салаларында еркін қолданысқа енген ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану сандық үлгіде көрсетілген әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді. Білім берудің басым бағыттарының бірі оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет саласынына негізгі әсерін тигізуі мүмкін.

Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеріп жатыр. Ғылым, математика, технологиялар, өнер және инженерия сияқты басты академиялық салаларда бір мезгілде даму керек, оларды STEАM деген бір сөзбен біріктіріп атауға болады.

STEAM жүйесі бүкіл əлемді жаулап келе жатқан инновация болып табылады. Келешекте барлық білім беру салалары осы жүйемен жұмыс жасауы əбден мүмкін. Өйткені, пəндерді оқыту барысында теориялық біліммен ғана шектелмей, меңгерген теориялық білімді басқа да пəндермен ұштастыра отырып практика жүзінде, жобаларды жасау жəне модернизациялау барысында қолдану жəне бекіту əлдеқайда тиімді болып келеді. Сондықтан, адамдарды оқыту барысында интегралды оқытуға аса көп көңіл бөлу керек. Интегралды оқыту арқылы адамдардың техникалық шығармашылығын, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, топпен жұмыс жасауға, жұмысқа қызуғылықпен жəне жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

STEAM-жүйесінің акронимымен танысатын болсақ. «STEM» аббревиатурасын алғаш рет америкалық бактериолог Р.Колвэлл 1990 жылдары ұсынды, бірақ ол тек 2000 жылдарда əйгілі бола бастады. STEM негізінде бұл терминнің жаңа нұсқалары пайда бола бастады, солардың ішінде ең кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер жəне математика) жəне STREM (ғылым, технологиялар, робототехника, инженерия жəне математика) болды.

STEАM әлемдік жүйесінің жаңа тренді білім беру робототехникасы болды, ол бағдарламалау және құрастыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, STEM төрт компонентінің интеграторы болып табылады. Мысалы, 2015 жылы «STEM» үшжылдық жобасы іске қосылды (Австрия, Болгария, Греция, Мальта және Ұлыбритания), ол оқушылардың ғылыми-техникалық салаға деген қызығушылықтарын қолдау үшін білім беру роботехникасын шығармашылық және сыни қолдануға бағытталды.

Робототехника – білім берудегі əмбебап құрал. Оны мектеп пəні ретінде, сабақтан тыс іс-шаралар ретінде жəне қосымша ретінде оқытуға болады. Барлық жастағы адамдарға сəйкес келеді, мектепке дейінгі балалардан бастап кəсіптік білімге дейін. Сонымен қатар, робототехникалық құралдарды пайдалана отырып балаларды оқыту – бұл ойын барысында оқыту жəне техникалық шығармашылық болып табылады жəне өздеріне сенімді, өз ісіне қызуғышылықпен жəне жауапкершілікпен қарайтын тұлғаларды тəрбиелеуге жетелейді.

Білім беру робототехникасы адамдардың техникалық жағынан икемділігін ерте уақытта аңықтауға жəне осы бағытта өсуге көмектеседі.  Робототехниканы бастауыш, жалпы орта, кəсіптік жəне жоғарғы білім беруде жəне арнайы оқытуда қолдануға болады.

STEAM жүйесінің элементі ретіндегі робототехниканың қызықтырарлығы, оқушылар  оқу барысында уақыттын көп бөлігін партада емес, өз жобаларын жасау, программалау, тестілеу, жаңарту үстінде болады. Осы фактіні ескерсек, сабақ оқушыларға тиімді жəне қызықты болып өтуіне кепіл.

Қазақстанда да STEАM-білім берудің белсене дамуы басталды. Бұны Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында STEАM контекстінде мектептегі білім берудің мазмұнына өту дәлелдейді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEАM-элементтерді енгізу жоспарланды.

Жоғарыда келтірілген ақпараттардан STEАM-білім беруде робототехникасының үлесі зор екенін көруге болады. Мектепте информатика пәнін оқытуда робототехникасының кейбір элементтерін қолдануға болады. Мысалы, бағдарламалау тіліндегі «цикл» тақырыбын қарастырарда, Lego модуліндегі циклды пайдалануға болады. Нәтижесінде оқушылар Lego конструкторының кез келген қозғалыс әрекетін цикл бойынша орындағанын бақылап, бағалай алады. Бұл оқушының «цикл» ұғымы туралы өнімді түсінік қалыптастыруға көмектеседі.

Сонымен қатар, мектептегі робототехникасы негіздері элективті курсында математика пәні бойынша «арифметикалық амалдар» мен информатика пәніндегі «цикл» терминін қолданып,  Lego машинасының жүру жылдамдығын, жүрген қашықтығын есептеуге болады. Бұл процесс оқушыға жалпы автокөліктердің жылдамдығы, жүру қашықтығының есептеу принципін меңгертеді. Осылайша, STEАM-білім беру оқушыларды алған білімдерін қоршаған орта процестерімен байланыстыруға және жобалық ойлауына мүмкіндік береді.

Біздің еліміз дамыған елдермен бірдей бағытта ілгерілеп келеді. STEАM-білім беру оқуды жəне мансапты қосатын көпір болып табылады. Оның тұжырымдамасы балаларды технологиялық тұрғыдан дамыған əлемге дайындайды. Келешектің мамандарына жан-жақты дайындық пен жаратылыстану ғылымдары, инженерия, технологиялар мен математиканың əртүрлі білім беру салаларынан алынған білім керек.

 

 Нұртаева Құралай Мұратқызы

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Шолақорда ауылы

«Б.Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

информатика пәні мұғалімі

 

 

Басқа да материалдар
Мұғалімдерге
Ашық сабақтар
Сабақ Жспарлары
Оқушыларға
Рефераттар
ҰБТ
Шығармалар
СӨЖ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ