Білім беру жүйесінде инновациялық үрдісті енгізу

0
1384
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Бүгінгі күннің басты талабы-еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделін арттыру. Сол үшін байырғы дәстүрлі оқыту жүйесінен жаңашылдыққа көшу талабы тұр. Қазіргі таңда білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру  мақсатында түрлі инновациялық әдістер пайдаланып жүрміз.

Инновациялық білім іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға,  оқу ісін дамытуға бағытталған. Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында Елбасы Н.Назарбаев: «Нұрлы жол экономикалық саясаттының және 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық  трансформацияның алғашқы кезеңінен  лайықты өтіп келеміз деді. Елбасының халыққа Жолдауының 100 қадамында  Оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізіп қолданып нәтижесін көрсетуді қажет  деп айтылған. Сонымен бірге Қазақстан -2050 стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағытындағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында да білім машық заманауи білім беру  кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарында «Білім беру әдістемелерін жаңғырту және жүзеге асыру» жүйесі қолға алынғандығын айқындады.

Сонымен бірге жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам атты мақасында әлеуметтік жаңғыртудың негізгі қағидаттарының бірі ретінде әріптестік қатысу қағидатын атап өтіп, барлық жұмыс мемлекеттің, бизнес пен азаматтардың өзара тығыз іс қимылы негізінде құрылуы тиіс деп тілге тиек етті. Әлеуметтік әріптестігі белсенді дамыту,елдің мемлекеттік емес секторының, бірінші кезекте, әлеуметтік саланы жаңғыртуына  қатысуын кеңейту үшін жағдай жасау маңызды деген болатын. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін жаңғыртуға байланысты бұдан былайғы қадамдарды саралай келе, кәсібі білім берудің дуалдық жүйесінің мағыздылығында атап өтті.

Дуалдық жүйе-маман даярлауда  бизнестің,білім алушының жәнемемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің әлемдегі тиімді түрі.

Білім саласының оқыту технологияларын қолданысқа енгізбес бұрын әрбір білім беруші білім алушылардың деңгейіне қарай білім мен білік дағдысын қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Мектеп табалдырығындағы білім жүйесімен бастауыш кәсіптік білім беру саласының айырмашылығы жер мен көктей десек болады, себебі: бұл салада жалпыға бірдей білімнен бұрын,кәсіби шеберлігін шыңдайтын кәсіби құзіреттілігіне бағытталған арнайы пәндері терең оқытылып, ол тәжірибиелік сабақпен ұштасуы шарт. Бұл салаға нағыз сұранысқа ие техникаға қызмет көрсетуші жұмысшы мамандар даярлау мақсатында кәсіптік  білім береміз.

Кәсіптік білімнің басты қағидасында білім алушыда икем, оқумен қатар білік машығы қалыптасуы тиіс. Осы мақсатта Қазалы көлік-техникалық колледжі темір жолдың өндірістік мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс жасап білім мен білік ошағы ретінде алтын көпір құрылған болатын. Ғасырға жуық тарихы терең білім мекемесінде дәстүрге айналған өндіріс пен теорияның бір ізділігі жалғасын тауып келеді. Колледждің арнайы пән оқытушыларының ерен еңбегінің нәтижесінде: ТЖКБ жаңғырту жобасы аясында Дүниежүзілік банкінің қаржыландыруымен ҚР БҒМ гранттық қолдауымен арнайы пән кабинеттеріне іске қосылған жылжымалы макеттер мен электрмен жабдықталған дыбыстық құрылғылармен жабдықталды.

Осы аталған кабинеттегі әрбір жабдыққа шығармашылық жұмыс ретінде колледж студенттері 3 тілде аударма жасақтап мамандықтарының сыр-қырын түсінуге ықпал жасады. Нәтижесінде өңір басшыларымен қатар ҚР БҒМ алғыс хатымен марапаттарына ие болып, Республика көлемінденгі білім беру ісінің үздігі медалдарымен марапатталды. Білім алушылардың  әрбір құрылғыны бес саусағындай меңгергендігіне көз жеткізген өндіріс мамандары: болашақта мамандардың өндіріс ұйытқысы болатындығына кәміл сенімін білдірген болатын.

Осындай жаңа оқу технологиялармен заманауи техникалық құрылғылардың арқасында колледждің оқу материялдық базасы нығайды. Алоқыту жүйесіне тоқталатын болсақ  Қазалы көлік-техникалық колледжінде дуалдық жүйесінің алғашқы тәжірибесі  теміржолдағы жылжымалы құрамдарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету мамандығы бойынша басталды.Алға қойылған мақсат  кәсіби-функционалдық  құзіреттілік деңгейі  жоғарғы,еңбек нарығында  бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие,кәсіби потенциялы мығым маман даярлау болады.

Дуалдық білім беруге негізделген тәжірибелік  эксперименттің бірінші кезеңінде оқу дидактикалық,оқу базаныдайындау және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Ең алдымен  мамандықтың мемлекеттік  білім беру стандарты бойынша дуалдық білім беруге негізделген  жұмыс  оқу жоспары жасалды. Жоспар жасауда оқу циклына бөлінген жалпы сағат көлемін сақтай отырып, тоериялық және тәжірбиелік сағаттар бөлінісінде 20% көлемінде өзгерістер енгізіледі.

Өндіріс ошағындағы білікті мамандармен келісім шарт жасалып бірге келісім шарт жасалыпбірге қос бағытты білім беруге бағдарланған жұмыс оқу бағдарламалары мен дидактикалық, әдістемелік кешендерімен  құралдар әзірленеді.Осы кезеңдегі жұмыстардың нәтижесәнде 17 электрондық оқулық, 11 мультимедикалық бағдарлама, 10 оқу-әдістемелік құралдар жазылған тасымалдау дисклері, 20 шақты студенттерге арналған сауықтар мен кешендердің сценарийлер топтамасы, 30-дан аса графикалық жұмыс тапсырмалары әзірленді 2015-2016 оқу жылынан бастап тәжңрбиелік экспременттің негізгі кезеңі бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізілді. Бұл кезеңнің басты мақсаты: біліктілігі бойынша даярланушыларда қалыптастыратын кәсіби функционалды құзіреттіліктер мен білік,дағдыларды жұмыс берушілердің талаптарына сәйкестендіру, яғни мамандық стандартын өндіріс стандартымен кіріктіру, теориялық білім мен  практикалық даярлықтың арасындағы алшақтықты жою болды.

Осы мақсаттағы жоспарланған  жұмыстарды іске асыру үшін әлеуметтік серіктестермен  келісім шарт жасалды. Жасалған Меморандум мен келісім шартқа сәйкес мамандық стандарты мен арнайы пәндердің типтік оқу бағдарламаларындағы кәсіби маман даярлау мазмұнын өндіріс стандартымен сәйкестендіру мақсатында мамандықтың функционалдықкартасы жобасын дайындауды қолға алдық. Бұл жұмысқа колледждің арнайы пәндер оқытушыларымен тәжірибе жинақтау әдіскерлерімен бірге әзірленді. Мамандықтың функционалды картасы қазіргі қоғам мен нарық талаптары тұрғысынан жұмысшы кадрларға тиісті кәсіби құзыреттіліктер мен біліктер, дағдылар жүйесіне функционалды талдау жасау жүйесінен басталады.

Жұмыс берушілер мен бірге жан-жақты жасалған функционалды мақсаты, осы мақстатқа жету үшін қажетті негізгі атқаруға тиісті  функциялардың мазмұны арқылы функционалды модульдер ретіндегі оқу модульдері анықталды. Функционалды карта жобасын дайындауда оның колледж оқытушылары үшінде, жұмыс берушілер  үшін де, сонымен бірге білім алушылар үшінде қажетті әрі қол жетімді болуы ескерілді. Функционалды карта арқылы білім алушылар өздерінің нені үйренуге және меңгеруге тиісті екендіктерін біліп отырады, колледж оқытушылары өздерінің сабақтарын функционалды картада анықталған мақсат — міндеттерге сәйкес жоспарлайды.

Оқу жоспарындағы функционалды модульдер бойынша арнайы пәндерге берілген практикалық сабақтарды өткізу үшін мекеме базасында арнайы шеберханалар жабдықталды.Нәтижесінде білім алушылар арнайы пәндер бойынша колледжде алған теориялық білімді өндірістері шеберханаларында ұйымдастырылған практикалық оқу сабақтары арқылы бекіту, қажетті функционалды білік, дағдыларда нақты жұмыс орнына үйрену мүмкіндігіне ие болды.Эксперементтік топ білім алушылары өндіріс стандартындағы білім беру салалары бойынша қажетті білік дағдылары өндіріс практикалық оқу әдістері барысында меңгеріп, тәжірбие жинақтау күндерінде бекітіп отырады.Жүргізілген жұмыстардың қортындысы колледж білім алушыларының кәсіби құзіреттіліктері деңгейінің өсуімен де даму көрсеткіштерінің жоғарлағандығын көрсетті.

Жүргізілген эксперименттік жұмыстардың құндылығы оның кәсіби білімдіигерушілер үшін де ,өндіріс тәлімгерлері үшін де, тәрбиеленіушілер үшін де тиімділігінде болып отыр.

Дуалдық білім берудің үш жылғы тәжрибесінің қорытындысы оң нәтижелерді көрсетіп отыр.Ең маңыздысы,колледж оқушылары нақты жұмыс дағдыларына тоселуге,ұжымда жұмыс жасау білігіне ие болуға , әлеуметтік құзіреттілігінің қалыптасуына ,таңдаған  мамандығының қыр-сырын тікелей жұмыс орнында танып,психологиялық  және кәсіби  биімделуден өтіуге мүмкіндік алды.Өзінің тәжірибелік  іс-әрекетінің өндіріс мекемесінің толыққанды қызметкері ретінде жүзеге асырылуы,болашақта осы мекемеге жұмысқа орналасу мүмкіндігінің жоғарлауы олардың белсенділігі мен жауапкершілік сезімін дамытты. 2015-2016 оқу жылында Вагон жөндеуші және қараушы мамандығын бітіруші түлектердің барлыгы жоғарыда аталған мекемелерге жұмысқа орналасты.

Кәсіптік білім берудің дуалдық жүйесін қолдану тәжрибесі бұл жүйенің дәстүрлі жүйеден келесі артықшылықтарын көрсетіп отыр:

-дуалдық жүйе оқытудың дәстүрлі жүиесінің негізгі кемшілігін-теория мен тәжірбие арасынжагы алшақтықты жояды;

-дуалдық білім беру жүйесінің миханизімінде кәсібі маманнның жеке тұлғасына әсер ету, болашақ маманның жаңа психологиясын қалыптастырып жатыр.Оқушыларда білім алумен дағдыға ие болуға үлкен мотивация туады, себебі олар өздерінің кәсіби сапасының жұмыс орнындағы функционалдық міндеттері орындаумен тікелей байланысты екендігін сезінеді;

-жұмыс берушімен тығыз байланыстығы оқу орны болашақ мамандарға қойылатын талаптарды әрдайым ескеріп отырады;

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың « Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деген сөзі ізденімпаз жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Инновациялық білім беру іскерліктің жаңа түрі. Ол инновациялық қызмет ісін дамытуға пәндердің мәнін тереңдетуге оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға тағыда басқа жаңа технологияларды енгізуге пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологиялар қолдануда біріншіден, оқытушы ұтады,яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұстады себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайшы білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясына түбегейлі өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түседі деген ойдамын.

Қортындылай келгенде мемлекетіміздің болашағы  бүгінгі жас ұрпақтың саналы тәрбие, сапалы білім , салихалы ұлағат алуына байланысты. Ендеше салауатты да белсенді іскер, тілі мен ұлтын қадір тұтатын ұлт ұрпағын тәрбиелеу біздің еншімізде.

                                      Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақстан -2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы,2012
  2. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2016-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  3. « Қазақстан кісіпкері» журналы
  4. «Білім шапағаты» газеті

 

Қазалы көлік-техникалық жоғарғы колледжінің арнайы пән оқытушысы Ахметова А.Б.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ