Қызылорда облысы Қармақшы ауданы\r\n\r\nТөретам кенті №80 мектеп-гимназия\r\n\r\nНиязов Серік Ұзақбайұлы\r\n\r\n \r\n\r\n«Бiлiм беру жүйеcін жаңғырту барысында бiз үшін келесi iс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негiзiнде Назарбаев Университеті мен Зияткерлiк мектептер табысты жұмыс iстеуде. Олардың тәжірибесін бүкіл Қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейiне жұмыс жасауына ықпал жасау.\r\n\r\n Оның дәлелі «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»деп Елбасымыздың Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қазақстан халқына Жолдауында нақты айтып өтті.\r\n\r\n Білім беру саласындағы өзгеріс «Сындарлы оқыту теориясынан» көрініс тауып отыр.\r\n\r\nАталмыш «Сындарлы оқыту теориясы» білім саласына түбегейлі оң өзгерістер енгізіп жатыр \r\n\r\nБілім саласына еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал казіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән береміз. Өйткені, оқытудың әр түрлі технологиялары зерттелініп, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірбиесі зерттеліп мектеп өміріне енуде.\r\n\r\n Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.Бағдарламаның негізгі мазмұны жеті модуль түрінде қарастырылады.\r\n\r\nБілім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу», «Қалай оқу керектігін үйрету» ретінде қарастырылып, әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты болып табылады. Мұнда білім алуды үйретудің қозғаушы күші — «метатану». Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге білім алуды үйрету де бар.Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипатталады.\r\n\r\nСыни тұрғыда ойлау маңызды мәселелерді талқылауды, тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Яғни, бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталады.\r\n\r\nЯғни, мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау және тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қарастыру. Диалог арқылы оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамытуға болады.Сыныптағы диалогта оқушылар бір-бірімен жаңа және ең тиімді тәсілді іздестіре және мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс жасайды.\r\n\r\nБалалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер: ұтқырлық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана-сезім. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданылады, олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді. Мұндай адамдар жаңашыл идеялармен келешеккке дайын болады.\r\n\r\nБілім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Формативтік және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық нақты анықталмаған. Дегенмен білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою, оқыту қорытындысы шығару болса, онда өзінің қызмет бойынша бағалау жиынтық немесе оқытуды бағалау болып табылады.\r\n\r\nБағалаудың басты мақсаттары оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс, уәж айту, болжау мен сұрыптау, стандартты бақылау және орындау, оқыту бағдарламасының мазмұныны және білім беру стилін бақылау. Жетістікке жеткенін көрсететін кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап жазбаша тестілерге түрленеді және білім, түсіну, дағды туралы хабарлама беру болып табылады.Кері байланыс көбіне уәж болып саналады. Бұл ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтап әрекет етуге итермелейді.\r\n\r\nБілім беруде ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдалануда (АКТ) білімді бағалу және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды. Мектептегі технологияларға компьютер/ноутбук, интерактивті тақта, мультимедия кабинеттері, электронды оқулықтар, интернет, ұтқыр қондырғылар, сандық теледидар, теледидар бағдарламалары және ұялы телефондар жатады. АКТ – ны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа алуан түрлң түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз етеді. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, білім беру технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек.\r\n\r\nТалантты және дарынды балаларға білім беруде зерттеу жоғары деңгейлі қабілеттері бар оқушыларды жады мен білім, ақпаратты пайдалану, ойлау жылдамдығы, проблемаларды шешу, қиындыққа қызығушылық сияқты өлшемдердің бірін таңдауға тиіс және осы өлшемдерге дәл келетін оқушылар үшін қолдануға болатын тапсырмаларды құру керек. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуметтік мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет. Баланың жетістіктерін оның үлгірімінің қорытындысы бойынша, сондай-ақ олардың дарынын бейнелейтін портфолиосы бойынша айқындауға болады. Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Оқушылардың оқу бағдарламасына сай тез дамуының тағы бір түрі акселерация деп аталады. Эйр талантты да дарынды оқушыларды оқыта білетін мектептердің оқу бағдарламасын өзгерту арқылы мектептердің барлық оқушылар үшін күрделендіру және акселерация модельдерін қолдана алатындығын айтады.Ол үш тармақты пайдалану арқылы Меркер және Нильсонның оқу жоспарын өзгертудің моделін бейімдеп жасады. Дәлірек айтқанда, мазмұнына өзгерістер енгізу, әдістерді өзгерту, білім берудегі өзгерістер күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасады.\r\n\r\nОқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқуда когнитивті даму оқуға деген қабілеттілік,сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық, зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты.Дәлірек айтқанда, «білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты. Мәселен, түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейіне , балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогты ынталандыру стратегиясы да әр түрлі жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Аталған қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар.Жас ерекшеліктеріне байланысты оқудың жекелеген теорияларына тоқталатын болсақ, оқудың бихевиористикалық тәсілдері, когнитивтік, гуманистік, әлеуметтік – жағдаяттық тәсілдер, зейін, жады, сөйлеу, ойлау(метасана), ой жүгірту, моральдық пайымдау, шығармашылық.\r\n\r\nБалалардың тілді үйренуі күрделі үдеріс,оған сүйенсек, бала үйренетін әр сөзді және сөздің әр фрагментін бастапқыда еліктеп қайталайды және ересектердің жымиюы сияқты құптауы ықпал етіп жаттайды.Мәселен, төрт жасар бала көп сұрақ қояды, бес сөзден тұратын сөйлемді пайдаланады. Бес жасар бала алты сөзден тұратын сөйлем құрайды, бағыныңқы бөліктері бар.\r\n\r\nБілім берудегі басқару және көшбасшылықта адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. МКДЖ «мұғалім- зерттеуші» түсінігінде емес, «мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінгінде құрылған.Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан – мектептерде оқыту мен білім беруді жақсарту мақсатынан алшақтамауымыз керек.Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс үдерісі басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны , жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады. Ол құндылықтарды анықтау, кәсібии міндеттерді анықтау, дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер, атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру, көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс және желілік қоғамдастықтағы жұмыс.\r\n\r\nҚорыта айтқанда, білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды және әр оқушының әлеуеттік мүмкіндіктерін іске асырушы нәтижеге бағытталғандығын да көрсетеді. \r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланған әдебиеттер:\r\n\r\n1.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.\r\n\r\n2.Мұғалімге арналған нұсқаулық 3 деңгей,3 басылым,2012 жыл.