ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

0
11184

Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Елбасы мемлекетімізді әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.\r\n\r\nСондай-ақ, Қазақстандағы білім беру саласын жетілдіру бойынша Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында түбегейлі жаңа мақсаттар қойылып, білім саласы жеке жетілдіру бағыты ретінде көрсетілген [1]. Өйткені, білім – ұлттың бәсекеге қабілеттігін арттырудың басты құралы болып табылады.\r\n\r\nСонымен қатар, халықаралық тәжірибе «өмір бойы білім алу» қағидасы негізінде ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.\r\n\r\nБілім беру саласына бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы халықтың білім алуы, кәсіби білікті дағдылары мен қабілетіне инвестицияны бөлу болмақ. Халыққа білім беруді экономикадағы әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, тиімді инвестициялар ретінде түсіну қажет. Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дәлелдер ретінде экономиканың макро және микро деңгейлерінде халықаралық зерттеулерді шолу, білім берудің, табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңінде инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады. Зерттеулер білім беруді дамытуға жұмсалған инвестицияның маңызды жақтарын растайды.\r\n\r\nЭкономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да әлеуметтік пайдаларды келтіреді, әлеуметтік капиталдың – азаматтардың көп үлесінің қатысуымен құралған, әлеуметтік бірлігі мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық деңгейі төмен қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Жастайынан білім алу әлеуметтік, эмоционалдық және басқа да өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық спектрларын одан әрі дамытудың сенімді дәлелдері осында. Қазақстанның білім берусаласын жетілдіру: білім беруге салынатын инвестицияны айтарлықтай және тұрақты ұлғайтуы, оның сапасын жақсартуы қажет.\r\n\r\nОсыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.\r\n\r\nБілім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білім беру саласын жетілдіруді жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болды. Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.\r\n\r\nБілім беру саласын жетілдіру бойынша 2011 жылы білім саласын дамытудың заңнамалық әрі идеологиялық негізі қаланған болса, 2012 жылы білім және ғылым саласында көптеген жаңартулар болды. Бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. 40-тан астам түбегейлі жаңа базалық механизмдердің көпшілігі тәжірибеге енгізілді. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде «Балапан» бағдарламасының арқасында балаларды қамту 2011 жылдан екі есе өсіп, 71,5%-ға жетті. Екі жыл ішінде бұл көрсеткіш бойынша дамыған елдердің деңгейіне жақындаймыз (80% жуық). Мемлекеттік – жеке әріптестік, жан басына қаржыландыру механизмдері іске қосылды [2].\r\n\r\nЕлбасы тапсырмасына сәйкес «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру 2020 жылға дейін жалғасатын болады. Бұл міндет жергілікті және орталық органдармен өзара тығыз әріптестікке тікелей байланысты болмақ.\r\n\r\nБәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін Қазақстан жастарымен жас ұрпақтарынан бастап жоғарғы сауатты елге айналуы керек. Білім беру саласындағы басымдықтардың бірі жастар саясаты және оны мемлекеттік қолдау және реттеу болып табылады. Жастар саясатында Елбасының тапсырмасы бойынша дамудың жаңа бағыты қабылданды. Басқарудың жаңа моделі құрылды.\r\n\r\nҚазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Бұл білім беруді жаңарту педагогтардың жауапкершілікті түсінуі мен олардың кәсіби деңгейіне және білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты. Он екі жылдық білім беруге көшуге байланысты Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, педагогтар қауымынан кәсіби міндеттер мен оны жүзеге асыруда жаңаша көзқарасты, яғни инновациялық қызметті талап етеді.\r\n\r\nҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру – он екі жылдыққа көшу және кәсіби міндеттерді өздігінен, шығармашылықпен шеше алатын, қызметтің жеке және қоғамдық мәнін түсінетін және оның нәтижесіне жауапты қарайтын құзырлы, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жүйесін құруды көздейді.\r\n\r\nЖоғарыда аталған іс-шараларға еліміздегі білім беру саласын дамытуда мемлекет тарапынан зор қолдаулар табылып, реттеліп жатыр. Сондай-ақ, қазіргі таңда білім берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбиеге баса назар аударылуда. Соған байланысты мұғалім мен оқушының тұлғалық-бағдарлы өзара қарым-қатынасы маңызды орын алып отыр. Мұнда тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік жағынан келбетінің қалыптасуына ерекше мән беріледі. Сондай-ақ, білім беру факторларының: мектеп, отбасы, әлеуметтік ортаның кірігуі көзделеді.\r\n\r\nЕліміздегі білім беру жүйесін жетілдірудің басты мақсаты — еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.\r\n\r\nБұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылып, шешімі табылады деп ойлаймыз:\r\n\r\n-оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу;\r\n\r\n-«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату;\r\n\r\n-педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;\r\n\r\n-педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту;\r\n\r\n-мектепке дейінгі тәрбиенің жаңа сапасына көшу. Қазіргі кезде әлемде мектепке дейінгі тәрбие мектепке дейінгі білім беруге ауысуда. Балаларды ерте жастан оқытуға көшу жүзеге асуда;\r\n\r\n-кадрлар даярлауды экономика қажеттілігіне сәйкес келтіру;\r\n\r\n-білім саласына әлемнің үздік жетістіктерін енгізу;\r\n\r\n-Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамыту;\r\n\r\nБілім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырады.\r\n\r\nЕлбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың ұлттық жоспары әзірленіп, бекітілді. Қазіргі заман талабы – көптілді оқыту және көптілді меңгерген маман даындау. Бұл бағыт бойынша жұмыстар басталып, жүргізілуде. Қазақ тілі – ұлтымыздың рухы, рухани байлығы.Тіліміздің дамуы, қоғамдағы орнын нығайту және қалпына келтіру жолында білім саласының жауапкершілігі ерекше. Қазақ тілі барлық мектептерде оқытылады. Оқушылардың 60%-дан астамы қазақ тілінде білім алады. Мұндағы басты мақсат – барлық бітірушілердің қазақ тілін жақсы меңгеріп шығуы. 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1-сыныптан ағылшын тілін оқыту енгізіледі [3]. 2012 жылы жоғары оқу орындарында тиісті пән педагогтері мен мамандарын даярлау басталды. Президент тапсырмаларын орындау мақсатында бүгінгі білім берудің барлық деңгейлерінде көптілді оқытуды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленуде.\r\n\r\nҚазіргі таңда білім беру саласын жетілдіру мақсатында «E-learning» электронды оқытуды дамыту жобасына 600-ге жуық мектеп қосылды. 2020 жылы мектептердің 90%-ын қамтитын болады. Алайда, мұндай оқудың тез дамитынын ескеру керек [4]. Осы жағдайларды ескеріп, әлемдік трендтерді үнемі қадағалап, уақытылы түзетулер енгізіп, заманға сай жаңа білім беру жүйесіне келуіміз қажет.\r\n\r\nБілім беруді жетілдіру — қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыруына бағыттайды. Бұл құндылықтар қазіргі тәрбие жұмысының негізі болуы тиіс. Осыған орай, Министрліктің жанынан ашылған «Жастар ісі комитеті» жұмысының бағыты айқындалып, 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында «Мемлекеттік Жастар саясаты туралы» Заң жобасын әзірленуде. Негізгі бөлімдерде аталған барлық атқарылып жатқан шаралардың ұтымды іске асырылу елеміздің білім беру саласының дамып, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылуда жемісін берері мол.\r\n\r\nҚорытындылай келе, Елбасы қойған міндеттерді шешу үшін 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасын ойдағыдай орындап, білімнің барлық саласы– нәтижеге және елдің, оның экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға жұмыс істеуі қажет. Білім беру саласының жетілдіру арқылы еліміздің жастары мен жас ұрпағы, шет мемелекеттерінің білім беру жүйесі талаптарына сай, жоғары бәсекеге қабілетті мамандары болмақ.\r\n\r\nПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ\r\n

    \r\n

  1. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты аттыҚазақстан халқына Жолдауынан. (www.akorda.kz);
  2. \r\n

\r\n2.«Болашағы зор балапан» мақаласы, «Айқын» газеті, 1.03.2013.\r\n

    \r\n

  1. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Президентінің
  2. \r\n

\r\n2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.\r\n

    \r\n

  1. Қазақстан Республикасының Үкімет Басшысы С.Ахметовтің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысындағы материалдар, 2013 жыл, қаңтар. (www.edu.gov.kz).
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\nАвтор: Бакирбекова А.М., Жолбасарова А.Б. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университеті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ