Білім іздеген жанға алты кеңес

0
2409

Бірінші – Ақылыңды дұрыс пайдалану. Бүгінде барлық адамның ақылы бір деңгейде екенін ғылым дәлелдеп шықты. Бар гәп соны қалай пайдалануында ғана. Тіпті ғалымдар мидың жұмысы (клеткалары) шау тартқанша дейін арта береді, егер дұрыс бағыттай білсең.

Екінші –  Қажеттілік. Қай білімді игермес бұрын өзіне қажетті екенін түсіну. Мысалға көбі ағылшын курсына жазылып жатады. Не үшін деп сұрасаң, әйтеуір бір керек болып қалар дейді. Ол бекер әурешілік. Түпкі ойы дұрыс емес. Үйреніп жатқан ілімің нақты керек екенін түсінбесең, бәрі де бекер. Білім қонбайды.

Үшінші –  Өз өзінді қамшылау. Күндіз-түні білім алудан шаршамау. Шаршадың ба, бір сәт дем алып, лезде сол ілім меңгеруді жалғастыр. Қарапайымдап айтсам суып қалмауың керек. Бір нәрсені бітірсең, жетсең, сол мезетте келесі мақсатты қойып, соған жетуге амал қылу.

Төртінші –  Азға қанағат. Білім іздеуші әрдайым шүкіршілік етіп отыруы керек. Жастардың көпшілігі бірден байлықты аңсайды, бірақ шындап келгенде әлі ештеңкеге лайықты емес. Уақыт өте өз біліміне сай биікке жетеді. Еңбектенсе болғаны.

Бесінші –  Ұстаз болуы шарт. Жөн сілтеуші адам керек.

Алтыншы – Білім алу үшін көп уақыт жұмсау керек. Нақты маман болғың келсе, өз салаңның білгірі бол. Ол үшін көп уақыт қажет. Дегенмен ондаған жылдан кейін өз дегеніңе жетесің.

Бұның бәрі ғалымның сөзі. Жарықтың Абай атамызда осындай тектес сөзі бар: Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой, – деп бес асыл істі айтып кетті емес пе?!

Жазып алған Р. Нүркен


ПІКІР ҚАЛДЫРУ