«Білім көкпары» Қазақстан тарихы пәнінен сайыс түріндегі ашық сабақ

0
2234
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Білім көкпары»

Сабақтың мақсаты:
  • Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін тексеру, қорыту
  • Алған білімдерін тереңдетіп, белсенділігін арттыру.,ойлау,сөйлеу қабілеттерін шыңдау,есте сақтау қабілеттерін дамыту
  • Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру,патриоттық тәрбие беру

Қолданылатын құрал – жабдықтар, көрнекіліктер:интерактивті тақта, бор,тақта,суреттер,таратпа материалдар т.б

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, миға шабуыл

Барысы:

Жалпы сайыс 8-9-10 сыныптағы Қазақстан тарихының тақырыптарына негізделіп жасалынған. Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

  • Сипаттамасын оқу арқылы, көтерілісті анықтау
  • Анықтамаларын оқу арқылы терминдерді табу
  • Берілген тұлға туралы мәлімет беру
  • Жылдарды сөйлету
  • «Полиглот» (орысша берілген сөздердің қазақша мағынасын табу)

Сайысқа 8-9-10 сынып оқушыларынан 3 – топ қатысады

  • «Бәйтерек» тобы
  • «Жарық сәуле» тобы
  • «Зияткер» тобы
Сайыстың І кезеңі

«Бәйтерек» І-топтың тапсырмасы

«Бұл көтеріліске Орта жүздің және Кіші жүздің қазақтары тартылды. Көтеріліске шығушылардың басты себебі жер мәселесі болды. Кіші жүздің қазақтары көтеріліс құрамында жүріп Жайық,Кулагин бекіністерін алуға қатысты. Бұдан бөлек қазақ даласындағы Ералы,Досалы,Айшуақ,Сейдалы сияқты сұлтандар бұл көтеріліске қолдау көрсеткен.» Әңгіме қай қөтеріліс жөнінде болып отыр? (Емелян Пугачев бастаған

1773-1775жылдардағы көтеріліс)

«Жарық сәуле» ІІ-топтың тапсырмасы

«Бұл көтеріліс патша үкіметінің және оның сойылын соққан қазақ жеріндегі билеуші ханға қарсы бағытталды. Көтеріліске старшындар басшылық етті. Көтеріліс не бәрі 3 жылға созылғанмен, көтеріліске басшылық еткен старшындар патша үкіметінің қарулы жасақтарына қарсы аянбай күресті. Тастөбе мен Ақбұлақ жеріндегі шайқастардан жеңілу көтерілістің жеңілуіне алып келді.»

Әңгіме қай көтеріліс жөнінде болып отыр? (Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі ордадағы 1836-38 жылдардағы көтеріліс)

«Зияткер» ІІІ-топтың тапсырмасы

«Бұл көтеріліс ауқымы жағынан үш жүздің жерінде қамтыды, 10 жылға созылған күрес көтеріліс басшысын хан етіп сайлаумен ерекшеленді. Басты себебі қазақ жеріндегі округтерді тарату болатын. Көтеріліс мақсатына жетпегенімен патша үкіметіне біраз қиындықтар тудырған. Кекілік Сеңгірдегі соңғы шайқас көтерілістің тағдырын шешті.»

Әңгіме қай көтеріліс жөнінде болып отыр? (Кенесары Қасымұлы бастаған 1937-47 жылдардағы көтеріліс)

Сайыстың ІІ кезеңі

«Бәйтерек» тобы тапсырмасы

1.Мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылған ел (Отар)

2.Жоңғар хандығының билеушісінің лауазымы (Қоңтайшы)

3.Қыс қатты болған жылдары аштықтан,суықтан малдың қырылуы (Жұт)

4. Мемлекеттік органдар алып тұратын ақшалай салықтың ерекше төлем түрі (Баж)

«Жарық сәуле» тобының тапсырмасы

1.Кепілге берілген адам (Аманат)

2.Бір тілден екінші тілге аударатын адам (Тілмаш)

3.Ру басшысы (Старшын)

4.Қырғыздардың ақсүйек рубасылары (Манап)

«Зияткер» тобының тапсырмасы

1.Алыс жерге жүк тасуға немесе сауда жасауға арналған көлік тізбегі (Керуен)

2.Жырды көп білетін және жанынан өлең шығаратын адам (Жырау)

3.Жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алып, кек қайтару (Барымта)

4.1,09 гектарға тең жер көлемі (Десятина)

Сайыстың ІІІ кезеңі

Берілген тұлғалар туралы мәлімет беру

«Бәйтерек» тобына берілетін тұлға – «Әбілқайыр хан»

«Жарық сәуле» тобына берілетін тұлға – «Абылай хан»

«Зияткер» тобына берілетін тұлға – «Кенесары хан»

Сайыстың ІҮ кезеңі

Жылдар сөйлейді

«Бәйтерек» тобы

1710ж – (Қарақұмдағы құрылтай)

1755ж – (Қытай –Жоңғар соғысы)

1783-1797ж – (Сырым батыр бастаған көтеріліс)

1841ж – (Кенесарының өзін хан деп жариялауы)

«Жарық сәуле» тобы

1711-1781ж — (Абылай ханның өмір сүрген жылдары)

1804-1846ж – (Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары)

1822ж – (Сібір қырғыздарының Жарғысы қабылданған жыл)

1837-1847ж – (Кенесары Қасымұлы көтерілісі болған жылдар)

«Зияткер» тобының тапсырмасы

1726ж – (Ордабасыдағы құрылтай)

1824ж – (Кіші жүзде хандық билік жойылды)

1796-1797ж – (Сырым батыр көтерілісі кезінде қатты жұт болған жылдар)

1847ж – (Кенесарының Кекілік Сеңгірде қайтыс болған жылы)

Сайыстың Ү кезеңі

Барлық топтардың жылдамдығын байқау мақсатымен орысша сөздер беріледі,бірінші айтқан оқушының тобына әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпаймен бағаланады

1.Восстание – көтеріліс

2.Род – ру

3.События – жаңалық

4.Уступка – ымыраға келу

5.Сибирь – Сібір

6.Башкиры – башқұрттар

7. Оренбург – Орынбор

8. Традиция – дәстүр

9. Кочевник – көшпенді

10. Пастбища – жайылымдық жер

11. Скот – мал

12. Откочевать – көшіп кету

13. Земельный спор – жер дауы

14. Отпор – тойтарыс

15. Полководец – әскербасы

16.Караван – керуен

17. Крепость – бекініс

18. Битва – шайқас

19. Обстановка – жағдай

20. Опасность – қауіп, қатер

21. Торговля – сауда

22. Нападения – шабуыл

23. Белая кошма – ақ киіз

24. Граница – шекара

25. Посол – елші

26. Метод – әдіс

27.Подданства – бодандық

28. Поход – жорық

29.Степь – далалық аймақ

30. Мечь – қылыш

Қорытынды

Ең көп ұпай жинаған « » тобы І орын, орташа ұпай жинаған « » тобы ІІ орын,

Аз ұпай жинаған « » тобы ІІІ орынмен марапатталады.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ