«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі сценарий

0
18973
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Қазақстан мектептеріндегі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау кешінің сценариін назарларыңызға ұсынамыз. 

І жүргізуші: Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: Бүгінгі  жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін  «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

ІІ жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

Әнұран ойналады

І-жүргізуші:
«Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

ІІ-жүргізуші: «Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:

І жүргізуші: Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

ІІ жүргізуші: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.

ІІ жүргізуші: Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.

І жүргізуші: Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

ІІ жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанының адал азаматтары.

І жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші

І жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі — оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.

ІІ жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі — шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.

І жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!

ІІ жүргізуші: Бүгінгі таңда облыстық және аудандық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген оқушылар бүгін «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданады.

ІІ жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері — әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады

Жамшид: Топ басшысы бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» мен «Жас қыран»  ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы  рапорт тапсыруға дайындал!

Топ мүшелері бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайын. Рапорт тапсырушы топ басшысы-  Нұрсұлтан Меруерт.
(«Жас Ұлан» әнұраны ойналады).

І жүргізуші: Қабылдауға жас ұландар және жас қырандар дайын.

«Жас Ұлан» қоғамдық  ұйымына қабылданушы оқушылар

6-сынып оқушысы  Хожабаев  Жамшид

6-сынып оқушысы  Ықыласбаева  Алиса

«Жас Қыран » қоғамдық  ұйымына қабылданушы оқушылар

2-сынып оқушысы Нұрсұлтан Сәулет

1-сынып оқушылары Сәрсенбай Ақсұңқар, Беркали Ғибрат, Сахарбай Ержан   ұсынылсын.

1-жүргізуші:  «Біз …»

Оқушылар қолдау көрсетеді: «Жас Ұлан»

Жүргізуші: — Ұранымыз

Оқушылар қолдау көрсетеді.

ІІ жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі
Оқушылар кеңесі оқушыларға галстук тағуға дайындалыңыздар.

І жүргізуші: «Жас Қыран» төсбелгісін табыстыу мектебіміздің үздік оқушылары:

Бақытқали Динара

Есболатова Күнай

Нұредин Алсу

Нұрболат Ақжанға  міндеттелсін.

І жүргізуші: Құрметті мектеп директоры  Сафиев  Сейітжан ағай,директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары  Жубандықова Алтынай Сатаевна  «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз (галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады).

ІІ жүргізуші:  Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру  рәсімін                «Жас Ұлан» ұйымы қатарына  қабылданушы  оқушыларға  береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)

Анттың мәтіні:

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!

І жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры  Сафиев Сейітжан                                         беріледі.
Қошемет көрсетіледі.

Келесі құттықтау сөз директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Керекбаева Динара  апайға беріледі.

ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

І жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
(Жас ұландар орындарға отырғызылады).

ІІ жүргізуші:

Қазақ бүгін тәуелсіз ел, біл мұны,

Ақиқатқа айналғандай шындығы.

Әрбір түні ақ тілеумен жабылып,

Атар таңға айқара ашық түндігі.

І жүргізуші:

Қазақстан күннен –күнге өркендеп,гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға  бақыттымыз.Бүгін сіздер,мектеміздің үздік оқушыларының «Жас Ұлан», «Жас Қыран» біріңғай  балалар мен   жасөспірімдер ұйымына  қабылдау рәсіміне куә болып отырсыздар. «Жас Ұлан»  және «Жас Қыран»  ұйымына  қабылдаушылар алдағы уаққытта қоғамдық,танымдық,шығармашылық қабілеттеріңізбен мектеп жүйесіндегі тәрбиелік  тәжірибені   дамытуға  ат салысу сіздерге міндеттеледі. Соның ұйым мақсаты мен міндетін биік ұстаңыздар.

ІІ жүргізуші:

Осымен «Жас Ұлан», «Жас Қыран»  ұйымына  қабылдау рәсімін жабық деп жариялаймыз.

І жүргізуші:

Қош,сау болыңыздар!

 

Койшыгулова Гульфайруз

«Тұщыбек негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ