«Жетілақ» ертегісінің сценарийі

0
1269
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Жетілақ» ертегісінің сценарийі

Рөлдерді ойнатын бастауыш сынып оқушылары.

Автор:( Ильяс) Баяғыда бір ешкінің жеті лағы болыпты.Ешкі көкмайсада шөп жеп, мұп-мұздай су ішуге орманға кетеді екен .Ол кетісімен лақтары үйшік есігінің күршегін іліп алып, өздері ешқайда шықпайды екен.Ешкі өрістен келген соң, есікті қағып:

Ешкі: (Диляра)

Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар, ашақойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр!

Автор:( Ильяс) деп өлеңдетед іекен.

Жеті лақ есік күршегін ашып енелерін кіргізеді.Ешкі лақтарын сүтке тойғызып, қайтадан орманға кетеді.Ал, лақтары есікті мықтап жауып алады.

Автор: 🙁 Иляс)  Ешкі орманға кеткенін байқап қасқыр: О, мына орманда ешкі де тұрады екен ғой!Өзінің неше лағы бар, оңай олжаға тап болдым ғой. Қарным бір тоятын болды.(деп қарнын сипап қояды.)

Автор:( Ильяс) : Ешкінің өлеңін қасқыр тыңдап тұрады.Ешкі орманға кетісімен, қасқыр есікке келіп жұп-жуан даусымен.

Қасқыр: (Имран) О, Лақтарым!Ой шырақтарым!

Аша қойыңдар,

Аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Тұяғым шылқыған су.

Автор: -дейді өлеңдетіп.

Лақтар: (2-сынып оқушылары )

-Естідік, естідік-біздің енеміздің даусы жіңішке, өлеңі де бұдан басқа. – дейді.

 Автор:Қасқыр не істесін.Ұстаға барады да, көмейіне жіңішке тіл салып беруін сұрайды.Өлең айтқанда даусы жіңішке шықсын деп ұста көмейіне жіңішке тіл салып береді.

Қасқыр:(Имран)

О, ұста менің көмейіме жіңішке тіл салып бер әйтпесе жеп қоямын.

Ұста:(Мансур)Қолымнан келмейді.

Қасқыр: (Имран)Жеп қоямын, жіңішкертіп бер дейді.

Автор:Үйшіктің жанына келеді де, бұта арасына жасырынады.Өрістен ешкі келеді.Есікті қағып.

Лақтар: (2-сынып оқушылары )Бұл кім?

Ешкі:Дильяра Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр!-

 Автор:дейді әндетіп

 Лақтар:Есік ашып, енесін кіргізеді.Бәрі қасқырдың қалай келгенін, өздерін жемек болғанын анасына айтып береді.

Ешкі кетерінде:

-Егер біреу келіп, мен айтатын өлеңді түгел айтпаса және даусы жуан болса есікті ашпаңдар,-деп қатты тапсырады.

Автор:Ешкі кетісімен қасқыр есікке келеді.Содан жіп-жіңішке даусымен.

Қасқыр:

Лақтарым, шырақтарым!

Аша қойыңдар, аша қойыңдар!

Енелерің келді-

Сендерге сүт әкелді

Емешегім иіп тұр.

Аппақ сүтім тамшылап,

Тұяғыма тиіп тұр! –деп әндетеді.

Автор:Лақтар анасы екен деп есікті ашады.

Қасқыр:О, шырақтарым менен қорықпандар.Мені сендерге енелерің жіберді, аналарың орманда күтіп отыр,-дейді.Лақтар қасқырдың соңынан еріп жүре береді.

Автор:Ешкі өрістен келеді, өлеңін қанша рет қайталайды.Үн жоқ.Қараса есік ашық, үйге кісе, бір лақ қалмаған.Пештің ішін қараса, жалғыз лағы қалыпты.Лақтарынан айрылған ешкі есігінің алдына отырып жылай береді.

Лақ:Апа, сіз жоқта, қасқыр сіздің даусыңызды салып, сіздің өлеңіңізді айтты.Біз есік аштық.Қасқыр бізді алдап бауырларымды орианға алып кетті.

Автор:Ешкі орманда аңшыны көріп жылап көмек сұрайды.

Ешкі:Аңшы, маған көмек беріңіз!Қасқыр менің лақтарымды алдап, орманға алып кетіпті.

Аңшы:О, жүр мен оныңсазайын тартқызайын. Ешкі аңшыны ертіп қасқырдың ұясына келеді.

Қасқыр:Ой, мынау аңшы ғой, қолындағы мылтығыма?Қой атып тастамай тұрғанда қашайын.

Лақтар:О, анамызкелді, апа кешіріңіз енді есікті ешкімге ашпаймыз,-деп жылайды.

Автор:Ешкі лақтары мен табысып, орманда бақытты өмір сүреді.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ