Білімді әрі тәрбиелі жастардың болашағы жарқын

0
1959

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу — біздің қанымызда бар қасиет.

Н.Ә. Назарбаев

Еліміздің озық дамыған мемлекеттердің қатарына енуіне, қазақ елін әлемдік деңгейде танытып, мәртебеміздің асқақтай түсуіне, болашақ жастарымыздың қосар үлесі өте жоғары.

XXI ғасыр, білімнің, мәдениеттің және техниканың бәсекеге түскен кезеңі. Көз ілеспес дамыған заманда адам баласы бір-бірінен білімі, мәдениеті арқылы ерекшеленеді. Биыл міне «Жастар жылы» деп жариялауы, Елбасымыздың жастарға деген үлкен сенім артуы. Ал жастарымыз ел сенімін ақтау үшін, ең бірінші білімді болу керек деп ойлаймын. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады дегендей, әр азамат оқыған білімінің күшімен өзін көрсете білу керек. Қазіргі заманда адамның білімі болмаса жетістікке жетіп, жақсы маман болуы екі талай. Мысалы өздерінің озық техника, технологияларымен әлемді танқалдырып келе жатырған жапондықтардың осыншама жетістікке жетуінің бірден-бір себебі, жастарының білімге, ғылымға ерекше көңіл бөліп, жаңа технологиялар жасауға талпынуының нәтижесінде деп білемін. Сондықтан табысқа жетудің бірден-бір қайнар көзі білім екенің жалындаған жастар терең ұғыну керек.

Шындыққа тура қарайтын болсақ, қазіргі заман ғаламторға тәуелді заман десек қателеспейміз. Көптеген жастарымыз өзіне керекті ақпаратты кітаптан емес ғаламтордан іздегенді жөн санайды. Әрине ғаламторды ақтарсақ пайдалы дүниелер өте көп, дегенмен шамадан тыс пайдаланып ой-санамызды улап (youtube.instagram т.б) жатқанын аңғара бермейміз. Тіпті 5 жасқа да толмаған кішкентай бүлдіршіндеріміздің де ғаламторға кіруі мені іштей қынжылатады. Ата-аналарымыз кішкентай бүлдіршіндерінің ұялы телефон немесе компьютер пайдалана білгеніне қуанып, кейде мақтанып та жатады, бірақ балаларының денсаулықтарына зиян екенің бір ата-ана ескерсе, ал біреуі ескере бермейді. Балалық шақ, адам баласының ен бақытты кезеңі. Қазіргі уақытта көше де асық ойнап, доп ойнап жүрген балаларды көрмейсін. Оған себеп ата-аналарымыз балаларының қолдарына телефон беріп, ұл-қызының тәрбиесіне жіті мән бермеуінде.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» — деп Абай атамыз айтқандай, болашақ жастарымыздың ғаламторға кіріп бос уақытын өткізгенше, әдеби, ғылыми кітаптар оқып білімдерін шындап, жетілдірсе екен. Сонда ғана болашағымыз жарқын боларына сенімдімін.

Қанатов Ануарбек

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық селосы

Қызылүй орта мектебінің география пәнінің мұғалім


ПІКІР ҚАЛДЫРУ