«Білімді мыңды жығар» ашық сабақ

2
2259
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы: «Білімді мыңды жығар»

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту
ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабaқтың түрі: Сайыс сабақ (дәстүрлі емес сабақ)

Сабақтың әдісі: Ойын элементтер

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кесте

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу. Сабаққа назарын аудару.
Құрамында 6 оқушы болатын екі топ қатысады. Сыныптың ұлдары мен қыздары қатысады. Қыздар тобы — «Гүлдер», ұлдар тобы — «Ұлағат». Сайыс 8 айналымнан тұрады.

I айналым: «Сәлем — сөздің анасы».
II айналым: «Мақал — сөздің мәйегі»
III айналым: «Анаграмма»
ІҮ айналым: «Ойлан тап»
Ү айналым: «Кім жылдам?»
ҮІ айналым: «Білімділер патшалығы»

ҮІІ.  « Қисынды ойлау  »

ҮІІІ айналым: Қорытынды


I айналым: «Сәлем — сөздің анасы»
Бұл шартта сыныптың ұлдары мен қыздары екі топқа болініп, топтарының атын қорғап, сәлемдеседі

II айналым: «Мақал — сөздің мәйегі»
Бұл шартта оқушылар мақал — мәтелден жарысады.

«Гүлдер» тобы

1.Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)

2.Өз үйім… (өлең төсегім)

3.Балапан ұядан не көрсе… (ұшқанда соны іледі)

4.Сөзің тәтті болсын… (ашуың қатты болсын)

5.Жақсы байкап сөйлер… (жаман кісі шайкап сөйлер)

6.Ананың көңілі балада… (баланың көңілі далада)

7.Батыр туса ел ырысы… (жаңбыр жауса жер ырысы)

 

«Ұлағат» тобы

1.Балалы үйдің… (ұрлығы жатпас)

2.Оқу- білім бұлағы… (білім-өмір шырағы)

3.Тіл тас жарады… (Тас жармаса ,бас жарады)

4.Ашу-дұшпан, ақыл дос.. (Ақылына ақыл қос)

5.Тіліңмен жүгірме,.. (Біліммен жүгір)

6.Ұста пышаққа жарымас.. (етікші етікке жарымас)

7.Сөзде қаңқу жаман… (ауруда шаншу жаман)

III айналым: «Анаграмма»
Бұл шартта оқушылар адасқан әріптерді дұрыс жазу керек.

«Гүлдер»тобы
Кесіб — бесік
Иот — той
Арыбмод — домбыра
Анызақ — қазына
Екерем – мереке

 

«Ұлағат»тобы
Ысабот — отбасы
Сытай — айтыс
Келйокит — иткөйлек
Зыбоқ – қобыз

Саж — жас

ІҮ айналым: «Ойлан тап»

«Гүлдер» тобы
1. Қымыз — түйенің сүті ма?
2. Қыз қуу — қазақтың ұлттық ойыны ма?
3. Наурыз жаз айында басталады ма?
4. Абай — қазақ халқының ұлы ақыны ма?
5, Қазақстанның Астанасы — Алматы қаласы ма?

«Ұлағат» тобы
1. Қуырдақ қазақтың ұлттық тағамы ма?
2. Абай жолы романын С. Сейфуллин жазды ма?
3. Сәукеле қазақтың ұлттық бас киімі ма?
4. Роза Рымбаева — Ресей әншісі ма?
5. Қазақстан Украинамен шектеседі ме?

Ү айналым: «Кім жылдам?»
Бүл шартта оқушылар логикалық сұрақтарға жауап береді.

«Гүлдер» тобы
1. 1т мақта ауыр ма, 1т темір ауыр ма? ( тең)

2. Егер «М» бастасаң,
Тағамның бір түрімін.
«М»- ны алып тастасаң,
Түнгі аспанның нұрымын ( Май — ай)

3. Үш түйеқұс ұшып келеді, аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы алды? ( түйеқұс

ұшпайды)

4. Көп үйрек ұшып келеді, екеуі артында, біреуі алдында, екеуі екі жағында, біреуі

ортасында, екеуі алдында, біреуі артында Барлығы қанша үйрек ( 3 үйрек)

«Ұлағат» тобы
1. Түнгі сағат 10 — да түн жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы

мүмкін бе? ( мүмкін)

2. «К» — ден бастап оқысаң Құс атауы, қарашы!
«Е»- ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы. ( кекілік — екілік)

3. Сегізінші наурыз күні 2 шеше мен 2 қызына, әжей мен немересіне 3 орамал

сыйға тартылды. Сонда қанша адамға орамал сыйға тартылды? (3 адам)

4. Тәрелкеде 5 алма,
Қолымда бар 2 алма Қосқан кезде барлығын Болады екен неше алма?
Біреуін берем атама,
Біреуін берем апама
Сонда қанша болады,
Менде қанша қалады? ( 5 алма)

ҮІ айналым: «Білімділер патшалығы»
Бұл шартта топ басшылары білім бәйгесіне түседі.

«Гүлдер» тобы

1. Айтыстың түрлерін ата? ( қыз бен жігіт, бәдік айтыс)
2. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата? ( домбыра, жетіген, сырнай)
3. Кәсіби мереке күндерді ата? ( мұғалім; дәрігер, шахтер, шопан)
4. Төрт түлік малға нелер жатады? ( сиыр, қой, ешкі, жылқы)

«Ұлағат» тобы

1. 16 желтоқсан қандай мереке? ( тәуелсіздік күні)
2. Абайдың шын атын атаңыз?( Ибраһим)
3. Екі кісінің сөйлесуі ( диалог)

4. Жануарлар арасындағы ұзындыққа секіру чемпионы кім? (кенгуру)

ҮІІ.  « Қисынды ойлау  »

«Гүлдер» тобы

1.  Екі құлағы екі езуіне жетті

                       Қуану

2.Су жүрек

                Қорқақ

3.Тайға таңба басқандай

                         Дәл, анық

4.Қас пен көздің арасында

Тез, жылдам

«Ұлағат» тобы

1.Сүт пісірім уақыт

Жылдамырақ

2.Құлақ түрді

Тыңдады

3.Төбе шашы тік тұрды

Қорқу

4.Ит өлген жер

Алыс


ҮІІІ айналым: Қорытынды

Алған фишкалары есептелініп, жеңімпаз топтар марапатталады.

Жанасбаева Әсел Жиренбайқызы
Қызылорда облысы. Жаңақорған ауданы.
Аққұм ауылы №221 негізгі орта мектебі


2 ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ