Биоэквиваленттілік. Негізгі және генерикалық ДЗ.

0
3535
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Биологиялық жеткілік – белсенді дәрілік заттың ағзаға әсері тиетін жерге жиналу жылдамдығы мен сандық мөлшерінің көрсеткіші. Дәрілік қалыптардың қозданыстағы биологиялық жеткіліктілігі көптеген факторларға тәуелді. Оларға дәрілік қалыптағы көмекші заттар  мен белсенді заттардың физика-химиялық қасиеттері, құрамы және мөлшері, дайындау технологиясы, дәрілік қалып түрі, қолдану жолдары жатады.

Биоэквиваленттілік — екі дәрілік заттың бірдей тиімділігі мен қауіпсіздігіне сенуге мүмкіндік беретін бірдей жағдайда және біркелкі мөлшерде енгізгендегі бірдей биожетімділікті (сіңуінің жылдамдығы мен дәрежесі) растайтын салыстырмалы сипаттамасы.

Клиника тәжірибесінде әртүрлі өндіруші шығарған кейбір препарттар құрамында бір белсенді зат, бір дәрілік қалып және біркелкі дозалануына қарамай терапевтік  әсерлілігі, жанама әсерлерінің жиілігі және ауырлығы әртүрлі болады. Мұндай препараттарды генериктер деп атайды және осындай айырмашылықтар себебі олардың айырмашылықтар себебі олардың қолданылған дәрілік қалыптан босап шығу жылдамдығына, әсер ету ұзақтығына немесе биологиялық тиімділігіне байланысты. Бұл жағдайда биологиялық тиімділігіне байланысты.Бұл жағдайда биологиялық жеткіліктілік көрсеткіштеріне белсенді заттың дәрілік қалыптан босап шығу сипаттамасы қатты әсер етеді. Биологиялық жеткіліктілікті анықтау үшін дәрілік заттың қандағы, сарысуды не плазмадағы концентрациясын анықтайды. Айналымдағы әртүрлі фирмалардың препараттың немесе бір препараттың әр сериясы ингридиенттерінің сенімділік айырмашылықтары, адам ағзасында белсенді дәрілік заттың  аз немесе көп мөлшерде түсуіне, ал ол өз кезегінде емдеу нәтижесінде ауытқуларына, сәтсіздікке, жанама реакцияларға т.б әкеледі.

Дәрілік құралдардың метаболизміне (ыдырауына, құрылысын өзгертуіне) негізінде бір-бір жалғасқан 2үрдіс жатады:

  • Белсенді заттың дәрілік қалыптан ерітіндіге босап шығуы;
  • Ерітіндіге белсенді заттың биологиялық мембрана және бауырдан өтуі.

Биологиялық жеткілікке әсер ететін факторлар:

  • Дәрілік қалыптағы көмекші заттар мен БЗ-ң физика-химиялық қасиеттері;
  • Құрамы мен мөлшері;
  • Дайындау технологиясы;
  • Дәрілік қалып түрі;
  • Қолдану жолдары.

Биологиялық  жеткіліктілікті немесе биологиялық эквиваленттілікті талдау.

Қатты дәрілік қалыптарды қолданған кезде белсенді заттың олардан бөлініп шығу үрдісі оның шығу жылдамдығын реттейтін факторға жатады. Белсенді заттан таблеткадан бөлініп шығуы, таблеткадан бөлініп шығуы, таблетка ыдырауына және ерігіштігіне байланысты. Ерігіштік жылдамдығына дәрілік қалыптың белгілі сипаттамалары (көмекші заттар құрамы мен мөлшері, сұйықтық орта т.б) әсер етеді. Егер дәрілік қалыптан белсенді зат босап шығу жылдамдығы төмен болса, онда белсенді зат толық сіңбейді.

Биологиялық жеткіліктілікті анықтаудың басты мақсаты, науқастың алдын-алу немесе емдеу үшін қажет дәрінің адам ағзасына сіңу дәрежесін анықтау.

Бұл зерттеулердің мақсаты- әртүрлі фирмалар шығаратын дәрілік препараттар бір дәрежелі биологиялық тиімділігі болуын қамтамасыз ететін стандарттар туындау.

Қазіргі кезде дәрілік препарттардың биологиялық жеткілікті-биологиялық әсерлігін зерттеу дәрілік қалыптың медико-биологиялық сапасын бағалауды негізгі орын алады және бұл генерик препараттар үшін аса маңызды. Әртүрлі фирмалар шығаратын генерик-препараттарына қойылатын талап, әсерлігі мен қауіпсіздігі, бүгінгі күнде жоғары бағаланатын дәрілік қалыптың сапасын және терапевттік әсерін бағалайтын түсінік-биологиялық әсерлікті (биоэквивалентті) туындайды.

Дәрілік құралдардың биологиялық эквиваленттілігін талдау клиникада жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты-дәрілік құралдың тепе-тең молярлы мөлшерде әсерін және қауіпсіздігін зерттеу.

Биоэквиваленттік-бақылаудағы және салыстырмалы препараттардың емдік тепе-теңдігі.

Бұл түсінікте қарама-қарсы, әр түрлі фирмалар шығаратын препараттардың емдік нәтижесінің тепе-тең еместігі, (биоэквивалентті емес). Бұл құбылыс біркелкі дозада қолдануға тапсырылған дигоксин, преднизолон, ацитилсалицил қышқылы, теофиллин және басқа таблеткаларды клиникада тексерген кезде анықталды. Биоэквиваленттілікті анықтауға дәрілік препараттың әсері мен қауіпсіздігі өзгерген жағдай мәжбүр етеді. Клиникада бір дәрілік қалыпты екінші дәрілік қалпы, егер белсенді заты біреу болса, ауыстырған кезде биоэквиваленттікті анықтау қажет. Биоэквиваленттілікті анықтау емдеу кезінде ағзаның реакциясы өзгерсе (күшейсе, төмендесе) қажеттілігі туындайды.

Дәрілік құралдардың биологиялық жеткіліктілігін/биоәсерлігін талдау.

Кез келген дәрілік заттың емдік және аурудың алдын-алу белсенділігін оның химиялық құрылысы, физика-химиялық қасиеттері қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, субстранцияның емдік белсенділігіне, дәрілік препаратты дайындау кезеңдегі технологиялық үрдістердің өзгеру нәтижесінде пайда болған қасиеттері де ықпалды.

Дәрілік препараттардың биоэквивалентті болу проблемасының клиникалық, фармацевтикалық және экономикалық маңызы үлкен. Себебі аттас дәрілік препараттар көптеген фирмаларда шығарылады, әртүрлі көмекші заттар және әртүрлі мөлшерде және әртүрлі технологиямен дайындалады. Бұндай жағдай, бір фирмада өндірілетін сіңімділігі нашар және биологиялық жоғары әсерлі заттары бар препараттардың дербес серияларында, тіпті бір серия ішінде де кездесіп, әртүрлі биологиялық жеткіліктілік көрсетеді.

Іс жүзінде ерімейтін дәрілік заттардың биожеткіліктілігін көтеру мақсатында, оларды қатты дисперсті жүйеде дәрілік қалыпқа енгізу табыс әкелуде. Бұл мақсатта өндірісте микрокапсулулар, нанокапсулалар, терапевттік жүйелер тағы басқа шығарылады.

Генерик-препараттардың биоэквивалентілігіне қойылатын талаптар.

    Генерик препараттардың барлық елдерде кең қолданылуы олардың оригиналды препараттардан арзандығы. Егер генерик препарат биоэквивалентілігі оригиналмен (патент иесі өндірген өнім) тең болса, онда генерик препараттың медицинада қолданылуы науқасты емдеуді арзандатады және емдеу өз дәрежесінде сапалы өтеді. Генерик препараттарды өндірудің жылдам өсуін осымен байланыстыруға болады. Генерик препарат белсенді дәрілік заты оригиналды препарат белсенді затымен бірдей, бірақ көмекші заттар (белсенді емес ингредиенттер, толықтырғыштар, консерванттар, бояғыштар және т.б.) құрамы бөлекше. Сонымен қатар генерик препараттарды өндіру үрдістердің де айырмашылықтары бар.

   Генерик препарат оригиналды ауыстыру мүмкіншілігі болу үшін мына қалыптасқан талаптар орындалу керек

-белсенді заты (заттары) оригиналды препарат белсенді затымен бірдей;

-дәрілік қалпы, ағзаға ендіру жолы оригиналды препаратпен бірдей;

-қолдану тәсілдері бірдей;

-жапсырмада көрсетілген сақтандыру шарттары және басқа нұсқаулары, оригиналды препарат жапсырмасында көрсетілгендей;

Биоэквиваленттіліктері бірдей (яғни пероральды немесе трансдермальды жапсырғыштан, генерик препарат дозасының сіңу жылдамдығы статистикалы шынайы сенімді және оригиналды препараттардағыдай болу) препараттарға:

өндіріс кезіндетиесілі өндірістік тәжірибе (GMP) сақталуы;

 —тіркеу кезіндебиоэквиваленттілігі тексерілген препараттар жатады.

Биоэквиваленттілік. Екі препарат биоэквивалентті деп есептелінуі үшін, олар фармацевтикалы эквивалентті, олардың қабылданған тең дозасының биотиімділігі (белсенді зат абсорбция жылдамдығы және дәрежесі) ұқсас, қажетті әсерлік және қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек (ВОЗ 1994, 1996 нұсқаулары).

Биоэквиваленттілікті талдау клиникада тірі адамдар қатысуымен өтеді, сол себепті бұл сынақтар жүргізілгенде, басқа да клиникалық зерттеулерде сақталынатын құзырлы талаптар мен шарттар орындалуы қажет.

Биоэквиваленттілікті анықтау орны, ОСР ІСН талаптарына сәйкес, жақсы жабдықталған лицензиялы клиникада өтуі, ал дәрігердің арнаулы дайындығы болуы және сынақтың сапалы өтуіне, сынақтағылардың құқығы, денсаулығы сақталуына кепілді болуы керек. Осыған байланысты, биоэквивалентті анықтау мақсатында клиникалық сынаққа қатысатындар өте тыңғылықты түрде сұрыпталынып алынуы керек. Себебі препараттың фармакотерапиялық әсерлігіне көптеген факторлар ықпал етеді:

  • Пациенттің қосымша сырқаттары болуы;
  • Препараттың сіңуінің бұзылуы;
  • Бауыр және бүйрек аурулары;
  • Дәрілік заттардың белоктармен байланысының бұзылуы;
  • Препарат метаболизмінің генетикалық ерекшеліктерге байланыстылығы.

Бұл жағдайда, ағзадаға препарат концентрациясы әртүрлі: өте төмен немесе өте жоғары. Бірінші жағдайда емдеу әсері төмен, ал екінші жағдайда-жанама реакциялар туындау жоғары.

Биоэквиваленттікті талдауға қатысатын контингент мейлінше біркелкі, дендері сау еріктілерден тұруы керек. Тәжірибеде ерлер, әйелдер қатысуы және жастары 18-55 арасында, салмақтары жас шамалары шектеуінен шықпауы, темекі шегетіндер анықталуы керек. 2000жылғы Хельсинки декларациясының сынаққа тартылғандар құқығы, этикалық талаптар сақталуына аса көңіл бөлінуі керек.

Клиникалық сынақ өткізілетін емдеу мекемесінде, этика жөніндегі Комиссия жұмыс істеуі, адамдар қатысуымен өтетін ғылыми зерттеуде этикалық талаптар сақталуының кепілдігі ретінде қабылданады. Еріктілер осы клиникалық сынақтың сыр-қырын, әсіресе қауіпсіздік сақталатындығына көздері жеткенде, еріктілер тобына кіруге ризашылығын береді.

Кейбір жағдайда, дені сау еріктілермен сынақ жүргізу мүмкіншілігі болмай қалады. Ол жағдай, егер дәрілік заттың сау адамдарға жанама, денсаулыққа зиянды әсері (қатерлі ісікке қарсы ВИЧ инфекцияларын емдейтін дәрілер) анықталса туындайды.

Биоэквиваленттілікті анықтайтын клиникалық сынаққа қатысатын еріктілер саны 12-ден кем емес, негізінде 12-24 адам болады. Европа Одақтастығы елдерінде, АҚШ-та (1991, 1996, 2001) клиникалық сынақтардың протоколдарына сәйкес, сынақ өту үрдістері  стандартталған. Бұл Протоколдарда сақталынатын принциптер:

  • сынаққа қатысатындар кемінде түнімен (8-12 сағат) зерттеу және дәріні қабылдау алдында тамақ ішпеулері керек;
  • тамақ және су режимін сақтау;
  • сынақ жүргізулер алдында және сынақ кезінде басқа дәрілер қабылдауын шектеу немесе толық тоқтату;
  • қозғалыс режимін сақтау сынақ кезінде күндік режимін сақтау;
  • концентрлі шырынды, алкогольді, коффеинді, наркотикті заттарды қабылдамау;
  • сынақ орталығында болуы;
  • сынақ өту мерзімін толық сақтау.

Тәжірибеге қатысушылар сынақталушы препаратпен қатар, стандартты препараттарды кезекпен қабылдайды. Биожеткіліктілікті талдау кезінде жауапты принциптерге:

  • сынаққа алынған препараттың бір дозалық сіңімділігін анықтау;
  • сынаққа алынған препараттың қанда немесе басқа биологиялық сұйықта тұрақты концентрациясы жеткен кездегі биологиялық жеткіліктілікті анықтау жатады.

Дәрілік заттардың биожеткіліктілігін анықтау.

Биожеткіліктілікті анықтау әдістері әрбір дәрілік қалыптың физика-химиялық қасиеттері мен қойылатын мақсатқа байланысты. Биожеткіліктілікті анықтау дәрілік қалып клиникалды немесе клиникалық талдау жүргізілген кезде туындайды. Негізінде клиника алды талдау дәрілік қалыптың қауіпсіздігін зертхана жануарларын (in vivo) пайдаланып шешіледі. Зертхана жануарларын пайдалану дәрілік қалыптың биологиялық жеткіліктілігінің оның дәрілік қалпы түрінде, дозасына, ағзаға енгізу жолдарына және т.б факторларға байланыстылығын анықтау үшін жүргізілінеді.К

Клиникалық зерттеулер және «in vivo» тек құзырлы медицина мекемелерінде, арнаулы дайындықтан өткен медицина қызметкерлерімен жүргізіледі.

Кейбір дәрілік қалыптар тиімділігін анықтау үшін туындалған «in vitro» амалдар- тестілер бар. Мысалы, таблеткалардың «ыдырағыштығын және ерігіштігін анықтау» амалдары. Дәрілік қалыптың қолдану жолдарына қарап оның биотиімділігін бағалау мақсатында басқа да амалдар туындауы мүмкін

Биожеткіліктіліктік жоғарыда айтылғандай, дәрілік заттың дәрілік қалыптағы тиесілі мөлшерінен қанша бөлігі босап шығып қан тарату жүйесіне сіңгенін, белгілі концентрациясының адам ағзасында қалу ұзақтығын көрсетеді. Биожеткіліктілікті   зерттеу нәтижесінде дәрілік заттың қанша мөлшері қандай жылдамдықпен сіңді; дәрілік зат қанша уақыт және қандай концентрациясын ағзада болғаны анықталады.

Биологиялық жеткіліктілікті зерттеудің маңызды кемшілігі «in vitro» немесе «in vivo» амалдарымен анықталған көрсеткіштерін, препараттардың адамдарға қолданған кезінде негіз етіп алуға болатынын дәлелдейтін әдістердің жоқтығында.

«Іn vitro» немесе «in vivo»» әдістерімен алынған көрсеткіштер, адамдармен істелінген тәжірибелер нәтижелерімен сәйкестік табылса ғана бағалы.

Биологиялық жеткіліктілікті анықтаудың анықтаудың бүгінгі күнде 2 негізгі әдісі бар. Бірінші әдіс- фармокинетикалық. Бұл әдіс бойынша, бір немесе бірнеше дозаларда ағзаға енгізгеннен кейін дәрілік заттың концентрациясын қан плазмасында өзгеруін уақыт аралықтарында немесе дәрілік заттың немесе оның метобалитінің жалпы концентрациясының зәрмен бөлінген мөлшерін анықтауға алынған. Екінші әдіс-фармакодинамикалық ағзаның дәрілік затқа немесе оның белсенді метобалиті әсерінен туындаған фармакодинамикалық, биохимиялық реакциялардыанықтауға арналған. Бұл әдістің күрделігіне орай Биожеткіліктілікті анықтау негізінен фармакокинетикалық әдіспен орындалады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Интернет сайттары:www.google.ru  www.google.kz
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ