Бір үзік сыр…

0
2553

Ұлы Отан соғысындаңы Жеңіске  биыл 75 жыл толып отыр. 75 жыл?! Сол соғыста жандарын шүберекке түйіп, ұрыс даласына,соғысқа аттанған боздақтар,бұрымды бойжеткендер қаншама? Олардың сол соғыста төккен қан мен терін, көз жасын, мұз жастанып, су кешкен күндерін, аш-жалаңаш жүргендерін кинолардан көргенде тұла бойыңды дір еткізгендей.

Әке ықыласын,ана мейірімін аңсаған аға-әпкелеріміз, бауыр еті баласынан айырылған аналардың соғыстан тірі келер ме екен деген үміті, көз жасы,жол тосып,күтіп жүргендері бәрі-бәрі сюжет сюжет сияқты елестейді. Сол соғыстың зардабын,қиындығы мен ауыртпалығын бұл күнде ортамызда жүрген майдангерлердің көздерінен, сөздерінен, беттеріндегі әжімдерінен көре аламын,бейбіт өмірге деген ұмтылыстары,жастық шақтарының ауыр жағдайда өткендігі көз алдыма елестейді.

Қорқыныш пен намысты  қатар алып жүрген,сол кездерді еске алатын  ардагерлерімізге  мың тағызым!

Олардың орнын жоқтатпай ,тылда еңбек етіп,бала-шағаға бас-көз болып, бар ауыртпалыққа шыдаған тыл еңбеккерлеріне де  мың тағызым

Бұл күнде біздерге бейбіт өмір сыйлап кеткен ерлерді жыл сайын, әр уақытта еске аламыз. Ал бүгінгі таңда  ортамызда жүрген  санаулы қалған  Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеп, бағалай білейік! Енді соғыс өрті тұтанбасын!

Ел аман, жұртымыз тыныш болсын! 75 жыл болған бұрынғы өмірді жас ұрпақ көрмесін! Жарқын болашақ,бейбіт өмірдің көркеюі,гүлденуі жас ұрпақтың қолында!

 

Бестибаева Актолкын  Канышевна

Алматы облысы, Іле ауданы

№10 орта мектептің информатика-математика пәні мұғалімі

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ