Біздің Ата Заңымыз – Конституция тақырыбында бастауышқа арналған ашық сабақ

0
7322
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Мектеп:

Мұғалімнің аты- жөні: Пән: Дүниетану

№82 Б.Наметов НОМ

 

Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Бөлімше: 1.5 Құқықтар мен міндеттер

Сынып: 3
Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тақырып: Біздің Ата Заңымыз – Конституция
Оқыту мақсаты 3.1.5.1 Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

(Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • Конституция еліміздің негізгі заңы екенін біледі;
  • құқықтар мен міндеттердің не екенін біледі.

Көптеген оқушылар

еліміздегі басты құндылықтардың маңызын түсінеді.

Кейбір оқушылар:
Конституцияның еліміздің азаматтары үшін маңызды екенін түсінеді.
Тілдік мақсат

Оқушылар:

жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Конституция, құқықтар, міндеттер, еліміздің басты құндылықтары, азаматтық парыз.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, жоғары заңдық күшке ие Ата заң.

Талқыланатын мәселелер:

Конституция дегеніміз не?

Азаматтың қандай басты құқықтарына Конституция кепіл береді? Еліміздің әрбір азаматының қандай міндеттері бар?

Алдыңғы

білімдер

Құқықтар мен міндеттер, Конституция жайлы білімдері. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері.
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Ой қозғау 5 мин. Уәждеме. Стартер. Қоңырау да соғылды, Сабақты біз бастаймыз. Назар салып, мән беріп Сабақты біз тыңдаймыз. Сұрақтарға жауапты Нақты, анық береміз. Қоңырау
1. Сабақ тақырыбын хабарлау.

Ерте заманда, осыдан бірнеше мыңжылдықтар бұрын Жер бетінде адамдар пайда болды. Оларды мына сұрақтар мазалай бастады:

  • Адамдарға нені істеуге болады және олар нені істемеу керек?
  • Нені істеуге міндетті және нені істемеуге міндетті?
  • Қандай құқықтарға ие және қандай құқықтарға ие емес?

Осы сұрақтарға жауап таппағанша, өмір нағыз сұмдыққа айналып, тәртіпсіздіктер орын ала бастады. Бұл сұрақтардың жауабын өте ұзақ іздеді. Соңында мәселе шешілгенде, заң пайда болды. Заң тәртіпсіздікті, шиеленіскен жағдайларды шешуге көмектесті.

Сонымен, заң дегеніміз не екен?

Заң дегеніміз – мемлекет белгілеген міндеттердің жиынтығы. Еліміздің барлық азаматтары заңды орындаулары керек. Заңның көптеген тармақтары болады. Біздің еліміздің басты заңы Конституция деп аталады. Елімізде Конституцияны Ата Заң деп те атайды.

Тақта

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Өмірден әділдік пен бақ табатын Құқығым қорғалды деп шаттанатын. Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп

«Бұл біздің – Ата Заң!» деп мақтанатын.

Жаңа сабақ 30 мин
  1. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
  2. (Ұ) Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс. Мұғалім-оқушы диалогі. Конституцияның баспа нұсқасын қарау.
  • Конституция деген не?
  • Конституцияны парақтап, қарап шығыңдар. Мазмұнына қараңдар, Конституцияда қанша бап бар екен?

(оқушылар Конституцияны қарап шығады)

3. (Ө) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс

  • Конституцияның кіріспе бетінде бұл заңның кім және не үшін жасалғаны жайлы айтылады. Өз беттеріңмен оқып шығыңдар.

Мәтіннің бірінші азат жолынан кейін берілген Конституция кіріспесін оқу немесе Конституцияның өзінен оқу.

(Ұ) Талқыланатын мәселелер:
  • Конституцияны кім қабылдады?
  • Бұл ережелер кім үшін жазылған?
  • Біздің халықты біріктірген не?
  • Халық нені құрады?
  • Қазақстан халқы өзін қандай қоғам деп ұғынады?
  • Халық өз алдына қандай мақсаттар қояды?
  • Конституцияның кіріспе бөлігінде қандай түсініксіз сөздер кездесті?
  • Ол сөздердің мағынасын қалай білеміз?
  • Елімізді кім басқарып отыр? Еліміздің тұңғыш президентінің есімі кім?

4. (Т) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс (екінші бөлігі).

– Мәтіннің екінші азат жолын оқыңдар, тірек сөздерді бөліп көрсетіңдер, мәтіннің осы бөлігіне үш сөйлеммен жоспар құрыңдар.

Жұмыстардың нәтижесін көрсету.

Қорытынды: Конституцияда еліміздегі әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен міндеттері жазылған.

5. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып шығамыз.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Оқулық

Түсіндірме сөздік, ғаламтор желісі,

Н. Назарбаевтың портреті Оқулық

6. Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері Дескрипторлар

«Конституция» терминінің 1. Қалып қалған сөздерді дұрыс жазады. анықтамасын біледі 2. Өзінің жауабын оқулықтағы анықтамамен

тексереді.

Негізгі құқықтарды біледі 1. Үш жауаптың ішінен бір жауапты дұрыс

таңдайды.

Негізгі міндеттерді біледі 1. Иллюстрацияларда бейнеленген құқықтарды

анықтайды.

2.Иллюстрацияларға қол қояды.

3. Өзінің жауабын сыныптасының жауабымен салыстырады.

Өзінің конституциялық құқықтарын Өзінің конституциялық құқығына 3 немесе одан біледі да көп мысалдар келтіреді.

Өз өмірінен 3 немесе одан да көп мысалдар келтіреді.

Өзінің конституциялық міндеттерін Өзінің конституциялық міндетіне 3 немесе одан біледі да көп мысалдар келтіреді.

Өз өмірінен 3 немесе одан да көп мысалдар келтіреді.

Еліміз үшін Конституцияның 1. Мемлекет үшін Конституция қажет екендігін маңызды екенін дәлелдейді. дәлелдейтін 2-3 сөйлем жазады.

2. Өзінің пікірін қасындағы сыныптасымен талқылайды.

7. Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды

Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?

Білім алмасудағы тапсырманы орындау.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсан бойынша жиынтық бағалау.

Дәптер

Рефлексия

5 мин

Сабақтағы жұмысымызды қорытындылаймыз:

– Қандай тақырып бойынша жұмыс істедік?

  • Кімді азамат деп атайды?
  • Азаматтың қандай басты құқықтарына Конституция кепіл береді?
  • Неліктен Конституцияда құқықтардан бөлек, міндеттер жазылған? 1). Мeн бүгін … туралы білдім
  1. Мен … түсіндім
  2. Мен … қалаймын.
Үй тапсырмасы «Талқылаймыз» айдарындағы сұрақтарға жауап беру

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ