Біздің сынып. Пікір алмасайық! (бастауышқа арналған ашық сабақ)

0
2374
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Біздің сынып
Пікір алмасайық!
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
СЫНЫП: 2 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.2.3 Мектеп қоғамдастығын дағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру

2.1.2.4.Өз сыныбына сипаттама беру

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Оқушы оқытудың мақсатына жнтуге тырысады,егер:

-Мұғалімнің жоспары,тапсырмалары,оқулықтың және жұмыс дәптерінің нұсқаулығымен өзіндік әрекет етсе;

-Сабақтың оқу міндетін түсінсе және орындауға тырысса,сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорытса.

Бағалау критерийі
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Әдіс-тәсілдер Әңгіме құру,оқулық және дәптермен жұмыс,жұптық жұмыс,өзіндік жұмыс дидактикалық ойындар
Көрнекі құралдар Компьютер,сыныптас сөзі көрсетілген тақтайша,тақырып бойынша суреттер,музыкалық сүйемелдеу,моншақтар,10шар, кәмпиттер,пазлдар
Кілттік сөздер және пікірлер Оқушы,сабақ,үзіліс,мектеп қауымдастығы,өзін ұстау ережелері,міндеттер
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сабақтың мақсатын қою

Ұйымдастыру кезеңі 1 минут

Психологиялық дайындық

— Менің көңіл күйім керемет! Ал сендердің ше? Жақсы көңіл күй болса,онда айналадағыларға онықалай тарту етесің? Әрине көңілді күлімсіреп.Сондай-ақ бір-бірімізге жәнеде парталас сыныптасқа да күлімсірейік. Жақсы көңіл күй сабақтың аяғына дейін сақталуын тілеймін.

-Қалай ойлайсыңдар,біздің бүгін сабағымыз қандай тақыыпқа арналады?

-Бұл сұрақтарды мен бекерге қоймадым,ойланыңдар,бүгінгі сабағымызда біздер кім туралы және не туралы сөйлесеміз. Біздің кездесуімізді қалай белгілейміз? «Біздің сынып,сыныптастар,достар»

-Бұл тақырыптың атауы түсінікті болып көрінгенмен,шын мәнінде онда терең көрегендік мағына жатыр және күрделі ойлауды талап ететін көптеген мәселелі сұрақтардан тұрады. Қалай ойлайсыңдар,не туралы?Ненің шешімін тапқыларың келеді?Бұл тақырыпты оқи отырып, жаңадан нені білдіңдер?

-Сыныптастар,достар сөздеріне анықтама беру.
-Біз қандай сыныптастармыз?

-Өмірде достық қажет пе?

1-топ:

Жазушылар

2-топ: Зерттеушілер

3-топ: Суретшілер

«Балалық шақтан қызықты оқиға»

Тренинг.

Жаңа білім

10 минут

«Сынып» сөзіне ассоциация.

Сынып- бұл балалар ұжымы,сынып бөлмесі.

-Ұжым дегеніміз не?

-ұжым деп жалпы бір іспен немесе оқумен,бір қызығушылық көзқараспен жиналған адамдардың тобы. Мектеп сыныбы ұжым болуы мүмкін. Ұжымға біріккен адамдар – жолдастар.

-Сендердің сыныптарыңды сынып ұжымы деп атаса бола ма?Неліктен?Ал отбасы деп не?

-Кәне,тексерейік.Ойын ойнауды ұсынамын.

Топтағы жұмыстың ережелерін талқылайды.Түрлі жағдайлар ұсынылады:(уақыт шегі анықталады).

1-топ.1минут ішінде шашылған моншақтарды қалай жинауға болады.

2-топ 10 шарды бірден үрлеп,оларды тарту ету

3-топ 1 минутта қанша кәмпит жеуге болады?

4-топ Қалай пазлдан суретті жинауға болады?

-Тапсырмаларды орындау жеңәіл ме?

-Ненің көмегі тиді?Қандай қиындықтарға тап болдыңдар?Неліктен?

-Ұйымшылдыл ұжымды қандай затпен салыстыруға болады?

Сыныптастар

-Сендердің ойларыңша,сыныптастар деген кімдер?

Сыныптас-Біз бір сыныпта бірге оқитын сыныптаспыз.

-Нағыз сыныптастарды қандай қарым-қатынастар байланыстырады?

-Достық дегеніміз не?

Достық-бір-біріне деген сенімге, құштарлыққа және мүдделерінің ортақтығына негізделген жақынқарым-қатынастар.Ескі достық,сыныптастардостығы.Досы көпті жау алмас.

Сыныптастарыңа қандай қарым қатынас жасау керек?

-Олардың қарым-қатынасына сызат түспеу үшін неге жол бермеу керек?

-Неліктен бір-біріне көмектесу керек?

Мектептегі жолдас бұл- оқуда ынтымақтасатын және бір-біріне көмектесетін сыныптастар. Мектептегі жолдастар оқуда,сабақта және үйде,үй тапсырмаларын орындауда өзара көмек береді,сондай-ақ қоңыраудағы үзілісте,ал сабақтан кейін-қызығушылықтары бойынша бос уақыттарда бірге өткізеді.

Сонымен,сынып оқушылары бірге жасалатын,орьақ күшпен бірігеді.

Сергіту сәті.
Енді біз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол-аяқты кезекпен,
Оңға-солға созамыз.
Күн шыққанда сүйініп,
Бәйшешектей иіліп,
Біз тынығып аламыз.
Жиі-жиі жаттығып,
Үлкен кісі боламыз.

Ойланыңдар,біздің сыныпта іскерлік қарым-қатынастар бар ма?

Оқудағы өзара көмекті талдау:

1.Сыныптастарыңа мектепте немесе үйде сабақ оқуда көмектестіңдер ме?

2.Сыныпта оқуға жәрдемдесуге қажеттілік туындаған жағдайлар болды ма?

3.Сендердің біреулерің көмекке жүгіндіңдер ме және көмек сұраған сыныптасыңа көмек қолын созды ма?

Жаңа сөздерді енгізеді.

-Балалар, жаңа сөзге мән беріңдер: Сыныптас.

Оқулық,

мәтіндер.

Кластер құрастырып,өз ойларын білдіреді.

Мұғалімнің соңынан жаңа сөздерді қайталайды.

Оқулықпен жұмыс

15 минут

Дәптермен жұмыс

Шығармашы- лық жұмыс

Жаңа тақырыпты бекіту

  1. Сабақ енді басталып еді,бір оқушы портфелін құлатып алды,оның ішінен бір заты ақтарылып қалды.Бұл жағдайда өзіңді қалай ұстайсың?

-Сыныппен барлығымыз көмекке келеміз.

-Дауыстап күлеміз,бұл өте қызық қой.

Басқа нұсқа.

2.Олжас сырқаттанып қалу себебінен біраз сабақты жіберіп алды.Бақылау жұмысында ол Әлиядан көшіріп алғысы келді.

Әлия қандай шешім қабылдайды?

3.Үзілісте екі дос қыз ұрысып қалады, жанжалдасады, сендердің ондай жағдайға әрекеттерің:

Қасынан өтіп кету керек бұған қатысым жоқ.

Қасынан өтіп кетейін,бұл олардың өз мәселесі.

Мұғалімге айту керек,оларды жазаласын.

Басқа нұсқа.

4.Мұғалім апай тақтаға бір оқушыны шақырады,ол сабақтың тақырыбын білмейді,бірақ жауап беруге тырысады, ұжымға көмектесуді көзбен жеткізеді.Дұрыс қалай істеуге болады?

-Білдіртпей айтуға болады.

-Оған ұят болатындай бүкіл сынып дауыстап күлу:

-Оны жақтап,тақырыпты түсіндіруді көмектесетініне сөз беріп, мұғалімнен одан ертең сабақ сұрағанын өтіну керек.

Ойын.

Сынып екі топқа бөлінеді.Еденде кішігірім екі «арал» сызылады. Балалар әуеннің ырғағына кез келген қозғалыстар жасайды,ал әуен тоқтағанда, жылдам түрде өз «аралдарында» орналасады. «Аралда» барлығы сыйған команда жеңеді.

«Пазл» стратегиясы.

Жұпта орындауға арналған тапсырмалар. Мақал- мәтелдерді құрастырып жинақтаңдар. Мұғалім үстіне жазылған тапсырмасы бар пазлды алдын ала жасайды.Оны А4 форматты қағазда\жұқа картонда жасап,содан кейін кесуге болады.Оқушыларға пазл бөліктері таратылады.Оқушылар өз пазлының бір бөлігін табу керек.Тапқаннан кейін сол топпен,мақалды тезірек біріктіреді?

1.Дос болсаң берік бол,досыңа серік бол.

2.Құс қанатымен, адам достарымен мықты.

3.Дос егіз, дұшпан сегіз.

4.Дос басқа,дұшпан аяққа қарайды.

5. Дос жылатып айтады,дұшпан күлдіріп айтады.

6. Дос ажарың,жолдас базарың.

7.Дос көргеннен түңілме.

8.Досы көпті жау алмас.

9.Күлме досыңа,келер басыңа

«Саялы ағаш» жаттығуы.

Ағаш жапырақсыз…….(адам доссыз болғандай).Мен не көріп тұрмын. Жапырақсыз жалғыз ағаш.Ағашты көргенде бастарыңа қандай ойлар келді?

Кәне,оны жапырақтармен безендірейік,ол көңілді,әдемі болсын,адамдар оған сүйсінсін.Жапырақтарды жабыстырыңдар. Әрбір жапыраққа- жақсы достарыңа жақсы сөздеріңді жазыңдар. Өз жапырақтарыңды ағашқа іліңдер.

Сөздерді жазып қою партаға.

Ақымақ Ақылды Ашулы Сақ зейінді

Батыл Адал Өтірікші Қайырымды, арам

Дөрекі Мейірімді Жалақор Әжуашыл,әділетті

Шыдамды Сенімді Айнымайтын Табанды, сараң

Балалар,естеріңде болсын!

Достыққа қабілеттік,достаса білу, достарды таңдау,достықты сақтау- адамның ең басты қасиеттерінің бірі.

Сынып өмірінің заңдары постерін құру.

Балалар сынып ұжымы өмірінің келесідей заңдарын талқылауға ұсынуға болады. Біздің өмірдің заңы

Құрметтеу Адамдарды құрметте, сонда басқалар да сені құрметтейді. Батыл болу

Достық Адамдарды құрметте, сонда басқалар да сені құрметтейді.

Батылдық Достарыңды,ата- анаңды,Отаныңды және айналдағының бәрін сүй.

Оқулықты ашып,мәтінді оқиды және суреттерді қарастырады.
Кері байланыс

3 минут

«Белгілер» әдісі. Рефлексия парағы.
Үйге тапсырма: мазмұндау.
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы
байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?

Бүгін оқушылар
не білді?

Сыныптағы ахуал
қандай болды?

Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?

Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе?

Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ