Ақылды қария —  ағып жатқан дария (тәрбие сағаты)

0
3395
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Назарларыңызға оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеуге бағытталған тәрбие сағатын ұсынамыз. Пайдалы болары сөзсіз.

Мақсаты:

1.Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
2. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты,
қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту.
3. Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.
4. Халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Презентация «Ақылды қария – ағып жатқан дария»

  1. Патша тағы, тас, уәзірлер желпуіші
  2. От шашу

/Ән: «Ата – әжем» орындайтын Айберген Дінмұхамбет/

Дильназ І жүргізуші:

Айгерім, ақылды қария – ағып жатқан дария деп неге айтылғанын білесің бе?

Айгерім ІІ жүргізуші:

Ияяя, ол нақыл сөздің мағынасын ашу үшін ата-әжелеріміздің, әке-аналарымыздың ұлылығын дәлелдейтін мысалдар көп қой. Мен ақылды қария туралы бір жақсы ертегі білемін.

Ерасыл:   Тыңдап көрсек бола ма? Ол қандай ертегі?

Назерке:  Тыңдайықшы

Айгерім:  Жарайды,  /Асқарқызы Айгерім «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» ертегісін оқиды/

Ерасыл:    Керемет ертегі екен, біз олай болса, оларды құрметтеп, сыйлауымыз керек қой.

Назерке: ия, ол тақырыпта Мұқағали атамыздың жақсы өлеңі бар, оқып берейін /Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда/

Дильназ: Рахмет, Назерке сен өлеңді керемет оқиды екенсің!

Айгерім:   Әрине, ол Шымкент қаласында Республикалық «Нұрлы жастар» байқауы жеңімпазы атанды емес пе…

«Ақылды қария — жазып қойған хатпен тең» — дейді. Біздің достарымыз ата-әжелерінен қандай даналық сөздер жаттап жүр екен. Ортаға шақырайық

/Ұлдар шығып тыйым сөздер айтады/  /Видеоролик: Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер/

Дильназ: Білесіңдер ме, біз сыныпта ата-әжені сыйлау тақырыбында шығарма жаздық қой ия, соның ішінде Инабаттың шығармасы да  республикалық «Нұрлы жастар» байқауында жүлдегер атаныпты.

Ерасыл: олай болса, Инабат шығармаңды оқып берші  /Инабат шығармасын оқып береді/

Назерке:  ата-әже, ана-әке баға жетпес жандар ғой, олар біздің қамқоршыларымыз. Инабаттың әжесі сіз қандай көңіл-күйде отырсыз?

Айгерім:  Ия, оларға небір ән де, би де, сыйлық та, қаншама құрмет жасасақ та артық емес. Ол туралы ардагер, ұстаз-анамыз, Тоқтыбаева Рысты апайымыз не айтар екен?

Назерке:  Олай болса айтылар әсем ән де, би де сіздер үшін. Біздің  ардақтылар.

Дильназ: Айгерім,  сенің қатты сағынатын адамың кім екенін айтшы?

Айгерім: Әжемді

Ерасыл:  А-а-а сен әжеңді не үшін сағынатыныңды білемін. Өйткені әжелер қызықты ертегілер айтады ғой!

/Би: Әжем айтқан ертегі. /Әнін орындайтын Шаттық Дильназ/

Дильназ:  Міне біздер ата-әжеміз әке-анамыздың арқасында ең бақытты балалармыз.

Айгерім:  Біз олардың қуанышы, шаттығы, өмірі мен дәстүрінің жалғасымыз

Назерке: Біз олардың еркесіміз

/Ерке қыздар тобы: Еркесімін атамның/

Дильназ: Бақытты балалығымыз шаттыққа толсын!

Айгерім: Үлкендеріміз аман болсын!

Ерасыл:  Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!

Назерке: Амандықпен жүздескенше күн нұрлы болсын!

 

Куламетова Лайла

Қызылорды облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп-лицейдің бастауыш  сынып мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ