Әліппенің атасы. Ахмет Байтұрсынов туралы танымдық сағат

0
16083
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Ахмет Байтұрсынов туралы танымдық сағат

Мақсаты: Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы, қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынов туралы кеңінен таныстыру. Өмір және еңбек жолын әңгімелеу, үлгі болар өнегесін жас ұрпаққа паш ету.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдар

Барысы:

Оқушыларға сұрақ:

— Іші толған әріпке,

Ғылымдағы жарық не?

— Барлық ілім-білімнің

Анасы осы — Әліппе

— Олай болса, балалар, осы әліппе оқулығының алғашқы құрастырушысы кім екенін білеміз бе?

— Ол, Ахмет Байтұрсынов атамыз. Бүгінгі танымдық сағатымызда Ахмет Байтұрсынов атамыз туралы зерттеп, кеңірек танып білеміз

Ендеше, мына бейнетаспаға назар аударайық /бейнеқойылым көрсетіледі/

Енді балалар, біздер де бүгін өз еңбегіміз арқылы Ахмет атамыз туралы зерттеп, білетінімізді ортаға салып көрейік. Ол үшін «Саңырауқұлақ теру» ойынын ойнайық. Саңырауқұлақтар теру арқылы

І топ – Ахмет атамыздың қызметін

ІІ топ — Ахмет атамыздың өмірін

ІІІ топ – Ахмет атамыздың еңбек жолын

ІҮ топ — Ахмет атамыздың шығармашылық еңбектерін тауып құрастырады.

Енді балалар, Ахмет атамыз туралы өмірбаянын толығырақ бейнетаспадан тыңдап көрейік.

Мұғалім:

Балалар, бұл жол басы даналыққа, Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та. Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Соларды көре тұра қалалық па?! Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та! – деп Ахмет атамыз айтқандай, өмірі өнеге болған атамыздың шығармалары бойынша білетінімізді ортаға салайық!

І топ – Ахмет атамыздың нақыл сөзін

ІІ топ — Ахмет атамыздың мысал өлеңнен аудармасын

ІІІ топ – Ахмет атамыздың балаларға арналған өлеңін

ІҮ топ — Ахмет атамыздың ертегісін айтып берейік

— Жарайсындар, балалар, сонымен қатар Ахмет атамыз заманның қиыншылығын да көп көргенін білеміз. Сол уақытта анасына, достарына арнап әндер де жазған екен. Сол «Анаға хат» атты әнді бейнетаспадан тыңдап көрейік.

Рахмет, балалар, енді Ахмет атамыз туралы білген мағлұматтарымызды қорытындылай отырып, сөзжұмбақ шешейік.

1. Ахмет атамыз бізді не алуға шақырды? білім

2. Ахмет атамыз қандай партия құрды? Алаш

3. Ахмет атамыз Алаштың көрнекті ..? қайраткер

4. Ахмет атамыз Қостанай облысының қай өңірінде туған?Торғай

5. Ахмет атамызды Ұлт … деп атаймыз? Ұстаз

6. Ахмет атамыздың алғашқы жинағы қандай?Қырықмысал

7. Ахмет атамыздың екінші жинағы қандай? Маса

8. Өлең шығаратын адамды кім дейміз? Ақын

9. 1895 жылы қай мектепте оқыды? Орынбор

10. Ахмет атамыз қай облыста туған? Қостанай

11. Тіл маманын кім дейміз? Лингвист

— Балалар, біздің бүгінгі танымдық сағатымызға құрметті қонақ ретінде ұстазымыз __________________________________________________________________ қатысып отыр. Сөз кезегін құрметті қонағымыз ___________________________________ береміз!

— Рахмет сізге, ___________________________________________________________

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі біздің танымдық сағатымыз өз мәресіне жетті. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!

Куламетова Лайла

Қызылорды облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп-лицейдің бастауыш  сынып мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ