Біздің мақсатымыз

0
1995

Мәртебелі ұстаз бен үлгілі білім ордаларының мәртебесін көтеру, өзіндік имиджін қалыптастыру біздің ең басты мақсатымыз. \r\n\r\nТәуелсіздік алған 20 жылдан аса уақыттан бері «қазақ мұғалімінің» өзіндік имиджі қалыптасып үлгерді.  Оларды тек  басылымдардан ғана көреміз. Ал ғаламтор беттерінен оқта-текте кездестіргеніміз болмаса, аса мардымды ақпарат ала алмаймыз. Осы кемшіліктің орнын толтыру үшін біз не істеуіміз керек?!\r\n\r\nҒылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, көк күмбезінен әрі асқан ғарышкер де, талантымен әлімді таңдай қақтырған әнші де, бәрі бәрі  ұстаздан тәлім алған.  Біз сабақ алған ұстаздарымыздың ішінде көпке үлгі ететін мейірбан жандар өте көп. Әрбір ұстаз құрметке лайықты.\r\n\r\nКез – келген білім ошақтарында күллі Қазақстанға үлгі ететін тағылымды ұстаздар болары сөзсіз. Ал енді сіз мына сұраққа жауап беріп көріңізші.\r\n

    \r\n

  • Қазақстанға танымал қандай ұстаздарды білесіз?
  • \r\n

  • \r\n

\r\nБірлі – жарымы ғана аузыңызға ілінер. Жауап беру өте қиын. Ендеше, бұл сұрақтың жауабын бірге іздеуге тырысайық.\r\n\r\nҚұрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздің білім ордаларыңызда да мұндай жандар өте көп. Олардың еңбегін елеп, неге дәріптемеске?! Ұстаз – бүгін мен болашақтың арасындағы алтын көпір. «Даңқ пен абыройға кенелуімде бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель» деген екен даңқты қолбасшы А. Македонский. Өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялап жүрген ұстаздар қауымы қандай да болмасын құрметке лайықты.\r\n\r\nОлай болса, достар, әріптестер, бізбен бірге болыңыздар! Ұстаз бейнесін бірге қалыптастырайық!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ