«Болашақтағы менің ауылым»

0
9765
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

«Болашақтағы менің ауылым»

Адам өмірінде туған жері, Отаны  басты орын алады. Біздің қандай жерде тұратынымыз үлкен қалада немесе кішкентай ауылда ма, маңызды емес. Біз барлығымыз өз отбасымызды, мектебімізді ауылымызды, Отанымызды жақсы көреміз.

 «Гүлденсе ауыл-гүлденеміз бәріміз» деп, мен болашақта өз ауылымды былай елестетемін.

Ауылымыз Келдімұрат ауылының болашақта қандай болатыны тікелей бізге және оның тұрғындарына байланысты.Сондықтан біз мәдениетті,білімді және шығармашыл болуымыз қажет. Әркім өз болашағын армандайды. Өмірде жақсы маман иесі болып,жақсы өмір сүруді қалайды. Ал басқа адамдардың болашағы туралы кім ойланып көрді? Біз қоғамның бір ошағы болғандықтан, барлығымызды ортақ туған жеріміз байланыстырады. Сондықтан барлығымыз  бірге ертеңгі ауылымыздың болашағын ойлауымыз керек. Республикада ауылымыздың алатын орны қандай болатынын бірге ойланып көрейікші.

Менің ойымша ауылдың тұрғындары арасында береке-бірлік болса,ауылымыздың болашағы жарқын болмақ. Келешекте ауылымыздың өте таза,әдемі болғанын қалаймын. Әсем гүлзарлар, субұрқақтар,жап-жасыл желек, әртүрлі гүлдер болса ауыл көшелеріне сән берер еді.

Ауылымыздың басты байлығы-жасыл алқабы, гүлдері мен сан алуан  талдарымен  ерекшеленген. Олар аулдың сәнін кіргізіп, таза ауаның басты себепкері және шығармашыл адамдарға шабыт беріп келеді. Сан жылдар бойы өсіп тұрған талдар –бұл тарихтың және табиғаттың ескерткіші, өткен оқиғалардың тірі куәгерлері.Олар өткен мен болашақты жалғастырушы. Сондықтан, осы табиғат берген сый-талдар мен түрлі ағаштарды көбейту, сақтау біздің борышымыз деп білемін. Ең бірінші осы ауылымның сыртқы көрінісі жап-жасыл болғанын қалаймын.

Әрине проблемасыз болмайды. Қазіргі негізгі проблема-экология.Егер ауыл болашағын ойласақ,оны да шешуге болар еді. Барлық ауыл тұрғындарын ағаш, жемістер отырғызуға жұмылдырса, ауылымыз көркейе түсетіні сөзсіз.

Денсаулық ең басты байлық! Сондықтан  ауылда демалыс орындары, балалар саябағы мен тауда шаңғы базасын ашып,халқымыздың өмір сүру  жасын ұзартуға аз да болса өз үлесімізді қосар едік. Біздің ауылдың табиғаты ерекше, шетелдегі демалыс орындарынан кем емес, сондықтан тау бөктерінде балалар лагері мен арнайы демалыс  орны ашылып, курортты аймаққа айналады және жаңа өндіріс орындары,кондитерлік фабрика,ет комбинаты,спорт және музыкалық мектептер ашылады деп сенемін.

Қазір жоба жасап оны жүзеге асыруға болатын заманда бәрін жасауға болады деп ойлаймын. Оған мемлекет те қолдау көрсетіп жатыр. Ауылымызда келешекте халыққа жұмыс орындары ашылса,барлығында тұрақты жұмыс орны болса, халықтың саны артып, мектебімізде оқушылар саны көбейер еді.

Біздің кіші отанымыз-ауылымыз болашақта көркейеді: біз достарымызбен осы туған ауылымызда қалуды армандаймыз. Ауылымызда ғаламтор желілері орнатылып, ауыл тұрғындары  рухани байлығын көтеріп, демалу үшін кітапхана ашылғанын қалаймын.

 Болашақта біз өз ауылымызда барлық отбасылар  тату-тәтті, тұрмыстары жақсы,бәрі жеткілікті болып тұрғанын қалаймыз. Әрбір ауыл тұрғыны ауылымызды көркейтуге өз үлестерін қосады деп сенемін.

Мұқағали  ағамыз:    «Сендердікі  қоғам,  өмір,  заман  да, 

                                  Сен  түзеген қалаңменен  далаң  да,

                                  Болашақта  барлығы  да  сендердікі,  жас  ұрпақ, 

                                  Сендерге аманат  етіп  табыстаймыз,  қабыл  алыңдар!»,- дейді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ