Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы

0
10409
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызметінің, функциясының бірі — пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі — бухгалтерлік баланс. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі болімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтсрлік есеп стандартына сөйкес бухгалтсрлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиссілі,  қолда бар муліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесс басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақтылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді ілгеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы — өз алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға іс және де кәсіпорынның қожайыны болға табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің ордайым тең болатындығы сөзсіз.

актив — меншікті капитал + міндетеме

Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:

актив — міндеттеме = меншікті капитал

Әдетте косіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басында жасалады. Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялары), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақшалары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан түрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады. Ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында ұйымның алдағы кезендерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқада кредиторлық борыштары көрсетіледі. Жоғарыда айтқандарымыз түсініктірек болу үшін үлгі ретінде «ККК» фирмасының 2002 жылғы 1 қаңтарға жасалған бухгалтерлік балансын қарастырайык.

Осы жоғарыда келтірілген ККК фирмасының бухгалтерлік балансынан көретініміз — бұл ұйымның активтері мен пассивтері 83000,0 мың теңгеге тең. Мұндағы кәсіпорынның меншікті капиталы 59000,0 мың теңгені, ал міндеттемелері 24000,0 мың теңгені құрайды. Жоғарыда берілген теңдіктің орнына (формулаға) осы сандарды орналастыратын болсақ мына түрде болады.

актив = меншікті капитал + міндетгеме

 83000000,0 = 59000000,0 + 24000000,0

Біз бүл мысалымызда, яғни жоғарыда берілген бух-галтерлік баланста Қазақстан Республикасының заңдарына сай жасалған баланстың үлгісін қарастырдық. Кейбір батыс слдсрінде баланстағы тараулардың, баптардың орындары ауысып та келтіріледі.

Мысалы, кейбір елдерде ағымдағы активтер баланстың актив бөлімінін басында орналастырылатын болса, оның баптары өтімділіктеріне қарай кезекпен құрастырылады. Сонымен қатар кейбір баланста активтер мсм міндеттемелер    баланстың сол жағында көрсетіліп (орналас тырылып), оң жағында тек қана кәсіпорынның меншікті капиталы көрсетіледі. Баланстың мұндай түріне мына тендік негізделген:

актив — міндеттеме = меншікті капитал

83000000,0 — 24000000,0 = 59000000,0

Бұл теңдік бухгалтерлік баланста ұйым иесінің меншігін көрсетуге негізделген. Жоғарыдағы мысалымызға сөйкес баланстың бұл түрін құрастыратын болсақ, баланс кестесінің екі жағы да 59000,0 мың теңгеге тең болады.

Бухгалтерлік баланстың түрлері

Өзінің жасалу уақытына, қолданылу барысына қарай бухгалтерлік баланс әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан қүрылған уақытында жасалған бухгалтерлік баланс кіріспе баланс деп аталады. Кріспе баланста үйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі керсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің осы үйымды жаңадан құру (ашу) уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болуы ықтимал.

актив = меншікті капитал

Бұл тендік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды тұлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып есептеледі.

Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы (айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдагы бухгалтерлік баланс болып есептеледі.

Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызмстін тоқтатар кезде, таратылатмн уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр түрге бөлінеді. Жойылу балансын еліміздегі бухгалтерлік есеп жөне аудит мамандарын даярлауда көп еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалым Әбдіғали Әбдіманапов езінің «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» атты еңбегінде екі түрге бөледі және оның бірі ұйымның жабылуына байланысты, ал екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін құрастырылады деп жазған болатын. Сонымен қатар Ресей ғалымдары Л.А. Крятова мен Х.Х. Эргашев өздерінің «Бухгалтрлік есеп теориясы және негіздері» атты еңбегінде жойылу балансы үш кезеңнен тұрады жөне олардың біріншісі кәсіпорынның жабылуы алдында, екіншісі жабылуы барысында, ал үшіншісі кәсіпорын жұмысын тоқтатқаннан кейін жасалынады деп атап өткен. Жалпы, бүл айтылғандарды талдай отырып, авторлардың бірінің айтқаны дұрыс, ал екіншісінікі қате деп қарауға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды жоғарыда аты аталған авторлардың қай-қайсынында пікірлері дұрыс деуге болады. Себебі кәсіпорынның жойылу балансының саны, яғни оның жасалыну кезендері ұйымның таратылуына кететін уақытпен тікелей байланысты. Егер кәсіпорынның таратылуы, яғни жабылуы ұзақ уақытқа созылатын болса, жойылу баланстарының саны да соған сәйкес және қажеттілігіне қарай арта түсуі мүмкін.

Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы

Ксз келген көсіпорында күнделікті жүмыс істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі. Осы операция-лардың орындалуы үйымның бухгалтерлік балансының баптарына тікслей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, үйымдағы әрбір орындалатын операцияға сойкес баланс баптарындағы сома өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив пен пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында әрбір орындалған операциядан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін емес. Себебі ұйымда бір күннің өзінде бірнеше операция орындалуы мүмкін. Тіпті әрбір операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасап түру үлкен күшті, көп уақытты қажет етәді. Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін жасап отыру тиімсіз және қажет те емес. Міне осы себептен кәсіпорынның бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни есеп беретін кезеңге қарай (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) жасалып отырады. Жалпы бухгалтерлік есепте баланс баптарының сомасына әсср ететін шаруашылық операцияларын төрт түрге боліп қарастырады.

Бірінші туріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек кана актив бөліміне әсер етеді. Бүл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді.

Мысалы, кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шотынан кассаға 100 (жүз) мың теңге алынды.

Бұл жағдайда есеп айырысу шоты бабындағы сома 100 (жүз) мың теңгеге азайса, касса деп аталатын баптың сомасы 100 (жүз) мың теңгеге артады. Баланстың активі мен пассиві арасындағы тендік өзгермейді.

Екінші туріне жатқызылатын шаруашылық операция-лары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив беліміне осер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бап тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен  баланстың сомасы ешқандай өзгермейді.

Мысалы, ұйым өзінің жабдықтаушы-мердігерлердің алдындағы 500 (бсс жүз) мың теңге қарызын банк мекемесінен алынған несие арқылы қайтарды делік.

Бұл уақытта кәсіпорынның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома 500 (бес жүз) мың теңгеге азайып, ал банк несиесі бабындағы сома 500 (бес жүз) мың теңгеге артады. Ал баланстың активі мен пассиві арасындағы тендік өзгермейді.

Үшінші туріне жатқызылатын опсрациялардың жоғарыда аталған екі түрден айырмашылығы, бүл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдсй сомаға артады. Яғни бүл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндсгі бір баптың сомасы қандайда сомаға кобсйсс, пассив бөліміндегі баптың да сомасы осындай сомаға артады.

Мысалы, жабдықтаушы-мердігерлерден кәсіпорынға 200 (екі жүз) мың теңгеңің материалдары келіп түсті.

Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома жәнс материалдар деп аталатын бабындағы сома бір уақытта 200 (екі жүз) мың теңгеге көбейеді. Яғни кәсіпорынның материалдарының артуына сойкес жабдықтаушыларға қарызы да көбейеді. Сонымен қатар 200 (скі жүз) мың теңгеге баланстың сомасы да өсті.

Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық опсрацияларының тортінші турі үшінші түрінс жатқы-зылатын операцияларға ұқсас болып келеді. Бүл уақытта да баланстың актив жәнс пассив жағындағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгерсді. Айырмашылығы — үшінші түрге жататын операциялар барысында баланс сомасы (актив және пассив бөлімдері) белгілі бір сомаға көбсйсе, тортінші түрге жататын операциялар әсерінен актив пен пассив, сондай-ақ баланстың сомасы қандайда бір сомаға кемиді.

Мысалы, кәсіпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке қосылған қүнға салынатын салық үшін 50 (елу) мың теңге борышы төленді.

Осыған байланысты ссеп айырысу шотындағы ақшалары және бюджетпен есеп айырысу (қосылған қүнға еалынатын салық үшін қарыз) деп аталатын баптарының сомалары бір уақытта 50 (елу) мың теңгеге азаяды. Сонымен қатар баланстың сомасы да 50 (слу) мың теңгеге кемиді.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ