Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі

0
2172
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.

Жоспары

Кіріспе

  1. Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі.
    • АҚ «Қазақстан Халық Банкіде» бухгалтерлік есеп пен аудиттің құрастырылу принципі
    • Аудит түсінігі және түрлері
  1. Практикалық аспектіде есеп, талдау және аудит.
    • АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» жарғылық капиталының есебі және талдауы
    • Тауарлы-материалдық қорлардың есебі, талдауы және аудиті
    • Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті
    • Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті
    • Еңбекақы мен есептесудің есебі, талдауы және аудиті
    • Дебиторлық борыштардың есебі
    • Табыстар мен шығындардың есебі, талдауы және аудиті
  2. Ұйымның қаржылық есептілігін таныстыратын маңызды принциптері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

 

Кіріспе

Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.

Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.

Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс — әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.

Еліміздегі шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді.

Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты.

Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады.

Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердіген, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.

Мен өндірістік іс-тәжірибемді (практикамды) АҚ «Қазақстан Халық Банкісінде» өттім. өндірістік іс-тәжірибемді өткен уақытымда, материалдар жинай отырып, өндірістік іс-тәжірибем біткеннен соң, өндірістік іс-тәжірибемнің есебін жаздым.

  1. Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі 

1.1 АҚ «Қазақстан Халық Банкіде» бухгалтерлік есеп пен аудиттің құрастырылу принципі

АҚ «Қазақстан Халық Банкі» өз алдына есеп саясатын жүргізеді және бухгалтерияның басқару формасын құрады.

Операцияларды орындау барысында олардың заңды болуына, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына банктің басшылары және бас бухгалтер жауап береді.

Бас бухгалтердің құрылымдық бөлімшелерді тағайындау мен субъектінің бухгалтерлік есебі жүзеге асырылады. Бас бухгалтердің орнына арнайы жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.

Тауарлы-материалдық қорларға, есеп айырысу және кредиттік міндеттемелерге, ведомстволарға, материалды жауапкершілік туралы келісім-шарттарға, төлем тапсырмаларына, ақша қаражаттарын беру және қабылдап алу құжаттарына Бас бухгалтер қол қоюға құқығы бар.

Бухгалтерлік жұмыстың мақсаты банктің ішінде болып жатқан шаруашылық процестердің және қаржылық нәтижелердің ақпараттарын қолдану мақсатында, барлық ақпараттарды пайдаланушы тұлғаларға анық, түсінікті және толық ақпараттармен қамтамасыз ету.

Бухгалтерия келесілерді орындайды:

  • бухгалтерлік есеп формаларының құрастырылуын;
  • пайда және еңбек ақы қорының есебін;
  • банк қызметкерлерімен есеп айырысу;
  • ақша қаражаттарының қозғалысының есебін.

Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарына сәйкес АҚ «Қазақстан Халық Банкі» бухгалтерлік есеп стандартының барлық келісілген тәртібі бойынша есебін жүргізеді және қаржылық есептіліктің дұрыс жүргізілуіне жауап береді.

Бухгалтерлік есептің барлық жүйесі келесі принциптерден тұрады: құжаттау, инвентар жүргізу, шоттардың топтастырылуы, екі жақты жазу, баланс және есептілік.

Бухгалтерлік есептің жүру жолы:

  • алғашқы құжаттардың барлығы ведомстволардағы операциялардан, журнал ордерлер, тіркемелер және т.б. арқылы жиналады.
  • Есеп жүйесіндегі жазулар жұмыс жоспарының шоттар классификациясымен сәйкес келуі және бас кітапта көрсетілуі керек.

Бухгалтерлік есепті жүргізу процесінде АҚ «Қазақстан Халық Банкі» өзінің есеп саясатының дұрыс жүргізілуін сақтайды.

Есеп саясаты – кәсіпорындардың шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылатын, банктің таңдап алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз.

Есеп саясаты қаржылық, салықтық және статистикалық есептіліктердің дайындау процесінде құрылады.

Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінде есеп саясатының принципі оның көрсетілмеген, бірақ банкінің практикалық қызметінде қолданылады және күші бар.

Есеп саясатының мақсаты – бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмалау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, материалдық активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.

Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынандай принциптерін сақтау керек:

  1. Есептеу – кәсіпорынның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
  2. Үздіксіздік – яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады.

Оның таратылуына немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамдалады.

  1. Түсініктілік принципі – қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
  2. маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпараттар маңызды болуы керек.
  3. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметтерді жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпараттарды пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
  4. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ юолса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
  5. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
  6. Сақтық., яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін, ал міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылдаған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
  7. Аяқталмағандық. Растықты қамтамасыз ету үшін есепті кезеңдегі ақпарат толығымен аяқталмаған болуы тиіс.
  8. Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдердегі ақпаратпен салыстырмалы болуға тиіс.
  9. Дәйектілік. Субъекті таңдап алған есеп саясаты мен әдістері, объектілер бір есепті кезеңнен келесі есептік кезеңге дәйекті түрде қолдануы керек. Егер біз бір есеп саясатын таңдап алып, келесі жылы басқа есеп саясатын таңдайтын болсақ, онда мұндай жағдайда түсіндірме жазулар болуға тиіс, біз оларды негіздеуге тиіспіз.
  10. Күмәнсіз және риясыз ұсынба. Қаржылық есептеме оны пайдаланушылардың қаржы жағдайы, қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы күмәнсіз және риясыз көзқарас туғызуы керек.

№30 БЕС бойынша (5 пункт) қаржылық есептілік өзімен бірге қаржылық жағдайы туралы, қызметтің нәтижесін және ұйымның қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттарды ұсынады.

Қаржылық есептілік бұл мақсатқа жету үшін келесі көрсеткіштер туралы ақпараттарды ұсынады:

  • ақша қозғалысы туралы есеп;
  • табыстар мен шығындар есебі, негізгі емес қызметтен түскен табыстар мен шығындарды қоса;
  • меншікті капиталдың өзгеруі туралы есеп.

Қаржылық есептіліктің элементтері болып:

Активтер – бұл бағаланған мүліктік бағасы бар және мүліктік емес субъектінің өз құқығы.

Міндеттеме – бұл басқа бір тұлғаға ықпал ету арқылы пайда келтіру мақсатында белгілі бір қызметті тұлғаның орындау міндеті, мүлік беру, жұмысын орындау және т.б.

Меншікті капитал – бұл міндеттемелерді алып тастағаннан кейінгі қалған субъектінің активтері.

Қаржылық көрсеткіштердің элементі болып:

Табыстар – бұл есепті мерзімдегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы.

Шығындар – бұл есептілік мерзіміндегі активтердің азаюы немесе міндеттемелердің көбеюі.

1.2 Аудит түсінігі және түрлері.

Қазақстан Республикасының заңы бойынша 20 қарашада 1998 жылы №304-I «Аудиторлық қызмет туралы» ( 10 шілде 2003 жылғы №483-II өзгертулерімен) заңы бойынша аудит – бұл қаржылық есептіліктің объективті құрастырылуының және тәуелсіз пікірді жеткізу мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктерін тексеру б.т.

Аудит түрлері:

Міндетті – міндетті жылдық аудитқа мыналар жатады: банктер, кредиттік серіктестіктер, банктік операциялардың басқа да түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, зейнет ақы активтерін басқаратын компаниялар, инвестициялық қорлар, шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар, халықтық акционерлік қоғамдар.

Аудитордың жұмысы – бұл қаржылық есептіліктің ұқыптылығын және есептің орнатылған дәрежеге сай келуі мақсатында профессионалды аудиторлық қорытынды жасау.

Аудит қызметінің негізгі принциптері мыналар болып табылады:

  • Тәуелсіздік;
  • Объективтілік;
  • Ұқыптылық;
  • Құпиялылық.

Аудиторлық тексерудің нәтижелеріне байланысты аудит стандартына сәйкес келетін аудиторлық есеп құрылады.

  1. Практикалық аспектіде есеп, талдау және аудит.

2.1 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» меншікті капиталынның есебі және талдауы.

Меншікті капитал мыналардан тұрады:

  • жарғылық капитал – бұл ұйымның құрылу барысында ұйымдастырушулар мен қатысушылардың ұйымның жарғылық қорына ақшалай және заттай қосқан үлесі.
  • Резервтік капитал. Бұл бап бойынша кәсіпорында қалыптасқан резервтік капиталдың қалдығы көрсетіледі.
  • Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян).

Жарғылық капитал типтік шоттар жоспарының 503 «Салымдар және пайлар» шотында жүргізіледі.

АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» меншікті капиталы 01.01.2006 жылы баланс бойынша 60 275 млн тенгені құрады және 01.01.2005 жылдың балансымен салыстырғанда 25 920 мың теңгеге (75%) өсті.

Резервтік капитал – таза табыстың аударымынан пайда болған меншікті капитал құрамының бөлігі.

Резервтік капитал субъектінің өткен жылдардың және есепті жылдың шығындарын жабу үшін құрылады.

Резервтік капитал есебі типтік шоттар жоспарының 55 «Резервтік капитал» бөлімінің 551 «Заңмен белгіленген резервтік капитал» және 552 «Өзге де резервтік капитал» шотында жүргізіледі.

Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) есепті жылғы есебі типтік шоттар жоспарының 56 бөлімінің 561 «Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны) шотында жүргізіледі. Бұл шот есепті жылы пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянның нақты сомаларының қозғалысы туралы ақпараттарды ашып көрсетуге арналған.

Өткен жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны) есебі типтік шоттар жоспарының 562 «Өткен жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» шотында жүргізіледі және бұл шотта өткен жылдарда пайда болған бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны) сомаларының нақты қозғалысы туралы ақпараттарды ашуға арналған.

Жиынтық кіріс (зиян) есебі. Есепті жылғы жиынтық кіріс (зиян) есебін жүргізу үшін типтік шоттар жоспарының 571 «Жиынтық кіріс (зиян)» шоты қолданылады.

Меншікті капиталдың талдауы.

Кәсіпорынның өзінің меншікті құрамының пайда болуының қайнар көзі меншікті капитал болып табылады (баланс пассивінің I бөлімі). Меншікті капиталды талдау барысында иммобилді құндылықтарға қосылмаған және көбірек немесе азырақ  түрлене алатын, формада болатын меншікті капиталдың сол бөлігін орнату керек.

Меншікті айналым құралдарының абсолютті өсімін анықтайық. Ол меншікті капитал – баланстағы активтің I бөліміне тең болады.

МК – А I бөлімі = 60 275 047 – 32 749 313 = +27 525 734(жыл басы)

60 275 047 – 18 954 490 = +41 320 557(жыл соңы)

Алынған көрсеткіштерге қарағанда меншікті капитал динамикасының өте жақсы өскенін көрсетіп тұр.

Меншікті капиталдың мобилділігін анықтайтын жұмсау(моневрлық) коэффициентіне есеп жүргізейік.

Кжұмсау =  меншікті айналым капиталы

МК

Кж = 32 749 313 : 60 275 047 = 0,5 (жыл басы)

Кж = 18 954 490 : 60 275 047 = 0,3 (жыл соңы)

Тауарлы-маиериалдық қорлардың қамтамасыз ету коэффициентінің есебін жүргізейік.

Кк/қ =  Мак / Ктм.

Мұндағы:  Кк/қ — тауарлы-маиериалдық қорлардың қамтамасыз ету

коэффициенті;

Мак – меншікті-айналым капиталы;

Қтм – тауарлы-материалдық қорлар.

Кк/қ = 27 525 734 : 6 750 013 = 4,1 (жыл басы)

Кк/қ = 41 320 557 : 6 977 824 = 5,9 (жыл соңы)

Шаруашылық тәжірибенің орташаланған статистикалық мәліметтерінің негізінде алынған коэффициенттің жабылуының қалыпты мәні Кк/қ ≥ 0,6 – 0,8 болуы керек, ол біздің жағдайда, коэффициенттің жабылуы нормадан өте жоғары асып кетті, сондықтан материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті, тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.

2.2 Тауарлы-материалдық қорлардың есебі, талдауы және аудиті.

БЕС №7 тауарлы-материалдық қорлар өзіне активтерді мына түрде ұсынады:

  • шикізат және материалдар, отын, ыдыс және ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер;
  • улы химикаттар, медикаменттер;
  • дайын өнім;
  • сатуға арналған тауарлар.

Тауарлы-материалдық қорлар мыналарға бөлінеді:

Негізгі – бұл дайындалатын өнімнің құрамына заттай кіретін және материалдың негізін қалайтын материалдар.

Қосалқы – бұл өндірілетін өнімнің құрамына кіретін, бірақ негізгіден айырмашылығы олар өндірістік өнімнің заттай негізін құрамайды.

Тауарлы-материалдық қорларды уақытында қолданғанда оның нақты құнына тауарлы-материалдық қорларды қолдануына байланысты (сатып алу құны, тасымалдау құны, көлікті дайындауға кеткен шығындар және т.б.) шығындар кіреді. Бұны дұрыс анықтау үшін, қанша тауарлар өз құнымен қалды, қаншасы өзіндік құнға кеткенін және ТМҚ бағалау үшін мына әдістерді қолданады:

  • Фифо;
  • Лифо;
  • Орташа құн әдісі;
  • Арнайы бірегейлендіру.

Кәсіпорындарда инвентарлық тексеру (инвентаризация) жылына бір рет болып тұрады. Инвентарлық тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:

  • ұрланған фактілер болған жағдайда;
  • төтенше жағдайларда (өрт, табиғат апаттары);
  • материалды-жауапты тұлғаны ауыстырған жағдайда;
  • кәсіпорынның құлауы немесе тарауы кезінде.

Кәсіпорында инвентарлық тексеру жүргізілген кезде, кәсіпорын басшысының тағайындауымен комиссия құрылады. Инвентарлық құжаттарға бухгалтер және комиссия мүшелері, материалды-жауапты тұлға өткізілген инвентарлық тексерудің нәтижесіне келісетіндігі туралы өздерінің қолдарын қояды. Комиссия жетіспеушілікті тапса, онда материалды-жауапты тұлға жауапқа тартылады және оны өтеуі тиіс.

Жетіспеушілікті өтеу нарықтық бағамен белгіленеді, бірақ нақты өзіндік құнынан төмен болмауы керек.

Ал егер жауапты адам табылмаса немесе белгіленбесе, онда шындар қаржы шаруашылық нәтижесіне қосылады.

Тауарлы-материалдық қорларды талдау

Талдау жүргізу барысында тауарлы-материалдық құндылықтардың өзгеруіне жалпы баға беріледі. Тауарлы-материалдық құндылықтардың өскені керек емес, өйткені бұл өнімге сұраныс жоқ, инфляцияның әсер етуі, стратегияның дұрыс жүргізілмегендігін айтып тұр.

Айналымдылықты көрсеткіштердің қатарын санап келесі формуламен көрсетуге болады:

Айналым жалғасы =    ТМҚ    *360 күн

Табыс

Айналымдылық коэффициенті  =  Табыс

ТМҚ

Айналым жалғасы = (6 750 013 : 2 192 147)*360 = 1 108 (жыл басы)

(6 977 824 : 2 192 147)*360 = 1 146 (жыл соңы)

Ка = 0,32 (жыл басы)

Ка = 0,31 (жыл соңы)

Осы бөлім бойынша қорытынды жүргізе отырып, айта кету керек, мынандай құжаттарды толтыруды үйрендім: шот-фактура, тауарлы көлік накладнойлары, төлем тапсырмасы.

2.3 Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті.

№6 БЕС бойынша «Негізгі құралдардың есебі» негізгі құралдар ұзақ мерзімге (бір жылдан астам) қызмет ететін құнына тәуелсіз материалды активтерді ұсынады. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар уақытында келген бастапқы құнымен, оған қоса барлық нақты негізгі құралды кірістіруге және алуға кеткен шығындар, оның ішінде сатып алу кезінде төленген қайтарымсыз салықтар және алымдар (мысалы, ғимараттарды және жеңіл автокөліктерді сатып алған кездегі төленген ҚҚС, мемлекеттік баж, сатып алу келісім шартын құрған кезде төленген төлемдер және т.б.).

Негізгі құралдар қолданылған күннен бастап, өзіндік құнын толық шығынға жатқызғанға дейін, ай сайын амортизация аударылып отырады.

Басшылардың шешімімен негізгі құралдарға қайта бағалау жұргізіледі. Басшылар қайта бағалаудың әр бір объектіге керектігін және қайта бағалау күнін белгілейді.

Баланс бойынша типтік шоттар жоспарының 12 бөлімінде бастапқы құнның қайта бағалаудан өскен сомасы өседі және ол 541 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынатын төленбеген қосымша капитал» шотында көрсетіледі. Негізгі құралдардың объектісінің бастапқы құнының өсуі капиталды ремонт жүргізілген кезде, нормативтік қызмет ету мерзімінің өсуі кезінде немесе өндірістік күштердің әсерінен болады.

Негізгі құралдар түскен кезде қабылдау-жіберу актісі толтырылады, оған техникалық құжат(паспорт) тігіледі.

Материалды емес активтердің жарамды қолдану мерзімін кәсіпорынның өзі белгілейді. Осылай бұл жылдық амортизациялық  аударымдар МЕА жарамды қолдану мерзіміне және бастапқы құнына байланысты.

Негізгі құралдар және МЕА есебінің талдауы

Негізгі құралдардың жағдайы келесі көрсеткіштер арқылы көрсетіледі:

  • негізгі құралдардың техникалық жағдайының көрсеткіштерін мінездейді:

Негізгі құралдардың теоретикалық көрсеткіштері келесі формуламен есептеледі:

жылдық коэффициент  = Қалдық құн

Бастапқы құн

Амортизацияның жиналу коэффициенті = НҚ тозу сомасы + МЕА тозу сомасы

Бастапқы құн

Тозу коэффициенті =  Тозу сомасы

Бастапқы құн

Негізгі құралдардың аудиті

Негізгі құралдардың аудиті мыналарды анықтауға жол береді:

  • сақталуы және техникалық жағдайы;
  • құжаттарды операциялар бойынша түсуі, жылжуы және енуінің дұрыс толтырылуы;
  • амортизация аударымдарының дұрыстығы;
  • бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құралдардың түсуі, жылжуы және енуінің дұрыс көрсетілуі;
  • ремонттың жоспар бойынша, өз уақытында және сапалы орындалуы.

Бақылаудың қайнар көзіне НҚ түсуі, енуі, жылжуы және де НҚ синтетикалық және аналитикалық есебі жатады.

Бір айта кететін жайт, инвентарлық карточкалардың көрсеткіштеріне жақсылап көз жеткізу керек. Негізгі құралдардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету үшін сапалы инвентарлық тексеруді өткізу керек.

Бухгалтерлік есептің нәтижелерінің дұрыстығын, уақытында және толық қанды жүзеге асырылуына көз жеткізу керек.

2.4 Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті.

Кассалық операциялардың есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 27.07.1993 жылғы кассалық операциялар туралы уақытша тәртібімен жүргізіледі. Кассаға ақшалар әр түрлі шоттар бойынша түседі және кіріс касса ордерімен, ал ақшаның шығуы шығыс касса ордерімен толтырылады.

Ордерлер тіркеме журналына тіркеледі, ал оларға номер жазылады және күннің соңына сальдо енгізіледі. Кассалық есепті құру міндетті болып табылады. Әр айдың соңында касса бойынша айлық есеп құрылады.

Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша есебі.

Уақытша бос ақшаларды және қолма-қолсыз ақшаларды сақтау үшін, кәсіпорындар өзінің қалаған банкіден есеп айырысу шотын аша алады.

Есеп айырысу шоты мына құжаттар арқылы ашылады:

  • шот ашу туралы өтініш;
  • қолдары және мөр(печать) таңбасы қойылған карточка;
  • салық органынан субъектінің салық есебін жүргізетінін дәлелдейтін анықтама;
  • мемлекеттік тіркемеден өткені туралы куәліктің көшірмесін;
  • жарғысының және келісімінің көшірмесі.

Банк ақшаны қабылдау, беру және аударуды келесі құжаттардың негізінде орындайды:

  • кассадағы қолма-қол ақшаны есеп айырысу шотына аудару;
  • әр түрлі мақсаттарға кассадан алынған чек;
  • басқа субъектілер мен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы толтырылады;
  • субъекті сатып алушыдан жіберілген тауардың құнын, орындалған жұмыстың, қызметтің құнын талап ету үшін төлем-талап тапсырмасы толтырылады.

Субъектінің шотындағы барлық төлемдер күнтезбе кезегі юойынша, банкке түскен есеп айырысу құжаттары бойынша жүзеге асырылады. Банктің төлемге қабілетсіз деп хабарлаған міндеттемелер бойынша төлем кезегін банк басшысы анықтайды.

Банк белгілі бір уақытта немесе күн сайын шот иесіне есеп айырысу шотында болып жатқан операцияларды қосымша құжаттар арқылы, енгізі және шығару негізінде пайда болған операцияларды хабарлайды.

441 «Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттары» шоты бойынша шаруашылық операциялары:

Есеп айырысу шотынан чек бойынша қолма-қол ақша алынды – Дт 451 – Кт 441.

Бюджетке салықтар есептелінді – Дт 631,633,634 – Кт 441.

Дебиторлық қарыздар өтелінді – Дт 441 – Кт 33,334.

Банкте жұмыс істей жүріп, кассир кассадағы ақшаларға толық материалды жауапкершілікті өз мойнына алады және күннің соңына қарай кассаға келіп түскен ақшаларды санап тексеретінін байқадым.

Ақша қаражаттарының инвентарлық тексеруі.

Кассадағы инвентарлық тексеруді жүргізу кассадағы тұрған барлық ақша қаражаттарын, бағалы қағаздарын, ақшалай құжаттарының, актіде көрсетілген бланк есептіліктердің аты, номері, сериясы, номиналды құны және қымбат бағалы заттарды тексеру, толық қайта санауды жүргізу, актіде жетіспеушілік немесе артықшылық көрсетіледі.

Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының инвентарлық тексеруді жүргізуі бухгалтерияның шотындағы қалдық соманы банк берген құжаттағы сомамен салыстыру арқылы жүргізіледі.

Есеп айырысу шотындағы аудит операциясы кәсіпорында қанша есеп айырысу шоты бар екенін, аналитикалық және синтетикалық шоттардағы есептің дұрыс жүргізілуіне тексеру жұргізіледі.

2.5 Еңбек ақы мен есептесудің есебі, талдауы және аудиті

Еңбек ақы мыналарға бөлінеді:

Негізгі – нақты атқарылған уақыты және барлық орындалған жұмыстары бойынша ақша аударылады.

Қосымша – кәсіпорында атқарылмаған уақыт үшін төлемдер (демалысқа шығу төлемі, жұмыстан босатылғанда жүріп қалған уақыты үшін жәрдем ақы). Жұмысшы тұлғалар мыналарға – басшылар, специалистер, қызметкерлер мен қарапайым жұмысшылар болып бөлінеді.

Еңбек ақы есептеудің негізін жұмыс уақытының табель есебі жүргізеді.Негізгі еңбек ақы мыналарға бөлінеді:

Кесімді-премиальды – жұмыс көлеміне байланысты.

Уақытша-премиальды – жұмыстың әр сағатына тарифтік ставка және орындалған уақытқа төлеу болып табылады.

Өзіндік құнға кірмейтін шығындар жұмысшылардың еңбек ақы шығындары оның ішінде административті – басқарушы тұлғаларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер – 821 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» шотында жүргізіледі.

Үлкен жетістіктерге жету мақсатында негізгі мәселені шешу үшін, максимум пайда әкелу үшін жұмысшыларға сыйақы, жұмысшыларға материалды көмек және көмек ретінде төленетін сыйақылар тағайындау жүзеге асырылады.

Еңбек ақы есебінің аудиті

Еңбек ақы есебінің аудитін тексеру мыналар болып табылады:

  • Еңбек ақы аударымдары кезінде нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс сақталуын тексеру;
  • Еңбек ақыдан ұсталымдарды дұрыс жүргізу.

Тексеру келесілер арқылы жүзеге асырылады:

  1. Синтетикалық және аналитикалық есептің баланс жазуындағы 681 шот бойынша көрсеткіштері орнатылады.
  2. Алғашқы құжаттардың дұрыс толтырылуы, қажетті тұлғалардың қолдары бар болуы оқытылады.
  3. Еңбек ақы аударымдарының дұрыстығын тексеру таңдап алу әдісімен жүзеге асырылады.
  4. Қарапайым төлем, жұмысына қосымша төлем.
  5. Уақытша жұмысқа қабілетсіздігіне байланысты жәрдемақының аударылуы.
  6. Еңбек ақыдан ұсталымдардың дұрыстығын тексеру.

Мен практикада жүрген кезімде, есеп айырысу — төлем ведомостын, шоттық кесте, жұмыс уақытының есеп табелін толтырумен таныстым.

2.6 Дебиторлық борыштардың есебі

Дебиторлық борыштардың есебі өз алдына бөлек шоттармен, әр қайсысының түрімен және борышкермен жүргізіледі. Кәсіпорында жұмысшылардың борышы мына келесі операциялардан пайда болады.

Бухгалтерия жұмысшыға қызметтік командировкаға ақша береді. Командировка уақытында тәуліктік төленеді, командировкалық куәлік жазылады. Жұмысшы командировкадан қайтқаннан кейін 5 күн ішінде кәсіпорын бухгалтериясына аванстық есепті көрсетеді.

Жалға берілген негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдар аренда алушымен аударылады және ол тек ағымдағы шығындар ретінде көрсетіледі. Ағымдағы жал бойынша шығындар ай сайын аударылып тұрады.

Жалға берілген негізгі құралдар бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарының 12-125 баланс шоттарында жүргізіледі және оған «Ағымдағы жалға берілген» субшот ашылады.

2.7 Табыстар мен шығындардың есебі, талдауы және аудиті

Қаржылық нәтиже – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы экономикалық қорытындысы және оның формасы табыс(зиян) түрінде болады.

Негізгі және негізгі емес қызметтен алынған табыстар жылдық табысты құрайды және де ол №5 БЕС сәйкес ескеріледі және мойындалады.

Табыстар табылған кезде, ал шығыстар мен зияндар шығындалған кезде бухгалтерлік есепте мойындалады және қаржылық есептілікте көрсетіледі.

Заказ берушілерден алынған аванстар және аралық төлемдер негізінде табыстар деп есептелінбейді.

Негізгі емес қызметтен түсетін табыстарға негізгі құралдар бойынша ғимараттарды жалға алғаны үшін төлем және басқа да түсімдер. Салық салынатын табысты табу үшін жылдық жиынтық табыстың салықтық есебі ұйымдастырылған.

Жылдық жиынтық табыстан осыған байланысты барлық шығындар алынып тасталынады. Шығындар БЕС №7 нақты өндірістік шығындар бойынша жіктеледі, жіктелген құрамының бөлігі және шығындар классификасиясы өзіндік құнға кіреді.

  1. Кәсіпорынның қаржылық есептілігін таныстыратын маңызды принциптері

Қаржылық есептілік кәсіпорынның өткен уақыты бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің комплексті нәтижелерін көрсететін қорытынды көрсеткіштердің жүйесін ұсынады.

Есептілікті құру есеп жұмысының бітіруші кезеңі болып табылады.

Қаржылық есептіліктің мақсаты заңды тұлғаның нақты қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижесі және есепті жылғы қаржылық жағдайының өзгеруі туралы пайдалы, керекті және маңызды ақпараттарды ақпаратты пайдаланушыларға ұсыну болып табылады.

Ақпаратты пайдаланушыларға нағыз және потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, жұмысшылар, мемлекеттік органдар, қоғамдар. Қаржылық есептілік инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін өте қажетті және пайдалы ақпараттарды қамтиды. Есеп регистрлері жылдың басына дейін, жыл бойы және жыл соңына есептілікті құру үшін керекті ақпараттар жиналған аналитикалық мәліметтері болуы тиіс.

Қаржылық есептілікте кәсіпорынның атауы, орнатылған жері есепті күні және есепті жылы көрсетіледі. Қызмет түрі, оның заңды формасы және өлшем бірлігі – мың теңге туралы қысқа ғана мазмұны көрсетілуі тиіс.

Кәсіпорын қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп және бухгалтерлік баланс құрады.

Бухгалтерлік баланс – жылдық есептің негізгі формасы оның құрылуына дейін бас бухгалтер барлық синтетикалық шоттардың айналым және қалдықтарын есеп регистріндегі аналитикалық есептің мәліметтерімен тексереді.

Баланс Бас кітапта көрсетілген шоттар бойынша қалдықтар негізінде құрылады. Ол келесі бөлімдерден тұрады: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Активтер мен міндеттемелер ұзақ мерзімді және ағымдағы болып бөлінеді.

Қаржы шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп, шығындар мен табыстар есеьін міндетті ашатын негізгі форма болып табылады.

Қаржылық шаруашылық қызметтің есепте келесі көрсеткіштері болуы тиіс:

  • дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан алынатын кіріс, ҚҚС, акциздер және басқа да салықтар және де міндетті төлемдер алынып тасталғандағы қайтарылған тауарлардың құнын қоспағанда;
  • сатылған дайын өнімнің өзіндік құны;
  • жалпы табыс;
  • кезең шығындары (сату бойынша жалпы және әкімшілік шығындар);
  • табыс (негізгі қызмет бойынша зиян);
  • табыс (негізгі емес қызмет бойынша зиян);
  • қарапайымнан салық салынғанға дейінгі табыс (зиян);
  • табыс салығы бойынша шығындар;
  • салық салудан кейінгі қарапайым қызметтен түскен табыс (зиян)
  • төтенше жағдайлар бойынша табыс (зиян);
  • таза табыс (зиян).

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

БЕС №4 талабы бойынша есеп құрастырылады. Есепті құрудың керектігі кәсіпорынға есепті жылы ақша қаражаттарының келіп түсуі және де оның операциялық, инвестициялық және субъектінің қаржы шаруашылық қызметі туралы ақпараттарды алу.

Операциялық қызмет. Кәсіпорынның операциялық қызметінің қозғалысы тікелей әдісті қолдануын көрсетеді. Ол ақшаның түсімдерінің және төлемдердің негізгі мөлшерін ашуға және де олардың қай қызмет түріне жататындығын анықтау деп ойлайды.

Ақша қаражаттарының қозғалысын ашу барысында операциялар қозғалысының өсімін ашады, ақша қаражаттарының енуі және түсуімен байланысты, сондықтан корреспондеттік шот бойынша ақша қаражаттарының операциясы ақша операциялары емес.

Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді алу және сату, қаржылық инвестицияларды сату.

Қаржылық қызмет – меншікті капитал және қарыз қаражатының мөлшері және құрамының өзгеруі кәсіпорын қызметінің нәтижесі болып табылады.

Қорытынды

АҚ «Қазақстан Халық Банкіде» практикамды атқара отырып мыналарды айтып кетсем деймін.

Қазақ экономикалық университетінде теориялық түрде алған білімімді практикада қолдана отырып, бухгалтерияда бухгалтерияның жұмыстарын істедім және өз білімімді әжептеуір тереңдеттім.

Мен бухгалтерияда әр түрлі бастапқы құжаттармен жұмыс істей отырып, олармен таныстым. Мерзімді және жылдық есепті құруға көмектестім және де әр түрлі бланкілерді толтырдым.

Банкіде практиканы өте жүріп, айта кету керек, мен әр түрлі көптеген программалармен жұмыс істедім және де сол программалардың ішінде әсіресе «Colvir» программасы бойынша білімімді шыңдадым.

Тағы да айта кететін жайт, менің ойымша банк өзінің қаржылық жағдайына өте үлкен мән береді екен. Банктің балансын (жоғарыдағы келтірілген тәжірибеге байланысты сүйене отырып) өте өтімді деуге болады, бірақ та банкте де ақша қаражаттарының жетіспеушілігі болып тұрады.

Банктің қаржы жағдайының стабилді, қаржылық жағдайының мөлшері бұдан да үлкен және де елдегі ең үлкен, қаржылық жағдайы өте жақсы банктердің бірі болуына өзімнің ойымша келесі іс шараларды жүргізуді ұсынар едім:

  • Басқарудың техникалық және жаңа әдістерін үйрену;
  • Басқарудың құрылымын жаңартып отыру;
  • Техника және технологияның ең соңғы, осы уақыттағы және жаңа техникалық құрал-жабдықтарын, әр түрлі көптеген программаларды барлық банктерден бұрын өте тез енгізу және дер кезінде және дәл уақытында жабдықтармен жабдықтау;
  • Жұмысшыларды жаңарту және алыс және жақын шет елдерге оқыту;
  • Кадрлар саясатын дер кезінде жаңартып отыру;
  • Баға құру саясатын ойланып және жақсылап жоспарлау;
  • Шығындардың тиімді және әр түрлі азайту жолдарын іздестіру.
  • Банктің қаржылық басқаруын болжамдауға және жоспарлауға өте үлкен мән беріп, осылармен көбірек айналысу;
  • Мемлекетке, әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындарға, халыққа және т.б. қызмет көрсетудің оңай, өте тиімді, екі жақты пайда әкелетін, бәріне қажетті және пайдалы түрлерін ойластыру және іздестіру керек және оларды дер кезінде пайдалана білу керек.

Жоғарыда айтып өткендей, банктер шаруашылықтың негізін және де мемлекеттің экономикалық потенциалын құрайды.

Неғұрлым банк пайдалы болса, онда соғұрлым оның табысы стабилді болады және де соғұрлым мемлекеттің қоғамдық сферасына қосқан үлесі көп болады, оның экономикалқ потенциалы өседі, соңынан банкте жұмыс істейтіндердің және халықтың жағдайы жақсарады және соғұрлым халықтар өте жақсы өмір сүреді.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана.
  2. Налоговый кодекс. О налогах и других обязательных платежах в бюджет. – Алматы: Юрист, 2003.
  3. Закон Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 24 июня 2002 года, №329-1 // Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету, страхованию: «Қаржы-қаражат» Официальные материалы // Қаржы-қаражат . – 2002. — №7.
  4. Постановление Национальной комиссии по бухгалтерскому учету от 13.11.96. №3.
  5. Стандарт бухгалтерского учета «Представление финансовой отчетности» (Приказ министра финансов РК 17 января 2003 г. № 14) // Бухгалтерский учет и аудит. – 2004. — № 2.
  6. Типовой план счетов и их типовая корреспонденция (Приказ министра финансов РК от 18 сентября 2002 г. № 438) // Бухгалтерский учет и аудит. – 2003. – 1,2,3.
  7. Бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспарын жасау жөніндегі нұсқау және 2006 жылдан бастап қолданылатын бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспары. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 22 желтоқсан 2005 жылғы 426, 427-ші бұйрықтары.
  8. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) оқулық, — Алматы 2006 жыл.
  9. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.
  10. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001. – 330 бет.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ