«Бүлдіршін- Полиглоттар» байқауы

0
2194
Балалармен жұмыс
  1. Сиқырлы микрофон бөлімінде, әр топқа үш- үштен сұрақ қойылады, балалар үш тілде жауап беру керек.

Ертөстік: 1.What is your name?

  1.   How many apples in the picture?
  2.    What color is the cucumber?

Алтын балық: 1. What is your name?

  1.    How many fingers have you got?
  2.     What color is the tomato?

Айгөлек:1. What is your name?

  1.    How many balls in the picture?
  2.    What color is the flower?

Қарлығаш: 1. What is your name?

  1.   How old are you?
  2.   Сенің жасың нешеде?

IІ.  «Құрастыру» бөлімінде  әр топқа флипчарт тақталарында сурет кесінділері берілген, кімде- кім тез құрастырып атауын  үш тілде атап берсе, сол топ жеңіске жетеді

  1. Гүл-цветы-Flower
  2. Көлік- машина-car
  3. Доп -мяч-ball
  4. Алма- яблоко-apple

ІII. Байқаудың «Өнерлі балапан» бөлімінде,  әр топ өз топтарындағы балалардың қатысуымен өз өнерлерін ортаға салады

ІV. Полиглот бөлімінде  жұмбақ жасырылады. Полиглот дегеніміз кім? Қанеки, кім жауап береді? –Дұрыс айтасың! Әр жұмбақтың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілінде жауап береді екенбіз.

  1. Жеті қазынаның бірі

Адамды қорғап жүретін досы (ит- собака-a dog)

  1. Айдалада ақ отау

Аузы- мұрны жоқ отау (жұмыртқа- яйца-an egg)

  1. Төртбұрышты қатты

Дәмі сондай тәтті (қант- сахар- a sugar)

  1. Қабат- қабат қаптама

Ақылың болса аттама (кітап- книга-a book)

  1. «Капитандар сайысы» бөлімінде мен қолымдағы кубикті лақтырамын, ол кубикте отбасы мүшелері бейнеленген. Команда капитанының қолына  түскен отбасы мүшесін үш тілде атап беруі керек. Ойын шарты түсінікті ме? Олай болса, Ертөстік  тобынан бастаймыз.

VІ. Келесі, ең соңғы және ең негізгі бөлім «Ойлан, тап! » бөлімі. Бұл бөлімде экрандағы тапсырманы орындаймыз. Ол жерде үй жануарларымыз жасырынып қалыпты. Соларды дұрыс тауып, атауларын қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтуларың керек.

Ит –собака- dog

Мысық- кошка-cat

Сиыр- корова- cow

Ат – лошадь-horse

Осымен бүгінгі байқау  өз мәресіне жетті деп ойлаймын. Қадірлі әділ қазыларымыз өз шешімдерін шығарғанша, байқауға қатысушылардың «флешмоб » биін  тамашалауларыңызды сұраймыз және ағылшын тіліндегі «If you  happy and you know it» әнін  балалардың орындауында тыңдаңыздар.

Ал, енді, алған ұпайлар бойынша қандай орын кімге тиесілі екенін, әділ қазыларымыз айтып өтсін.(Баға беріліп, жеңімпаздарға грамоталар табыс етіледі). Сөз кезегі №6 бөбекжай- балабақшасының аға тәрбиешісі Гүлнар Жеңісқызына   беріледі.

      Қорыта келгенде, «Тілдердің үш тұғырлылығы» бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік тіл – қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады. Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы – замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр.

Сондықтан да, елімізде «Үш тұғырлы тіл» мәдени бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылатын болды. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Мемлекеттік тілді және шет тілдерді үйренуіміз керек. Мынадай шарықтау заманында көп тілді игергенге ешкімнің таласы болмайтыны хақ. Сондықтан қазақ, орыс және шет тілдерінің ішінде көбіне көп қолданылып жүрген ағылшын тілін жетік меңгерген ұрпақ өсіріп, оларға үлгі білу – бәсекеге қабілетті елдің берік іргесі мен кемел келешегінің кепілі.

Үш тұғырлы тілдің тұғыры берік, іргесі мықты болсын деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз. Біз бүгінгі сайыс барысында бүлдіршіндеріміз бірнеше тілді жақсы меңгергендерін көріп отырмыз. Алдағы уақытта осы алған білімдеріңізді шыңдай берулеріңізге тілектеспіз. Барлығыңыздың назарларыңызға рахмет!  Қош сау болыңыздар!

Ұйымдастырған: Əлімжан Айдана Ергазыевна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ