Халықаралық балаларды қорғау күні әлем елдерінде қалай тойланады?

0
1449

Халықаралық балаларды қорғау күні 1 маусым болып тойлануы халықаралық әйелдер демократиялық федерациясы конгресінде талқыланып, 1949(кейбір деректерде 1950) жылдан бастап аталып өтіледі. Бұл мерекенің мақсаты атауы айтып тұрғандай – балаларды қорғау, балалардың өмірін, денсаулығын, құқығын, балалық шағының алаңсыз өтуін қамтамассыз ету болып табылады. Сонымен қатар неліктен 1 маусым болып бекітілуінде де бір мән жатыр. 1 маусым оқушылардың ең ұзақ әрі зарыға күткен жазғы демалысының басталуымен тұспа-тұс келіп тұр.  Балғын балаларымызды қуанту үшін саябақтарда, парктерде мерекелік концерттер, тегін балмұздақ тарату сияқты іс-шаралар ұйымдастырылады. Әлем елдерінде бұл мереке қалай тойланатынын бір білсе, бірі біле бермейді. Мысалы кейбір елдерде бұл мереке 2-3 мәрте тойланаса, кейбір елдерде бір айға дейін тойлайтын көрінеді.

 

Африка елдері: Африка елдері халықаралық балаларды қорғау мерекесін бұрыңғы біздің ата-бабаларымыз айтпақшы отыз күн ойын қырық күн тойын жасап өткізеді екен. Бір айға созылатын «балалар карнавалы» Батыс Африка мемлекеттерінде көптеп тараған. Олар ән айтуды, би билеуді жандары сүйеді. Сондықтан да бұл мереке Африка елдеріндегі өмір сүру жағдайына қарамастан бір ай аталып өтіледі. Бұл жақтағы мерекеге қойылатын басты талап балалар қандай жағдай болмасын бақытты балалық шақтың үлгісін көруі тиіс. Шынында да барлық бала қуанышқа, бақытқа лайық өмір сүру қажет.

 

Жапония мемлекеті: Бұл мемлекетте халықаралық балаларды қорғау күні үш мәрте аталып өтіледі.

  • 3 наурыз – кішкентай ханшайымдар күні. Бұл күні жапондық ата-аналар өздерінің қыздарына ұлттық киімдері кимоно сыйлайды. Және де қуыршақтардан көрме жасап береді. Бұл дәстүр Жапония мемлекетінде үлкен құрметке ие.
  • 5 мамыр – кішкентай ханзадалар күні. Бұл күні жапондық отбасылар өздерінің қақпаларына жалау ілетін болған. Жалауда сазанның бейнесі салынған. Жапонияда сазан күш пен батылдықтың символы. Бұл мерекеде жалау ілу себебі болашақ ұлдары батыл әрі күшті болсын деген ниетте. Бір қызығы отбасында неше ер бала бар болса, сонша жалау ілінеді.
  • 15 қараша – жеті, бес, үш жастағы балалар күні. Жапондардың әдет-ғұрыптарына сәйкес, үш, бес және жеті жас — бұл балалардың ең бақытты жастары, сондықтан жыл сайын 15 қарашада осы жастағы балалар өздерінің мерекелерін көңілді атап өтіп, тәттіге қарық болады.

 

Бразилия мемлекеті: Бразилия мемлекеті халықаралық балалар күнін 15 тамызда атап өтеді. Бұл күн сонымен қатар Бразилияда ұлттық эпидемияға қарсы күрес күні деп бекітілген. Сондықтан осы мерекеде балаларды Бразилия дәрігерлері толық тексерістен өткізіп, ауру анықталса тегін емдеген. Сонымен қатар 5 жасқа дейінгі сәбилер полиомиелитке қарсы вакцинацияланады. Мұндай оқиғалар Бразилия үкіметінің балалардың денсаулығына қатты алаңдайтындығын көрсетеді.

 

Барлық балақайларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен және көптег күткен жаздың басталуымен құттықтаймын! Барлық мектеп оқушыларына жарқын демалыс және ұмытылмас сәттер тілеймін!

Мәлік Мади Арманұлы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ