Дүние жүзінің мал шаруашылығының негізгі салалары

0
9429
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Мал шаруашылығы  адамдардың байырғы заманнан бері айналысып келе жатқан Кәсіптің түрі. Мал шаруашылығы адамның азық киімін тағы басқа қажетіліктерін қамтамасыз ететін шаруашылық түрі. Жеңіл өнеркәсәптің дамуындағы ең басты сала өзін-өзі жетілдіретін ең басты сала. Адамзатың байырғы  уақыттан бері шұғылданып   кележатқан шаруашылық  мал шаруашылығының салалары өте көп.

Мазмұны

I.Кіріспе

1.Дүние жүзінің мал шаруашылығының негізгі салалары.

1.1.Ірі қара мал шаруашылығы.

1.2.Қой шаруашылығының географиясы.

1.3.Жылқы және түйе шаруашылығының географиясы.

1.4.Құс шаруашылығы.

2.Мал шаруашылығының өнімдері.

2.1.Жүн өнімдері.

2.2.Ет өнімдері.

2.3.Сүт өнімдері.

3.Мал шаруашылығы өнімдерінің тамақ және жеңіл өнеркәсіптің дамуындағы рөлі.

II.Қорытынды.

Пайдаланылған  әдебиет

 

Кіріспе

Мал шаруашылығы  адамдардың байырғы заманнан бері айналысып келе жатқан Кәсіптің түрі. Мал шаруашылығы адамның азық киімін тағы басқа қажетіліктерін қамтамасыз ететін шаруашылық түрі. Жеңіл өнеркәсәптің дамуындағы ең басты сала өзін-өзі жетілдіретін ең басты сала. Адамзатың байырғы  уақыттан бері шұғылданып   кележатқан шаруашылық  мал шаруашылығының салалары өте көп. Мысалға алатын болсақ  мал  шаруашылығының  басты  салалары  ірі  қарамал шаруашлығы,  қой  шаруашылығы,  жылқы  шрашылығы  түйе шаруашылығы  құс  шаруашылығы, шошқа  шаруашылығы. Бұл  шаруашылықтарының   барлығы  дерлік  адаммен  байланысты  дамып  қалыптасқан.  Мал  шаруашылығы  ауыл  шаруашылығының  басты  саласы,  бұл  шаруашылықпен  дүнйе  жүзінің  түгелдей  халықтары  айналсады.  Әр  елде  әр  түрлі  аймақтарда  әр  шаруңакшылықпен  айналсатын  өзіндік  ерекшеліктері  бар. Оның  географиялық  орналасуы  мен  табиғи  жағдайларына  байланысты  қалыптасқан.  Мал  шаруашылығымен  айналысқан  елдерде  көп  несе  жеңіл  өнер  кәсіп  соның  ішінде  текстиль  өнеркәсібі  яғни  мата  өңдеу  тоқыма,  талшық  өндіру  өнер  кәсіптері  дамыды.  Сонымен  қатар  ірі  мал  шаруашылығы  барлық  мал  шаруашылығынан  оның  етін  азық  ретінде  сүт  жүнін  тағы  басқа  заттарын  алады.  Бұл  халықтың  әл  ауқатына  әсер  етеді.  Ол  тікелей  ауыл  шаруашылығының  дамуына  әкеледі.  Сонымен  қатар  олардың  эканомикасының  дамуына  ілгері  ықпал  жасайды.  Адамзаттың  көптеген  қасиеттерін  осы  мал  шаруашылығының  өнімдері  қамтамассыз  етеді.  Мал  шаруашылығы  ауыр  күшті  қажет  етпейді,  ашық  аспан  астында  бағуға  болады.  Мал  шаруашылығымен  дүнйе  жүзінің   барлық  елдері,  барлық  аймақтары  түгелдей  айналсады.

1.1.  Ірі қара мал шаруашылығы.

Россияның ірі қара мал шаруашылығының басты бағыты Қазақстанға ауған. Сонымен қатар, Орталық Поволожье немесе Солтүстік Кавказда, Сібірде. Орталық Қара теңіз аудандарына негізделген. Ол қазіргі уақытта да өз көзқарастарын сақтап қалуда.

Қазақстанда ірі қара мал шаруашылығы байырғы заманнан бері келе жатқан шаруашылық түрі. Шамамен 270-300 жылдан бері Қазақстандағы жекелеген аудандардың базарлардан алшақ орналасқандықтан ауылдарда жылқы өсіру, қой өсіру, сонымен қатар ірі қара мал шаруашылығымен айналысқан. Көшпелі өмір сүру мал шаруашылығының қыста қыстауда және жазда жайлауда, шүйгінді шөп пен жемнің арқасында көшіп-қонып, мал шаруашылығының дамуына әсер етеді. XIX ғ. II жартысында Қазақстаннан Россияның орталық бөліктеріне тарайтын еді. Жем-шөп базасының әлсіз болуы қазақ жерінде жұттың қайталануына әсерін тигізді. Ол мал шаруашылығының дамуын әлсіретті.

Сонымен қатар, ірі қара мал шаруашылығымен төменгі Поволожье де айналысты. Оның басты себебі көптеген аумақтарда егін шаруашылығымен айналысу мүмкін емес еді, сонымен қатар халықтың мал шаруашылығымен айналысуға құштарлығымен байланыстырады. Ол шаруашылық дамуына әсер етеді.

Солтүстік Кавказдағы шөлді аймақтарда мал шаруашылығынан жылқы өсірумен, қой өсірумен айналысады. Оның біршама аудандарында ірі қара мал шаруашылығымен айналысады.

Сібірдегі ірі қара мал етіне деген қажеттілік бұл шаруашылық түрінің дамуына әкелді. Бірақ Сібірдің кең жері малдың жайылымына жеткіліксіз. Ет өнімін алу үшін малдың еттілігі аз , өнімділігі жеткіліксіз малдар әкелінді. Батыс Сібірде мал шаруашылығының өндіру жерінің аздығына байланысты мал шаруашылығының дамуы төмен болуда. Бұл жерде мұздатылған ет алумен, тасымалдаумен орталық бөліктері айналысады.

Орталық Қара теңіз аудандарында жон мен барте азықтану тәжірибеге алынған. Сонымен қатар бидай өндірісінің дамуы жоғары болғандықтан, оның малға қажетті азық-түліктері өте арзан бағамен алуына да байланысты. Бұл жердегі шаруашылықтардың азық-түлік базасының ауданы бүкіл ірі  қара малды азықтандыруға жеткілікті болатын. Оның басқа аудандардан жем-шөп жетпеген малдар үшін де жеткілікті болды. Мұндай жағдай, яғни бір аудандардың жем-шөбі көп, екінші аудандардың жем-шөбі аздығы, жерді дұрыс пайдалануға әкелді. Оның жем-шөпті ауданы Голандия, Бельгия, Польша, Швейцария, Греция деген бес елдің аумағына тең еді. Сондықтан да оны толығымен емес, экономикалық кезекпен пайдаланды.

Россияда ірі қара мал шаруашылығы мал шаруашылығының ең экстенсивті түрі, әсіресе жайылымды ірі қара мал шаруашылығы. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік шығысы айналысқан, сүтті мал шаруашылығы батыста және орталық аудандарының біршама аудандарында дамыған.

Ірі қара мал санының 80% крестян шаруашылығына негізделгендіктен аз бөлігі ғана помещиктердің иеліктерінде еді. Кейбір помещиктер ірі қара мал шаруашылығымен айналысқан өз иеліктеріне шет ел малдарын әкелуді көздеді. Сонымен тұқымдандыру жұмыстары жүргізілді. Бірақ бұл ірі қара малдың асыл тұқымдануымен көзге түсе қойған жоқ.

Ірі қара малдың саны көбеюі мен ет өндірісінің дамуы халық қажеттілігін қамтамасыз етті. Бірақ Солтүстік Америка, мұхит елдері, Батыс Еуропа елдеріне қарағанда жергілікті халықты етпен қамтамасыз ету әлі де артта келуде.

Мал шаруашылығының жалпы сипаттамасы. Елімізде мал шаруашылығымен өте ерте уақыттан бері айналысады. Малдың ең басты өнімі–ол жүн. Бағалы техникалық қасиеттерге ие табиғи жүн көптеген түрлі киім, мата, кілем, аяқ-киім өндірудегі шикізат көзі болып табылады. Қазіргі уақыттағы жағдайға байланысты, яғни химия өнеркәсібінің үздіксіз дамып және синтетикалық талшықтардың өндірілуіне қарамастан, қой жүніне сұраныс азаймайды. Оның себебі жүннен жасалған заттар жылулық қасиетімен ерекшеленеді. Сонымен қатар табиғи және жасанды жүннен жасалған заттарда екеуінің де қасиеті кездеседі. Сондықтан да одан әрі табиғи және жасанды жүн шығару өндірісі дамып, мал жүніне қажеттілік артуда.

Колхоздар мен совхоздарда жіңішке жүн өнеркәсіптері өсті, ол жеңіл өнеркәсіп үшін ең басты шикізат көзі болып табылады. 1983 жылы мемлекетке жүн өткізу жоспары артығымен орындалып жатты. Жүн өткізу оның салмағы мен тазалығына байланысты қабылданды. Бұл өндірістер жағымды нәтиже көрсетті, Колхоздар мен совхоздарда малдық өнімділігі мен оның тұқымына көңіл бөле бастады. Халық шаруашылығында қазіргі уақытта жүнге деген қажеттіліктің 70-80%-ті қамтамасыз етілуде. әсіресе жеңіл өнеркәсіп меринастың және кроссбердің жүніне қажеттілік туғызып отыр. Сондықтан да осы өнімді алу үшін көп қаржы бөлінуде. Көптеген аудандарда жіңішкежүнді қой өсіру белең алуда. Ол жұқа жүннің көп бөлігін және де көп мөлшерде береді.

Россия Федерациясында тонкорунді және жартылай тонкорунді қой өсіру 96,8% ,Украинада–93,3, Қазақстанда– 61,2, Азербайджанда–66,3, Қырғызстанда–98,7, Арменияда–79,2% құрады. Осыған қарамастан, жүн өнімі жоғары емес тұғын. Орта есеппен бір қойдың таза қырқылған жүн салмағы бүкіл елде–1,7кг, ал РСФСР–1,8, Украинада–1,54, Қазақстанда–1,64, Қырғызстанда–1,9кг болатын. өнімнің төмен болуының себебі–жем-шөп базасының әлсіз болуынан. Орта есеппен елде соңғы жылдары бір қойды бағу үшін 280–300ед. жем керек, ал оның нормасы–500.

Қой сүті өте тойымды:оның құрамында 18-20% құрғақ заттар,7-10% май құрайды. 1кг жұмсақ сырды дайындау үшін 4,5-5кг қой сүті қажет, ал 1кг қатты сыр жасау үшін 6-7кг қажет. Орталық Азияда және Оңтүстік Қазақстан оьлыстарында қаракөл қойларын сауады, ал Закавказьеде–жергілікті халық жүнділерді, ал Молдавияда–цигайскилерді сауады.

Мал шаруашылығы жүннен жасалған және шуба өнеркәсібі үшін басты шикізат көзі болып табылады. Шуба мен жүн қойлары, сонымен қатар қозының терісі өңделетін шикізаттың 88% құрайды, соның ішінде жүнді қой 54% ,шубанікі 32, қаракөл және т.б. қозылардың 1 анық жасындағы терісі 3% құрайды.

Үлкен қалыңдығы, біртектілігі және жүннің жұмсақтығы жоғары сапалы жүн өндіруге септігін тигізеді. Түрінің әдемілігі және де шубаны киюдегі бірқалыптылығы,т.б.

Цигайски қойлардың жүнінен жасалған заттарға халықтың сұранысын әрқашан туғызған. Романов қойларының жүніне жасалған заттар, киімдер үлкен сұранысқа ие.

өз елімізде және де шет елдерде өте жоғары бағаға қаракөл қойлары ие. Қаракөл қойларының жүні, терісі өз әсемділігімен, қайталанбас қасиетімен көзге түседі. Одан әйел киімдерін, бас киімдер, жаға т.б. заттар тігеді.

Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Қазақстанның оңтүстік аудандарында қаракөл өндірісі мал шаруашылығында бастыорын алады.

Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының экономикасында басты орын алады. Көптеген шаруашылықта жүн, мал еті, т.б. өнімдерінің тасымалдануы мал шаруашылығындағы  түсетін пайданың басым көпшілігін құрайды, ал шөлді жерлерде мал шаруашылығы ең басты сала, табыс көзі болып табылады.

Қазіргі уақыттағы ауыл шаруашылығының дамуында өндірістің өнім өндірудегі сапасына көп көңіл бөлінуде. Кейінгі уақытта материалды-техникалық базасын күшейтумен қатар, жаңа технологияларды пайдалану, өндіру процестерін комплексті механизацияландыру үстінде. Басты мәселе жем-шөп базасын күшейту, шөп өнімін көбейту және де комплексті-механизацияланған құрылыстар салуға көп көңіл бөлуде.

1.2.Қой шаруашылығының географиясы.

Мал шаруашылығы дүние жүзінің көптеген елдерінде өнімді жануар өсіру саласының басты бір бұтағы десек болады. Австралия, Жаңа Зеландия, Аргентинада ол ауыл шаруашылығының экономикасын айқындайды. Табиғи және экономикалық жағдайларына байланысты және этникалық ерекшеліктерге байланысты мал шаруашылығының түрлі бағытын және өнімділігі жағынан әр түрлілігін қалыптастырған.

Экономикасы жағынан дамыған елдерде асыл тұқымды қой өсіру басты орын алады. Оның себебі, жұқа және жартылай жұқа жүн өнімін өндіру және сапалы жас қой . азия мен Африка, сонымен қатар Еуропаның көптеген елдерінде кобінесе қалың жүн, ет және т.б. өнім беретін асыл тұқымдылар қолданады.

Дүние жүзіндегі қалыптасқан қой тұқымдары өзара тері жамылғысымен басқара жағымды қасиеттеріне байланысты ажыратылады. Мысалы, оның табиғи климат ортасына , жем-шөп жағдайына тез қалыптасуымен сипатталады. Көптеген асыл тұқымдылар екі жақты өнімділігімен жақсы сипатталады.

Азия елдерінде көбінесе қалыңжүнді қойларды өсіреді. Оның көп бөлігі Индияда (26 тұқым), Иран (18), Пакистан (13), Турция (12) қалыптасқан. Сонымен қатар Индия, Индонезияда жүнсіз қойларды да өсіреді. Олардың басты өнімі ет болып табылады, кейбіреулерінде сүт те.

Тонкорунді қойды Индияда өсіреді, ал жартылай тонкорунді қойды Индия, Пакистан, Монголия, Турцияда өсіреді. Афганистан, Иран, Иракта қалыңжүнді тұқымдарынан басқа сүтті тұқымдарын да өсіреді.

Африка елдерінде 82 тұқымды қой өсіреді, оның 43 түрі–жүнсіз, 29–қалыңжүнді, 5–жартылай жұқа, 5–жіңішке жүнді қойлар болып табылады. Бұл континентте қаракөл қойларын өсірумен Намибия, Ангола және Мозамбик айналысады. Бұндай тұқымдар құрылымын Африка елдерінің табиғи климат жағдайымен де түсіндіруге болады.

Америка континентінде жіңішке тұқымды қойларды тек АҚШ қана өсіреді; жартылай жіңішке тұқымды–АҚШ, Аргентина, Уругвай, Солтүстік және Оңтүстік Американың біршама елдерінде қалыңжүнді қой өсірумен айналысады, Куба мен Бразилия жүнсіз қой қой өсірумен айналысады.

Еуропа дүние жүзі бойынша тонкорунді тұқымды қой өсіруден 2-ші орында. Онымен СССР-де Болгария, Венгрия, ГДР, ФРГ, Испания, Румыния, Италия, Португалия, Франция, Югославия айналысады. Көптеген Еуропа елдері үшін тұқымдардың көптігімен сипатталады.Мысалы: Ұлыбританияда–47 тұқымды, Италияда–37, Францияда 36, Югославия–22, Болгария–16, Греция–15 түрімен айналысады. Көптеген тұқымдардың саны мен ауыл шаруашылықтағы маңызы, салыстырмалы түрде аз, бірақтан да оны жаңа асыл тұқымды шығару үшін оның генотипін қолданады.

Көптеген капиталистік және дамушы елдерде мал шаруашылығы тікелей нарық коньюнктурасына, ауа райы мен жем-шөп жағдайына тәуелді болады. Егер сұраныс ұлғайып, жүннің бағасы жоғары болвп, етке сұраныс артса, онда ол дүние жүзіндегі нарық жағдайына, қой санына және өнімді өндіру көбейе түседі, кейбір жағдайда керісінше, бағаның төмендеуі, климат жағдайының нашарлауы мал басына ие өнім шығаруына әсерін тигізеді. Соңғы уақытта көптегенелдерде мал шаруашылығы өзгеріске ұшырауда. Етке деген, әсіресе қозы етіне сұраныстың артуы мал басының артуына әкелді, бірақ та дүние жүзілік ет өндірісінің өнім өндіру көрсеткіші ұлғаймады. Өндірістің құлдырауы шығынсыз жағдайларға байланысты төмендей бастады. Нәтижесінде қой өсіру көрсеткіштері төмендеді, ет өнімінің шығуы да құлдырады.

Қой етін шығарудан дүние жүзі бойынша СССР бірінші орынды, Австралия, Жаңа Зеландия, Турция, Иран, АҚШ, Аргентинм, Франция тұрады. Азия мен Африка елдерінде басты орын қаракөл қойлары болып табылады. Қаракөл қойлары өте төзімді, құрғақ, ыстық климатқа жақсы қалыптасқан, бағалы өнім беретін қой, оны шөлді және жартылай шөлді аудандарда өсіру өте тиімді. Қаракөл қойын өсіру Намибия, Афганистан және Иранда жақсы дамыған.

Австралия ұзақ уақыттар бойы мал өндірудің көлемімен оның жүнін игеруде бірінші орындарда тұрды. 1981-1984 жылдар аралығында 133-139млн. Қой өндірген, ал жүн болса 700-720млн. т болатын. 1985ж. қой басы саны біршама өсті, ал жүн өндірісі 815млн.т өсті. Австралиядағы меринос өндірісі қазіргі уақыттың өзінде де басты орында тұрады, оның 75-76% жіңішке жүнді қой өндірісі құрайды. Мериностан басқа корриделий, кроссбер, комбек және ағылшын тұқымдыларды өндіреді. Австралияда қалың және қатты жүндіні өндірумен айналыспайды.

1985ж. Австралияда Совет Одағымен мал басының саны бірдей болатын. Бірақ жүн өндіруде Совет Одағы Австралиядан қайда артта қалған болатын. Оның екі себебі бар еді: жүн өндірісінің 73% жіңішке жүнді қой өндірісі өндіреді, ал 27% қатты жүн өндірумен айналысады, екіншіден, малдың жүн өнімі Австралиядан артта қалуда.

Австралияда жүннің техникалық қасиеті мен оның жүйесіне көп көңіл бөлінді: оның ұзындығына, төзімділігіне, талшықтың құрылымы мен қасиетіне және майлы қасиетіне байланысты көп көңіл бөлінді. Осы қасиеттерді анықтау жолдары да жетілдіруде, оның қалыңдығы, ұзындығы бірнеше өлшемдер жүргізе отырып анықтайтын болатын. Бұндай техникалық анықтау жолдары жүннің қасиеті бойынша жаңадан талшықтың сапалы қой отарларын қалыптастырып, жүннің сапалы өнімін алуға көмектеседі. Сонымен қатар, Австралиялық бағалау жүйесі жүннің қалыңдығы, оның қаттылығы, жуылған күнмен қатар обьективті бағалау жүйесін де қолдана бастады, оған арнайы құрал-жабдықтар пайдаланылады.

Қазіргі уақыттағы австралиялық мериностар сипаты бойынша үшке бөлінеді: ол файн, медиум және стронг.

Орташа есеппен қой жүнінің қырқылудағы жүні 4,5-5,3кг , ал оны жуған уақытта 3-3,2кг болатын.

Басты көңіл текті отарлармен селекционды техникалық жұмысты ұйымдастыруға көңіл бөлінуде. Әсіресе текті заводтарда малдың ұрғашыларын үш топқа бөлді. Бірінші топта–арнайы отар, онда өнімділігі бойынша жоғары, генетикалық жағынан күшті болған. Ол ұрғашы малдың 10-15% құрады. Екінші топта–орташа болған, ол ұрғашы отарының 35-40% құрады. Үшінші топта–белгілі талаптарға жауап бермеген ұрғашы топтары құрады.

Бірінші топтағы малдардың өкілі елдегі белгіленген орта топпен қабылданатын, бірақ оған компьютерді қолданды. Малдың өнімділігін тек объективті түрде бағалады. Екінші топтағы ұрғашылардың туумен көбею көрсеткіші бойынша бағалаған, ал үшіншісі өндіріске тиесілі санымен бағалайды.

Бірінші топтағы ұрғашылар саны – тек осы топтағы туумен ғана көбейеді. Ал екінші топтағы мал саны – бірінші топпен екінші топтағы малдың қосындысынан шыққан қозылармен көбейеді. Ал үшіншісі – екінші топ пен үшінші топтың қозыларымен көбейеді.

Соңғы кездерде Австралияда мериностың борула тұқымы өсірілуде. Ол өнімділігі жағынана финдік ландрасқа және романдық тұқымдарға жақын болатын. Борула қойлары қарапайым мериностармен қосылғанда өте жоғары өнімділікпен ерекшеленеді. Әр борула, яғни 100 ұрғашы болса, бір тумасында 270–250 қозы туып, оның көбею ерекшелігін мұраға қалдырады. Австралияда табиғи климат жағдайына байланысты мал шаруашылығының өнім өндіру технологиясы қалыптасқан.

Қолдан ұрықтандыру аз қолданылады. Себебі оның ұрғашысын аулау және де оны қолдан ұрықтандыру барысында еңбек күшін көптеп қажет етеді, ал кейбіреулер қолдан ұрықтандыру асыл тұқымды малға сұранысты азайтады деп санаған.

Қозылау–ашық аспан астында өтеді. Ол уақытта  ұрғашыларды белгілі топтарға бөліп тастайды. Малды бір жылдық асырау оны бағу тек оған қарау мен оған профилактикалық қадағалау және бір жерден екінші жерге көшіру ғана болып табылады. Үлкен  мал шаруашылық иеліктерінде  жалдамалы жұмыс күшін қолдану белең алған, әр жұмысшыға белгілі қой саны бекітіледі, сатылым үшін арналған отарлар 2–3 жылға дейін жетеді.

Қойды қырқуға өте маңызды көңіл бөлінеді. Оның себебі жақсы қырқылған жүн мал шаруашылығының пайдасын асырады, ал жаман қырқылған жүн шығынға ұшыратады. Қойдың жүнін қырқу арнайы орындарда өтеді. Оның едені ағаштан жасалуы тиіс. Күнделікті қырқу 120 мериносты қой немесе 150–170 жартылай жіңішке жүнді қой. Қырқушы Давид Райн 1982ж. тамызда 7сағ. 50мин. жұмыс уақытында 466 меринос қойды қырқып үлгерген немесе 1 минутта 1 қойды қырқып үлгерген. Табиғи климаттың жағымды жағдайлары фермерлерге жыл бойы  қой қырқуға мүмкіндік береді.

Австралияда көптеген жұмысшылар бұл кәсіпті өз мамандықтарына айналдырған. Қырқушылар мен жүн бағалаушылар және т.б. жұмысшылар бір бригадаға бірігіп, осы  күйде көптеген уақыт бойы жұмыс жасайды. Бұл бригадалар өздерінің клиенттерін көптеген жылдар бойы иемденеді.

Аргентина мал басының саны, жүн шығару бойынша капиталистік елдерде үшінші орында тұр. Ол Австралия мен Жаңа Зеландияға ғана қалып қоюда. Қазіргі уақытта Аргентинада 30–32 млн. қой бар. Оның 7–8 млн. жіңішке жүнді, ол 20% құрайды. 1930ж. бастап Аргентинаға Австралиядан мериностарды үлкен көлемде әкеле бастады. Аргентина – жоғары сапалы жіңішке жүннің ең үлкен экспортері болып табылады.

Венгрияда жіңішке жүнді қой өсіру бағытын ұстанған. Ол жерде венгерлік меринос 90% құрайды. Жануарлар орташа үлкендікпен, ұзын жүнмен, қалың талшықпен, жоғары сапасымен ерекшеленеді.

Бір қойды қырқуда 4,2–4,6 кг жүн алады. Ол жуылған жүннің шығуы 36–38% құрайды.

Румынияда елде мал шаруашылығының басты орнын трансильвандық меринос құрайды. Бұл тұқымдағы қойлар орташа үлкендікпен, жүннің ұзындығы  7 см  және одан да ұзын болып келеді. Талшық қалыңдығы 64–60 го. сапалы болып келеді. Жақсы отарларды қырқу шамасы 4,8–5 кг, жуылған жүн шығаруда 30–32% құрайды.

Болгарияда жіңішке жүнді мал шаруашылығы соғыстан кейін белең алған, қазіргі уақытта басты өндіріс саласы болып табылады. Барлық жүн өндіруде 50%  жіңішке жүнді шығару өнеркәсіптері құрайды. Бұл мал шаруашылында Совет Одағынан қалыптасқан тұқымды шығарады. Олар оскандық, кавказдық, ставропольдік болып табылады. Жақсы қойлардан алынған жүн 7–8 кг құрайды.

Германияда меринофляйшты тұқымды қойларды өсірумен айналысады. Ол өте үлкен ет және жүн өнімділігімен ерекшеленеді. Жақсы қойлардан қырқылған жүн 7–7,5 кг құрайды, ересек қойлар 120–130 кг , ұрғашы 65–70 кг құрайды.

Линкольндық тұқым. Ол 200 жылдан бері өмір сүруде. Бұл тұқым Линкольн графтығының жергілікті малдарымен лейстерлік тұқымның қосындысынан шыққан болатын. Бұл тұқымдағы қойлар өте үлкен және фосмасы жағынан дамыған, сонымен қатар жүнінің бірқалыптылығымен ерекшеленеді. Қойлар 130–140 кг, ұрғашылар 80–90 кг құрайды. Жүннің салмағы 9–10 кг, ұрғашылары 6–6,5 кг, жүннің ұзындығы 25–30 см. Линкольндық тұқымдылар жүннің тез өсімділігімен ерекшеленеді.

1.3.Қазақстанда жылқы шаруашылығы да маңызды рөл атқарады. Жылқы шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру, жылқының өнімділігін көтеру, оның санын көбейту, азықты тиімді пайдалану, малды күтіп бағу мен азықтандыру жағдайын едәуір жақсарту, асылдандыру жұмыстарын жетілдіру, еңбекті механикаландыру, прогрестің технологияны енгізу нәтижесінде жүзеге асырылды. Шаруашылық аралық кооперациялау және агроөнеркәсіптік интеграциялау негізінде ауылшаруашылығы өндірісін мамандандыру мен шоғырландыру одан әрі дамыту жылқы шаруашылығын өнеркәсіптік негізде тиімді көшіруге мүмкіндік береді.

Қазақстанда жылқы шаруашылығы– ауылшаруашылығындағы басты салалардың бірі. Жылқының еті, қымызы. Қазы-қартасы, жал-жаясы халықтың сүйікті тағамы. Бұл саладан өндірілетін бағалы тағамдармен қатар жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, қаны вакцина және сывородка жасауға кеңінен  пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқыға деген талап-тілек артып отыр. Іріленген жылқы шаруашылығын дамытуда мол мүмкіндіктер де бар.

Республикамыз ерте кезден-ақ  жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Олар төзімділігі, көнбістілігімен жыл бойы үйірде болуға бейімділігімен ерекше көзге түскен.

Жылқы өсіруге Гурьев, Орал, Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Семей және Жамбыл облыстарында, оңтүстік аудандарында табиғи жайылымдар өте ыңғайлы.

Жылқы шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіре отырып, ірі фермалар ұйымдастыру өнім түрлерін көбейтуде республикада елеулі жұмыстар жүргізілуде. Егер 1966 ж. Республикада 1070 мың жылқы болса, 1983 ж. бұл түліктің саны едәуір артты. Еліміздегі жылқы санының 27% Қазақстанда шоғырландырылып отыр.

Жемек, республикамызда жылқы түлігін асылдандырумен қатар экспортқа шығаруды арттыру жөнінде үлкен мүмкіндіктер бар. Егер бұрын жылқы өнімі жергілікті халықтың қажетін ғана қанағаттандырған болса, қазір бұл өнімдердің пайдалану мүмкіндігі кеңейіп, артып отыр. Таяудағы жылдарда Қазақстан халықаралық рынокқа жыл сайын 20 мың жылқыны еміртіп және 100-ден астам спорт жылқыларын алады екен.

Әсіресе, Республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайылымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайылымдарға малдың басқа түріне қарағанда үйірлі жылқылар жақсы жайыла алады.

Жылқы шаруашылығының дамуы, олардан алынатын өнімнің молаюы, өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты.

Еліміздің кең байтақ жерінде жылқының жоғары өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін, жегілетін Қостанай жылқысы және ет, сүт бағытындағы көшім тұқымдары бүкіл елімізге мәлім. 12 жылқы заводы, колхоздар мен совхоздардың 32 асыл тұқымды фермасы, Қостанай және Ақтөбе облыстық ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы жылқы тұқымын жоспарлы түрде жақсарту мен айналысады. Қазақ СССР ауылшаруашылығы және асыл тұқымды мал бойынша қосымша жаңа бес жылқы заводы және асыл тұқымды жылқы фермасын ұйымдастыру көзделіп отыр. Ғылыми тұрғыдан анықталған деректер бойынша майып семірту мен бордақылауды дұрыс ұйымдастырудың арқасында етке өткізілетін жылқылардың салмағы артып, республиканың ет комбинаттарына түсетін ет сапасы жақсарды. Ет бағытындағы жылқыларды бордақылау әдісі де жыл өткен сайын кең тарап келеді.

Республика малдың көптеген шаруашылықтарында бордақылауға қойылған жылқылардың орта есеппен бір тәуілікте қосқан қосымша салмағы 1кг асыл бордақылау рентабельділігінің деңгейі 20-20%-ке  жетті. Әрбір центр жылқы етінің өзіндік құны алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда 35 сомнан аспайды.

Республикамызда сауын жылқы шаруашылығы да одан әрі өркендей түсуде. Қазір совет елінде өндірілетін қымыздың 85% Қазақстанның үлесінде. Демек, жылқы өсіру және бұл түліктің өнімін арттыру күн тәртібіндегі түйінді мәселелердің бірі.

1.4. Құс шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы. Құс шаруашылығы – мал шаруашылығының ең тез жетілетін, әрі тиімді түрі. Бұл саланың өркендеуіне тиісті жағдайлар жасалса аса қысқа уақыттың ішінде еңбекті де , азықты да, қаржыны да аз жұмсап жұғымдылығы жоғары өнім. Еті мен жұмыртқа жылдың төрт мезгіліндн де көп мөлшерде өндіруге болады.

Жұмыртқа әртүрлі қоректік заттарға бай келеді. Сондықтан ол жұғымдылығы да, сапасы да жоғары өнімдердің қатарына қосылады. Дені сау құстан алынған жұмыртқа өте таза болады. Сондықтан одан ауру тарамайды. Құстың жұмыртқасы мен еті диеталық тағамдарға жатқызылады. өйткені олар адам организміне өте жақсы сіңеді. Тамаққа жұмыртқаны пайдаланғанда ол заттың дұрыс алмасуына ықпал етеді, нерв жүйесін нығайтып, организмнің әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.

Қазақстан тұрғындары құс өсірумен ежелден-ақ айналысып келген. Қоғамдық құс шаруашылығы тек Совет өкіметі жылдарында ғана құрыла бастады. әуелі құс өндірумен Қостанай, Целиноград, Павлодар, Талдықорған, Алматы облыстары айналыса бастады. өйткені бұл жерлерде астық шаруашылығы жақсырақ дамыған еді. Сондай-ақ республикада инкубаторда құс өсіретін станциялардың ұйымдастырылуы үлкен рөл атқарады. Олар колхоздар мен совхоздарды балапандармен қамтамасыз етіп, құс фермаларын құруға және тұқым асылдандыру жұмыстарын жүргізуге көмектесті. Алайда, колхоздар мен совхоздардың құс фермалары сол кезде әлі де ұсақ болатын. 1940 ж. Республикадағы шаруашылықтардың барлық категориясында 307,3 миллион жұмыртқа өндірілген. Оның ішінде қоғамдық сектордың үлесі небәрі 5,2 миллион ғана. Қоғамдық құс шаруашылығының даму қарқыны соғыстан кейінгі жылдары да осындай күйде болды.

Тың және тыңайған жерлерді игеруге орай республикада құс шаруашылығының өркендеуінің аса зор перспективасы шешілді: жем және құнды қалдықтарының молаюы жұмыртқа мен құс етін өндіруді шұғыл арттырудың аса маңызды алғышарты болып табылады.

Егер 1956 ж. колхоздар мен совхоздарда барлығы 1628,1 мың құс болса, осыдан он жылдан кейін құс саны 2,1 есеге өсіп, жұмыртқа өндіру 234,4 миллионға жетті. Ал 1955 ж. небәрі 37,7 миллион ғана жұмыртқа өндірілген болатын.

Республиканың көптеген колхоздары мен совхоздарында тауықтардың жұмыртқалауы өте нашар болды. «Птицеводство» журналының мәліметтеріне қарағанда Жамбыл облысының «Қаратау» совхозында 1956 ж. 802 тауықтың әрқайсысынан 29 жұмыртқадан, ал Қостанай облысының «Петропавл» совхозында небәрі 6,5 жұмыртқадан алынған.

Құс шаруашылығын дамытудағы мүлде жаңа кезең СССР министрлер советінің 1970 ж. «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді молайтуға колхоздар мен совхоздардың материалдық ынталылығын арттыру туралы » қаулысы жарыққа шыққан кезден басталады. Қаулыда былай деп атап көрсетілген: «Мемлекетке жылдық жоспардан тыс сатқан мал, құс, сүт, жүн және жұмыртқа үшін колхоздарға, совхоздарға басқа да мемлекеттік және кооперативтік шаруашылықтарға сатып алу бағаларына қосымша түрде 50% мөлшерінде үстеме төлесін ».

Ауыл шаруашылығы өндірісін интенсивтендіруге және мамандандыруға байланысты қалалар мен өнеркәсіп орталықтарының айналасына ірі құс шаруашылықтарын салу жұмыстары жүзеге асырыла бастады. КПСС Орталық комитеті мен СССР Министрлер советінің қаулысы жарияланғанна кейінгі жылдар ішінде республикада құс фабрикаларын салуға 537,7 млн. сомға жуық қаржы жұмсалды.

Өндірістің жоғары қарқыны, технолологиялық процестерді жетілдіру, мамандардың білім дәрежесін арттыру құс өсіретін шаруашылықтар жұмысының экономикалық тиімділігін едәуір жақсартуды қамтамасыз етеді. Қазақ СССР-і Ауыл шаруашылығы министрлігінің құс өсіру өнеркәсібі бас басқармасының тоғыз жылғы қызметінің барысында құс өсіретін шаруашылықтар мемлекетке 124,6 млн. сом таза пайда берді және оның

110,7 млн. сомы немесе 89% тоғызыншы бесжылдықтың соңғы үш жылына түсті.

Мал шаруашылығының өнімдері

Мал шаруашылығының өнімділігі жағынан жан-жақты, Мал шаруашылығының басты саласы болып табылады. Ол жүн, ет, май, сүт, т.б. өнім береді.

Жүн өнімдері деп малдың сыртқы түкті бетін айтамыз. Оны иіру арқылы әр түрлі заттар алынады. Қой жүні физико-техникалық қасиетімен ерекшеленеді. Ол жеңіл, жылу және сапасы жағынан жоғары, электр және дыбыс өткізбейтін, қайта ауа өткізіп және ультрафиолетті сәулелерін өткізіп тұратын, жақсы болатын қасиеттермен ерекшеленеді. Жүн – мата өндірісінде табиғи және жасанды жіп өндіруде өте қиын шикізат көзі. Жүн байырғы заманнан бері қолданылып келуде, бірақ оның физико-механикалық құрамына көңіл аудару біршама аз. Қазіргі уақыттағы электрлі микроскоп пен рентгеноскопия арқылы жүннің молекулярлы құрылымын анықтауға өз септігін тигізді.

Ет өнімдері. Мал шаруашылығы – бұл жүн мен ет өндірісінде экономикалық жағынан өте пайдалы шаруашылық түрі болып келеді. Бұл шаруашылық өнімінен түсетін пайда механикалық жабдықталған ферма салу шығынын, оның жем-шөп шығынын өтейді. Асыл тұқымдыларды бағалауда оның жүнімен қатар еті де жоғары бағаланады. Совет уақытысындағы өндірілген қойлардың жоғары сапалы жүнімен және ет өнімділігімен көзге түседі. Гисскарски, еділбайлық, туминдік романдық, қарачайлық асыл тұқымдылар өзінің еттілігімен көзге түседі.

Қойлардың барлық тұқымдарының 75% тамақтануы қойдың бұлшық ет, май және сүйек қалыптасуына жұмсалады. Ал оның 25%  жүн қалыптасуына жұмсалады.

Ет – тамақтанудың басты өнімі. Оның құрамы бойынша белок, амин қышқылдары мен витаминдер, минералды заттар сиыр етіне кем емес, ал калориясынан одан да басып озады.

Қой етінде холестерин бірнеше есе аз, сондықтан да халық оны көп қолданады.

Қойдан еттен басқа өте көп май алуға болады. Қойлар жақсы тамақтанған уақытта кеудесінде және құйрығында үлкен көлемде май жинайды. Қой майы тығыздылығымен, жоғары тойымдылығымен және сақтау уақытының ұзақтығымен ерекшеленеді. Ол азықтық, медициналық және техникалық жағынан қолданысқа түседі. Етті қойдың қай түрін өсірсе де алуға болады, оның сапасы мен бағалы тұқымына байланысты болады.

Сүт– жыл сайын дүние жүзінде 8 млн. т қой сүті өндіріледі. Қой сүтін өндіруде басты орында Франция, Турция, Италия, Болгария, Румыния тұр. Қой сүті ақ түсті және сарғылт түсті болады. Химиялық құрамы жағынан балық сүттерден ерекшеленеді. Ол 30% құрғақ зат, 9,5% белок және 11–12% май құрайды. Қой сүтінде лецитин көп мөлшерде. Оны сыр жасауды коп қолданады.

Қойлар жоғары сүт өнімін өндірумен ерекшеленбейді. Қойдың сүттілігі оның жасына да байланысты және де оның денсаулығына да байланысты.

Мал шаруашылығы өнімдерінің тамақ және жеңіл өнеркәсіптің дамуындағы рөлі

         Ет тағамдары. Адамның тамақтанурационында ет пен ет өнімдеоі алғашқы орындардың бірінде тұрады. Адамның тарихи дамуында ет тағамдарын пайдалану маңызды рөл атқарады. Ф.Энгельс өзінің еңбектерінде ет тағамдарының арқасында адамзаттың миы «өзінің қоректенуі мен жетілуі үшін қажет болған заттарды бұрынғыдан әлдеқайда көп алатын болды., мұның өзі оның ұрпақтан ұрпаққа ауысқан сайын неғұрлым тез және толыса жетілуіне мүмкіндік береді» деп атап көрсетеді.

Жылқы етін тамаққа ұсыну тарихи ғасырлар тереңіне кетіп жатыр. Сонау ерте заманда плейстоцен дәуірінде, бұдан миллион жылдай бұрын алғашқы қауым адамы басқа да хайуандармен бірге жылқы да аулаған. Профессор Ю.Н.Барминцев бастапқыда адам жылқыны еті үшін қолға үйреткен деп санайды.

Етке союға арналған жылқы өсірудің басты шарты–олардың өнімді болуы.

Ет бағытындағы жылқы шаруашылығы үшін жылқы тұқымын таңдағанда оның қоңдану сапасының мәні болады. Бұл орайда жылдың қолайлы маусымында су мол, шүйгін көктем мен жазда оңалып, жылдам қоң жинауға ғасырлар бойы қалыптасқан жабайы жылқы тұқымының артықшылығы айқын. Жылқы үшін қыс пен жаз жайылым жағдайы қиын. Қыста күн суық, жайылым жұтаң, жазда жайылымдардағы шөп күйіп кетеді, су да тапшы болады., оның үстіне шағатын шыбын-шіркей, жәндіктер де көбейеді.

Жылқы еті–құрамында ойдағыдай теңгерілген және жақсы сіңімді организмге қажетті көптеген тамақтық қатары бар. Жоғары сапалы тамақ өнімі жылқы етінің тамақтық және биологиялық қасиетінің жоғары болатын себебі, онда өмірге қажетті белоктық және басқа да заттар мол болады. Жылқы еті диеталық қасиеті мол тамақтық өнімге жатады. Жылқы етінің бөтендей иісі болады, дәмі нәрлі уылжып тұрады. Айғырдың етіне қарағанда саяқ жылқы мен бие, байталдың еті дәмді әрі нәрлі болады. Жылқы еті белокты құрамының молдығымен сипатталады. Еттегі толыққанды белоктардың құрамы аса қажетті аминдық қышқыл триптофан бойынша, ал сапасы төмен белоктардың құрамы оксипрлин аминдік қышқылы бойынша салыстырылады.

Тамақтық белоктар ең алдымен адам ағзасына қажетті аминдік қышқылдар жеткізушілер.

Академик А.А.Покровскийдің теңгермелі тамақтану жөніндегі концепциясына сәйкес, аса қажетті амин қышқылдарын кез келгенінің ағзада тапшы болуы қалай да ондағы белоктар түзілуінің бұзылуына соқтырмай қоймайды.

Жылқы етінде едәуір мөлшерде 20мг шамасында А витамині бар. Сиыр етінде А витаминінің сілемі ғана бар. Басқа витаминдермен жылқы етінде тиамин 0,16мг, рибофловин 0,26мг, ниацин 3,5мг, Е витамині 0,82мг құрайды.

Сондай-ақ жылқы етінде қажетті минералды заттың мол болуы, яғни калийдің 370мг, натрийдің 30мг, кальций 13, магний 25мг, фосфор 168мг болуы оның биологиялық құндылығын толықтыра түседі. Жылқының еті, сүті, терісі, қылы өнеркәсіп орындарына қажетті шикізаттардың бірі. Қымыздың қоғамдық маңызы жылдан-жылға арта түсуде. Оны өндіру ісі жыл сайын ұлғайып келеді. Қазіргі кезде сауын жылқы шаруашылығының комплексті арнайы ұйымдастырылған қымыз фермалары, екінші жылқы өсіретін аудандардың маусымдық фермалары. Сонымен қатар жылқыдан алынатын тері мен қылы өнеркәсіп үшін аса маңызды. Бұл өндірісте көптеген заттарды өндіруге көмектеседі.

Азық-түлік программасын жүзеге асыру жолында еліміздің аграрлық- өнеркәсіптік комплексінің қызметкерлері жылдан-жылға ет өндірісін ұлғайтып отыр. Әйтсе де қазіргі қол жеткен деңгей халықтың мал шаруашылығы өнімдері жөніндегі тұтыну талабын әлі де толық қанағаттандыра алмайды. Шикізаттың барлық түрлерін, оның ішінде жылқы еті сияқты дәстүрден тыс түрінде тиімді пайдалану да осы міндеттерді жүзеге асыруға көмектесетін болады.

Құс өнімдері. Жан басына тәулігіне орта есеппен 50 г немесе жылына 365 жұмыртқа қажет екенін анықтап берді. Жұмыртқа адамға қажетті жеңіл сіңетін қоректік заттардың бәріне бірдей бай. Оның құрамында құнды белоктар, майлар, көмірсулар, 20-дан астам минералдық заттар және 10-нан астам витаминдер бар.

Ұзақ уақыт сақтау үшін жұмыртқаны ұнтаққа немесе мұздатылған қоспаға айналдырады, яки белогы мен сарысын өз алдына жеке-жеке өңдейді.

Жұмыртқа ұнтағы мен мұздатылған қоспаны тамақ дайындағанда, нан пісіргенде, кондитер тағамдарын, майонез, макарон, вермишель және балмұздақ жасағанда пайдаланады. СССР Медициналық ғылым Академиясы, тамақ институтының деректері бойынша күніне орта есеппен адамға 3000 калорияға жуық азық қажет екен. Ал жан-жақты дамып, дұрыс өсіп-жетілу үшін дені сау адам калориялылығы жоғары ет, жұмыртқа, сүт, балық, т.б. өнімдерді тұтынуы қажет. Ғылымға негізделіп жасалған тамақтану нормасына сәйкес бір адамға тәулігіне орта есеппен 101–105 г белок керек. Мұндай белокты адам балық, жұмыртқа, сүт сияқты өнімдерді тұтыну есебінен, ал оның шамамен 50% еттің есебінен алады.

Құс еті маңызды диеталық тағам. Оның құрамында құнды белок, май, минералдық заттар, витаминдер мол. Сондықтан оны, әсіресе балалар мен науқас адамдарды тамақтандыруда пайдаланудың маңызы зор. Құс етінің басқа еттерден айырмашылығы, онда протеин көп және дәнекерлік тканьдер аз.

Құстың қосалқы өнімдері–қауырсын мен мамығы өте пайдалы. Жұмсақ, жеңіл, серпімді және көпке шыдайтын болғандықтан одан мамық жастық, мамық көрпе, құстөсек, т.б. жасалады. Құрғақ қауырсын шірімейді, исі болмайды және оны бөгде заттардан оңай тазартуға болады. Сондықтан да қауырсын мен мамық галантерея бұйымдарын жасағанда кеңінен пайдаланылады.

Құстың саңғағы бағалы тыңайтқыш. Ондай тыңайтқыш әсіресе жеміс-жидек және көкөніс дақылдарына қажет-ақ. Сонымен қатар құстың саңғағынан мочевина алады. Ол формацевт өнеркәсібінде пайдаланылады. Құсты өңдегенде қалатын қалдықтары мал азығы ретінде пайдаланылады. өзінің биологиялық ерекшеліктеріне орай, құстар өсімтал келеді. Олар топ-тобымен ұстап, ұдайы өнім алып пайдалануға, сөйтіп көп табыс табуға болады.

Егер дұрыс күтіп, дұрыс азықтандырып отырса, тауықтың қазіргі жұмыртқашылығы жылына 700 жұмыртқаға дейін жетеді. Құстың тез өсіп-жетілгіштігінің шаруашылықтың бұл саласының интенсивті дамуына тигізетін ықпалы зор. Тауықтар бес айлығында, ал кейде тіпті одан да ертерек жұмыртқалай бастайды.

Практика мынаны көрсетіп отыр: өндіріс дұрыс ұйымдастырылған болса, құс өсірілетін шаруашылықтарда 10 жұмыртқа өндіру үшін небәрі 1,5–1,8 кг жем жұмсалады. Ал 1 кг қосымша етін өндіруге жұмсалатын жем 2,5–3 кг-нан артпайды. Бұл 1 кг шошқа етін өндіруге жұмсалатын азықтан екі-үш есе, 1 кг сиыр етін өндіруге кететін азықтан үш-төрт есе аз. Сонымен 1000 жұмыртқа өндіруде немесе қосымша 1 центнер ет өндіруге қажет уақыт мал шаруашылығы өнімдерінің басқа түрлерін өндіруге кететін уақыттан едәуір аз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1) Б.Әкімбеков, Етті-сүтті жылқы шаруашылығы

2)Е.Байбаразов, Өнеркәсіптік негіздегі құс шаруашылығы

3)Қ.Бозымов, Жылқы және түйе шаруашылығы

4)О.Ғұмаров, Етті ірі қара шаруашылығы

5)П.А.Есаулова, П.Р.Литовченко , Овцеводство

6)К.Т.Касымов, Овцеводство

7)А.В.Лакина, Мясное скотоводство

8)С.Б.Саудабаев, Қой мен ешкіні қолда өсіру

9)В.И.Фисинин, Промышленное птицеводство

10)Л.К.Эрнст, Скотоводство

11) Голубник  М: М  география  мирового  хозайства

12) Социольно  экономическая  география  зарубежного  мира


ПІКІР ҚАЛДЫРУ