Дата журналист болу оңай ма?

0
845
Иллюстрация: Freepik.com
Дамыған медиа жоқ жерде,  демократиялық ел болып,  саналы адам болып қалыптасу 21 ғасыр үшін ауыр еңбекті талап етеді. Ақпаратын айқын болмаса дамуында тежелей түседі. Сондықтанда қазіргі заманға сауатты азаматтармен,  сауатты медиа керек. Ал,  сауатты медианың үлкен бөлігін алатын сала — Дата журналистика. Дата журналистика бұл түрлі саладағы,  түрлі деңгейдегі сандарды сөйлету.  Яғни статистикаңыз да кездесетін сандарды өз мақалаңызда тиімдіпайдалана білу.
Дата журналист болу оңай ма?

Әрмамандықтың, жалпы әр саланың өзіне тән қиыншылығы мен ауыртпашылықтары бар.Сол секілді дата журналистиканыңда өзіндік ауыртпашылықтары жетерлік. Қазіргі таңда елімізде кенжелеп қалған саланың   бірі десек қателеспеген болармыз. Журналистеріміздің бұл саламен көп жұмыс жасамауы, тек мақаланың бетіндегі тұздығын жоғалтып алмау мақсатында, бірді-екілі сандарды ғана пайдаланатыны  өтірік емес. Халыққа тек шыңайы, әрі нақты ақпараттармен қамтамасыз ету, журналист қауымдары үшін әр кез бірінші орында болуы шарт. Сол себеппен сандардан еш қорықпаңыз, жұмысты бастар алдында идеядан бастап визуализацияға дейін ұйымдастырыңыз.
Жаңалықтарды қалдырмай оқып отырыңыз, деректер кездесіп жатса не себеппен жаңалық болуы шарт деген сұрақтарға жауап беріңіз.Түрлі тексеретін қосымшалармен жұмыс жасаңыз.Жаныңыздағы серіктестеріңізбен жаңалықтарды бөлісе отырып,  ойын сұраңыз,  бұл басқа журналистика саласына қарағанда осы салаға көбірек тән.
Бір сөзбен айтқанда Дата журналист болу оңай емес.Бірақ әр істің маманы болуға болатынын да ұмытпау керек. Тек сандарды дұрыс сөйлете алып, қателеспей халыққа ұсына алуыңызда.

 

Жобалаева Дана Асқарқызы
Тұран университеті,  Журналистика-181(4)-3курс


ПІКІР ҚАЛДЫРУ