Димаш туралы алты дерек

0
2609

Қытайдағы «Мен əншімін» байқауы осы бір сүйкімді жігіттің атын шартарапқа жайды да жіберді. Əйгілі актер Джеки Чан арнайы келіп, бірге суретке түсті. Əлемге танымал əнші Лара Фабиан кездескісі келетінін айтып, хат жолдады. Осы аралықта Айман Мұсаходжаева Димаштың енді «Евровидениеге» дайындалатынын, сондай-ақ, «Америка дауысы» байқауына шақырту алғанын хабарлады.

  • Димаш ата-əжесінің баласы. Сондықтан оларды «мама, папа» дейді. 10 жасқа дейін ата-əжесінің ортасында ұйықтапты.
  • Домбыра тартуды алғаш атасынан үйренген, ал əжесі 5 жасында музыка мектебіне берген. «Əжем аяғының ауыратынына қарамастан, күн сайын мектепке апарып, екі сағат күтіп тұратын. Қазір ойлап қарасам, сонда тіпті отыратын орындық та болмапты», – дейді Димаш.
  • 16 жасқа толғанда «Жас қанат» байқауына қатысуға өтініш білдіріп, жасы толмағандықтан қабылданбай қалған екен. Бір жылдан кейін сол байқауға қатысып, бас жүлдені ұтып алған.
  • Димаш 21 жасында «Дарын» жастар сыйлығын алды.
  • Ол өзі секілді ата-əжесінің қолында өскен, тəрбиелі қыздарды іздейді екен. Ал түнгі клуб пен көше кезіп, мұрнын тесіп, алабажақ киінетін қыздарды жаратпайды. «Ондай қызды ата-əжеме көрсетуге ұяламын» депті.
  • Футбол ойнағанды жақсы көреді. Бассейнге үздіксіз барып тұрады, үш жыл таэквондомен айналысқан. Сурет салғанды, кітап оқығанды ұнатады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ