«Достық деген не?» тақырыбындағы сынып сағаты

0
1711
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Сынып сағатының тақырыбы:
«Достық деген не?»
Мұғалімі: Дадыбаева Фатима Бекназаровна
Сыныбы: 1 «Ә»
Мақсаты: достық сөзінің мағынасын ашу, жақсы қасиеттер мен жаман әдеттерді ажырата білуі үшін ой салу.
Күтілетін нәтиже:
*достық сөзін түсінеді;
*жақсы мен жаманды ажырата білетін болады;
*достары көбейеді;
*айналаға, өмірге деген көзқарасы өзгереді;
*қатігездікдікті ұмытады, бауырмал болады;
*саналы да білімді тұлға өседі;
Қажетті құралдар: Күн шуағы, фигуралар, әріптер, Білімлэнд сайты, Ай мектеп бейнежазбалары
Сағат кезеңдері Жұмыс түрлері Ресурстар

Басы

5мин

2мин

Психологиялық тренинг «Мен қандаймын?»

Мақсаты: Жақсы, жаман мінездерін ашық айта білуге жетелеймін. /Әр оқушы өздері туралы айтып, ой бөліседі/

Фигуралар таңдап, /дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш/ топқа бөлініп отырады.

Әр топ өзінде бар фигуралардан гүл құрастырады. Сөздер шығады, достық, татулық, бірлік оларды оқып, мағынасына үңіледі.

Осы сөздердің мағынасын ашып көріңдер.

Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш

Ортасы

 

Бейнежазба топтамасынан «Біз сіздермен біргеміз» бейнежазбасын көреді. —Не көрдің? Не түсіндің? /оқушылардың пікірлерін білу/

Қандай сөз естідік? Толеранттылық

Осы сөздің мағынасын түсінгені бойынша айтып шығады.

Толеранттылық символы: 16 қараша- Толеранттылық күні «tolerantia» (латын сөзінен аударғанда) — төзімділік, шыдамдылық

Толеранттылық түсінігі әлем тілдерінде: Испан тілі: басқалардың ойларымен санасу. Француз тілі: өзгелердің ой пікірлерін ескеру. Ағылшын тілі: шыдамды, кешірімді болу. Қытай тілі: кішіпейілді, кеңпейілді болу. Араб тілінде: кешірімділік,кішіпейілділік,жұмсақтық,мейірімді-лік, көнбістік, төзімділік, шыдамдылық. Орыс тілінде: біреуге немесе бір нәрсеге шыдамды, төзімді болу. Қазақ тілінде: қадірлей білу, шыдамды, төзімді болу, қайырымды, мейірімді болу.

*Сөздің әр әрпіне жақсы сөздерді айтып шығу

Т-татулық, берекелі ел

О-озық ойлы дана ата-әжелер

Л-лашын құстай алғыр оқушылар

Е-еркін жақсы әдеті бар балалар

Р-рақымшыл адамгершілігі бар адамдар

А-ақылды қыздар

Н-нағыз ер жігіттер

Т-талапты ұлдар

Т-талантты қыздар

Ы-ықыласты аналар

Л-лезде көмек беретін балалар

Ы-ырыс несібесі мол адал әкелер

Қ –қамқоршы іні-сіңлілер

Ойын: «Күн шуағын ілдіру» әр шуақта сөздер жазылған.

Кешірімді болу

Шыдамды болу

Жұмсақтық

Кішіпейілді

кеңпейілді болу

жұмсақтық

мейірімділік

көнбістік

төзімділік

шыдамдылық

қадірлей білу

қайырымдылық

/күн шуақтарын ілдіреді/

Мұғалім: -Мұның бәрі жақсы қасиеттер. Жақсы қасиеттермен дос болу, біздің алдымыздағы міндетіміздің бірі болу керек.

Мұндай қасиеттері бар адамдар айналасындағылармен ылғи да дос болады.

«Достық деген не?»

Осы сұраққа жауап алу үшін бейнежазбаны көрейік.

«Достық» бейнежазбасын көру

Бейнежазба

Білімлэнд сайты

Әріптер

Т

О

Л

Е

Р

А

Н

Т

Т

Ы

Л

Қ

Күн шуақтары

Бейнежазба Аймектеп-тен

Соңы

Топпен жұмыс: Ойындар..

І-топ: «Тест»

ІІ-топ: «Бос орынды толықтыру»

ІІІ-топ: «Ойлан,тап!»

Әр топтың топ басшысы шығады:

«Дұрыс-бұрыс» ойыны

Өздік жұмыс: «Достық» сөзін топтастырады.

Хормен: Достар әнін айтады

Ай мектеп-тен

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ