«Достық және мен» атты тренингтік ойын

0
3311
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

«Достық және мен»

 Тақырыбы: «Дос», «достық» деген  ұғымды  терең  жеткізуе  отырып , достық сезімін  қалыптастыру  мақсатында  бір – бірін  сыйлауға, қадірлей  білуге  тәрбиелеу.

«Достық  керек  өмірде ,

Ашық сырлы көңілде.

Дос  жолдасың  болмаса ,

Өмір сүру жеңіл ме?»

Әдіскерлік  тәсілдер: Әңгімелеу , тренинг , түсіндіру , сұрақтар – жауап, ойын , тақпақтар  айту.

Сәлеметсіздер ме балалар! Бәріміз ортаға келіп бір –біріміздің қолымыздан ұстап тұрайық. Өз атымызды  атап , достары  туралы әңгімелеп өтеміз. Мыс: менің атым Іңжу , менің досым Мадина мен оны жақсы көремін , ол ойыншықтарымен бөліседі.

Ия , балалар сендер өмірдегі сырды , бөлісетін , әркез қасымызда бірге ойнайтын , көмектесетін , қиын кезде қастарыңнан табылатын кім?

Досымыз

Жарайсыңдар , ол «ДОС». Дос дегеніміз – арқа  сүйер  адамың , Балалар  айтыңдаршы  сендердің достарың  бар ма ? Мадина айта қойшы  қандай достарың бар ? Санжар сен де ше ?(Балалардың жауабы)

Демек досты ешқашан сатпау керек , бірге күліп, бірге ойнау керек , сыйлап қадірлей білу керек. Балалар сендерге ертегі ұнай ма ?

ИӘ

Ендеше  сендерге «Дос іздеген бота» деген ертегісін айтып берейін. « Ерте , ерте , ертеде Түйе болыпты». (Ертегі айтылады).Слайдтан көрсетіледі. Балалар ертегі ұнады ма? Ия. Сонда достық  адамның кейпінен емес , түсінен емес , жүрек қалауымен болады екен. Ертегіні түсіндіңіздер ме ? Ия. Ертегіден не түсіндіңіздер?Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

«Жүз ақшаң болғанша , жүз досың болсын».

«Доссыз адам , тұзсыз тағам»

Жарайсыздар балалар! Енді дос туралы тақпақ білеміз бе? Онда бәрімізге бірге қайталап айтайық.

Біз балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да , қайда да ,

Бірімізге сенімді боламыз.

Келесі ойнайтын ойынымыз «Мейірімді дос». Бір – бірлеріңізді Мейірімді , еркелете айтады. Мыс : Ерасыл , Бекзат т.б сен менің жан досымсың. Ойын 2 – 3 рет ойнатылады. Бәріміз ортаға шығып сергіп алайық.

Досым , досым жан досым,

Неге сонша шаршадың .

Қане ұста қолымнан ,

Секір , секір , секірші .

Бір серігіп аларсың!

Жарайсыздар балалар енді досымызды ренжітпей , бір – бірімізге ойыншықтарымызды бөлісіп , ойнап дос болып жүре берейік. Сау болыңыздар!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ