Дүние жүзі тарихы пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен

0
29810

1)Туыстық қауымдастықты алмастырған: КӨРШІЛІК ҚАУЫМ.

2)Еңбек құралдарын жасау,заттарды өңдеу әдістерінің ерекшелігіне қарай археологтар бөлген адамзат қауымдағы дәуірлер: ТАС, ҚОЛА, ТЕМІР.

3)Жер шары халықтарының үш нәсілге бөліну негіздері(моңғолоид,негроид,еуропеоид.) : СЫРТҚЫ ТҮР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

4)Адамдардың шығу тегі туралы ғылым: АНТРОПОЛОГИЯ.

5)Ертедегі адамдардың алғашқы табылған сүйегі табылған жер: ШЫҒЫС АФРИКАДА.

6)Ежелгі адамдардың алғашқы кәсібі: ТЕРІМШІЛДІК.

7)Жалпы тарихтың кезең саны: ТӨРТ.

8)Этнография дегеніміз: ХАЛЫҚТАРДЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, САЛТ САНАСЫН ЗЕРТТЕЙТІН ҒЫЛЫМ.

9)Ежелгі дүние тарихының кезеңдері: АДАМДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНАН БАСТАП ОРТА ҒАСЫРҒА ДЕЙІН.

10)Қазақстан жерінде қатар дамыған өркениеттер: ОТЫРЫҚШЫ ЖӘНЕ КӨШПЕЛІЛЕР ӨРКЕНИЕТІ.

11)Егіншіліктін ежелгі отаны: АЛДЫҢҒЫ АЗИЯ.

12)Археология дегеніміз: ТАРИХ НЕГІЗІНДЕ ЗАТТАЙ ДЕРЕКТЕР БОЙЫНША ЗЕРТТЕЙТІН ҒЫЛЫМ.

13)Аңшылықтың дамуынан пайда болған шаруашылықтың түрі: МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

14)Алғашқы адамдар өлген соң жаны: « ӨЛІКТЕР ЕЛІНЕ » КЕТЕДІ ДЕП СЕНГЕН.

15)Асар дегеніміз: БІР ОТБАСЫ ШАМАСЫ КЕЛМЕЙТІН ЖҰМЫСҚА АДАМДАРДЫҢ АҚЫСЫЗ-ПҰЛСЫЗ КӨМЕКТЕСУІ.

16)Алғашқы аңшылар аң аулауға шығар алдында: АҢДАРДЫҢ СУРЕТІН САЛЫП «СИҚЫРЛАП » БИЛЕГЕН.

17)Ежелгі адамдардың үңгірдегі салған өгіз суреттерін алғаш тапқан археолог: САУТУОЛА.

18)Ежелгі суретшілердің бейгелеген негізгі көріністері: АҢ АУЛАУ СӘТІ.

19) Адамдардың ағаш пен тасты құрастырып жасаған алғашқы қару түрі: НАЙЗА.

20)Адамның ең алғашқы еңбек құралына жатады: ҮШКІР ТАЯҚША ТАС ҚҰРАЛДАР.

21)Ертедегі адамдар әр түрлі суреттерді салды: ТАСҚА.

22)Ғалымдар адамның қалыптасу процесі аяқталды деп есептейді: « САНАЛЫ АДАМНЫҢ » ПАЙДА БОЛУЫМЕН.

23)Алғашқы адамдардың ойынша әрбір адамның бойында табиғаттан тыс болатын тіршілік тетігі: РУХ.

24)Алғаш табылған суретте не бейнеленген: ӨГІЗ.

25)Алғашқы адамдардың түрлі аңдардың мүшесінің бірігуі нәтижесінде қалыптасқан жандыны ғалымдар қалай атады: ҚҰБЫЛҒЫШ БЕЙНЕ.

26)Хаммурапидің тарихта қалуының себебі: МЕМЛЕКЕТКЕ ОРТАҚ ЗАҢДАР ШЫҒАРУЫ.

27)Вавилонның ең атақты патшасы: НОВУХОДОНОСОР.

28)Әлемдегі ең ежелгі жазу жүйесі қалыптасты: ҚОСӨЗЕНДЕ.

29)Хаммурапи патшаның заңдарын оқып білу көмектеседі: ЕЖЕЛГІ ВАВИЛОННЫҢ ТАРИХЫН ТЕРЕҢ БІЛУГЕ.

30)Алғашқы мемлекеттер пайда болған жерлер: НІЛ, ТИГР ЖӘНЕ ЕВФРАТ ӨЗЕНДЕРІНІҢ АЛҚАБЫНДА.

31)Қосөзенде б.з.б XXІV ғасырларда құрылған ірі мемлекет: АККАД.

32)Ертедегі Қосөзен мемлекеттерінде қолданылған жазу түрі: СЫНА ЖАЗУ.

33)Б.з.б 1792-1750 ж.ж. билік құрған Вавилон патшасы: ХАММУРАПИ.

34)Ежелгі Вавилондағы «Әлемнің жеті кереметінің » бірі: АСПАЛЫ БАҚ.

35)Ежелгі заманда Оңтүстік Қосөзен бойын алғаш мекендеген халықтар: ШУМЕРЛЕР, АККАДТАР.

36)Вавилон қаласының қамқоршысы болған Құдай: МАРДУК.

37)Қосөзенде құрылыс үшін қолданылған материал: САЗ БАЛШЫҚ.

38)Аккад мемлекетін құлатқандар: ГУТЕИЛІКТЕР.

39)Қосөзенде абыздар үшін қасиетті сан: 60

40)Вавилон сөзінің мағынасы: ҚҰДАЙҒА БАРАТЫН ҚАҚПА.

41)Хаммурапидің заңдары қанша бабтан тұрды: 282 бабтан.

42)Ежелгі Қосөзеннің аңызы: ГИЛЬГАМЕШ ТУРАЛЫ АҢЫЗ.

43)Тау халықтарына 9 рет үлкен жорық ұйымдастырған шумерлік патша: ШУЛЬГИ.

44)Вавилон қаласында қанша қақпа болды: 100 қақпа.

45)Гутейліктердің атағы: ТАУ АЖДАХАЛАРЫ.

46)Шумер жазбаларында шамамен қанша таңба болды: 300 Дей.

47)Навуходоносор патшаның билік еткен жылдары: Б.З.Д. 604-562

48)« Аспалы бақты » соққан патша: НАВУХОДОНОСОР.

49)Қосөзендіктердің жазу материалы: САЗ ТАҚТАЙША.

50)Б.з.д. ІІІ мыңжылдықта Қосөзенде алғашқы ірі қалалар қалай аталды: УР, УРУК, ЛАГАШ.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ