Джон Стейнбектің ұлына махаббат туралы жазхан хаты

0
1602

Аталмыш хатты өз ұлына Нобель сыйлығының лауреаты, ұлы жазушы Джон Эрнст Стейнбек жазған. Бұл хат тың жазылғанына жарты ғасырдан астам уақыт өттсе де құнын жоғалтқан жоқ,  Хаттың мазмұны — әкелік махаббатқа,  тұлғалық даналыққа толы. 

Джон Стейнбек көптеген шедевр туындылардың авторы, сондай-ақ, ол эпистолярлық жанрдың да асқан шебері. АҚШ та басылған «Хаттардағы өмір» кітабы жазушының өмірбаяны іспеттес. Джон Стейнбектің әр жылдарда жазған 850 хаты жинақталып жазушының тұтас ғұмырын тізген. Ол бұл хаттарды отбасына, достарына, қоғам қайраткерлеріне жазған.

Сол хаттардың бірі – Стейнбектің үлкен ұлы Томға жазған жауап хаты. Том жазушы әкесіне Сьюзен есімді тамаша қызға ғашық болғанын жазады. Ал, әйгілі жазушы болса… Мархаббат!

Қымбатты Том,

Сенің хатыңды таңертең ғана алдық… Мен өз атымнан жауап қайтарамын, ал Элейн (Томның анасы) бұл мәселеге қалай қарайтынын өзі білдірер.

Біріншіден, сен ғашық болсаң бұл өте жақсы, тіпті бұл әр адамның өмірінде кездесетін сезімдердің ең тамашасы. Елеусіз қалмасын, ұсақталмасын бұл ұлы сезім.

Екіншіден, махаббаттың бірнеше түрі бар, балам. Бұның бірі – өзімшіл, қатал сезім. Ол тек өзін ғана ойлайтын, өзін ғана бірінші орынға қоятын махаббаттың жексұрын түрі. Екіншісі… Екіншісі, ұлым, сенің бойыңдағы мейірімді, санаңдағы сыршыл сезімдерді оятады. Құрметті оятады, құрмет дегенім мінез құлқыңдағы өзгеріс қана емес, жаным, ол сенің ғашығыңды сөзсіз мойындауың, оның бойынан өзің ынтық нәрсені көріп құлай бас ұруың. Махаббаттың бірінші түрі сені әлсіз, ұсақ етеді, жүрегіңді жаншиды. Ал екінші түрі саған қуат береді, санаңдағы мейірім мен даналықты оятады. Тіпті, ол сенің бойыңда ұйықтап жатқан талантты, шабытты оятады. Сен өзіңді танымай қаласың, ұлым!

Өз хатыңда сезімінің балаң махаббат еместігін жазыпсың. Мен сендім, жаным, сенің ойың осынша терең болса, сенің сезімің де алдамшы болмауы керек.

Бірақ, сен қазір менен өзіңнің нендей сезімді бастан кешіріп жатқаныңды, өзіңе не болғанан сұрамайсың. Сен оны өзің де жақсы түсінесің, өзің де менен артық білесің, Том. Сенің менен білгің келгені, осы албырт сезімді қалай кірлетпей сақтаймын деген сауалдың жауабы ғой.

Менің айтарым: Кеудеңдегі қуаныштан қуат ал, айналаңнан жақсылық сезін. Сенің сезіміңді оятқан жан – дүниедегі ең сұлу, ең қымбат жан. Өзің оған сай болуға тырыс!

Егер сен біреуге ғашық болсаң, оған мұны айтудың еш сөкеттігі жоқ. Бірақ, ұлым есіңде сақта, кей адамдар тым ұялшақ болады. Олар өз сезіміне ғана емес, өзгенің сезімін де мойындауға дәрменсіздік білдіреді. Осы жағдайды есіңе сақтағайсың, жаным!

Қыздар бәрін алдын-ала біліп отырады. Алайда, олар бәрін сенің ауызыңнан естігісі келеді.

Кей жағдайда сенің сезіміңе жауап болмайды немесе өзің күткен жауап ала алмайсың. Еңсең түспесін, ол сезіміңді шынықтырмаса, сөндіре алмайды.

Ұлым, жарығым менің, мен сенің қандай күйде екеніңді білемін, не сезінетініңді түсінемін. Қатты қуанамын, себебі, мен де ғашықпын.

Біз Сьюзенмен кездесуге дайынбыз, танысуға құштармыз. Элейн барлығын жақсылап ойластырады. Айтпақшы, сенің алтын анаң да махаббат туралы көп нәрсе біледі. Тіпті, ол саған менен гөрі де жақсырақ көмектеседі.

Том, жоғалтудан да қорықпа. Өмірде не болуы керек болса, сол болады. Ең бастысы, асықпа, құлыным. Жақсылық болуы керек болса, ол ешқайда қашпайды!

Сені қатты жақсы көретін,

Әкең

Нью-Йорк

10 қараша 1958 жыл


ПІКІР ҚАЛДЫРУ