Е дыбысы мен әрпі

0
2462
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

 

Күні:

Сынып: 1         

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы   Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер,  сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

1.3.11.1   Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Сабақ мақсаттары

Барлығы:  Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады;

Сөйлемді бас әріптен бастап жазады, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды.

Көпшілігі:  Тақырыпқа байланысты керекті сөздер,  сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастырады және жазады.

Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя біледі немесе қойылған сұраққа жауап береді (мұғалімнің көмегімен).

Кейбірі:  Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады.

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну.

Бағалау критерийлері

 

 

 

-Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады;

Сөйлемді бас әріптен бастап жазады, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды.

-Тақырыпқа байланысты керекті сөздер,  сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастырады және жазады.

-Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады.

-Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя біледі немесе қойылған сұраққа жауап береді (мұғалімнің көмегімен).

Құндылықтарды дарыту Сыйластық, сүйіспеншілік
Пәнаралық байланыс Көркем жазу
АКТ қолдану дағдылары Аудиодыбысты, бейнежазбаны іске қостыру.
Тілдік құзыреттілік Е дыбысының артикуляциясын дұрыс айту
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

 

Ерте тұрып күнде мен,

Терезені ашамын.

Сәлем,- деймін Күнге мен.

Шаттық әнге басамын.

Айналама қарасам,

Ғажайыптар қаншама.

Сан жетпейді санасам,

Сәлем,- деймін баршаңа.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Экранға назар аударамыз.

https://www.youtube.com/watch?v=RUsXiahUAjg

 

 Дескрипторы:

Е әрпі бар сөздерді табады, сөздерді буынға бөледі, сөйлем құрыстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 Ж.

  1. «Ер қанаты – ат» мақалымен жұмысты  «Ойлан, тап» ойыны арқылы ұйымдастырамын. Ойынның шарты бойынша бір оқушы мақалды оқиды, екіншісі оның мағынасын қалай түсінетінін айтады. Қай жұп дұрыс оқып, мағынасын дұрыс түсіндерсе, сол жұп жеңімпаз атанады.

Дескрипторы:

  Мақалды түсініп оқып, мағынасын талдай алады

Ж.

 2. Суреттер мен сызбалардың көмегімен  «Есен не істеді?» сұрағына оқушылардың жауап беруіне мүмкіндік жасаймын.  Есеннің сабақтан бос кезде не істегенін бейнелейтін суреттердің көмегімен әңгіме құратамын: «Есен мұражайға барды. Атасымен шахмат ойнады».

Дескрипторы:

  Сюжетті суреттердегі негізгі идеяны түсініп, сызбаларға сүйеніп сөйлем құрайды.

Ж.

3. Диалогті қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырамын.

Оқушылар жұбымен диалогтi қалпына келтіреді. Диалог жауаптары берілген. Олар осы  жауаптардың сұрақтарын құрастырады. Мысалы:

– Атың кім?       

– Ерлан.

– Жасың нешеде?

– Алтыда.

– Сен қандай баласың?

– Ақылды.

Дескрипторы:

Тыңдау арқылы және сюжетті суреттің көмегімен диалог құрайды.

4. Суреттердің көмегімен оқушылардың ертегі құрастыруына мүмкіндік  туғызамын.

Әрбiр сюжетті сурет бойынша сұрақтар қоямын. Ертегіні «Ерте,ерте ертеде» сөздерімен бастатып, құрастырып жазуына ықпал етемін.

Дескрипторы:

 Сурет мазмұны бойынша ертегі құрайды.

Сергіту сәті

«Қызыл өрік»

 Дәптермен жұмыс.

 Оқушылардың әріптер мен сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаймын. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданамын.44-бетте берілген сызбаға Е дыбысы мен әрпі кездесетін сөздерді жазғызамын.  

Дескрипторы:

  Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырады және оларды гигиеналық талаптарға сай жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарайсың, тамаша!

 

 

Бейнежазба

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

Кері байланыс

     

«Бас бармақ»

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? 

    4. Суреттердің көмегімен оқушылардың ертегі құрастыруына мүмкіндік  туғызамын.

 

 

Бағалау – оқушылар материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

«Бағдаршам», «Бас бармақ»

 Денсаулық  және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

 Оқу  құралдарын бір-біріне беруде  және сергіту сәтінде абай болу керек.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?  Жеткізбесе, неліктен?  Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?  Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?  Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

 

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ