ЕКІ ЖҮРЕК – БІР ТЫНЫС: ЗОМБИ

0
4121

Әңгіме

І бөлім

         Елге  аса беделді, қадірменді адамдар арасында «Аристократ» деген ұғым бар. Әсілінде, бұл ұғым қазақтың «Сабаз» атты сөзімен тетелес болса керек. Әр жүрісі  мен қадамы жинақы, сөзі мен ойы тиянақты болатын кісілерді жұрт «Сабаз» деп атайды. Сабаз жандар тумысынан серілер сияқты өте таза, ұқыпты келеді. Алайда үстіне ақ қиім мен шұлғы киіп, маңғаздана жүрген  жеке тұлғалардың бәрі сабаз бола бермейді. Сонда біз кімдерді сабаз деп тануымыз қажет? Сабаз түсінігі жайлы нақты тоқтамға келу мүмкін емес. Өйткені, қос қауым өкілдері сабаз жайында әртүрлі ой таратып, пікірге саяды. Назыры, Әйелдер қауымы үшін сабаз жігіттер бірде ақылды, адамгершілігі мол, жомарт адам ретінде саналса, енді бірде сандығына алтын сыймай, хадденінен асқан тәкаппар, қу, өте ақылды  сараң байлар болып көрінеді. Ал ерлер қауымы «Сабаздың» парагдигмасын мүлдем басқаша қабылдайды. Құдды, жанарларына ерекше көзілдірік таққандай, «Сабаздарды» ән мен күйді жанына серік еткен жаңа ғасырдың, яки, дәуірдің сал-серілері деп біледі. Бәлкім, сондықтан да болар, соңғы кездері Көкшетаудың баллынан сері жігіттердің шықпайтыны.

Шар бөлмені сал-серілік өркениетті жоғары бағалай алатын қыздар мен жігіттерге толтырған балл бұ жолы өз миссиясын басқаша орындады. Баллға ән мен күйден мүлдем хабарсыз  екі жас келіп жаңа махаббат дастанының кірпішін қалап, тарихи уақиғаның аңыз кейіпкерлеріне айналды.

Көкшетау. Балл. Салтанатты залда қобыздың сарыны ойнап, қонақтар демалуда. Төрт қабырғасы тең бөлменің әр бұрышында беделді қонақтарға арналған үстелдер бар. Дөңгелек үстелді айнала қоршап, әңгіме-дүкен құрған бай отбасылар бұнда аз емес. Әскери шені жоғары мырзаларды  бала-шағасымен баллдан көру – қалыпты құбылыс еді. Болашақта балаларының өздері сықылды әскери адам болатындығына нық сенімді мырзалар ұлдарын әдейі баллға ертіп әкеліп, жаңа таныстармен байланыстыратын. Алайда  әскери атағы бар кісілердің барлығы ұлды емес еді. Мәселен, Рақым Төрехан мырзаның айдай сұлу, ақылына көркіне сай үш бойжеткен қызы бар-ды. Ол ұлы жоқтығына қаймықпайтын. Керісінше, үш қызын әскери өнерге баулып, өздерін қорқауға жатықтыратын. Рақымның ұлы жоқтығын айналасындағылар келемеже қылып, күлкі ететін. Мысқыл күлкінің шырмауын тоқыған жандардың бірі Рақым мырза отырған үстелге жайғасып, отбасысын сынай бастады. Ол әуелі өзін таныстырып, кейін Рақымның жеке басына тиісуге құлшына кірісті.

— Амансыздар ма? Ныспым Шыңғыс Баймырза Әбділхақұлы. Сіздің үш қызыңыздың барын естіп, арнайы қолқамен келдім. Әрине, мен бірден үш ұлымды үйлендірмеймін. Ең алдымен, бойжеткен қыздарыңызды сынақтан өткізгенім жөн, – деп зілді сөйледі.

— Менің қыздарым сатылатын тауар емес, мырза. Қыздарым өз қалауларымен тұрмысқа шығады, – деді Рақым Төрехан мырза.

— Солай ма? Қыздарыңыз күресуден басқа не біледі, екен? Оларды тіпті шаруа да әйелдікке алмас, – деп мысқылдады Шыңғыс Баймырза.

— Олай болса, шаруа алмайтын үш қызды сіз неге айттыруға келдіңіз? Оның үстіне біздің тағдырымызды болжайтындай сіз кім едіңіз? Есіңізде болсын, бір жаратқанның алдында барлығымыз теңбіз. Мейлі, байдың, яки, кедейдің баласы болайық, бәріміз де жер деп аталатын бір ғаламшардың қара топырағын басып жүрміз! – деді дауысын көтеріп адуынды Лиза. Лиза он сегізде еді.

— Тұңғыш қызыңыздың әскери жаттығуларға епсіз екенін есіткенмін. Бірақ қолына кітап алып, кітап жазатындығын түрінен көрініп-ақ тұр. Жасына жетпей, ақыл айтады өзі. Есіңізде болсын, жұмыртқа әтешті үйретпейді, – деді Шыңғыс Баймырзаұлы Лизаға екі көзін қадап.

— Менің қызым жұмыртқа әтешті үйрететіндей ақыл айтты, – деді Рақым Төрехан мырза жымиып.

— Қыздарыңызды қаққанда қанын, соққанда сөлін алатындай тәрбиелеңіз, – деді Шыңғыс Баймырза орнынан түрегеліп жатып.

— Қызым өзінің ғана емес, мұқым әйелдердің ар-ұятын қорғады, – деді Рақым Төреханның егде анасы Айқара Сұлтанқызы.

— Айқара ханым, сонда сіздің қыздарыңыз үлкен кісілерге атылу арқылы өз ар-ұяттарын қорғайды екен ғой! – деді Шыңғыс Баймырза.

— Кішіге үлкен кішіпейілдік жасамағанда, кіші неге үлкенді құрметтеу керек? – деді қыздардың екіншісі, он алты жасар Сара.

— Сондықтан, жағдайдың контексіне сүйеніп, әрекет ету қажет, мырза! – деді Лиза да орнынан ат тұрып.

— Шеннің бұнда маңызды орын алмайтындығын енді түсінген шығарсыз, – деді Айқара әже.

— Бастысы бас деңіз! – деді қыздардың кенжесі, он үш жастағы Зере жымиып.

— Әлбетте, – деді Айқара апа жасанды күлкімен жымиып.

— Менің қыздарым сынақтан өткен шығар? – деді Рақым Төрехан күлгендей болып.

— Сіз бұған әлі өкінетін боласыз! Шеннің орны әлі сіздердің бастарыңызға шыбын-шіркейдей бәле болып жабысатын болады! – деп Шыңғыс мырза орнынан түрегелді де, долданып залдан шығып кетті.

— Біздің де кеткенміз жөн болар, –  деп Рақым Төрехан мырза үйіне қайтпақ болып, сыртқа асығыс шықты.

Лиза бір затын ұмытып кетіп залға қайта оралғанда бағанағы өздері отырған үстелде беймәлім жігіттің  барын көрді. Бейтаныс жігіт әлде біреуді тосқандай жан-жағын барлап отыр. Лиза үстелге жақын келіп, жігіттің жөнін сұрады. Жігіт Лизаның келгеніне разы болғандай, орнынан бірден тұрып, бикешке ізеттік танытты. Лиза оған қарама-қарсы отырып, бастапқы сауалын қайталады. Қара шашы дудар, аққұба, қалың қасты, үстіне қара кәстүм мен аяғына жылтыр қара түфли киген галстукті өте көрікті әрі сүйкімді жігіт Шыңғыс Баймырзаұлының кенже ұлы –  Ұлан Баймырза Шыңғысұлы болып шықты. Ұлан ағаларына қарағанда өжет, қайсар, бірақ, тікмінезді болатын. Ол айтқан ісінен қайтпайтын бірбеткей еді. Оның ешкімге керексіз, тіпті  соғыста іске жарамайтын осы бір жағымсыз мінезін ең бірінші болып онымен жүздескен Лиза байқады. Ұлан Лизаға баллда бірге билеу жайында шарт жасады. Шарт орындалмаған жағдайда, Ұлан Лизаға анасынан асыл мұра болып қалған жалғыз бойтұмарды қайтармайды. Лиза Ұланның шартын түсінді. Лизаның би билеп, ән сала алмағандығын Ұлан жақсы пайдаланып қалмақ. Осылайша, Лизаның ар-намысын бүткіл залдың алдында айрандай төкпек.

– Сіз әкеңіздің ар-намысын қайтарып алу үшін менің қасықтай жиналған намысымды барша қауымның алдында ұяған айранға ірің салғандай ластап төкпексіз! – деді Лиза Ұланға өткір жүзі мен тілін қадап.

–  Дәл солай. Енді әкемнің намысын ақтап алуым қажет қой. Әйтпесе, оның ұлы деген атым қайда? –  деді Ұлан мысқылдап.

–  Қыздың намысын таптау сабаз жігіттерге тән өнер емес, – деді Лиза көзінен жасын шығармауға тырысып.

–  Ал сіз менің әкеме осы сөзді айтқанда өте сенімді болғансыз,  – деді Ұлан бойтұмарды қалтасына салып, залдағы сұлу қыздарға жымия қарай.

–   Бұнымен не демексіз? –  деді Лиза қабағын түйіп.

–   Шартты орындамасаңыз, бойтұмар басқа бойтжеткеннің мойнынан табылады. Ертең баллдың бірінен өз бойтұмарыңызды бөгде сұлу қыздың алқа мойнынан көрсеңіз, таңқалмаңыз, –  деді Ұлан алма шырынын ішіп жатып.

– Сіз мен ойлағанан да нашар адам екенсіз! Керісінше, сіздің фактикалық қылығыңызға мына мен таңқалуым қажет! –  деп Лиза  стақан ішіндегі алма шырынын Ұланның үстіне  әдейі шашып жіберді де, залдан жыламсырап шықты. Ұлан су-су болған қарақат кәстүмін ақ орамалмен сүрттіп жатып «Қарғыс атқыр!» деді.

Лиза опера-баллет театрының мұздай суық кафель баспалдағына екі тізесін құшақтай отырып алды. Оның мөлдір жанарынан ыстық болып жас ақты. Оттың жалынындай аққан жас Лизаның бетін жуып жіберді. Жалғыздықтан күңіреп отырған Лиза кенет әлдебіреуді ағаштың арасынан байқап қалды. Қара бейне қараңғыда баяу жылжып келеді. Лизаның есіне зомби түсті. Ол өзін қорғай алатын кез келген затты қара жердің бетінен іздеді. Лизаның айтқаны дәл келді. Қалың ағаштардың ішінен зомби атып шықты. Лиза әпкелері секілді күресу өнерін жақсы меңгермесе де, логикалық ойлау жүйесі аса жақсы дамыған еді. Сондықтан, өзіне қарсы шапқан зомби бейбақтан қорықпады. Керісінше, найзасын алып, қасқайып тұрды. Лизаның найзасы өзіне деген шексіз сенімдік пен батылдылық болатын. Ал көрінбес қалқаны – тәуекелшілдік десек еш қателеспеспіз. Дегенмен, соғысу өнерінен бейқабар жас қыздың көзінен қорқыныштың көлеңкесін байқамау мүмкін еместей еді.

Бір кезде оқ атылып, зомбидің басын жерге домалатып түсірді. Лиза дір ете қалды. Оның жанына шашы қою қоңыр, қабағы түсіңкі, тұнық әрі мейірімді көзді, аңсағай келген бір сымбатты жігіт жақындады. Қолына мылтық ұстаған жігіттің сұлу жүзі жарықтан айқын көрінді. Жігіт Лизаның нәзік қолынан ұстап, өзінің сәйгүліне отырғызды да:

– Тезірек үйге қайтыңыз. Зомбилер жақындап қалды, –  деді ол жан-жағын барлап.

–  Бірақ мен атты бағындыра алмаймын. Бұрын атқа отырмағанмын,  –  деді Лиза.

– Тіптен жақсы, –  деп жылы дауыспен бейтаныс жігіт Лизаның алдына отырды да, шаба жөнелді. Олар Лизаның үйіне қарай беттеді.

Осы кезде Ұлан даладағы шуды естіп, тысқа шықты.  Ол зәулім театр ғимаратының жанында алыстағы екі адамның сұлбасын көріп, жалғыз қалды…

ІІ бөлім

Лизаның үйі. Зомбилерге кезіккені аздай, Лиза мен оның құтқарушысы жаңбырдың астында қалған. Малмандай су Лиза бөгде жігітпен үйге кірді. Айқара ханым екі немересімен бірге Лизаны һәм жаңа қонақты зор қуанышпен қарсы алды. Өзін күтпей баллда жалғыз қалдырып кеткендеріне Лиза реніш білдірді. Зомбилерге жемтік бола жаздағанын өкінішпен тыңдаған әжесі одан кешірім сұрап, асығыс әрекеттеріне әкесінің тығыз жұмысы себеп болғандығын айттып ақталғандай болды. Екі сіңлісі де әжесінің сөзін жаңғырттып, Рақым Төреханның зомбилерді ұясымен құрту үшін лагерьге аттанып кеткендігін әңгімеледі. Лиза кең залдың  ортасындағы ыстық пешке қолын тақап, жылытты. Үсті-басынан дымқыл ауа тартқан бөгде жігіт үй иесі Айқара ханымнан келісім алып, пешке біраз жылынып алды. Айқара асүйде немерелерімен бірге тамақ пісіріп жатқанда, Лиза пештің айналасында бейтаныс жігітпен сөйлесіп тұрды.

–  Сіз өзіңізді таныстырмадыңыз? –  деп Лиза әңгімені бірінші болып бастады.

–  Зомбилердің арасында еркін әңгіме тарқату мүмкіндігі болса, мен қуана-қуана сізге өзімді таныстырар едім, –  деп езу тартты сымбатты жігіт. Оның күлкісі өзіне жарасымды-ақ еді. Тұнық көздері жүрегі таза, кеңпейіл жан екенін танытатын. Ал жылы сөздері күнге жылынғандай сезім қалдыратын. Емен ағашының қалың сабағындай қою шашы ұшақ іспетті алға тікірейіп тұратын. Аңсағай бойына жада бітім құйып қойғандай еді. Лиза күліп жатса дағы, келбетті жігіттің бойындағы барлық әсемдікті тұтқиылдан бақылап тұрды.

–  Менің ныспым Лиза Төрехан, – деп оған қолын ұсынды Лиза. Лиза өзінің бұл қылығына таңқалды. Тікменізділігі басым Лиза бұрын-соңды ешкімге бірінші болып танысуға қадам жасаған емес. Ол керек адам өзі іздеп табады деп ешкімді менсінбейтін. Ескі дағдысы мен принципі есіне түсті ме, Лиза дереу қолын ала қойды.

–  Менің есімім Алан Шыңғысұлы, –  деп оның қолын ұстады жігіт.

Лиза «Шыңғысұлы» деген сөзді ести сала, оның қолын сілкіп жіберді. Шыңғыс мырзаның ұлдарымен қарым-қатынас орнатқысы келмейтіндігін Лиза оған ашып айтты.

– Түсінемін. Алайда мен бастардпын, –  деді Алан.

– Түсінбедім? –  деді Лиза.

–  Некесіз туылған бала, –  деді Алан.

–  Кешірім өтінемін, –  деді Лиза.

– Жоқ, қажет емес… Мені әкем ешқашан  өзінің заңды туылған ұлдарының қатарына қосқан емес. –  деді Алан.

–  Ол кісі сіздің анаңызға үйленді ме? –  деді Лиза.

–  Иә, үш ұлдың (Ұлан, Шамис, Дарын) анасы көз жұмған соң, әкем менің анама үйленді.

–  Уайымдайтын еш нәрсе жоқ. Онда сіз Шыңғыс мырзаның заңды ұлы саналасыз.

–  Әкем олай санамайды, –  деді Алан.

– Лиза, тамақ дайын болды, –  деген Айқараның дауысы көрші бөлмеден шықты.

Кешкі ас. Барлығы тамақтанып отыр. Сара мен Зере Аланнан көздерін алар емес. Лиза оны байқап қалып, Сараның керемет ән салатындығын һәм Зеренің фортепианонада еркін ойнайтындығын айтты. Екі сіңлісі әжелерінің өтінішімен, өз өнерлерін паш етті. Сара халық әнін әндетіп, Зере фортепианонада әсем күй ойнады. Ауа-райы құбылып тұрғандықтан, Алан қонақбөлмеде түнеп шығуға қалды. Таң. Алан ерте тұрып әдеттегендіктен, далада әскери тактикаларды қайталап жатықты. Лиза терезеден оны көріп, қуанды.

–  Сіз кетпегенсіз бе? –  деді Лиза оған жақындап.

–  Алғысымды білдіріп барып, қоштасып кету керекпін деп шештім, –  деді Алан қылышын жерге қойып.

–  Алан мырза, сіз Ұлан мырзаның маған жасаған шартын естідіңіз бе? –  деді Лиза дауысын бәсеңдетіп.

–  Сіздердің әңгімелеріңізді тыңдағаным үшін кешірім сұраймын. Бірақ мен құлақдармын,  –  деді Алан.

–  Ештеңе етпейді. Маған кеңес беріңізші, –  деді Лиза.

– Жарайды. Бойтұмар сіздің мойнынызда болады. Уәде беремін, –  деді Алан.

–  Сіз маған бойтұмарды алып бересіз бе, қалай? – Лиза.

–  Маған сенсеңіз болды. Қалғанына алаңдамаңыз,  –  деді Алан.

 

Жалғасы бар…

 

Алтыншаш КУРМАНАЕВА,

Ш. Уәлиханов атындағы  Көкшетау университетінің  филология бөлімінің 2-курс студенті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ