Ел үшін туған – Ер Үрмаш (танымдық — тәрбие сағаты)

0
1564
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Танымдық — тәрбие сағатының тақырыбы: Ел үшін туған – Ер Үрмаш

Мақсаты: оқушыларға жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Үрмаш Түктібаев туралы таныстырып, оқушылардың зерттеген білімдерін толықтыру. Үрмаштың ерлігін үлгі-өнеге етіп көрсету.

Көрнекі құралдар: интерактивті құралдар, суреттер, буклеттер

Барысы:

І жүргізуші:

Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамды.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
ІІ жүргізуші:

Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде.

І жүргізуші: Елдос, бұндай өлеңдер қай кезде жазылған өлеңдер, деп ойлайсың?

ІІ жүргізуші: өлең мағынасына қарағанда Ұлы Отан соғысы туралы айтылып тұрған сияқты ғой. Соғыс, жеңіс деген сөздер бұдан 70 жыл бұрынғы тарихты еске түсіреді емес пе?

І жүргізуші: иә, «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа — ұран» — деген, Ұлы Отан соғысы туралы, Ұлы жеңіс туралы біздің достарымыздың қаншалықты білімі бар екенін тексеріп көреміз бе?

ІІ жүргізуші: ия, «Ерлік ешқашан да ұмытылмайды», осы отырған үш топқа ат қойып берейік те, ел тарихы бойынша білімдерін жарыстырайық.

І жүргізуші: жарайды, сайысты жүргізу үшін, әр топ топбасшы дайындап, мына жерден өздерінің топ атын таңдап алсын, жарыс соңында жеңімпаз болған топ мүшелері «Жеңіс» партасына отыруға лайық деп танылсын.

ІІ жүргізуші: ал, достар біздер «Батырлар», «Ептілер», «Қаһармандар» тобының бағын сынаймыз. Жеңімпаз топтарды жинаған жұлдызшаларына қарай сараптаймыз.

І жүргізуші: олай болса, «Жеңіс жолы» атты бірінші бөлімдегі сұрақтарға назар аударайық:

Бірінші топ үшін 5 сұрақ:
  1. Ұлы Отан Соғысы басталған күн қай күн?
  2. Ұлы отан Соғысын бастаған қай ел?
  3. Екінші дүниежүзілік соғысында Кеңес Одағының Батыры атағын алған жауынгерлер саны қанша?
  4. Қазақстандық батыр қыздар кімдер?
  5. Қазақтың партизан-жазушысы кім?

Екінші топ үшін 5 сұрақ:

  1. Хaлық Қаһарманы атанған батыр-жазушы кім?
  2. Халық қаһарманы атанған әнші қыз кім?
  3. Халық қаһарманы атанған сазгер кім?
  4. Екі рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған жауынгер-ұшқыш кім?
  5. Бауыржан Момышұлы туралы әңгіме жазған жауынгер жазушы кім? Әңгімесі қандай?

Үшінші топқа қойылатын 5 сұрақ:

  1. Халқына жеңіс сыйлап, рейхстагқа ту тіккен қазақ кім?
  2. Жеңіс күні қай күн? Ұлы жеңіске неше жыл толды?
  3. Ұлы Отан соғысындағы Батыр қалалар саны нешеу?
  4. Соғыстан оралмаған аталарымыздың тізімі бар кітап қалай аталады?
  5. Қазалылық Ұлы Отан Соғысы Батыры кімдер?
ІІ жүргізуші: Жарайсыңдар, достарым! Сендер ел тарихын ізденуге көп күш жұмсапсыңдар. Ендігі біздің сұрақтарымыз да, тапсырмаларымыз да жерлесіміз Ұлы Отан Соғысының Батыры Үрмaш Түктібаев атамызға арналады. Біз бұдан бұрын сіздерге Үрмаш атамыз туралы зерттеуге үй тапсырмасын бергенбіз. Ал, қазір Алданазарова Нұрай досымыздың «Батыр Үрмаш» атты өлеңін тыңдайық.

І жүргізуші: «Батыр Үрмаш». Авторы: Нұрсұлтан Жұбатұлы

ІІ жүргізуші: Ал, енді достарым сайыстың екінші кезеңі: «Үрмаш Батыр» аталады

І жүргізуші:

  1. Үрмаш атамыздың туған жері қай жер?
  2. Үрмаш атамыз қай жылы туған, соғысқа неше жасында аттанды?
  3. Үрмaш атамыздың туыстары қай жерде тұрады? Кімдер?
  4. Үрмаш атаның әскери шені қандай болған?
  5. Үрмaш атамыз соғыста қай жерде ерлік көрсеткен?
  6. Үрмаш атамыз туралы қандай кітап жазылды? Авторы кім
  7. Үрмаш атамыздың атында аталған мектеп бар ма?
  8. Үрмaш Түктібаев атындағы ауыл бар ма? Қай ауданда? Бұрынғы аты қандай?
  9. Үрмаш атамыз туралы қандай ән бар? Авторы кімдер?
  10. «Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер» — деген, Үрмаш атамыздың руы қандай?
  11. Үрмаш Түктібаевқа Кеңес Одағының Батыры Атағы қашан берілді?
  12. Үрмаш атамыз соғыста қандай қызмет атқарды?
  13. Латвияда Үрмaш атамыздың ерлігін көрген қария кім?
  14. Үрмаш Түктібаев ауылына батырдың атағы қашан берілді?
  15. Үрмаш атамыздың жерленген жері қай елде? Оның ерлігін өз құлағымен естіп қайтқан адамды танимыз ба?
І жүргізуші: Олай болса, Үрмаш атамыздың ерлігін көрген Лудис Струпуль атамен кездесіп қайтқан ұстазымыз Нақан Күнзипа Пержанқызын ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Рахмет Сізге Күнзипа Пержанқызы. Сіздің бір кездегі шәкіртіңіз, біздің ұстазымыз Ләйлә Оңдасынқызы бізбен бірге Сіздің латыш елінен алып келіп үйреткен әніңізді орындамақ.

І жүргізуші: ал енді, сайысымыздың үшінші кезеңінің тапсырмаларын таныстырайық. Ол үшін топбасшылары жұлдызшалармен берілген тапсырмаларды алып орындауға дайындалсын:

1 – тапсырма: Үрмaш Түктібаев туралы өмір-дерек құрастыру

2 – тапсырма: Үрмaш түктібаев туралы өлең оқу

3 – тапсырма: Үрмaш атамыздың сүйікті әнін орындау

І жүргізуші: Рахмет достарым, олай болса, біздің «Жеңіс» партасының иесі атанатын топты анықтайық.

І жүргізуші:

Ойлап-ойлап тұрдым көп — Қуанышты мереке –
Сұрақ қойдым білгім кеп: Жеңіс күні қай күн деп?
ІІ жүргізуші:

Атамнан да сұрадым, Ағамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым, Анамнан да сұрадым.

І жүргізуші:

Тосты бәрі құлағын:
— Дұрыс, – десті сұрағың. –
Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні, шырағым!

ІІ жүргізуші: Ұлы жеңісіміз құтты болсын! Аспанымыз ашық, бейбіт заман болсын! Әрқашан күн сөнбесін!

Ән: Әрқашан күн сөнбесін /Қазақ, орыс, неміс тілінде/

І жүргізуші: келген қадамдарыңызға гүл бітсін, жеңісті күндерде жолығайық!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ