Нұр-сұлтанның кереметтері атты тәрбиелік сабағы (балабақшаға арналған)

0
1046
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тақырыбы: Нұр-сұлтанның кереметтері

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Балаларға заттардың кеңістіктегі орналасу орнын айта білуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін арттырып дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Интерактивті тақта, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,

Көрнекіліктері: кеспе цифрлар, слайд, суреттер.

Сөздік жұмысы: үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша,дөңгелек.

Қостілділік компонент: дөңгелек-круг, үшбұрыш-треугольник,тіктөртбұрыш-прямоугольник,сопақша-овал,шаршы-квадрат.

Оқу қызметінің

кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың

қызметі

Мотивациялық — қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Қайырлы таң балалар!

 

Доброе утро всем нам!

Доброе утро всем гостям!

 

Goоd morning,good morning,

Good morning to you.

Gоod morning,good morning,

I am glad to see you.

— Орындарынан тұрып шеңбер құрады.

-Hello! I am fine.

Ұйымдастырушы

лық — ізденістік

-Балалар біз бүгін саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз ерекше болайын деп тұр. Міне, қараңдаршы алдарымызда қолдың бейнесі тұр.Балалар мына жерде тұрған бейне жай бейне емес, арман тілекті орындайтын ғажайып алақан бейнесі екен. Міне, алақан бейнесіне қолымызды қойып,. көзімізді жұмып, бізді Астанаға саяхатқа апаршы деп армандасақ, бізді Астанаға саяхатқа апарады екен. Олай, болса балалар бәріміз орнымыздан тұрайық, қолымызды алақанға қойайық.

-Әне, балалар қараңдаршы біздер Астанаға саяхатқа келдік.

Ғажайып сәт:

-Сәлеметсіңдерме балалар, Астана қаласына қош келдіңдер.

-Балалар сендер Астана қаласының көптеген әдемі ғимараттарын көргілерің келеме?

-Олай болса тамашалаймыз.

Экранға назар аудару.

-Бұл ғимараттар қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды екен.

-Дұрыс айтасыңдар.

Ал, мына ғимарат қандай пішінге ұқсайды.

Ал, неге дөңгелек неліктен дөңгелек деп аталады?

Дөңгелектің бұрышы барма?

-Ал, мына ғимаратше қандай пішінге ұқсайды?

Үшбұрыштың неше бұрышы бар?

Мынау қандай пішінге ұқсайды?

Шаршының қабырғалары қандай?

Ал, мынау балалар сопақша тәрізді екен.

Сопақша да бұрыш болама?

Ал, мына ғимарат тіктөртбұрыш тәріздес.

Тіктөртбұрыштың неше бұрышы және неше қабырғасы болады?

Балалар сендер, пішіндер туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Астана қаласына келіп тұрыңдар. Сау болыңыздар! Тәрбиеші: Балалар олай болса, сиқырлы алақан бейнесіне алақанымызды қойып, бақшамызға қайта оралайық.

Қостілділік компонент: дөңгелек-круг, үшбұрыш-треугольник,тіктөртбұрыш-прямоугольник,сопақша-овал,шаршы-квадрат. Дидактикалық ойын: «Қандай пішінге ұқсайды?»
Шарты: Карточкаларды таратады суретке қарап қай сурет пішінге ұқсайтынын табуды сұрайды.
Сұрақтар қояды.
— Қай сурет дөңгелекке ұқсайды?
— Кітап қандай пішінге ұқсайды?
— Шырша қандай пішінге ұқсайды?

Қазір мен белгіні таратамын, белгі бойынша орталықтарға бөлінеміз. Балалар қолдарындағы белгі бойынша орталықтарға бөліне қойыңдар.

  1. Өнер орталығында: Балапанды пішіндер арқылы жапыстырамыз.
  2. Құм және су орталығында: Желкенді қайық жасаймыз.
  3. Құрылыс орталығында: Темір жол вокзалын жасаймыз.

Ал, өнер орталығында балалар қандай жұмыс жасап жатыр екен айтыңдаршы.

Құм және су орталығында ше?

Құрылыс орталығында ше?

Жарайсыңдар балалар.

Балалар қане, жұмысымызды аяқтап, сергіту сәтіне шығамыз. Сергіту сәті.
 Ал, балалар тұрайық Қолдан шеңбер құрайық. Дөңгелектей дөңгелеп, Шыр айналып тұрайық. Қолды аспанға созайық, тіреу болып тұрайық. Бір-біріне қосқанда, үшбұрышты құрайық.

-Балaлар мұқият тыңдайды.

-Балалар таңдана қарайды.

-Бaлалар Астана қаласына саяхатқа келеді.

-Балалар амандасады.

-Балалар мұқият тыңдайды.

— Үшбұрыш, Тіктөртбұрыш, Дөңгелек, Сопақша

-Дөңгелекке.

-Дөңгелектің бұрыштары болмайды.

-Үшбұрыш.

-Үшбұрыштың үш бұрышы бар

Шаршы.

-Шаршының төрт қабырғасы және төрт бұрышы болады.

-жоқ, сопақшаның бұрыштары болмайды.

-Тіктөртбұрыштың төрт қабырғасы мен төрт бұрышы болады.

Бaлалар қоштасады

Балабақшаға оралады.

-Балалар қызыға ойнайды.

-Балалaр сұрақтарға жауап береді.

-Балaлар орталықтарға бөлінеді.

-Балалaр тапсырманы орындайды.

-Балaлар жасаған жұмыстарын көрсетеді.

-Балалар қимыл қозғалыс жасайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Сұрақ қою арқылы оқу қызметін

қорытындылау:

-Балалар біз қайда бардық?

-Саяхатқа не арқылы бардық?

-Онда біз қандай геометриялық пішіндерге ұқсас үйлерді көрдік.

Балаларды мадақтау.

-Астанаға саяхатқа.

-Сиқырлы алақан арқылы.

-Дөңгелек, Үшбұрыш,Тіктөртбұрыш,Сопақша, Шаршы.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар геометрялық пішіндерді бір-бірінен ажыратып атап біледі.

Игерді: Балалар заттардың кеңістіктегі орналасу орнын айтуды дағдыланып,

есте сақтау қабілетін арттырып игереді.

Меңгереді: Балалар тапқырлыққа, ізденімпаздылықты меңгереді.

Гулжанат Исиркова

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ