Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында сенатормен кездеу өтті

0
1468

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Бақытжан Жұмағұлов Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі аясында   Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына арнайы ат басын бұрды.   Кездесудің алғы сөзін  аталмыш академиясының ректоры, профессор Бибігүл Нүсіпжанова  алып, сенат депутатына өнер шаңырағында соңғы уақытта болып жатқан жаңалықтармен таныстырды. Ректор  Сенат депутатының биік беделінің айғағы ретінде тағайындалған мемлекеттік дәрежелерімен таныстырған сәтте:  «Ресейлік математик-ғалым айтқандай, мұның барлығы да шындық», — деп көпшілікті бір күлдіріп алды.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің орны зор. Қазақ даналығы айтады: «Жақсы істі көргенде жетуге асық».  Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту және т.б. жастардың әлеуметтік мақсаттағы игі мақсаттарына бағытталып отыр. Алдағы оқу жылында жас талапкерлердің болашағы жарқын болуына   20 мың оқу гранты бөлініп, білімді аламын деген жастарға даңғыл жол ашылып отырғанның айғағы.  

Сондай-ақ, соңғы жылдары елімізде жастар Ресей сияқты жақын және алыс шет мемлекеттерге білім іздеп кетушілердің саны артып отыр. Бұл мәселені дұрыс жолға қою үшін еліміздегі білім беру сапасын жақсы жолға қою керектігін айрықша атап айтты. Шығармашылық ұжымын депутатқа «шет мемлекеттерде білім алып жатқан жастардың саны күннен күнге артуда. Мұның еліміздің әлеуметтік-мәдени бағытына кері әсері болуы мүмкін бе?» деген жүрекжарды ойларын ортаға салды.    «Шет елде білім алудың жақсы не жаман екенін біз қазір нақты ештеңе айта алмаймыз. Бұл үдерістің қандай нәтиже беретінін тек он не он бес жылдан кейін ғана байқай аламыз. Сол үшінде осы аталған Елбасының әлеуметтік жобасы бағытталып отыр» деп айрықша атап айтты сенатор.

Бақытжан Тұрсынұлы Елбасының қашанда жастарға үлкен үміт артатынын айта келіп, мәңгілік ұлт идеясының негізгі өзегі – қазақ өнерін әлемге паш ететін жас өнер иелеріне  үлкен үлес қосатындарына сенімін білдірді. Кездесу барысында Театр өнері факультетінің деканы, профессор Аман Құлбаев тарихы бай киелі шаңырақта талай қазақ өнерінің тарландары түлеп ұшты. Бүгінгі заман талабына сай оқу театрының жаңа ғимаратының қажеттілігі туындап отыр. Академия ауласынды жаңа заманауи үлгіде театрдың жобасы да дайын тұр». Академия ұжымы атынан айтқан ұсыныс-тілектерін билік басына жеткізуін өтінді. Ғылым  және білім саласында басшылық еткен Халық қалаулысы еліміздегі жоғары оқу орындарындағы түйткілді мәселелер төңірегіндегі сауалдарға талдап-талғап, толыққанды жауап берді.

 

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының баспасөз қызметі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ