«Ең үздік тіл маманы» атаныңыз!

10
3110

Құрметті, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында 1 сәуірден бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы басталады.

Олимпиадаға 5-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары қатысады.

Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

  • Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.
  • Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
  • Бір адам бірнеше рет тапсыра алады. Қатысушының ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
  • Тестілеуден өту үшін қатысушыға 40 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.
  • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
  • Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады.
  • Қатысушылардың сертификаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Менің сертификаттарым» бөлімінде сақталады;
  • Қатысушылардың марапатын олимпиада уақытында жіберіле бастайды.

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге, үш реттік мүмкіндік –1200 теңге, төрт реттік мүмкіндік – 1500 теңге.

Олимпиаданың марапаттау рәсімі

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі 20 сәуір күні сайтта жарияланады. Ал қатысушылардың нәтижесі күнделікті жарияланып, орын алған қатысушыларға марапат қағаздары олимпиада барысында жіберіледі. Орын алған қатысушылардың жетекшілеріне де алғыс хат тағайындалады.

І орын – 25-24 ұпай

ІІ орын – 23-22 ұпай

ІІІ орын – 21-20 ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында электронды түрде почтасына жіберіледі. Орын алған қатысушылардың жетекшілері де алғыс хатпен марапатталады. Ал ең соңғы қорытынды нәтиже, яғни бағалы сыйлықтардың иегерлері сайтта 20 сәуір күні жарияланады.

Ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар (смартфон, планшет, флешка) тағайындалады.

Бір мектептен 50-ден көп оқушы қатысып, 20 жүлделі орын шықса ұжымға  «Ең үздік ұжым» номинациясы тағайындалып, диплом беріледі. Сонымен қатар,  15 оқушысы жүлделі орын иеленген пән мұғаліміне «Ең үздік тіл маманы» номинациясы беріліп, дипломмен марапатталады. «Үздік ұжым» және «Ең үздік тіл маманы» номинацияларына үміткерлер қатысушылардың сайтқа тіркелген почтасы мен орын алған оқушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

Олимпиадаға қатысып, бағыңызды сынаңыз!


10 ПІКІРЛЕР

  1. Сәлеметсіз бе!Бастауыш сынып оқушылары қатыса алады ма,4 сынып?

  2. Cәлеметсіз бе! Бастауыш олимпиадасы мамыр айында өтеді. Дәл қазір жоғары сыныптарға өтіп жатыр

  3. егер бір мұғалмінің 15 оқушысы қатысқанда төлем құны əр оқушыға 500 теңге ме? заявка қалай жасалады? бірінші рет бұл олимпиада жайлы естіп отырмын.

  4. Олимпиада екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Ия, әр қатысушы жеке-жек почтамен тіркеліп, төлем жасайды. Төлем құны бір реттік тест — 500 тг. Оқушылары жоғары нәтиже көрсеткен қазақ тілі пән мұғаліміне «Үздік тіл маманы» номинациясы беріледі

  5. Бұл жетістіктер мұғалімдерге категорияға өткен кезде жетістік болып есептеле ме екен?

  6. Әрине, біздің сайттың мақтау қағаздары аттестациялауға жарамды. Мекеме құрамындағы екі сайт ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры сыйлығының жеңімпазы атанып, екі жыл қатарынан жылдың «ең үздік білім сайты» атанды. Астана қаласындағы Мемлекеттік тілдерді дамыту қоры біздің жобаларымызға қолдау білдіріп, өзара меморандум жасалды. Білім саласында жақсы қызмет көрсетуге тырысып, жылдан жылға жақсы нәтижеге жетіп келеміз. Жылдың соңында Озат мұғалімдер мен оқушылардың энциклопедиясын шығару жоспарлануда. Жұмыстарымыздың нәтижесін сайтта жариялап отыруға тырысып келеміз.

  7. Информатика пәнінен мұғалімдерге, оқушыларға арналған конкурстар болмайды ма?

  8. Сайтқа 23 жарияладық. Сол жерден қарап марапаттарыңызды жүктеп алсаңыздар болады

  9. Бұл конкурс енді қашан өтеді? Сурақтары қандай? Интернет арқылы өте ма?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ