ЕҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

0
15319

«Ізденіс жолы» жолы қоғамдық қоры мен «Мәртебе.kz» білім сайтының ұйымдастыруымен 2014-2015 оқу жылының  «Ең үздік 20 мұғалім» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. \r\n\r\n Байқауға қатысуға республиканың түкпір-түкпірінен 180-нен аса ұстаздар ұсыныс білдірді.  Байқаудың бірінші кезеңінде ұстаздар өздерінің сабақ беру жоспарларын «Мәртебе.kz» білім сайтына электронды нұсқасын жолдаса, екінші кезеңге  өткен ұстаздар бейнеролик түсіруде өз шеберліктерін байқап көрді. Сайысқа қатысушы ұстаздардың еңбегі  электронды дауыс арқылы бағаланып отырды. Байқауды қорытындылау барысында  Қызылорда қаласында «Білім қоғамы. Ақпараттық қолжетімділік: технологиялар, проблемалар, шешімдер» атты І республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізілді. Конференция  барысында жоғарғы оқу орындары мен мектеп мұғалімдері қазіргі білім берудегі әдіс тәсілдері жөнінде іс-тәжірибе алмасып, білім саласы төңірегінде профессор ғалымдар баяндама оқыды.\r\n\r\n20150518_124113\r\n\r\n \r\n\r\n«Жалпы қазіргі педагог мамандардың білім беруде өздерінің біліктілігін арттыру барысында және де саналы ұрпаққа сапалы білім беруде зор үлесін тигізу ұстаздар үшін мәртебелі іс. Сондықтан да осындай ізгі бастаманы бастап  республиканың үздік педагогтарын жұмылдыру елеулі еңбектің бірі»,- дейді  Ақтөбе өңірінен келген ұстаз Гүлсім Санаева.  Конференция соңы  «Ең үздік 20 мұғалім» республикалық байқауының марапаттау сәтіне ұласты. Өзінің шынайы білім беруде біліктілігін көрсете білген Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №127 мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оспанова Ғалия  байқаудың Гран-при жүлдесіне ие болса, біліктілігін байқата білген Арал ауданы, Қызылжар елді мекені №81 орта мектептің ұстазы Есенбаева Бағила 1 — орын иегері атанды.   Жүлделі  2 — орынды   үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруда елеулі еңбек сіңіріп жүрген Қызылорда медицина колледжінің мұғалімі Жунусова Қуанышкүл мен Семей қаласынан келген Баяхметова Шынарға табысталды.  Қарағанды облысы №30 орта мектептің құқықтану пәнінің мұғалімі Ахан Раушан, Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Дөңесова Гүлнұр және Шиелі ауданы №127 орта мектептің мұғалімі Әуез Бақыт сынды ұстаздар қауымына  қазылар алқасының шешімімен жүлделі 3 — орын бұйырды.  «Ең үздік 20 мұғалім» байқауының «Білікті ұстаз» номинациясымен Қызылорда қаласы №15 мектеп-лицейдің биология-химия пәні мұғалімі Қасымова Арайлым  марапатталса, «Ұлағатты ұстаз» номинациясына Ақтөбе қаласы №42 мектептің ұстазы Гүлсім Санаеваға табысталды.   «Шығармашыл ұстаз» номинациясы Аманжолова Жамиля,  «Үлгілі ұстаз» номинациясы Шиелі ауданы №46 мектеп-лицей мұғалімі Әбдіхалықова  Гүлнар,  «Ғылым жанашары» номинациясына Кембаева Фарида лайықты деп танылды. «Ең үздік 20 мұғалім» байқауының мәресіне жеткен ұстаздарға   «Мәртебе.kz» білім сайты жанынан құрылған, ғылыми-әдістемелік кеңесінің арнайы «Мәртебелі маман» төс белгісімен марапатталып, бағалы сыйлықтар үлестірілді. Айта кетейік бұл игі бастама 2015-2016 оқу жылында қыркүйек айынан бастап өз жалғасын табатын болады.\r\n\r\n      Е.ШӘРІБЕК


ПІКІР ҚАЛДЫРУ