Есімше тұлғаларының грамматикалық қызметі

0
9313

 \r\n\r\nЕтістіктің ерекше бір түріне жататын функционалдық тілдік бірлік ол –есімше. Қазақ тіл біліміне бұл терминді енгізген А.Байтұрсынұлы болатын [1, 251 б.]. Есімше және көсемше тұлғалары грамматикаға қатысты барлық еңбектерде сөз болады. Қазақ грамматикасын жаңаша қарастыруға тырысып, кейбір терминдерді басқаша атаған Қ.Жұбанов та «есімше», «көсемше» терминдерін А.Байтұрсынұлы терминдеріндегі қалдырған [2, 363 б.]. Содан бері жарияланған барлық грамматикаларда есімше етістіктің функционалды жұрнағы ретінде танылып келеді. Мәселен, 2002 жылы шыққан «Қазақ грамматикасында» есімшеге «етістіктің функциялық жұрнақтарының бірі» деген анықтама берілген. «Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және болымсыз, салт-сабақты болы -п бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады» [3, 591 б.].       \r\n\r\nЛингвистикалық сөздіктерде есімшеге берілген анықтамаларға көңіл аударайық: «Есімше (Perticipium) – зат пен субъектінің қимылымен байланысты белгісін білдіретін және анықтауыш (атрибут) ретінде қолданылатын етістіктің бейфинитті тұлғасы» [4, 297 б.]. Бұл – қос тілдік сөздіктегі анықтама.\r\n\r\n          Есімшеге қатысты бір анықтама: «Есімше – синтаксистің ерекше түрі. Сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс-әрекетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Екіншіден, бүтіндей басқа мәнді, басқаша қызметте, атап айтқанда, заттың сындық қасиетін, қатыстық белгісін білдіріп немесе заттанып, заттық мәнде жұмсалады» [5, 19 б.], – делінген.\r\n\r\nЕсімше туралы Дионистийдің грамматикасында сөз болады [4, 296 б.]. Соған қарағанда, олар көсемшелермен салыстырғанда көне болып табылады. Оның үстіне көптеген көсемшелер есімше негізді болып келеді. Яғни  грамматикалық ілімнің қалыптасып даму барысында есімшелердің жеке сөз табы ретінде қаралуы заңды ғой деп ойлаймыз.\r\n\r\nА.Салқынбайдың лингвистикалық сөздігінде есімше былайша сипатталған: «Есімше – есім белгісін білдіретін іс әрекетпен байланысты болатын етістіктің финит емес тұлғасы» [6, 82 б.].\r\n\r\n         Ғ.Қалиев шығарған іргелі лингвистикалық сөздікте есімшеге берілген анықтама жоғарыдағылардан өзгеше: «Есімше – қимыл, іс-әрекетті заттың белгісі, сипаты түрінде білдіретін етістік тұлғасы. Есімшеде есімнің де, етістіктің де қасиеті бар. Оның есімге тән қасиеті есімдерше (мыс., сын есімше) түрленіп, сөйлемнің барлық мүшесі бола алатындығынан көрінсе, етістікке тән қасиеті шақтық мәнді білдіретінінен байқалады» [7, 115 б.].\r\n\r\n          Байқап отырғанымыздай, қазақ тіл біліміне қатысты негізгі деген 4-5 ғылыми еңбекте есімшеге деген анықтама түрлі-түрлі. Бір анықтамада есімшенің анықтауыштық мағынасына назар аударылса, бір анықтамада бірліктің баяндауыштық (шақтық) мағынасына басымдылық берілген. Тіл жүйесіндегі есімшенің жұмсалу ауқымын бір анықтамаға сыйдыру, әрине, мүмкін емес. Анықтама тілдік тұлғаның негізгі мағыналарын ғана қамтиды. Есімшелердің жоғарыда көрсетілген мағыналарынан өзге тіл жүйесінде бірнеше қызметтері бар екендігі анық. Біз жұмысымызда осы мәселелерді толық қарастыруға ұмтылдық. Анықтама қысқа нақты болса, оған қойылған терминнің берер ақпараты одан да қысқа болып келеді. Мәселен, көсемшені арнайы қарастырған Б.Қапалбеков бұл термин жөнінде былай дейді: «Көсемше дегенде А.Байтұрсынұлы жеке тұрып атауыштық қызмет атқара алатын ұқсас формамен бүркеп, үстеу сөзді термин еткендігі байқалады. Есімше де осы ізбен туған А.Байтұрсынұлы оған «есімше дейтін есім сияқты айтылатын етістіктің түрі»  деген анықтама береді. Ғалым етістіктің функционалдық екі түрін көсемше және есімше деп атаған.  Көсемшелер формалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан, тиянақтаушы етістіксіз айтылмай өзі үнемі көсемдер сияқты, көсемше соның алдында тұрады. Етістіктің функционалды екі түрінің есімше, көсемше аталуы құрылымдық жағынан бірдей болғанмен, ұғымдық белгіге сүйенуі басқа-басқа. Есімше ішкі лингвистикалық ұғымға сүйеніп жасалған болса, көсемше сыртқы құбылыстық ұқсастыққа сүйеніп жасалған. Осыған байланысты қазіргі қазақ тіл білімінде есімше есімдік қасиетінің (әсіресе, сын есімдік) молдығынан есімше аталғандықтан, көсемшені де үстеуше деп айтайық дейтін ұсыныстар бар» [8, 29 б.].\r\n\r\n          Есімшелер – есімдер мен етістіктің қасиетін бірдей иеленген тілдік құрал. Олар есімдерше септеледі, тәуелденеді және көптеледі. Сондай-ақ сын есімдердің орнына да қызмет атқарып, сөйлемде анықтауыш болады. Осы ерекшелігін ескеріп, А.Байтұрсынұлы бұл тілдік бірлікті есімше (есім сияқты) деп атаған. Бұл да, жоғарыда айтқандай, үстеу сөз табының атау сөз ретінде қолданылуының бір көрінісі. Есімшеде етістіктің қасиеті молдау. Өйткені бұл тілдік тұлғаның табиғаты етістік А.Байтұрсынұлы есімге ұқсас қызмет атқарғандықтан есімше деп атаған. Бұндағы  үстеудің мағынасын тереңірек түсіну қажет. -ше жұрнағы зат есімнің кішірейткіш жұрнағы емес, зат есімнен үстеу тудыратын жұрнақ. Сондықтан ше тұлғалы сөз зат есім болса, сол заттың өзі (кішірейген түрі) болады да, үстеу сөз болса, соған ұқсас қызмет атқарады, соларша жұмсалады деген мағынаны береді. Сонымен есімшелердің көсемшелерден өзгешелігі – бұл тілдік тұлғалар екі жақты. Олар тіл жүйесінде есімдерше де және өзінің шыққан негізі етістіктерше де жұмсала алады. Есімшелер шақ, етіс тұлғаларының болымды-болымсыз түрлерінде жұмсалына алады, сонымен қатар етістіктердің жанама септікті сөздерді меңгергіш қасиеті мен предикаттық қызметте жұмсалғыш қалпын да сақтаған. Яғни есімшелер де предикаттық қызметте жұмсалып, шақ мағынасын жасауға қатысады және олар да көсемшелер сияқты пысықтауыштық қызмет атқара алады.\r\n\r\n         Есімшелер деңгейлік грамматикада біршама қарастырылған. Мәселен, Т.Ерғалиевтің «Қазақ тіліндегі есімше категориясы» атты еңбегінде есімшелердің жалпы түркі тілінде зерттелуі (І тарау); сөз категориялары ішінде алатын орны (ІІ тарау); морфологиялық функциясы (ІІІ тарау);  жай сөйлемдегі қызметі (ІV тарау) сөз болады. Еңбек 1958 жылы жарық көрген. Біздің ойымызша қазіргі қазақ тіліндегі есімшелер қазіргі ғылымның дамуы тұрғысынан қайта қаралуы тиіс. Біріншіден тіл дамиды, аталған тұлғалардың арнайы зерттеу нысаны болғанына жарты ғасыр болды. Екіншіден ғылым дамиды, зерттеудің, талдаудың жаңа әдіс-тәсілдері пайда болады. Біздің бұған қайта оралып отырғанымыз сондықтан.\r\n\r\n         Есімше тұлғалары арнайы қарастырылмаса да, оның күрделі құрылымдар жасау қызметі жөнінде Қ.Есеновтің және Р.Өмірбекованың еңбектерінде сөз етілген. Біздің мақсатымыз бүгінгі ғылымның даму деңгейі тұрғысынан есімше тұлғаларын олардың тіл жүйесіндегі барлық жұмсалымын, яғни жұмсалымнан шығатын мағыналардың, оларды өзара байланыстыратын тіл жүйесіндегі негізгі заңдылықтардың бірі парадигмалық және синтагмалық қатынастар тұрғысынан қарастыру болып табылады. \r\n\r\nЕтістік мәселесі сөз болған барлық еңбектерде есімшелер туралы айтылмай тұрмайды. Өйткені көсемше мен есімше тұлғалары етістіктің функционалды жұрнақтары болып табылады. Олардың басты айырмашылықтары:\r\n

    \r\n

  1. Көсемше – етістіктің бір түрі ретінде жанама қимылды білдіріп, негізгі етістікті сипаттайды. Бұл – көсемшенің табиғатына тән түп негізгі (первичные) қызметі мен мағынасы, бірақ көсемше тілдің дамуының нәтижесінде өзіне басқа да түрлі мағына мен қызметтерді қосып алған. Осыдан оның мағынасы да, қызметі де кеңіген. Олар – көсемшенің кейінгі (вторичные) мағыналары мен қызметтері. Көсемшенің қосымша қызметі деп күрделі етістік жасау, аналитикалық формант құрау, шақ, оралым, бағынынқы сөйлемнің баяндауышы болу қызметтерін айтамыз. Нағыз көсемше жанама қимылды білдіріп, негізгі қимылды сипаттайды. Негізгі қимылды сипаттау оның ең негізгі мағынасы болып саналады. Көсемше негізгі етістікті сипаттап қолданылғанда, қалай? қайтіп? деген сұрақтарға жауап беріп қимылдың қандай тәсілдер арқылы жасалуын білдіретін амал пысықтауыш қызметін атқарады, көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын, тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық қызмет атқарумен қоса, барлығы бір дәрежеде бір мүшеге қатысты болатын және салаласа байланысып, бір-біріне бағынбай тұратын бірыңғай баяндауыштарды жасауға қатысады. Сондай-ақ көсемше жұрнақтары құрмалас сөйлем жасауға белсене қатысады. Көсемшелер шақ мағынасын жасауға қатысады және т.б. Сондай-ақ көсемше тұлғалары формалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жасауға негіз болады [8, 12 б.].
  2. \r\n

  3. Ал есімшелердің тіл жүйесіндегі жұмсалымы көсемшелердікінен өзгеше. Етістіктің функциялық формаларының бірі ретінде есімшелер кейде зат есімді анықтап, шақты білдіретін мағынасын жоғалтып, тұрақты сапаны білдіріп кетеді. Олар түрленгенде есімдерше көптеледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағыналарға ие болады да, әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді. Бірақ есімшелердің етістік негізді екендігін табиғаты етістіктікі екендігін дәлелдейтін дерек көп. Мысалы, ақ шаш пен ағарған шаш деген тіркестердің екеуі де анықтауыштық қатынасты білдіріп тұр. Бірақ қимылға қатысы жағынан келгенде екі тіркестің мағыналары ерекшеленеді. Таза сапалық сын есім арқылы болған анықтауыштық қатынас тұрақты сапаны білдіреді: ақ шаш, көк шөп және т.б. Ал есімше негізгі сын есімдер белгілі бір процестің аяқталғандығын соның нәтижесін көрсетіп тұрады: ағарған шаш, көгерген шөп және т.б. Қимылдың өту сипаты тұрғысынан келгенде аяқталған әрекеттің көрінісін береді: Шөп көгереді → шөп көгеріп келе жатыр → шөп көгерді → шөп көгерген → көгерген шөп. Бұдан біз есімше тұлғаларының есімдерше қолданысында да әрекет мәні сақталатындығын байқаймыз.
  4. \r\n

\r\n         Салттылық, сабақтылық – таза етістікке тән категория. Қазақ тіліндегі салт-сабақты етістіктер түбірмен «біте қайнасып» бірігіп жатыр. Етістіктің синтаксистік қызмет атқарумен байланысты, сөйлемнің объектісі болу-болмауына орай сабақты етістік пен салт етістік категориялары бұрыннан бері бөлініп келеді. Етістіктің салттылық сабақтылық семантикалық түрлік ерекшеліктері зат есімнің жалпы есім-жалқы есім, адамға байланысты зат, адамнан басқа атауларға байланысты зат (адам және ғалам), сын есімнің сапалық-қатыстық түрлеріне ұқсас. Етістік жалпы грамматикалық мағынасы жағынан нені білдірсе де қандай тұлғада тұрса да я сабақты, я салт мәнді білдіріп тұрады. Яғни есімше формалары етістіктің салт-сабақтылық мағынасын сақтайды.\r\n\r\n         Есімше -ған (-ген, -қан,-кен), -ар (-ер, -р, -с), -атын (-етін, -итын, -йтын), -ушы (-уші), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формалары да, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жұрнақтары жалғанбайды. Өйткені ол жұрнақтар есімшелермен функционалдық парадигма құрайды.\r\n\r\n         Есімше жұрнақтарының қызметі өзі жалғанған етістіктің негізгі мағынасын өзгертпей, заттың қимыл-әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау. Мысалы: жар – қимыл-әрекетті білдіретін етістік, ал жарған (ағаш), жаратын (отын), жарушы (бала) – заттың қимыл нәтижесімен аңғартылған белгісі.\r\n\r\n         Есімше жіктеледі, бірақ жіктелудің үлгілерінің ішінде етістіктерше емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады [3, 531 б.].\r\n\r\n         Қазақ тілінде жіктелудің бес үлгісі бар. Бірдей үлгіде жіктелетін сөздердің лексика-грамматикалық сипаты бірдей болмайды және олардың шақтық мағынасы да әркелкі болып келеді. Бұл жерден де есімше мен көсемшенің ерекшеліктерін анық байқауға болады. Мәселен, көсемшелер жіктелгенде бірдей үлгіде болғанымен бірі (-а, -е, -й) ауыспалы келер шақты, бірі (-п, -ып, -п) өткен шақты білдіреді. Есімшелер де солай бірде келер, бірде өткен шақты білдіреді. Жалпы көсемше тұлғалары жіктелетіндер және жіктелмейтіндер деп бөлінеді [8, 38 б.]. Кестеге назар аударайық:\r\n\r\n \r\n\r\n         1-кесте. Көсемшелердің жұмсалу әдісі\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Жұмсалу өрісіне қарай Күрделі етістік жасау Пысықтауыш болу Бірыңғай баяндауыш жасау Күрделенген сөйлем жасау Құрмалас сөйлем жасау
Шаққа қатысына қарай
жіктелетіндер -а; -п -а; -п -п -а; -п -а; -п
жіктелмейтіндер -ғалы -ғалы\r\n\r\n-ғанша\r\n\r\n-мастан\r\n\r\n-ысымен\r\n\r\n-майынша -ғалы\r\n\r\n-ғанша\r\n\r\n-мастан\r\n\r\n-ысымен\r\n\r\n-майынша -ғалы\r\n\r\n-ғанша\r\n\r\n-мастан\r\n\r\n-ысымен\r\n\r\n 

\r\n \r\n\r\nЕсімшелер де бірдей үлгімен жіктелгенімен әр шақты білдіріп отырады. ар, —ерр  болжалды келер шақ, ғанген өткен шақ және т.б. бірақ олар көсемшелер сияқты жіктелетіндер және жіктелмейтіндер болып бөлінбейеді.\r\n\r\nЖоғарыдағы кестеде көрсетілген көсемшелердің жіктелмейтін түрлеріне морфологиялық талдау жасау оңай. Көсемшелік сипаты қаншалықты басым болғанымен де ғалы тұлғасынан өзгесінің морфологиялық құрамында есімшелер анық көрініп тұр.\r\n\r\nғанша (есімше + қызметтік (функциялық) жұрнақ)\r\n\r\nмастан (болымсыз етіс + есімше + шығыс септік)\r\n\r\nысымен (қимыл есім + тәу. ІІІ жағы + көмектес септік)\r\n\r\nмайынша (болымсыз етістік + көсемше + дәнекер + қызметтік жұрнақ).\r\n\r\n         Есімшелер есім сөздермен бірдей үлгіде жіктеледі де, үшінші жақта нөлдік тұлғада тұрады. Ал көсемшелер үшінші жақта жіктік жалғауын жалғап тиянақталады. \r\n\r\n         Қазақ тілінде есімшелер сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқарады. Есімшелердің сөйлемдегі қызметі олардың тұлғалық өзгерістеріне және сөйлемдегі орнына байланысты болады. Мына кестеге назар аударайық:\r\n\r\n \r\n\r\n2-кесте. Есімшелердің сөйлемдегі қызметі\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Сөйлемдегі қызметі\r\n\r\n  Тұлғалануы Сөйлемдегі орны
Бастауыш\r\n\r\n  атау, (жай, тәуелді, көпше) ілік\r\n\r\n  Зат есімнің орнында келгенде
 \r\n\r\nАнықтауыш\r\n\r\n   \r\n\r\nатау, ілік\r\n\r\n   \r\n\r\nАнықталушы сөздің алдында\r\n\r\n 
 \r\n\r\nБаяндауыш\r\n\r\n   \r\n\r\nатау, жіктік\r\n\r\n   \r\n\r\nСөйлемнің соңында\r\n\r\n 
 \r\n\r\nТолықтауыш\r\n\r\n   \r\n\r\nСептеулі  \r\n\r\nМеңгерген сөздің алдында
 \r\n\r\nПысықтауыш\r\n\r\n   \r\n\r\nжатыс, барыс, шығыс септік, демеулікті, туынды, атау\r\n\r\n(-дай, -дей)  \r\n\r\nБайланысқан сөзінің, етістіктің алдында 

\r\n \r\n\r\nСөздердің сөйлемдегі орын тәртібі олардың қандай сөйлем мүшесі екендігін білдіреді және де грамматикалық мағына білдіруде де септігі болады.  Сөз түрлендіруші тұлғалары жоқ немесе өте аз тілдерде сөздердің орын тәртібінің мәні, грамматикалық мағына білдіруде, айрықша болып табылады. Мәселен, қытай және ағылшын тілдерінде сөздердің орын тәртібі басты грамматикалық тәсілдердің біріне саналады. Айталық, Әкесі баласын жақсы көреді деген сөйлемді қазақ тілінде Баласын әкесі жақсы көреді деп орындарын өзгерткенмен ешқандай грамматикалық өзгеріс болмайды. Ал ағылшын тілінде бастауыш пен толықтауыштың орнын ауыстырсақ, қызметтері де ауысып кетеді екен: The father laves the Sоn – The Sоn laves the father.\r\n\r\n         Қазақ тілінің морфологиялық жүйесі күрделі, көрсеткіштерге өте бай. Десек те сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің мәнін жоққа шығаруға болмайды. Есімше тұлғалы анықтауыш қазақ сөйлемінде міндетті түрде анықталатын сөздің алдында тұрмаса баяндауыш қызметін атқарып кететіндігі белгілі жайт. Бұл арнайы әр жұмсалымға қатысты морфологиялық көрсеткіштің жоқтығына байланысты: Ағарған шашШаш ағарған. Әр жұмсалымның өзіндік грамматикалық көрсеткіші болса, бұлай болмас еді.\r\n\r\n         Осыған ұқсас құрылысты индонезия тілінде де кездестіруге болады: ruman begah деген тіркестің мағынасы «үлкен үй» болса, begah ruman тіркесі «үйдің аумағы» деген мағына білдіреді. Морфологиялық көрсеткіші бар тілдік тұлғаларға сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі стилдік мән бермесе еш әсер етпейтіндігін байқаймыз. Осыған орай есімшелердің әртүрлі грамматикалық формаларда тұру мүмкіндігі бар. Кестеде көрсетілгендей, зат есімнің орнына жүргенде, яғни бастауыш қызметін атқарғанда көптеледі, тәуелденеді. Толықтауыш қызметінде тұрып септеледі, ал баяндауыш қызметінде тұрып жіктеледі. Бұлар – есімшелердің жай сөйлем деңгейлеріндегі тұлғалануы ғана. Құрмалас сөйлем деңгейінде түрлі септік тұлғаларында тұрумен қатар функциялық  жұрнақтарды жалғап бағыныңқы формаға айналып отыратындығы тағы бар. Осының бәрі есімше тұлғаларының жұмсалу мүмкіндігін байқатады. Қанша тұлға болса, сонша жұмсалым, сонша мағына болады. Есімшелердің есімдерше де, етістіктерше де тұлғалана алуы оларды тіл жүйесіндегі ең белсенді жұрнақтардың қатарына қосады. Әр мағынаға бір-бір грамматикалық көрсеткіш болу міндетті емес. Бір тұлғаның өзі бірнеше мағынада келе беруі мүмкін. Мәселен, бір тұлғаның сындық мағынасы мен заттық мағынасы бірдей қалыптаспаған. Сапалық сын есімдердің семантикасын арнайы қарастырған Ә.Ақкөзовтың айтуынша, сындық мағына заттық мағынадан кейін пайда болған [9, 48 б.]. Сын есім қызметінде тұрғанда есімше атау тұлғада тұрады: көгерген шөп, ағарған шаш. Ал етістік қызметінде жұмсалғанда, жіктіктің үшінші жағы, нөлдік тұлғада тұрады, бірақ екі қолданысы, сырт қарағанда, омоним болып келеді. Үңіле қарағанда бұлардың екеуі екі түрлі тұлға, екі түрлі қолданыс екендігіне көз жеткізесіз. Нөлдік тұлға мен атау септіктің ерекшеленер тұсы осы.\r\n\r\nЕсімшенің ған (-ген, —қан, —кен), —ар (-ер, —р, —с), —атын (-етін, —йтын,-йтін), —ушы (-уші), —мақ (-мек, —бақ, —бек, —пақ, —пек) жұрнақтарының тіл жүйесінде барлығы бірдей дәрежеде жұмсалына алмайды. Бірі актив қолданса, бірі пассив қолданылады. Мұндай құбылыс есімшелерге ғана тән емес, көсемшелердің де барлығы бірдей күрделі етістік жасап, баяндауыш тұлғасында жіктеле жұмсалынып, пысықтауыштық қызмет атқарып немесе құрмалас сөйлем жасай алмауы мүмкін. Көсемшені зерттеген ғалымдар оның жұмсалымдық сипатын былай анықтайды [8, 29 б.]:\r\n\r\n \r\n\r\n3-кесте. Көсемшенің жіктелуі\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Шаққа қатысына қарай Жіктелетіндер Жіктелмейтіндер
\r\n

Жұмсалу өрісіне қарай

\r\n

-а, -е, -п -ғалы, -ғанша, -ғандай,-мастан,-ысымен, -майынша\r\n\r\n 
Күрделі етістік жасау +
Пысықтауыш болу + +
Бірыңғай баяндауыш жасау +
Күрделенген сөйлем жасау + +
Құрмалас сөйлем жасау + +

\r\n \r\n\r\nБайқап отырғанымыздай, бір категория жұрнақтарының жұмсалыну ерекшеліктері әр түрлі. Бірінің ауқымы кең, бірінің ауқымы тар. Осы айтылғандарды ескере отырып біз есімше тұлғаларының тіл жүйесіндегі жұмсалыну парадигмасын анықтауға тырыстық.\r\n\r\n         Тіл жүйесінде парадигмалық және синтагмалық қатынас болатындығы белгілі. Танылған бір заңдылық, алдымен, тіл деңгейлерінің біріне қатысты қолданылады да, бірте-бірте басқа деңгейлерге өтіп отырады. «Парадигма» ұғымы да тіл білімінде алдымен лексикаға қатысты қолданылған болатын. Швейцар ғалымы Фердинанд де Соссюр белгілі бір лексема мағыналарының синтагмалық және парадигмалық қатынасы болатындығын көрсеткен [10, 155 б.]. Ғалымның көрсеткендей, синтагмалық қатынас тек сөзге ғана емес сөйлемге де қатысты болып келеді. Жалпы тармақтық (парадигмалық) және тізбектік (синтагмалық) қатынастар тіл жүйесіндегі негізгі заңдылықтардың біріне саналады. Ол тіл жүйесіне қатысты болғандықтан, ондағы тілдік бірліктердің де барлығына қатысты болады. Қазақ тіл білімінде көсемшелердің жұмсалымынан шығатын грамматикалық мағыналардың парадигмалық және синтагмалық қатары болатындығы дәлелденген [11, 43 б.]. Тіл жүйесіндегі барлық тілдік бірліктер бір-бірімен тармақтық және тізбектік қатынаста тұрады. Етістіктің функциялық формасы болып табылатын есімшелердің де тіл жүйесінде ондаған жұмсалымы болады. Олар бір-бірімен тармақтық және тізбектік қатынаста болады. Мәселен, тиянақсыз тұлғада тұрған есімшелердің сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін жасау қызметі мен күрделі құрылымдардың сыңарларын құрмаластыру қызметі өте ұқсас болып келеді. Бірақ олар дәстүрлі грамматикада тілдің деңгейлік сипатына байланысты бір-біріне байланыссыз қарастырылады. Тілді бір-бірімен байланысып жатқан деңгейлік жүйе деп танитын болсақ, ол сол мағыналардың байланысына негізделеді. Біз қарастырып отырған есімше тұлғаларының жалпы мағынасы мен оған қоса қосымша мағыналары болады. Аталған тұлғаның сөйлеу кезіндегі жұмсалымнан шығатын мағыналары бір-бірімен  тармақтық немесе тізбектік қатынаста болады. Біздің алдағы мақсатымыз – осы қатынастарды анықтау.\r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер:\r\n\r\n \r\n\r\n1 Байтұрсынұлы А. Тіл тағлымы.  –Алматы, 1992. –444 б.\r\n\r\n2 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы, 1999. –581 б.\r\n\r\n3 Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002. –783 б.\r\n\r\n4 Словарь по языкознанию. –Алматы, 1998. –540 б.\r\n\r\n5 Қазақ тілі (энциклопедия). –Алматы, 1998. –508 б.\r\n\r\n6 Салқынбай А. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –Алматы, 1998. –301 б.\r\n\r\n7 Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. –Алматы, 2005.   –439 б.\r\n\r\n8 Қапалбеков Б. Көсемшелердің жұмсалу өрісі. –Алматы, 2006. –161 б.\r\n\r\n9 Ақкөзов Ә. Сапалық сын есімдердің семантикасы. –Алматы, 2005. –166 б.\r\n\r\n10 Фердинанд де Соссюр. Труды по языкознанию. –Москва, 1977. 695 с.\r\n\r\n11 Қапалбеков Б. Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы мен мағыналық түрлері. Филол.ғылым.канд.дисс. –Алматы, 2000.  150 б.\r\n\r\n12 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1991. –381 б.\r\n\r\n13 Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. –Алматы, 1971. –307 б.\r\n\r\n14 Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казах-киргизского языка.Часть І, изд. 1894 г., –Санк-Петербург. – 154 с.\r\n\r\n15 Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы. –Алматы, 1958. –80 б.\r\n\r\n16 Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. –Алматы, 1959. –176 б.\r\n\r\n17 Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1966. –183 б.\r\n\r\n18 Оразов М. Етістік. –Алматы, 2001. –385 б.\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ