Фразеологизмдер топтамасы (Тұрақты сөз тіркестері) 1-бөлім

0
42227

Фразеологизм (тұрақты сөз тіркесі) — семантикалық (ішкі мағыналық) жағынан бір-бірімен байланысқан сөз тіркестерімен сөйлемдердің ортақ атауы.  Martebe.kz ақпараттық білім порталы назарларыңызға бір мағына беретін бірнеше тұрақты тіркестерді ұсынады.

«Фразеологизм» термині әртүрлі типтегі бірнеше тіркестерді камтиды. Олар: атауыш қызметінде қолданылатын идиомалар (ізін суытпай, ақ қарға) ауыз әдебиетінде қалыптасқан мақалдар мен мәтелдер және жеке адамдардың авторлық немесе белгісіз әдеби шығармалардан алынған, немесе ауызша айтылған қысқа нұсқалы нақыл сөздер.

«ТЕЗ», «ШАПШАҢДЫҚ» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

(іс, әрекет жағдайдың жылдамдығы туралы)

Апшысын қуыру

Ауыз жиғанша (жимай жатып)

Аяқ астынан * (кенеттен)

Аяқ қолы жерге тимеу

Ә  –а- дегенше

Әні-міне дегенше

Әйт дегенде

Әп сәттің арасында

Бол-болдың астына алу * (асықтыру)

Дем (сәтте) арасында

Ел көшті, жау жетті* (асықтыру)

Жоқ жерден

Жұлдыздай  (сынаптай), (оқтай) ағу

Жұлып алғандай

Көз ілеспеу

Көзді ашып жұмғанша* (кенеттен)

Күтпеген жерден

Кірпігін айқастырғанша

Қабақ (кірпік) қаққанша* (кенеттен)

Қабақ қақпай* (кенеттен)

Қара құйындай (өте шығу)

Қас қағымда

Қас пен көздің арасында

Қолды -аяққа тигізбеу

Қолма-қол

Лып еткізу

Ойда жоқта

Ойламаған жерден

Салып ұрып

Сол-ақ екен

Сол сәтте (бойда) мезетте

Тізгін ұшымен

Үш ұйықтаса ойында жоқ  (кенеттен)

Ізі суымау

«КЕНЕТТЕН» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

(іс-әрекет, оқиғаның кенеттен болуы)

Ақай жоқ, тоқай жоқ

Аяқ астынан

Әй-шайға қарамау

Жоқ жерден

Күтпеген жерден

Ойда жоқта

Ойламаған жерден

Сайтанның сапалағындай сап ете қалу

Сау (сап ете түсу), (қалу)

Төбеден түскендей

Тілге келмеу* (өліп кету)

Үш ұйықтаса ойында жоқ

«СӘТІ ТҮСУ» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Абырой болғанда

Зәуімен келу

Құланның қасынуына мылтықтың басылуы

Сұрғанға тілеген

Іздегенге сұраған

«КҮНІ БОЙЫ» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Ертеден қара кешке дейін

Күн ұзақ

Ұзынды күн

«ЖАҚЫН ЖЕР» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер 

(салыстырмалы ара қашықтық)

Бөрік тастам жер

Бір қадам

Иек артым жер

Иек астында

Қамшы салым жер

Қарға адым жер

Қарыс аттам жер

Қозы көгеніндей жер

Қол созым

Оқ жетер жер

Сідік шаптырым жер (дөрекі)

Таяқ тастам жер

 

«АЛЫС ЖЕР» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

(салыстырмалы қашықтық)

Адам аяғы баспаған

Айшылық жер

Жер мен көктің арасындай

Жер мойны қашық

Жер түбі

Жеті дарияның ар жағы

Жеті қабат жер асты

Жеті қабат тау үсті

Жеті қырдың асты

Ит арқасы қиянда

Ит жеккен жер

Ит өлген жер

Көз көрмес, құлақ естімес жер

Қиыр шеті

Қиырдың қиыры

Су аяғы құрдым

Түйенің тұяғы (түскен) түсетін жер

«ҚАЛЫҢ» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Адам аяғы баспаған жер* (қашықтық)

Адам өтпес, аң өтпес

Ат құлағы көрінбеу

Ит тұмсығы батпайтын жер

«ТЫНЫШТЫҚ» (сәті) мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Аспандағы құс ұшуын, жел есуін тоқтату

Құлаққа ұрған танадай

Сілтідей тыну

Тырс етпеу

Шыбынның ұшқыны естіліп тұру

«ТУҒАН ЖЕР» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Ата мекен

Кіндік кесіп, кір жуған жер

Кіндік қаны тамған жер

Қара орман

«ДАЛА» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Байтақ дала

Елсіз құла дүз

Ен дала

Қу медиен дала

Құлазыған қу дала

Құлан жортпас қу дала

Мидай дала

«БИІКТІК» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Аспанмен таласу

Көкпен тілдесу

Тақия жерге түспеу* (тар жер)

Шырқау биік

«АЗАЮ», «ТАУСЫЛУ» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Жер теңгедей, аспан тебінгідей болғанда (фольклор)

Темір етіктен теңгедей, темір таяқтан тебен дей қалғанда (фольклор), (көп жүріп шаршағанда айтылады)

 

«ӨТЕ КӨП», «МОЛ» (заттың көптігі) мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Ат көпір

Аузы мұрнынан шығу

Аяқ алып жүргісіз

Бықып жату

Бырдай болып жату

Есеп жоқ

Жыртылып айырылу

Иттен де көп

Құмырсқадай құжынау

«ОРЫН ЖОҚ» (тар жер, бос орын болмау) мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Ине шаншар жер жоқ

Қан базар (ығы-жығы, адамның көптігі)

Тастаған тақия жерге түспеу

 

«КӨП» (адам, әскер) мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Жер қайысу

Қара құрымдай (қаптау)

Қара нөпір

Қисабына көз жетпеу

Қисап жоқ* (көп)

Құмырсқадай қаптау

Самсаған сары қол

«КЕҢ МОЛ» (салыстыру) мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Жерден пішіп алғандай* (шеберлік)

Молдан ойып алғандай

«АЗ» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Ат төбеліндей

Бір түйір

Бір уыс

Бір шайнам

Бір үзім

Жоқтың қасы

Жұмырына жұқ болмау  (тамақ)

Қасқалдақтың қанындай * (тапшы зат)

Саусақпен санарықтай

«ҚЫМБАТ» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Атасының құнын сұрау

Бағасы аспандап тұру

Бағасы удай

Бағасы күйіп тұру

«АРЗАН» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Айтуға тұрмау

Арзан алдап соғар

Арзанның бояуы тез оңар

Бес тиынға тұрмау

Жілігі татымау

Жылап кету

Су тегін

 

«КЕШКІ УАҚЫТ», «ЫМЫРТ» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Ақ пен қызыл арасында

Апақ-сапақта

Екі кештің арасында

Ел орынға отыра

Кешкі зауал шақ

Көз байланар, байланбаста

Көз байанған кез

Күн ұясына кіру  (кірерде)

Қара көлеңке

Қараңғы түсу

Қас қарайғанда

Қызыл іңірде

Шам жамырау

Ымырт қараңғысы

Ымырт жабылу

Іңір қараңғылығында

«ҚАРАҢҒЫ ТҮН» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Ай қараңғы

Жеті қараңғы түн

Көзге түртсе көрінбейтін

Көрдей қараңғы

«ТАҢ АТУ» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

Ала таңда

Құлқын сәріде

Таң алагеуімде

Таң ата

Таң белдеуленіп атып келе жатқанда

Таң бозарғанда

Таң  (білінерде) білінер білінбесте

Таң құлан иектенгенде

Таң қылаң бергенде

Таң сазарып атқанда  (сарғайғанда)

Таң сәріде

Таң сыз <саз> бергенде

 

Ұсынған: Алима Ғалымова

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің магистрі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ