Голландияның сіз білмейтін таң қаларлық 6 құпиясы

0
1385

Әлемде қанша мемлекет болса, соншама қызық бар. Біз әңгімелегелі отырған қызғалдақтар елінің немен ерекшеленетінін білесіз бе? Білмесеңіз, мына деректерді оқып көріңіз деп жазады

1. Голландия үйсіз-күйсіз қаңғырған иттері жоқ бірден-бір мемлекет

Бұл қатал заң жан-жануарларға жабайы қарым-қатынас жасамауға әкелді.

2. Бұл елде күн батареялары бар велосипедшілерге арнайы жол салынған

Мұндай жол қаланы энергиямен қамтамасыз етеді.

3. Электромобильдерді қуаттау бекеттері әр 50 метр сайын кездеседі

Елдің мықты делінген бір тұсы осы – орнықты мобильдер. Ел билігі біртіндеп жанармаймен жүретін көліктерге шектеу қоймақ. Бар болғаны 8 жыл ішінде 2025 жылға қарай голланд билігі бензинмен, дизельмен жүретін көліктерге толықтай шектеу қоюды жоспарлап отыр.

4. Голландияда ешкім автокөлікпен жүрмейтін қала бар

Хаутен қаласы әлемдегі ең қауіпсіз орын болып есептеледі. 1980 жылдардың басында қаланың 4000 тұрғыны стратегиялық шешім қабылдады. Олар халықты велосипедпен жүруге ынталандырды. Күтпеген жерден қаланың барлық тұрғыны велосипедпен жүруді әдетке айналдырды.

5. Елде қылмыскерлердің жоқ болуы себепті түрмелер жабылу үстінде

Бұл мемлекетте әуелден қылмыс жасау деңгейі өте төмен деңгейде. 2009 жылы қылмыскерлердің жетіпеушілігінен 19 түрме жабылған болатын. Соңғы берілген ақпараттар бойынша елдегі 100 000 адамның 163-і ғана қылмыскер екен.

6. Сонымен бірге бұл елде орманды мекен еткен хайуанаттарға арналған көпір бар екен

Мемлекеттің тағы бір ерекшелігі һәм ел билігінің маңызды тапсырмаларының бірі – жабайы хайуанаттарды қорғау. Тіпті жан-жануарлар көлік жүретін жолдан қауіп-қатерсіз аман өтуін қадағалайды. Оларға арнап орманның бірінші бетінен келесі бетіне өту үшін бірнеше көпір салған.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ