Графикалық өнер маманымен сұхбат

0
662
Иллюстрация: Freepik.com

                                Графикалық өнер маманынан сұхбат                                            Азиза Жұмабек бүгінде бірнеше инстаграм парақшасының графикалық дизайнері. 22 жастағы Азизаның негізгі мамандығы — айти маманы. Графикалық өнермен тек хобби ретінде айналысатын. Қазір айти жұмысынан бөлек, графикалық өнер қосымша табыс көзіне айналған. Азизаның пікірінше, қазіргі цифрлы заманда өз қызығушылығыңызды табыс көзіне айналдыру мүмкіндігі бар.  Ол үшін не істеу керек? Графикалық дизайнер болу үшін неден бастау керек?                                                                    —Графикалық өнерді игеру үшін ең алдымен базалық білімді бере алатын мұғалім табу керек. Сіз базалық білімді игеріп болған соң ары қарай өзіңіздің фантазияңызға қарап түрлі сурет, бейнелер жасай аласыз. Және оның нәтижесін көргіңіз келсе міндетті түрде тәжірибе мен сабыр қажет. Әрдайым практика жасап, қолды жаттықтыру қажет. Ең бастысы бастаған затты аяғына дейін жеткізу. Және графикалық бейнелер жасауды үйрену үшін сізде міндетті түрде компьютер керек болады. Оған мұғалім кеңесімен түрлі программалар жүктеп, сол арқылы еңбек ете бересіз.                            —Графикалық өнерді игеруде қандай қиындықтар болды?                                «Мүмкін, қоя саламын. Басқалар жасағандай әдемі емес» деген ойлар маза бермейді кейде. Сол ойдың жетегімен бастаған істі аяғына жеткізу қиынға соғады. Сондықтан айтарым, ең бастысы өздеріңізге сеніңіздер. Осы іс сізге ұнайды ма? Шабыт береді ме? Олай болса басқалардың жұмысына қарамай, өзіңізді шыңдай беріңіз. Өз басымда болған тағы бір қиындық — ол әрдайым компьютермен жұмыс жасау. Ұзақ уақыт бір орында отыра бергендіктен бұлшық еттер ауырып, көзіңіз бұлыңғыр көре бастайды. Сондықтан денсауылығыңызға кері әсер тигізіп алмас үшін жаттығу жасауды және көзілдірік киюді ұсынар едім.                                                                                       Графикалық дизайнер маманы болу үшін арнайы оқу орнын оқу керек пе?   Жоқ, міндетті түрде емес. Жақсы маман иесінен арнайы онлайн-курстың өзі жеткілікті. Ол сізге базалық білімді береді. Ары қарай барлығы өз қолыңызда. Қаншалықты көп жұмыстар жасасаңыз, соншалықты қолыңыз жаттыға береді.              Графикалық дизайнерлер қызметіне неше алады?                                             — Табыс табуыңыз сіздің көрсеткен қызметіңізге қарай дер едім. Себебі, жасаған бейне, суретіңізден сіздің мамандықты қаншалықты игергеніңіз көрініп тұрады. Алғашында «новичок» мамандар кем дегенде бір жұмысқа 5000 теңге алады. Ал тәжірибе жинаған мамандар одан көп алады:)                                                                      —Графикалық дизайнер болудың артықшылығы қандай?                             —Менің негізгі мамандығым айти маманы. Бұл мамандық өзімнің көңілімнен шығады. Алайда, әрдайым белгілі бір графикпен жұмыс жасау, күнделікті бір кабинеттен шықпау зеріктіріп жібереді. Шаршаған уақыттарымда әрдайым өзіме «өзімнің бизнесімді бастап, өзім қашан жұмыс істегім келеді сол кезде ғана істеймін » деуші едім. Қазір сол ойым жүзеге асып жатыр. Тек бір айтарым, графикалық өнерді игерген соң бірден күшті табыс тауып, кез келген уақытта жұмыс істей аламын деп ойлау бос әурешілік. Бұндай дәрежеге жету үшін сабыр мен тәжірибе керек. Осы екеуі болса, уақыт өте керемет маман боласыз!

                                                                                                   


ПІКІР ҚАЛДЫРУ