«Тұранға» қадам

0
350

Алпауыт арманы жыраққа жетелеп, ағынды бұлақтай қалаған
мамандығына құлаш ұрған 2018 жылғы түлек, бүгінгі күні студенттік оқу
мерзімінің бірінші жылын тәмамдауда. Заңғар биікке ұмтылмақ бар жігері,
әлі күнге дейін бойында қымданып, қуаттану үстінде. Балалық сәтінен көзден
таса қылмай, журналистиканы келешек мамандығы ретінде айқындап, қазіргі
таңда бағдары бойынша бағытталып, әрекеттенуде.Жүректілікке билік беріп,
туған жері топырағынан шәйі бұлттардан шәлі байлаған Алматы шаһарына
нықтап аяқ басты. Құлшынысы ерік беріп, ыстық махаббаты қойнында
қайнап, қобалжыған сары ала бала қай жоғары оқу орнына түспегіне мүлдем
ойламады. Әдетте, мектеп бітіруші түлектер қанатты кеңге сермеп, ел
тарихында еңселеп орын алатын жоғары оқу орнына түсуді арман етсе, сары
балада ондай ой келіп піспеді. Бәлкім, қай орта болмасын, тез тіл табыса,
көңіл жарастыра алатын қасиеті септік болар.

Он бір жыл бойы мектеп
қабырғасында жүріп, тау мен тасты, соқырды тайыз әділетті мен әділетсіз
аудан, облыс, республика сайыстарынан қанжығылаған мақтау – мадақтарын
көк папкаға жиып ап, көгілдір түсті көк тәңірі іспеттес «Тұран»
университетіне келді. Ақ көйлекті белден жоғары іліп, қара шалбарын
балағынан шаңнан қағып, сөздің басы «бисимиллаһымен» ішке қарай беттеді.
Алаңдаулы көңіл, ата-ана артқан сенім, ауылдан жиған абырой сол мезетте
төбесін көкке жеткізіп, қуанышқа кернеді. Ес жиған елді жұртқа бұйыра
бермейтін бақ, көп қиындықтан құтқаратын шаттық, көз моншағы шырқ
ететін қуаныш, тегін оқу ақысы, грант сары бала балаға тиесілі болды.
Мектеп жасынан еңбектенген бар жұмысы, ізденісі жеңіс сыйлады. Тұла
бойын тек күлкімен жаулап, жағымды жаңалығымен елімен бөлісуге
асыққанды.

Осы оқиға кейіпкері, сол бір сары бала, сарыарқа көңілді «Тұран»
университетінің студенті бұл мен – Бағланұлы Асланмын. Су шашып қарт
Каспий жағасында ойнаған ойын баласы, бүгінгі сәресінде екі қолды
күректеп, тіл мамандығы – журналистика мамандығында білім нәрімен
сусындаудамын. Кімде – кім болмасын қиялына ерік беріп, бір нәрсені
дүниеге әкелуді мақсат тұтса, бәзі-біреуі қабілетіне енші беріп, бір жолды
қолға алуды қалайды. Қалай да болмасын ол ойы әрдайым алға талпынуына
себепші. Дәл осындай жоспарлы сарқырама ойым менің де алдағы өміріме
жетек бола білді. Бала күнгі теледидардағы жаңалық сөзін қағаз бетіне
түсіріп, кейін айнаға қарап, тура диктор секілді дикциясын қайталау – бұл

мен үшін өткен күнімнен ерек естелік. Сол кезден басталған
қызығушылығым болашағыма жарқынды нұр сәулесін шашатындығына
сенімім күн өткен сайын артып, алға жетелеп барады.

Ағымнан жарылып көпке мақтау қылмасамда, уақыт ағынымен кім-кімнің
қалай, қандай жолмен жұргендігінен хабардар. Журналисттік өзіндік
карьерамды мектеп кезінен бастағаным қабілет кербездің иісінен де аңқып
тұрады емес пе? Жүргізушілік қабілетімді аудан концертін былай ысыра сап,
облыс әкімінің, тіптен республика шыңында шарықтатқаным студент
атанғаныма дейінгі көрсеткішім. Қаншама тәжірибе жинақтап, сахна бетіне
төселсем де, әзірі есіктен түйсікке ілерім одан да асары даусыз. Жүректің
қарыс қалауы енші болып, бүгінде арман қалада «Тұран» университетінде
білім алып жатқаным – үлкен мақтанышым. Тоғыз айдың ішінде үйренген
барлық пәнім одан сайын мені қызықтыра түсті. Салиқалы бар білгенін бізге
жеткізуге тырысқан, бағысқан ұстаздарымыздың бар ойы – болашақ
ұрпағының кірпіш боп қалануы. Иә, бұл мақсатын жоққа шығаруға жол
бермейтін біздер, ел тіректері, өз жөнімізді білгеніміз абзал.

Жаңа Зеландияның солтүстік шығысында Гисборн қаласы орналасқан
деседі. Бұл қала әлем бойынша күннің шығуы ең бірінші көрінетін жер.
Халқының айтуы бойынша , « 7 миллиард жер тұрғындарының арасынан
алып жұлдызды алғаш көру, біз үшін керемет сезім», дейді. Сол тәрізді әлем
бойынша болып жатқан жайттар құлағына шалынатын алғашқы адамдар,
олар – журналисттер. Төрт-күл дүниеде не болып жатқанын алғашқы болып
естуді оларда мақтаныш тұтады. Осындай әсерге толы мамандықтың қыр-
сырын үйрену үшін, сіздерді «Тұран» университетіне шақырамын. Білім,
ғылым, келешек. Университетіміздің басты ұстанымы осы. Менің кезекті
арманым — осы қара шаңырақты бітіріп, жақсы маман иесі болу, халқыма
адал әрі игі істермен көріну. Теңдесі жоқ бұл оқу орны – мен жазып қалдырар
тарихымның ең бірінші бетінде тұрары сөзсіз …


ПІКІР ҚАЛДЫРУ