Химия ғылымы туралы қызықты деректер

0
3254

Ғылымға белгілі химиялық элементтердің ішінде тек бром мен сынап қана табиғатта сұйық күйде кездеседі.
• Швед химигі Карл Шееле химиялық элементтерді ашу бойынша рекорд орнатқан. Аталған ғалымның арқасында біз бүгінгі таңда вольфрам, барий, молибден, марганец, хлор, фтор және оттекті білеміз. Одан кейін Шееленің отандастары Карл Мосандер мен Якоб Берцелиус орын алған. Сосын ағылшын Гемфри Дэви мен француз Поль Лекок де Буабодрандар тізімде келеді. Бұлардың әрқайсысы 4 элементтен ашқан. Жоғарыда аты аталған ғалымдардың еншісіне қазіргі химиялық кестеде бар элементтердің төрттен бірі тиесілі.
• Химия тарихында өтірік ашылған элементтер тізіміне 250 түрлі атау кіреді. Дегенмен олардың ішінен тек 15-і ғана элемент ретінде тіркелген.
• Бастапқыда гелий мен технеций элементтері спектрлі әдіспен Күн атмосферасында бар деп танылған. Кейіннен аталған материалдар Жерден де табылады.
• Біздің ғаламшарда химиялық элементтердің таралу көлемі ғарышпен салыстырғанда өзгеше. Мысалы, Жерде кремний мен оттек басым болса, ғарышта – гелий мен сутек.
• Су молекулалары қайнаған кезде секундына 650 метр жылдамдықпен қозғалады.
• 100 тонна табиғи каучукты алу үшін 100 адам бес жыл бойы плантацияда еңбек етуі қажет.
• Орта ғасырларда Италия айна шығару монополияларымен әйгілі болған. Айта кетсек, Венецияда XVII ғасырға дейін айна дайындау технологиясы құпия сақталып келген. Оның өндіру әдісін ашып айтқан адамды өлім жазасына кесетін болған. Бұл өндіріс Ұлы Жібек Жолы тармақтары тоқтағаннан кейін маңызын жоғалтады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ