Отанымыздың азаттығы аға ұрпақтың арманы болған

0

ОТАНЫМЫЗДЫҢ АЗАТТЫҒЫ АҒА ҰРПАҚТЫҢ АРМАНЫ БОЛҒАН\r\n\r\n \r\n\r\nА.Т. Рахымбаева\r\n\r\nМ.Әуезов атындағы № 33 орта  мектебі, Тараз қ.\r\n\r\n \r\n\r\n Отан! – деген сөзім қандай әдемі!\r\n\r\nКөзге елестер бүкіл қазақ  әлемі.\r\n\r\nТаңдандарды жан-жағымды —  бай өлке,\r\n\r\nҚарапайым, кең дастархан, әдебі.\r\n\r\n \r\n\r\nАтам қазақ  аңсағаны еркіндік,\r\n\r\nСақтау  үшін азаттықты  бекіндік,\r\n\r\n«Қастығы  жоқ  қазақ» деген аңыз бар,\r\n\r\n«Татулықтың  символымыз » сертім нық.\r\n\r\n \r\n\r\nХалқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап  қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай  ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін,  жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына  қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.\r\n\r\nСонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар  белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық  ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.\r\n\r\nОтанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы- Тұмар падишаның ерлік істері.\r\n\r\n«Маған туған жердің бір уыс  топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп  тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, — деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғаған.\r\n\r\n«Тар  қолтықтан оқ тисе, тартып олар қарындас» — деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне  түйіп жауға шапқан батыр қыздардың қазақта болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.\r\n\r\nСан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі  алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміз – қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлаған  хандар мен оларға  ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес  берген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың халқымызға тән шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесін, батырларымыздың ел тәуелсіздігі мен  ата-қоныс тұтастығын сыртқы жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.  \r\n\r\nАлла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді  нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты  талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген.\r\n\r\nЖоңғарладан даламызды арашалап қалған батырлардың  ерлігі турала тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді.\r\n\r\nАзаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді.Қаша ұрыс салып жүргенде  қапы кетті. Ханның басы қанжығада кете барды…\r\n\r\nАта дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп, ұранға айналдырғаны  мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда ол есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап, сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері  белгілі. Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен  тарихи оқиғаларымызда жатыр.\r\n\r\nЕл басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін  түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта  білген хан Абылай қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, қазақ елін аса іргелі елге  айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын  торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың  қара Қытаймен  де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы  біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол  бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл  мұрасы екні сөзсіз.\r\n\r\nАйдын шалқар, күміс сулы бұлағым,\r\n\r\nЖасыл –желек ат көрінбес құрағым.\r\n\r\nМыңғырған мал даласында жайылған,\r\n\r\nБабалардың болған сондай тұрағы.\r\n\r\nБұхар, Қоқан бұл байлыққа қызықты,\r\n\r\nОрыс патша арам ойлы бұзықты.\r\n\r\nҚорған салып, жерін алып, қуса өзін,\r\n\r\nСонда көрген сорлы қазақ шыжықты.\r\n\r\nҚазақта  жер қалмады патша алмаған,\r\n\r\nЕлін, жерін, малын тегіс жалмаған.\r\n\r\n«Қойға  тиген қасқырдай» боп қазақтың,\r\n\r\nОтаршылдық қыр соңынан  қалмаған…\r\n\r\nХалық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған  шақта, қазақ қауымының бас көтерген  батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.\r\n\r\nАбай, Шоқан, Ыбырай дәуірін қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдейді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала бере тарих сахнасына қазақтың  оқығандары шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең орнаған еді. XX ғасырдың 20-жылдарының  екінші жартысында күшейген Сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамның  тарихи заңдылықтарына қайшы келетін эксперименттер жасағанын бірінші кезекте айтар едік. Олар бүкіл КСРО-ны, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды Бұл эксперименттердің басты бағыттары мынадай  болды: ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және соның негізінде байлар мен ауқатты шаруаларды тап ретінде жою; аса тез қарқынмен елді индустрияландыру (бұл шара негізінен колхоздарға зорлап кіргізілген шаруаларды  аяусыз қанау есебінен жүргізілді);  мәдени –рухани салада, демографиялық саясатта, ұлт мәселесінде жергілікті (ұлт  аймақтарындағы) халықтарды орыстандыру; қоғамдық саяси өмірдің негізгі салаларында тек қана комунистік идеологиялық үстемдігін орнату.\r\n\r\nОсылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді: жаппай  отаршылдықтың салдарынан қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады;қазақ халқы өз жерінде ұлттық азшылыққа айналды…\r\n\r\nАхмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?-  деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп  еді. Сонда Ә лихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының  бәрі болады»  деген асыл  арман-ды. Қазақ  автономиясын жариялағанда алаштың  арыстары «міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға  тиді»  деп бөркін аспанға атты.Алайда , бұл қуаныш ұзаққа  бармады. Қазақтың  еркіндігінен қорыққан қызыл империя көсемдері алаш туы астына бірікендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты. Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы қазақ оқығандарын  түгел қырды.\r\n\r\nМұстафа Шоқай шетел асты… Алашорда партичсына мүше  болғандардан жалғыз Мұхтар Әуезов қана аман қалды… Алаш деген сөзді тарихи санадан өшіру әрекеті басталды. Дүниедегі ең жек көрінішті сөзге айналдыруға тырысушылардың «еңбегі» зая кеткен жоқ. Әлі күнге дейін кейбіреулер алаш дегенде селк ете қалады…\r\n\r\nҚазақтың өз билігі өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя аса қиналған жоқ.\r\n\r\n… 32-33-тің ашаршылығы қолдан жасалды.\r\n\r\n… 36-37-нің қырғыны әдейі істелді.\r\n\r\n1937-1938 жылдары яғни, бір жылдың ішінде 125 мың қазақ зиялысы қырылған. Жоғары білімді қазақтың бетке ұстайтын азаматтарының бар кінәсі —  көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-сезімін жақтағандары ғана. Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз жөн болар еді. Осы асыл азаматтардың үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары бізге аманат сияқты болып көрінеді.\r\n\r\n«Мен үшін Отаныма адал солдат болудан артық бақыт жоқ», — деп Ислам  Жеменей\r\n\r\nайтқандай, Отан қорғау жолында 41-45 –ші жылдары ең көп қырылған қазақ солдаттары еді.\r\n\r\nҰлы Отан  соғысына Қазақстаннан  1 миллион 196 мың адам қару асынып, майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының сапында болды. Соғыстан тек 410 мың Қазақстандық жауынгер ғана оралды.\r\n\r\nОсыншама нәубеттің ішіндегі ең сұмдығы – 1949 жылдан қазақ халқы атом полигондарының сынағына тасталды. Қазақ қоян құрлы болған жоқ. XX ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көрген азапты көрген жоқ. Аяулы Отаным —  Қазақстан – ядролық қарудың қасіретін әлем бойынша ең көп  тартқан ел. Оның талай ғасырға жететін тарихын қозғасақ, бабалардың  басынан кешкенін көзге елестетсек, көздің жасын тия алмаспыз. Қазақстан ядролық инфрақұрылымнан құтылуды әлемге айғақ еткен, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, еліме тәуелсіздіктің  туын желбіреткен елбасы Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз ұшан-теңіз. Атом сынағынан аман өттік, бұл заманға  да жеттік. Аяулы Отаным-Қазақстан жерін бабаларымыз ерлікпен қорғап бізге қалдырған, кейінгі ұрпағыма «Асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін, бізге тұтас уланбай, жоғалмай, өртенбей, сынбай-жанбай, ауыр азап, қиын-қыстау кезеңдерді бастарынан өткізген екен. Халқымыз сол заманнан бері –ақ, елінің  елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, шешен де білгір азаматтарының бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғанын көріп отырмыз. Әрбір адам  баласын тіршілік етіп, өзін-өзі асырап отырғаны, ұрпағын қалдырып, дамып жатқаны осы Отанның арқасында. Отан сүйгіштік кісінің  бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір  тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне,кір жуып кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Мәселен, М.Әуезов «Отан –анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім         жоқ», дейді. Ал,В.А.Сухомлинский: «Отан-өз бесігің, өз үйің, өз бесігіңді ұмытпа»,- дейді. (4,254 б). К.Г.Паустовский: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды.», — дейді. И.С.Тургенев: «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы  — туған жер», — дейді. (5, 489б). Ал, Ж.Ж.Руссо: «Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік  туғызған »,- дейді. Ф.М.Достоевский: «Өз Отаныңның  мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ», — дейді. (6, 101б). Л.Н.Толстой: «Отан халықтың өткені мен бүгіні және келешегі», — дейді. (3, 287б). Осындай небір ұлағатты , қасиетті сөздер көзі ашық, көкірегі ояу азаматқа рух берері сөзсіз. Қаны қандас, тілі тілдес, дініміз де тіліміз де бірдей бауырлас аға мыз Расул Гам затов өзінің әкесінде  Шамильдей ерлерінің бір хатының сақталғанын айтады. Онда былай деген екен: «Менің  таулықтарым! Өздеріңнің жалаң жабайы жартастарыңды сүйіңдер, оны сақтаңдар, ол үшін күресіңдер. Сендердің қылыштарыңның шыңылы менің бейіттегі ұйқымды тәтті қылар» (1,  26б).\r\n\r\nАл,Отансүйгіштік туралы айтылған ақын тебіреністері де  бірінен-бірі асып түседі.\r\n\r\n«Отанның намысы үшін оттан қашпа,\r\n\r\nШын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.\r\n\r\nТайсалма бар Отанның құрбаны бол,\r\n\r\nӨмірің орынсыз боп кетпес босқа».\r\n\r\nО, дариға, алтын бес ік- туған жер,\r\n\r\nҚадіріңді келсем білмей кеше гөр\r\n\r\nОтан!\r\n\r\nҚайсар ар-намысым, жайсаң іңкәр шапғым\r\n\r\nПерзентке жүктеген қорғанысын,\r\n\r\nСен намыстың ну қалың орманысың.\r\n\r\nСол үшін шыңнан заңғар атағың\r\n\r\nТұлғасына табындырған,\r\n\r\nАлыс жүрсем сабылтып, сағындырған,\r\n\r\nМенің ұлы әкем сенсің, Отаным! – деп Мұхтар Шаханов жырлаған.\r\n\r\nҚайсар ар-намысты аға ұрпақ кеңес үкіметі жылдарында, атап айтқанда ,1929-1931 жылдары, Қазақстанды күштеп ұжымдастыруға қарсы 370-тен астам көтерілістер мен әртүрлі деңгей мен көлемдегі қарулы қарсылықтар ұйымдастырды, ал, 1917 жылғы Қазан революциясына дейін халқымыз отарлық езгіге қарсы 400-ден астам ктерілістерге шығып, наразылықтар көрсетті. Осындай азаттық күрестің басында халқымыздың  ортасынан қайнап шыққан ірі-ірі тұлғалар болды. Солар көрсеткен үлгі , сеппкен ұрық бір ұрпақтан екінші ұрпаққа табиғи түрде ауыса келіп,1986 жылғы желтоқсанда жаңғыруына әкелді. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді.                                                                                                                1986 – жылғы желтоқсанда елде жария етілген қайта құрудың 20-шы айы өтіп жатқан-ды. Құқықтық мемлекет құрамыз дегенге сеніп, Горбачевтік «сәуір тезистерінің»  тың идеяларымен жігерленген қазақ жастары орталықтың бұрынғыша өктемдігіне келіспеушілігін білдіруге митингілер, шерулер өткізіп алаңға шықты.\r\n\r\nҚылышынан қаны тамып, жарты әлемді билеп тұрған қызыл империя кеңестік коммунистік партия кезеңінде қазақ жастарының ұлттық намысн ту етіп, отаршылдыққа қарсы алғаш жойқын бұлқыныс танытуы Мәскеудегі өктемшіл шовинистердің төбесіне жай түсіргендей әсер етті. Өйткені, уысындағы қол бала іспеттес көптеген ел бұдан «үлгі-өнеге» алып, ол өрт қаулай түссе, халдерінің мүшкілденетінінен қауіптенді. Оны олар алдын-ала сезді де, басқыншылық әрекеттерге, фашистік қатыгездік қадамдарға да көз жұма барды. Әділдіктің салтанат құруын сұраған жалаң қолды бейбіт жандардың  тілектеріне құлақ асқысы келмеген озбыр орталық жүйесі жүректері тітіркенбестен мұздай қаруланған әскермен шеруге шыққандарды аяусыз жаншыды, итке талатты, бас-көз жоқ  ұрып соқты. Кремльден кесепатты бұйрықтың пәрмені солай аласапыран құбылды.\r\n\r\nҚазақ жастары Алматыда,Талдықорғанда,Ақмолада, Орталық Қазақстанның бірнеше елді мекендерінде тоталитарлық билік жүйесіне қарсы көтеріліп, өкіметке саяси талаптар қойды. Желтоқсан көтерілісі сол кездегі  кеңес одағының керегесін шайқалтып, КСРО-дағы ашық демократиялық үрдісінің негізін қалаушы оқиғалардың бірі болды. Белгілі ән- өлеңінде айтылғандай, «желтоқсан гүлді солдырып, нұрды оңдырып, көңілде мұңды із қалдырып» қана қойған жоқ, сонымен бірге және ең маңыздысы – халқымыздың ең алдымен жас буынның ұлттық санасын оятумен, ұлттық намысын көтеруінде болды. Ол еліміздің тәуелсіздік алуының  алғышарттарын дайындауға қызмет  етті. Қатыгездігі мың батпан солақай саясат орын алған соң, жүздеген еркіндік аңсаған ақ ниетті жас азаматтар алаштың арманын асқақтатып, кеудемсоқтықты көксегендерге ойсырата соққы жасады. Мұндай тегеурінді қарсылықтың болуы  тиіс емес  деп есптейтін кеудесіне нан піскен КОКП  төбе шашы   тік тұрып, «бұл нағыз қазақ ұлтшылдығы» деп апыл-ғұпыл баға  беріп тастады. Олар үшін, әрине, бұл оп-оңай шаруа. Ал, сонда халық намысын қайда қоймақпыз? Орталық партия комитетіндегілер қазақ жастарының Респубика алаңына шығуын нашақорлардың, маскүнемдердің әрекеті деп жалпақ жұртқа жария етті. Уақыт өте өздері ушықтырып, күш қолданғандықтарын бүркемелегісі де келді. Бұл үлкен оқиғаны тент ектік әрекетке балауы көрсоқырлық еді. Көп ұзамай шындықтың бет пердесі ашылды. Оған көзі жеткен кеңес одағының тізгінін ұстаған серкелер «қазақ ұлтшылдығы»  деген КОКП шығарған қаулының, яғни, қазақ халқына жабылған жаланың күшін жоюға мәжбүр болғаны белгілі. Жазықсыз, қиянатпен жоғары оқу орындарынан шығарылған, сотталған  сан мыңдаған қыз-жігіттер кейін ресми ақталды. Бірақ, олардың жүректерінде қалған қаяу, сызат-дақ кете қойды ма екен?! Талайы зардабын шегіп, қасіретін тартты. Қаншама өрімдей жасөспірімдер қанаты қайырылса да намысын жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ, сырын  сыртқа шығармай, шерін тарқата алмай іштен тынды. Заман райы солай  болды. 1991-жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Шын бағасын иеленбеген желтоқсан көтерілісін жай оқиға деу қиянат екенін дауыстап айтуға мұршамыз келеді.\r\n\r\nМұстафа Ататүрік айтқандай, «шынжырларды балқытып, тәжбен тақты күйрететін  күшті нұр- ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті».\r\n\r\nӨсер елдің қай  сәтте де бірлік болмақ қалауы,\r\n\r\nЛаула, лаула  желтоқсанның мұзға жаққан алауы.\r\n\r\nӨздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің\r\n\r\nЕшқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! – деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991- жылы  16-желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Әрине, қарапайым ұғымда.Ал, мұны дүниенің жаратылысымен тарих дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты  баға сымен халқымыздың есінде  мәңгілік сақталып қалары анық.\r\n\r\nТәуелсіздік- халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік- халықтың  тойы, елдің тойы. Қалың қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой.\r\n\r\n«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 15 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп, елбасымыз Н.Ә .Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. (9,1 б). Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өрениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны, оған өзімнің куәгер болғаным – мен үшін шексіз қуаныш. Мен өз халқымның ешкімге нақақ қиянат жасамағанын  мақтан етемін, ал, қиянат жасамағанға Алланың көзі түзу. Біздің қолымызда қанның емес,  тердің иісі бар. Демек, біз —  жасампаз халықпыз.\r\n\r\nЕліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды.  Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да  мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп  байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті  аз болғай, қуанышы көп болғай!  Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ тағала баянды еткей!\r\n\r\n \r\n\r\nӘдебиеттер тізімі\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. М.Шәбжантайқызы. А.Байтанұлы. М.Төлегенқызы «Ауылым-алтын бесік» Көкшетау -2003
  2. \r\n

  3. Мұхтар Шаханов. «Жаңа қазақтар». А., «Білім», 2000ж
  4. \r\n

  5. Толстой Л.Н. Полн.собр.соч. М., 1928- 1958г.
  6. \r\n

  7. В.А.Сухомлинский. «О воспитании» М., 1988г.
  8. \r\n

  9. И.С.Тургенев. Л., 1968г.
  10. \r\n

  11. Ф.М.Достоевский. «Материалы и исследования». Л. 1976г.
  12. \r\n

  13. // Кеңес Нүрпейіс. «Егер біз» . Жас алаш. №15. 2001ж.
  14. \r\n

  15. // Нұртөре Жүсіп. «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» Жас алаш .№1. 2001ж.
  16. \r\n

  17. // Шөмішбай Сариев. «Тәуелсіз ел қазағым». Егемен Қазақстан. №16. 2003ж.
  18. \r\n

  19. // Лесбек Сайлаубеков. «Бодандыққа қарсы бұлқыныс». Ақ жол. №21. 2006ж.
  20. \r\n

\r\n \r\n\r\n 

Балықтардың тақ жүзбеқанаттары, олардың атқаратын рөлі

0

Балықтардың тақ жүзбеқанаттары, олардың атқаратын рөлі\r\n\r\nЖоспары:\r\n

    \r\n

  1. Балықтардың жұп және тақ жүзбеқанаттары
  2. \r\n

  3. Арқа жүзбеқанатына сипаттама
  4. \r\n

  5. Аналь жүзбеқанатына сипаттама
  6. \r\n

  7. Құйрық жүзбеқанатына сипаттама
  8. \r\n

  9. Қанаттардың функциональдік зоналары
  10. \r\n

\r\nБалықтардың тақ жүзбеқанаттары, олардың атқаратын рөлі.\r\n\r\n  Жүзу қанаттары — балықтар құрылысының ерекшелігі болып табылады. Қанаттарының көлемі, пішіні, саны, бекіген жері және қызметтері әртүрлі. Бұлар дене тепе-теңдігін сақтайды, балықтың қозғалуына және жүзуін тежеуге қатысады.\r\n\r\n  Балық қанаттары жұп, жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлардың аяқтарына сәйкес, және тақ деп ажыратылады. Жұптарға кеуде P (pinna pectoralis) мен құрсақ V (p.ventralis), тақтарға арқа D (p.dorsalis), аналь немесе құйрық асты A (p.analis) және құйрық C (p. caudalis) қанаттары жатады. Кейбір балықтардың арқа қанатынан кейін құйрық сабағының үстінде, қанат талшықтары жоқ, май қанаты болады. (p.adiposa).\r\n\r\n  Балықтарда арқа қанаттары бірнеше болуы мүмкін: мыс., майшабақтәрізділер мен тұқытәрізділерде 1, көптеген алабұғатәрізділер мен басқын-балықтарда (кефалдар) 2, ал кейбір трескаларда 3. Бұлардың бекінген жері әрқалай. Торуылдайтын балықтарда денесінің артқы бөлігінде, майшабақтәрізділер мен тұқытәрізділерде денесінің ортасында, денесінің алдыңғы шомбал болатындардың (алабұға, треска) бірінші арқа қанаты басына жақын бекінген. Желкенділерде әрі биік, әрі ұзын, камбалаларда өте ұзын және аналь қанатымен бірге негізгі қозғалу органы. Скумбриялар, тунецтер, сайраларда арқа және аналь қанаттарынан кейін майда қанатшалар орналасқан. Теңіз шайтанының арқа қанатының бірінші талшығы алдауыштың қызметін атқаратын ерекше қармаққа айналған, тұңғиықтың қармақшасында осы қармақта жарқырауық орган болады. Жабысқақ-балықтардың бірінші арқа қанаты жоқ, ал су түбіне жақын тіршілік ететін аз қозғалатын түрлерде (жайын) нашар дамыған немесе жоқ.\r\n\r\n  Аналь қанаты әдетте 1, трескада 2, ал тікенекті акулада болмайды.  Құйрық қанаттарының құрылысы әртүрлі. Оның үстіңгі және астыңғы қалақшаларының көлеміне байланысты изобатты, гипо- және эпибатты құйрық қанаттары типтерін ажыратады. Изобатты қанатта үстіңгі және астыңғы қалақшалары бірдей (сазан, табан дөңмаңдай), гипобаттыда астыңғы қалақшасы ұзарған (ұшатын балықтар), эпибаттыда – үстіңгісі (акулалар, бекірелер). Омыртқа жотасының соңының пішіні мен орналасуы бойынша бірнеше типтерді ажыратады: протоцеркальды – әдіпті құйрық; дифицеркальды – сырттай және іштей симметриялы; гетероцеркальды – омыртқа жотасының соңы құйрық қанатының үлкен қалақшасына бағытталған; гомоцеркальды – сырттай симметриялы, бірақ омыртқа жотасының соңғы омыртқаларының денесі мен үстіңгі істік өсінділері жалпақ сүйекке айналып уростиль деген атпен жоғары қалақшаға бағытталған, ал астыңғы қалақшаға бағытталған гипуралии тек омыртқаның төменгі істік өсіндісінен құралған, ол нағыз сүйекті балықтарға тән.\r\n\r\n  Әрбір қанаттар бірнеше қызмет атқарады. Құйрық қанаты қозғалу күшін тудырады, олардың бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, яғни бағдарлама рөл атқарады. Мысалы, табан құйрығын бір игенде денесін 90º бұрады. Арқа және аналь қанаттары кильдің қызметін атқарады, денесін өз осінен айналуына кедергі болады да дененің қалыпты жағдайын сақтауға көмектеседі. Жылдам жүзген уақытта жұп қанаттары денесіне жабысады, ал тунецтер мен пеламидаларда айрықша ойықтарға жиырылады. Жүзу барысында денесі қозғалмайтын балықтарда жүзу кейбір қанаттарының толқын сияқты қозғалысымен жүзеге асады.\r\n\r\nЮ. Г.Алеев (1963) қанаттардың 4 функционалдық зоналарын бөледі:\r\n\r\n1 зона – алдыңғы бағдарлауыштар және балықты көтеретін жазықтық; бұған жататындары P және V (егер олар кеуде қанаттарының астында немесе алдында болса),\r\n\r\n2 зона – киль зонасы; бұған жататындары ауырлық ортаығының алдында орналасқан арқа қанаты, құрсақ қанаттары, егер олар ауырлық орталығының алдында орналасса; егер арқа қанаты 1 болса (майшабақтар мен тұқылардағыдай), онда оның алдыңғы бөлігі, ал бірнеше болса – біріншісі;\r\n\r\n3 зона – стабилизаторлардың рөлі, оның ауырлық орталығынан кейін орналасқан арқа қанаты мен аналь қанатының алдыңғы бөлігі және бар болса май қанаты атқарады; мысалы трескаларда бұл зонаға екінші арқа қанаты мен бірінші аналь қанаты, ал албырттарда – май және аналь қанаты жатады;\r\n\r\n4 зона – артқы бағдарламалар мен қозғалыс органдары; бұл зонаға құйрық қанаты мен көпшілік балықтардың арқа және аналь қанаттарының артқы бөлігі жатады; трескаларда бұл зона үшінші арқа қанаты мен екінші аналь қанаттары жатады; бұл зонаға кейбір балықтарда болатын арқа және аналь қанаттарынан кейінгі майда қанатшаларда жатады (скумбриялар).\r\n\r\nСұрақтар:\r\n

    \r\n

  1. Жұп және тақ жүзбеқанаттарды атаңыз
  2. \r\n

  3. Құйрық жүзбеқанаттарының қалақтарының пішіні бойынша типтері атаңыз
  4. \r\n

  5. Құйрық жүзбеқанаттарының омыртқа жотасының ұшына орналасуына байланысты типтерін атаңыз
  6. \r\n

  7. Арқа және аналь қанаттары қандай қызметін атқарады?
  8. \r\n

  9. Қанаттардың 4 функционалдық тобын бөлген кім?
  10. \r\n

\r\n Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме:\r\n

    \r\n

  1. Бәйімбет Ә.А. «Ихтиология негіздері». Алматы,2005. (9-19 б)
  2. \r\n

  3. Жұмалиев М., Бәйімбет Ә., Есжанов Б. «Балықтар алуантүрлілігі және ихтиология негіздері». Алматы, 2009. (240б)
  4. \r\n

  5. Жұмалиев М., Бәйімбет Ә. «Жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігі. 1-бөлім» Алматы, 2005 (122-124 б)
  6. \r\n

\r\n \r\n\r\n 

Вирустар, приондар, вироидтар

0

             Жоспар:\r\n

    \r\n

  • Вирустар, шығу тегі және сипаттамасы.
  • \r\n

  • Вирустардан таралатын аурулар мен вирустардың құрылысы.
  • \r\n

  • Приондар.
  • \r\n

  • Вироидтар .
  • \r\n

  • Сұрақтар.
  • \r\n

  • Әдебиеттер тізімі.
  • \r\n

\r\nВирустар (лат. virus— у сөзінен шыққан) — геномы белоктық қабықшамен қапталған, мөлшері өте ұсақ агенттер. Вирустар өздігінен көбейе алмайды, олар клетка ішілік паразиттер, тек қана тірі клеткаларда дамиды. Қазіргі кезде бактериялардың вирустары (бактериофагтар), саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің, жануарлардың вирустары белгілі. Клеткадан тыс формалары — вириондарда барлық құрылымды элементтері (капсид, нуклеин қышқылы, құрылымдық белоктар, ферменттер, т.б.) болады. Клетка ішілік форма — вирус нуклеин қышқылының бір ғана молекуласы түрінде болады, клеткаға енгеннен кейін вирион құрылымдық элементтерге ыдырайды.\r\n\r\n    Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді.\r\n\r\n     Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады.   Ең қауiптi вирус, бұл қанның ақ түйiршiктерiн Т-лимфоциттердi зақымдайтын СПИД немесе ВИЧ вирусы. Организм антидене түзу және ауруларға қарсы тұру қабiлетiнен айырылады.Қазiргi уақытта СПИД вирусы адамзатқа үлкен қауiп туғызады, себебi осы вирусты тасымалдаушылардың саны күннен – күнге өсуде.\r\n\r\n \r\n\r\nВирустар А,В,С топтағы болып жіктеледі.\r\n\r\n  А-топтағы вирустар\r\n\r\n.   В-тиоптағы вирустар\r\n\r\n    С-топтағы вирустар \r\n\r\nВирустардың құрылысы. Барлық вирустар нуклеин қышқылынан және белоктардан тұрады. Нуклеин қышқылы вирионның ортасында орналасады; ол вирустық геномы болып табылады, онда барлық вирустық ақпарат болады. Вирустың нуклеин қышқылы белоктық қапшық — капсидпен қапталған. Нуклеин қышқылы мен белоктан тұратын бөлшек нуклеокапсид деп аталады. Қарапайым вирустар «жалаңаш» нуклеокапсид түрінде болады, ол нуклеопротеиндер. Күрделі вирустарда суперкапсид деп аталатын қосымша қабықша болады, ол липопротеиндерден немесе белоктардан, яғни қосымша химиялық компоненттер — липидтер мен көмірсулардан тұрады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, т.б).\r\n\r\nВирустың құрылысы\r\n\r\n Приондар (англ. prion от protein — «белок» и infection — «инфекция») қойлардың скрепи және адамдардың  Крейцфельдт-Якоб ауруларының қоздырғыштары. Белоктардан тұрады, құрамында не РНҚ, не ДНҚ табылмаған. Олар торшаның бір ерекше гендерінің индукторы және туындысы деген болжам айтылып жүр.Приондар тірі клеткалар емес алайда көбеюге қабілетті.\r\n\r\n Приондар адамдарда қазіргі кезде емі жоқ нерв жолдары және бас ауруларын туындатады.Приондар жайлы ең алғашқы көзкарастар 1960жылдары Лонданда қалыптасты. ОндаГринфит пен Альфер өз гипотезаларын айтты.\r\n\r\nПриондардың таралу жолдары.\r\n\r\nВироидтар — өсімдік потогендері. Ең кіші вироидтар- scRNA. Инфекцияларды тудырады. Вероидтарды екі тұқымдасқа бөледі.  Pospiviroidae және Avsunviroidae.Вероидтар »қашқын интрондар»деп те қаралады. Капсидтің негізгі қызметі — вирустық геномды қоршаған ортаның әсерлерінен қорғау, вирионның клеткаға адсорбциясын, клеткалық рецепторлармен әрекеттесу арқылы клеткаға енуін қамтамасыз ету. Капсидтің морфологиялық бірлігі — капсомер бір немесе бірнеше белок молекуласынан тұрады. Капсомерлер белгілі симметрия бойынша орналасқан. Вириондар капсиді 2 түрлі құрылысты болып келеді. \r\n

    \r\n

  1. Капсомерлері спиральды симметриялы орналасқан. Нуклеокапсидте нуклеин қышқылы мен белоктардың өзара әрекеттесуі бір айналу осі бойынша жүзеге асады. Симметрияның спиральды түрі — рабдовирустар, пара- және ортомиксовирустарға тән.
  2. \r\n

  3. Капсомерлері кубтық симметрия бойынша орналасқан, яғни геометриялық пішін түрінде болады. Көбінесе икосаэдр, тетраэдр, октаэдр түзеді. Нәтижесінде тұйық капсид түзіледі, ішіндегі кеңістікке нуклеин қышқылдары орналасады. Бұндай құрылыс аденовирустарға, реовирустарға және герпесвирустарға тән.
  4. \r\n

\r\nВирустар репродукциясы. Вирустар өз бетінше көбеюге қабілетсіз. Вирус репродукциясы тек қана тірі клеткаларда жүзеге асады. Репродукция циклі белгілі бірізділікпен жүреді: \r\n\r\n1) вирионның клетка бетіне адсорбциясы; \r\n\r\n2) вирустың клеткаға енуі; \r\n\r\n3) вирион дезинтеграциясы; \r\n\r\n4) вирус компоненттерінің синтезі;\r\n\r\n5) вирионның жинақталуы және оның клеткадан шығуы.  \r\n\r\nСұрақтар:\r\n

    \r\n

  1. Вирион, вирус дегеніміз не?
  2. \r\n

  3. Вирустардың қандай түрлерін білесіз?
  4. \r\n

  5. Вирустардың репродукциясы қалай жүзеге асады?
  6. \r\n

  7. Вирустар тудыратын қандай ауруларды білесіз?
  8. \r\n

  9. Вирустардың құрылысы қандай? 
  10. \r\n

\r\nӘдебиеттер тізімі:\r\n

    \r\n

  1. Шигаева М.Х., Қанаев А.Т. Микробиология және вирусология. Қазақ Университеті, 2007 ж. 2. Шлегель Г. Общая микробиология. М.: Мир, 1987, 567с 3. Мишустин Е.М., Емцев Е.Т. Микробиология. М., 1987, 391с.
  2. \r\n

\r\n2.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0\r\n\r\n3.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%B8%D1%80%D1%83%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80\r\n\r\n4.Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. –Алматы, Ана тілі, 1993. ISBN 5-630-0283-\r\n\r\n5.Кондратьева Е. Н. Автотрофные прокариоты: Учеб. пособие для студентов вузов, обучающихся по направлению «Биология», специальностям «Микробиология», «Биотехнология». — М.: Изд-во МГУ, 1996. — 302 с. — ISBN 5-211-03644-1\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 

Мартин Бейеринк

0

Жоспары:\r\n

    \r\n

  1. Кіріспе бөлім
  2. \r\n

\r\n1.1.  М.Бейеринктің биографиясы \r\n

    \r\n

  1. Негізгі бөлім
  2. \r\n

\r\n2.1.  М.Бейеринктің микробиология және вирусология  ғылымының дамуына қосқан үлесі\r\n\r\n2.2.  Ғалымның ашқан жаңалықтары\r\n

    \r\n

  1. Қорытынды бөлім
  2. \r\n

\r\n4.Тақырып бойынша қорытынды сұрақтар\r\n\r\n5.Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме\r\n\r\n 1.Кіріспе.\r\n

    \r\n

  • М.Бейеринктің қысқаша биографиясы. Мартин Вильгелм Бейеринк- голландиялық микробиолог-ботаник. Сонымен қатар вирусология саласында да айтулы еңбектер жазды. 1851 жылы 16 наурызда Нидерландының Амстердам қаласында туылып, 1931 жылы 1 қаңтарда 79 жасында Горселлде қайтас болды. Шетел корреспонденті. Ресей Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі(1924ж).СССР Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі(1929ж). Вагенингендегі аграрлық мектепте микробиологиядан оқытушы болып қызмет атқарды. Және кейінірек Делфтта политехникалық жоғарғы мектепте Делфт мектебінің микробиологтарын құрды. 1895 жылдан бастап осы мектепте профессор қызметін атқарды. Лейден университетінің түлегі [1]
  • \r\n

\r\n2.Негізгі бөлім. \r\n\r\n 2.1. М.Бейеринктің микробиология және вирусология  ғылымының дамуына қосқан үлесі \r\n\r\n[3]\r\n\r\nМикроорганизмдердің табиғаттағы рөлі және оның атқаратын қызметі М.Бейерниктің есімімен тығыз байланысты болса, ал С.Н.Виноградский күкірт бактерияларын зерттей келіп, микроорганизмдердің қоректенуінің жаңа- литотрофтық қоректену түрін ашты.  Бұл жағдайда микроорганизмдер энергия көзін бейорганикалық заттарды (аммиак, күкірт, сутек, темірдің шала тотығын) тотықтыру барысында алатындығын анықтады. Сонымен қатар, бактериялардың физиологиялық алуантүрлілігін байқап, олар өсімдіктер мен жануарлар жүргізе алмайтын химиялық өзгерістерді жүзеге асыра алатындығын дәлелдеді. С.Н.Виноградский атмосфералық азотты сіңіре алатын Clostridium туысына жататын бактерияларды тауып, оны анаэорбты, ал М.Бейеринк аэробты Azotobacter туысына жататын бактерияларды анықтады. Осы екі ғалымның зерттеу жұмыстары әр уақытта бір-бірін толықтырып отырды. Олар бактериялардың функциясын анығырақ көріп-білу үшін 1895 жылы элективті (Виноградский) және жинақ (Бейеринк) қоректік орталарын ұсынды. [2]\r\n\r\n2.2. Ғалымның ашқан жаңалықтары\r\n\r\nД.И.Ивановскийден басқа М.Бейерник Голландия ғалымы да темекі теңбіл ауруын зерттейді. Д.И.Ивановский сияқты ол да 1898 жылы белгісіз ауру қоздырғышы бар екенін дәлелдеді. Сонымен қатар жаңа қасиеттерін анықтады- шырынды кептіргенде және спиртпен өңдеп тұнбаға түсіргенде, инфекциялық қасиетін жоғалтпайтындығын байқады. Мұндай ауру қоздырғышты Бейеринк латынша «сontagium vivum fluidum» (сұйық ауру қоздырғыш) деп атады. [2]\r\n\r\nБотаникалық таксон қатарын жасаған авторлардың бірі болып табылады.  Бактериялардың номенклатурасына сәйкес  бұл атау «Beijerinck» деп аталады. [1]\r\n\r\n \r\n\r\n1888 жылы симбиотикалық  азотфиксаторларын тұңғыш ашқандардың бірі. 1901 жылы аэробты  еркін тіршілік  ететін азотфиксаторлардың туысы Azotobacter, сульфатредуциялық  бактериясы Spirillum desulfuricans,жинақтаушы дақыл әдісін ойлап тапты,топырақтық микробиология және микроорганизмдердің топырақ құнарлылығымен байланысын зерттеді.\r\n\r\nОрыс ғалымы Дмитрий  Ивановскиймен қатар Бейеринк вирусологияның негізін салушылырдың бірі болып саналады. Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1898 жылы Бейеринк темекі өсімдігіндегі фильтрациялық экстракт бойынша экспериментін қайталады,ол темекі теңбілі ауруының зақымдану эксперименті еді.Бейеринк фильтрацияның темекі теңбілі ауруының қоздырғышы Чамберленнің керамикалық фильтрациясын ұстауға көмектеспейді.Сонымен қатар Бейеринк патоген иесінің клеткасында таралуға және репродуцирленуге қабілетті,бірақ бактерияға сәйкес ерітіндіде өсірілмейді. Жоғарғы атыдағы өсімдіктердің дамуын, микроорганизмдердің тіршілік әрекетін, топырақтану микробиологиясын, табиғаттағы бактериялардың зат айналу ролін зерттеді. Сонымен қатар бактериялардың жаңа түрлерін ашты. Биологиялық азотты фиксацияланған түрлерін қарастырды.  Бейеринк кейде басқалардың жұмысына құрметпен қарады. Роберт Кохтан үйренерім көп деп ойлады. [3]\r\n\r\nӨздігінен бос күйінде тіршілік ететін атмосфера азотын сіңіруші микроорганизмдерге Clostridium, Azotobacter Beijerinkii кейбір спириллалар, күкірт бактериялары, ашытқылар және көкжасыл балдырлар жатады.\r\n\r\nAzotobacter Beijerinkii клеткалары сопақша, ірі, ұштары дөңгелене келетін, қосақтала орналасқан. Клеткалар сыртында капсулалары болады. Ашық жасыл, суда ерімейтін пигмент түзеді. Олар тропикалық топырақтарда кездеседі. Клеткалары таяқша тәрізді. Есейген клеткалар қозғалмайды. [4]\r\n\r\n 3.Қорытынды бөлім\r\n\r\nХІХ ғасырда микроорганизмдердің адам өміріндегі және биосферада атқаратын функциялары, олардың қоректену әдістерінің әр түрлі болатындығы анықталады. Бактериялардың физиологиялық алуантүрлілігін байқап, олар өсімдіктер мен жануарлар жүргізе алмайтын химиялық реакцияларды жүргізе алатындығын көрсетті. [2]\r\n\r\nҚазіргі кезде біз осы ғалымдар қалдырған деректерге сүйене отырып, өзіміздің ғылыми жұмыстарымызды, осы ғылым саласындағы білімімізді тереңдете түсеріміз анық. Болашақ мамандығымыз бойынша білім жетілдіру жолында еңбектерді өз мақсаттарымызға пайдаланып, осы секілді нәтижелі жетістіктерге қол жеткізуіміз үшін үлкен маңызға ие.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Тақырып бойынша сұрақтар
  2. \r\n

  3. М.Бейеринк профессорлық қызметті қай жылдан және қай оқу орнынан бастады?
  4. \r\n

  5. М.Бейеринктің ғылымға енгізген жаңалығын атаңыз?
  6. \r\n

  7. 1898жылы белгісіз ауру қоздырғышын Бейеринк қалай атады?
  8. \r\n

  9. « Azotobacter Beijerinkii»клеткаларына биологиялық сипаттама беріңіз.
  10. \r\n

  11. «Azotobacter Beijerinkii» бактериясының суретін мысал ретінде келтіріңіз.
  12. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттерге сілтеме: \r\n\r\n 1.http://ru.wikipedia.org/wiki/Бейеринк,_Мартин\r\n\r\n2.М.Х.Шығаева, Ә.Т.Қанаев «Микробиология және вирусология». Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 2008ж. (14бет; 83-84бет)\r\n\r\n3.http://www.britannica.com/EBchecked/topic/58881/Martinus-W-Beijerinck\r\n

    \r\n

  1. Н.Шоқанов, С.Сағындықова, Ф.Серікбаева «Микробиология». Алматы, «Арыс баспасы»,2003ж. (103бет)
  2. \r\n

Қасымова Арайлым Серікқызы — «ЕҢ ҮЗДІК 20 МҰҒАЛІМ» САЙЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ

2

Қызылорда облысы

\r\n

№15 мектеп — лицейдің

\r\n

биология пәнінің мұғалімі 

\r\n

Қасымова Арайлым Серікқызы

\r\n

\r\n

«Ең үздік 20 мұғалім  » сайысына қатысушы АНКЕТАСЫ

\r\n\r\n

    \r\n

  1. Аты – жөні: Қасымова Арайлым Сериковна
  2. \r\n

  3. Туған күні, айы, жылы: 08.08.1988
  4. \r\n

  5. Мекен – жайы: Абай даңғылы 51\б  кв 8
  6. \r\n

  7. Жұмыс орны: №15 мекетеп-лицей
  8. \r\n

  9. Бітірген оқу орны: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
  10. \r\n

  11. Еңбек өтілі: 5 жыл
  12. \r\n

  13. Жетістіктері:
  14. \r\n

\r\n

    \r\n

  • 2013 жылы Қ.Р. педогог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында (3 деңгей) бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтадым.
  • \r\n

  • 2011 жылы «Дарынды балаға бжілімді ұстаз» тақырыбында өткізілген 4 Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде 3 орын «Мақтау қағазы»мен марапатталдым.
  • \r\n

  • 2011 жылы Қ.Р. Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында құрмет грамотасы.
  • \r\n

  • 2012 Республикалық олимпиаданың 2 кезеңінде оқушыларыи  Молдабаева.Ә әне Бозжан.Э 3 – орын.
  • \r\n

  • 2013 жылы «Азаттық алтын босағам» тақырыбында «Жарқын идея» иновациялық жобалар байқауы «Алғыс хат»
  • \r\n

  • 2013 жылы тәжірибе алаңы Сертификат.
  • \r\n

\r\n

    \r\n

  1. Алға қойған мақсаты: Жаңа заман талабына сай тұлға қалыптастыру
  2. \r\n

  3. Электрондық поштасы: Arai_8_88@mail.ru
  4. \r\n

\r\n \r\n

Конкурсқа қатысушы ұстаздың ашық сабағы: Мутация

\r\n

Ашық сабқты жүктеп алу

АЯТЖАН АХМЕТЖАН — «ЕҢ ҮЗДІК 20 МҰҒАЛІМ» САЙЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ

0

Астана қаласы дарынды балаларға арналған

\r\n

«Зерде» мектебінің химия пәні мұғалімі

\r\n

Аятжан Ахметжан

\r\n

«Ең үздік 20 мұғалім  » сайысына қатысушы АНКЕТАСЫ

\r\n

 

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Аты – жөні   Аятжан Ахметжан
1 Туған күні, айы, жылы   1986 жылы 18 шілде
2 Мекен – жайы, индекс   Астана қаласы010000
3 Жұмыс орны   Астана қаласы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі химия пәні мұғаліміҚазбілім порталының бас редакторы
4 Бітірген оқу орны  ЕҰУ – 2011 жылы химия бакалврыЕҰУ – 2015 жылы химия магистрі
5 Еңбек өтілі   4 жыл
6 Жетістіктері   2004 жылы химиядан ҚХР-лық олимпиада жүлдегері;Оқушылары аудандық, обылыстық (қалалық), республикалық олимпиада жеңімпазы.Астана қаласы химия олимпиадасының комиссия мүшесі, ғылыми жобалар сайысының комиссия мүшесі.Республикалық, облыстық, қалалық ақындар айтысы жеңімпазы;\r\n\r\nРеспубликалық, облыстық, қалалық мүшәйралар жеңімпазы; \r\n\r\n2010 жылы «ЕРКІМЕ КӨНШІ, ЕЙ, ӨМІР» атты жыр жинағы жарық көрген. \r\n\r\nМақалалары мен өлеңдері мерзімді, мерзімсіз басылымдарда үздіксіз жарияланып келеді.\r\n\r\nҰстаз жетістіктері:\r\n\r\n2004 жылы химиядан ҚХР-лық олимпиада жүлдегері;\r\n\r\nОқушылары аудандық, обылыстық (қалалық), республикалық олимпиада жеңімпазы.\r\n\r\nАстана қаласы химия олимпиадасының комиссия мүшесі, ғылыми жобалар сайысының комиссия мүшесі.\r\n\r\nРеспубликалық, облыстық, қалалық ақындар айтысы жеңімпазы;\r\n\r\nРеспубликалық, облыстық, қалалық мүшәйралар жеңімпазы; \r\n\r\n2010 жылы «ЕРКІМЕ КӨНШІ, ЕЙ, ӨМІР» атты жыр жинағы жарық көрген. \r\n\r\nМақалалары мен өлеңдері мерзімді, мерзімсіз басылымдарда үздіксіз жарияланып келеді.\r\n\r\nӨз жетісткітері:\r\n

    \r\n

  1. Алғыс хат – оқушылар арасындағы Халықаралық №46 Менделеев олимпиадасының өтуі барысындағы белсенді еңбегіңіз үшін, Республикалық «дарын» ғылыми практикалық орталығының директоры: Ш.А. Қирабаева.
  2. \r\n

  3. Қатысушы куәлігі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған семинарлар жиынтығы. Қазақстан Оқу Ассоциациясы президенті: С.Мирсеитова.
  4. \r\n

  5. Сертификат – «Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету – зияткерлік болашақты қалыптастыру жағдайы» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференциясының қатысушысы: Астана қаласы білім басқармасының бастығы: А. Бимендина; «Глюон» Халықаралық интеллект клубының бас директоры:                    В. Альминдеров
  6. \r\n

  7. Сертификат – «Оқушының ізденіс дағдыларын дамыту арқылы зерттеу әрекетін ұйымдастыру» семинарының қатысушысы, шығармашыл ұстаздардың ақпаратты-әдістемелік орталығының директоры: М.Рахымбаева
  8. \r\n

  9. Сертификат – химия пәні мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық шеберлік» атты ғылыми-практикалық семинар-тренингіне қатысушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы: Н.Л.Шапекова.
  10. \r\n

  11. Сертификат – «Химия пәні бойынша интерактивті оқытуды ұйымдастыру үшін заманауи технологияларды қолдану» курсының қатысушысы, Астана қаласы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры: Л.А.Саинова
  12. \r\n

\r\n \r\n\r\nОқушыларының жетістігі:\r\n

    \r\n

  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі химия пәнінің ІІ орын иегері Наурызбай Айдана, 10 сынып. 2011-2012 оқу  жылы.
  2. \r\n

  3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі химия пәнінің грамота иегері Наурызбай Айдана, 10 сынып. 2011-2012 оқу  жылы.
  4. \r\n

  5. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі химия пәнінің І орын иегері Айманбетова Мален, 8 сынып. 2012-2013 оқу жылы.
  6. \r\n

  7. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі химия пәнінің І орын иегері Мырзабек Талғар, 8 сынып. 2012-2013 оқу  жылы.
  8. \r\n

  9. Химия пәнінен ІІ Республикалық қашықтық олимпиадасының ІІ орын иегері Мырзабек Талғар, 8сынып. 2012-2013 оқу жылы.
  10. \r\n

  11. Химия пәнінен І Республикалық қашықтық олимпиадасының күміс жүлделі сертификат иегері Мырзабек Талғар, 8 сынып. 2012-2013 оқу  жылы.
  12. \r\n

  13. Химия пәнінен І Республикалық қашықтық олимпиадасының үздік нәтижелі сертификат иегері Аида Луценко, 11 сынып. 2012-2013 оқу жылы.
  14. \r\n

  15. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының Республикалық кезеңі химия пәнінің ІІІ орын иегері Хамитжан Медина, 8сынып. 2012-2013 оқу жылы.
  16. \r\n

  17. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының Республикалық кезеңі химия пәнінің қатысушы сертификат иегері Хамитжан Медина, 8сынып. 2012-2013 оқу жылы.
  18. \r\n

  19. А.З.Молдахметов атындағы лицейдің 10 жылдығына арналған «Білім, ғылым және ииновация интеграциясы – оқушылардың үлесі» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушы сертификат иегері Абилдинова Асель. 11 сынып. 2012-2013 оқу  жылы.
  20. \r\n

  21. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі химия пәнінің І орын иегері Сағидолла Томирис, 8 сынып. 2013-2014 оқу  жылы.
  22. \r\n

  23. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі химия пәнінің І орын иегері Мустахимов Диас, 8 сынып. 2013-2014 оқу  жылы.
  24. \r\n

  25. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі химия пәнінің ІІ орын иегері Сапар Нұрсұлтан, 8 сынып. 2013-2014 оқу  жылы.
  26. \r\n

  27. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі химия пәнінің ІІ орын иегері Сәрсенбеков Біржан, 8 сынып. 2013-2014 оқу  жылы.
  28. \r\n

  29. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі химия пәнінің І орын иегері Айманбетова Мален, 9 сынып. 2013-2014 оқу  жылы.
  30. \r\n

  31. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі химия пәнінің ІІ орын иегері Өміртас Нұриза, 10 сынып. 2013-2014 оқу  жылы.
  32. \r\n

  33. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі химия пәнінің ІІІ орын иегері Сапар Нұрсұлтан, 10 сынып. 2013-2014 оқу  жылы.
  34. \r\n

  35. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі химия пәнінің ІІІ орын иегері Айтымова Мәдина, 9 сынып. 2013-2014 оқу  жылы.
  36. \r\n

  37. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі химия пәнінің грамота иегері Мустахимов Диас, 9 сынып. 2013-2014 оқу  жылы.
  38. \r\n

  39. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі химия пәнінің грамота иегері Сағидолла Томирис, 9 сынып. 2013-2014 оқу  жылы.
  40. \r\n

  41. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі химия пәнінің грамота иегері Талипова Жанел, 10 сынып. 2013-2014 оқу  жылы.
  42. \r\n

  43. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар сайысы қалалық кезеңі химия пәнінің грамота иегері Пәшен Жанбота, 9 сынып. 2013-2014 оқу  жылы.
  44. \r\n

  45. Астана қаласы бойынша Қаз Мұнай Газ Ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен өткен «Жас химик» конкурсының ІІ орын иегері Айтымова Мәдина, Талипова Жанел, Сапар Нұрсұлтан. 7-9 сынып. 2013-2104 оқу жылы.
  46. \r\n

  47. Астана қалалық жас маман олимпиадасы 4 бірінші орын, 2 екінші орын, бір үшінші орын. 2014-2015 оқу жылы.
  48. \r\n

\r\n

7 Алға қойған мақсаты   Қазақ елінің ертеңіне аянбай еңбек ететін ұландар тәрбиелеу, сапалы қазақша материалдар дайындап химия пәнінің қазақ еліндегі дамуына үлес қосуҰрпақ тәрбиесіне үн қосып, сапалы тәрбие, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге үн қосу
8 Электрондық поштасы   aiatzhan@gmail.comaiatjan@mail.ru
9 Байланыс номері   87029318008

\r\n \r\n\r\nСайысқа қатысушының МӘРТЕБЕГЕ жарияланған материалдары:\r\n\r\nҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!\r\n\r\nБАЛАНЫҢ БАҒЫН БАЙЛАҒАН БАҒА 

Қазақстанның спорт саңлақтары

0

Оспанова Ғалия Әлібекқызы

\r\n

                     Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі

\r\n

                     Қызылорда облысы Шиелі ауданы

\r\n

                     «Көкшоқы» елдімекені

\r\n

                     №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейі

\r\n

\r\n \r\n\r\nCабақтың тақырыбы:    IV модуль. «Бос уақыт» .\r\n\r\n                                             Қазақстанның спорт саңлақтары ( 2 cағ )\r\n\r\nСабақтың мақсаты:\r\n\r\nБілімділік:                      бос уақытты тиімді өткізудің ерекшелігі мен  Қазақстанның    \r\n\r\n                                          даңқты спортшылары мен спорттағы жетістіктері туралы   \r\n\r\n                                          білімдерін толықтыру ,құрмалас сөйлем түрлерін қайталау. \r\n\r\nДамытушылық:           білім,білік дағдыларын,ойлау қабілетін, сауатты жазу,   \r\n\r\n                                          диалогтік,  монологтік сөйлеу тілін дамыту.\r\n\r\nТәрбиелік:                      олимпиада ойындарын таныта отырып,ұлттық мақтаныш    \r\n\r\n                                         сезімдерін ояту,салауатты өмір салтын  қалыптастыруға  \r\n\r\n                                         тәрбиелеу.\r\n\r\nСабақтың типі:             дәстүрлі емес\r\n\r\nСабақтың түрі:             аралас сабақ\r\n\r\nСабақтың әдісі:             талдау,тұжырымдау,салыстыру,баяндау,шығармашылық \r\n\r\n                                           жұмыс, аударма,сұрақ жауап\r\n\r\nСабақтың көрнекілігі:  слайдтар, кеспелер, кестелер, кубок, жетондар\r\n\r\nПәнаралық байланыс:  тарих,география, дене шынықтыру\r\n\r\nСабақтың барысы:\r\n

    \r\n

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. \r\n

  3. Үй тапсырмасын тексеру
  4. \r\n

\r\n \r\n\r\nЖаңа сабақ.\r\n\r\n — Балалар,  бүгінгі сабағымызға мектеп ұстаздары қонаққа келіп отыр.Бүгін алған білімдерімізді көрсетіп, өз ойымызды ашық айтуға шақырамын. Білімдерімізді жүйелеп, сарапқа салу үшін , біз екі командаға бөлініп жұмыс істейміз. «Білім кубогы» жақсы жұмыс істеген командаға беріледі. Команда әрбір дұрыс жауабы үшін жетондар алады.Көп жетон жинаған топ жеңіске жетеді. ( жетондар жеңіс медалі орнына беріледі.)\r\n\r\nІ команда «Барыс» командасы\r\n\r\nІІ команда «Алау» командасы \r\n\r\n \r\n\r\nI тур: Интеллектуалды марафон \r\n\r\n \r\n\r\n1.Қазақстанда тұңғыш рет өткен Азияда ойындарында қанша спорт түрлерінен спортшылар бәсекеге түсті? \14 спорт түрінен\\r\n2. Қазақстанда 2011 жылы өткен Азиядада еліміз қанша медальға ие болды? \ 70 медаль \\r\n3. Азияда алғашқы рет қай жылы өтті? \1951 жылы\\r\n4. Азияда 2007 жылы қай елде болды? /Чан-чун\\r\n5. Былтырғы қысқы Азияда ойындарына  қанша спортшы қатысты? /800 спортшы/\r\n6.Азияда ойындарында алтын, күміс және қола медаль саны қанша ? /32 алтын,21 күміс, 17 қола/\r\n7. 2015 жылы Азияда қай мемлекетте ,қай қалада өтеді? /Сакура ,Жапония/\r\n8. Азияда ойындары қанша жылда оралып келеді? / 4 жылда/\r\n9.Азияда ойындарының ұраны /Мақсаты бірдің — рухы бір!»\r\n\r\n10.Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ата. / талғаулы, кезектес,ыңғайлас,түсіндірмелі,себеп салдар,қарсылықты/\r\n\r\n \r\n\r\nII тур: Интеллектуалды спринт Әр топқа жеке  сұрақтар қойылады\r\n« Барыс » командасына\r\n\r\n1.2011 жылғы Азияда ойындарының бойтұмарына айналған жануар /Ирбис /\r\n2. Ежелгі олимпиада ойындары қай елде пайда болды ?\r\n/Ежелгі Грекияда 776 жылы , содан кейін Афинада пайда болған /\r\n3. Олимпиада ойындарының негізгі белгісі не ?\r\n/ негізгі белгісі – бес шығыршық  /\r\n4. Бес шығыршық ненің белгісі? / адамдар мекен ететін бес құрлықтың белгісі/\r\n

    \r\n

  1. «Медеу» мұз айдыны туралы не білесің?
  2. \r\n

\r\n«Алау» командасына\r\n\r\n1.1999 жылы Азия құрлығының  ең үздік боксшысы атанған боксшы кім? ( Ермахан Ыбрайымов)\r\n

    \r\n

  1. Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы кім? (Жақсылық Үшкемпіров)
  2. \r\n

  3. Қазақ халқының ұлттық спорт ойындары тоғызқұмалақ,көкпар,бәйге,қазақша күрес
  4. \r\n

\r\n4.Лондон олимпиадасының жүлдегерлерінің саны (13)\r\n

    \r\n

  1. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері қанша жаздық және қыстық олимпиадаларға қатысты? ( 5 жаздық ,5 қыстық олимпиадалық ойындарға қатысты.)
  2. \r\n

\r\nIII тур: Интеллектуалды жекпе — жек\r\n1.спорт туралы мақал мәтел,жұмбақтар айту\r\n\r\nМақал-мәтелдің жалғасын тап:\r\n\r\nДенсаулық – ……….                         зор байлық.\r\n\r\nТәні саудың – ……..                         жаны сау.\r\n\r\nЕңбек пен бақыт –…….                  егіз.\r\n\r\n \r\n\r\nАуырып ем іздегенше,…………      (ауырмайтын жол ізде.)\r\n\r\nІшің………. , аузыңды……               (ауырса  ……………  тый.)\r\n\r\nКөзің …….., қолыңды …….            (ауырса  ……………  тый.)\r\n\r\nСпорт – денсаулық ……….            (кепілі.)\r\n2.Капитандар команда болып дайындаған спорт туралы презентациялық жобасымен таныстырады. «Барыс» тобы – «Қысқы Азиада Қазақстанда!»\r\n\r\n«Алау» тобы – « Олимпиада тарихы »\r\n\r\n \r\nIV тур : Интеллектуалды көкпар.\r\n1.Құрмалас сөйлемдердің түрін анықтау, сөйлемді аяқтау.\r\n\r\n 1.Бұл спорттық жарыс “Азиада” деп аталады және әрбір\r\n\r\n      4 жыл сайын өткізіліп отырылады.\r\n\r\n                                                     /Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем./\r\n\r\n    2.Азияда ойындары 1951 жылдан бері өткізіліп келе жатыр, бірақ\r\n\r\n    біздің ел 1996 жылы алғаш рет қатысты.\r\n\r\n                                                   /Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем./\r\n\r\n  3.Қысқы ҮІІ Азиядада жеңіске жететінімізге сенімді болдық,\r\n\r\n   себебі дайындығымыз өте жоғары болды.\r\n\r\n                                                   /Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем./\r\n\r\n 4.Лондон олимпиадасында бірде сыннан қалай өтеміз\r\n\r\n    деген күдік мазалады, бірде жүктелген сенімнен  шығуға \r\n\r\n    деген ұмтылыс күш берді.\r\n\r\n                                                     / Кезектес салалас құрмалас сөйлем./\r\n\r\n   5.Тау барысын бойтұмар етіп алудың 2 мәнісі болды:\r\n\r\n біріншісі-қазаққа тән батылдық пен төзімділік қасиеттің болуы,\r\n\r\n екіншісі-тәуелсіз Қазақстанның бет — бедері ретінде танылып келуі.\r\n\r\n                                                  /Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем./\r\n\r\nV тур:  Тайм  — аут.\r\n

    \r\n

  1. Анықта. Мына сандарды қалай түсіндіресіңдер?
  2. \r\n

\r\n(Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері  5 жаздық және 5 қыстық олимпиадаларға қатысты.)\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n2.Спорттық ойындардың айырмашылығы мен ұқсастығын тап:\r\n\r\n \r\n\r\nБаскетбол —  волейбол\r\n\r\nШаңғы — коньки\r\n\r\nКүрес – бокс\r\n\r\n \r\n\r\n3.Мәтінді оқып, аудару. Түсінгенің айту,мазмұндау.\r\n\r\n                                     Денсаулық – басты байлық\r\n\r\nӘрбір адам өз өмірін ұзартуға міндетті.Денсаулық әркімнің өзі үшін,оның отбасы және елі,халқы үшін қажет.Мен әр адам 120 жыл, одан да көп өмір сүруге хақылы,міндетті дер едім.Денсаулықты сатып ала алмайсың.\r\n\r\n  Мен өз өмірімнің саулығын өзім жасадым.Жылдың  365 күнінде мен түгелдей саумын.Ауру, шаршауды білмеймін.Суға шомылғанды жақсы көремін.Тауға жиі серуенге шығамын.Осындай нәтижеге сіз де жете аласыз.\r\n\r\n                                                                                          Поль Брегг\r\n\r\nПоль Брегг — АҚШ азаматы.\r\n\r\n Ол  95 жыл қызу еңбекке толы,белсенді, \r\n\r\n қызықты өмір сүрген. «Ашығудың ғажайыбы»\r\n\r\n кітабының авторы. 1978 жылы Флорида\r\n\r\n жағалауында мұхит үстінде апатқа\r\n\r\n ұшырап,қайтыс болған.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n4.Аяқталмаған сөйлемдер.Сөйлемдерді аяқтап, салаластың қай түрі екенін анықтау.\r\n\r\n1.Азиада ойындарынан біздің ұтқанымыз көп болды:..\r\n\r\n2.Алғашқы алтынды олжалағанда қуанғаным сонша-\r\n\r\n3.Азиада ойыны маған көп ой қалдырды:\r\n\r\n4.Сайысты тамашалай отырып менің түйгенім мынау-\r\n\r\n \r\n\r\nТоптық жұмысты қорытындылау.Жетондар санын анықтау. «Білім кубогын» жеңген топқа тапсыру. \r\n\r\nСабақты қорытындылау. \r\n\r\nОқушылардың білімін бағалау. \r\n\r\nҮйге тапсырма. «Менің бос уақытымдағы спорт» әңгіме жазу.\r\n\r\n \r\n\r\nАшық сабақты толық жүктеп алу\r\n\r\n \r\n\r\n               \r\n\r\n 

Оспанова Ғалия Әлібекқызы — «ЕҢ ҮЗДІК 20 МҰҒАЛІМ» САЙЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ

9

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

\r\n

№127 Ш.Уәлиханов атындағы

\r\n

орта мектеп – лицейінің орыс сыныптарындағы 

\r\n

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

\r\n

 Оспанова Ғалия Әлібекқызы

\r\n

«Ең үздік 20 мұғалім  » сайысына қатысушы АНКЕТАСЫ

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Аты-жөні Оспанова Ғалия Әлібекқызы
Туған күні, жылы 29 тамыз 1973 жыл
Мекен-жайы Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Көкшоқы» елдімекені  ГРП-2  42-үй\r\n\r\nИндекс 127400
Жұмыс орны \r\n

    \r\n

  • Қызылорда облысы Шиелі ауданы №127 мектеп-лицейінің орыс бөліміндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  • \r\n

\r\n 

 \r\n\r\nБітірген оқу орны \r\n

    \r\n

  • 1992-1997 М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық университеті.
  • \r\n

  • Факультеті: филология
  • \r\n

  • Мамандығы: басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
  • \r\n

  • Диплом: ЖБ- I I №0154074
  • \r\n

\r\n

 \r\n\r\nЕңбек өтілі \r\n

    \r\n

  • Жалпы жұмыс өтілі: 23 жыл
  • \r\n

  • Педагогикалық жұмыс өтілі: 21 жыл
  • \r\n

\r\n

 \r\n\r\nЖетістіктері\r\n\r\n \r\n\r\n  \r\n

    \r\n

  • Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі 1998ж
  • \r\n

  • 2014 жыл – облыс әкімінің Алғысы
  • \r\n

  • 2014 жыл – облыстық білім басқармасы мен кәсіподақ комитеті Алғыс хаты;
  • \r\n

  • 2014 жыл – Аудандық білім бөлімінің сапалы білім, саналы тәрбие бергені үшін «Құрмет грамотасы»
  • \r\n

  • 2013 жыл – Облыстық білім басқармасы «Мемлекеттік тілді
  • \r\n

  • дамытуға арналған облыстық грант иегері». Куәлік
  • \r\n

  • 2013 жыл – Республикалық «Өрлеу» ҰБАО . Грамота
  • \r\n

  • 2013 жыл – Облыстық білім басқармасы. “Тәжірибе алаңы – 2013” Алғыс хат
  • \r\n

  • 2012 жыл – Халықаралық ғылыми конференция «Алғыс хат»
  • \r\n

  • 2012 жыл – Аудандық білім бөлімінің халықаралық конференцияға оқушылар дайындағаны үшін «Құрмет грамотасы»
  • \r\n

  • 2012 жыл – Республикалық және халықаралық конференцияға он – лайн режимінде қатысып, жұмысы жинаққа енгені үшін аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасы»
  • \r\n

  • 2012 жыл – Республикалық «12 жылдық білім беруге көшу барысында үздіксіз педагогикалық тәжірибесінің мазмұнын жаңғырту:халықаралық тәжірибе және болашағы» атты республикалық конференция. І дәрежелі Диплом
  • \r\n

  • 2011 жыл — Республикалық ғылыми – практикалық конференция «Диплом»
  • \r\n

  • 2011 жыл — Республикалық ғылыми – практикалық конференция сертификат
  • \r\n

  • 2011жыл – Мектепішілік «Мақтау қағазы»
  • \r\n

  • 2010жыл – Мектепішілік «Құрмет грамотасы»
  • \r\n

\r\n 

Кәсіби байқаулар\r\n\r\n  \r\n

    \r\n

  • 2013 ж. «Мемлекеттік тілді дамытуға арналған облыстық грант   
  • \r\n

\r\n                 иегері»  ІІІ орын ( Куәлік )\r\n

    \r\n

  • 2013 ж. Облыстық шығармашыл мұғалімдердің «Озат тәжірибе   
  • \r\n

\r\n    алаңы-2013» Алғыс хат\r\n\r\n 

Алға қойған мақсаты \r\n

    \r\n

  • Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру
  • \r\n

\r\n

Байланыс телефоны                Ұялы тел. 87029325415 , 87710970646 үй тел.25-3-89\r\n\r\n 
Электронды пошта                     galiya_73-73@mail.ru

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n Конкурсқа қатысушының ашық сабағын жүктеп алу: Қазақстантың спорт саңлақтары

Сыйлық сыйлау және алу этикеті

0

Сыйлық сыйлау және алу этикеті\r\n\r\n \r\n\r\n                                                   Мазмұны\r\n\r\nКіріспе………………………………………………………………………………………………..2\r\n

    \r\n

  1. Сыйлық жасау дәстүрінің тарихы……………………………………………….3
  2. \r\n

  3. Қазіргі заманғы сыйлық жасау этикеті………………………………………..4\r\n
      \r\n

    • Сыйлық жасау……………………………………………………………………….4
    • \r\n

    • Сыйлық алу……………………………………………………………………………7
    • \r\n

    \r\n

  4. \r\n

\r\nҚорытынды…………………………………………………………………………………………8\r\n\r\nҚолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………….9\r\n\r\n      Кіріспе\r\n\r\n    Ежелден бастап қазіргі күнге дейін сыйлық жасау символикалық мәнге ие: сыйлық сөздерді алмастырады, жақсы қарым-қатынасын білдіреді деуге болады.\r\n\r\n   Ағылшын мақалы «Кім сыйлық жасау біледі-сол өмір сүру біледі» деген.Біз сыйлықтарды тек олай жасау керек болғандықтан емес, сонымен қатар ол сыйлық сыйлаушы мен сыйлық алушыға рахат алып келеді.\r\n\r\n   Сыйлық сыйлаудың тарихы жоқ сияқты, олар әрқашанда болғандай.      Сыйлықты кімге, қалай және қашан сыйлағанды білу керек.Кейбір сыйлықтарды сыйлаудың белгілі бір этикеті, дәстүрлері бар.\r\n\r\n \r\n\r\nСыйлық жасау дәстүрінің тарихы\r\n\r\n   Сыйлықтың тарихы бірнеше мыңжылдықтарды қамтиды.Көптеген ғасырлар бойы адамдар көңілдің, сыйласымдық пен достықтың белгісі ретінде бір-бірлеріне сыйлықтар сыйлайтын.\r\n\r\n   Ортағасырларда этикет формалары қалыптасқан.Сыйлықтармен алмасу қоғам өмірінде маңызды рөл атқарды.Үйлену, еске алу, келісімге отыру, қонаққа бару және басқа да маңызды оқиғалар сыйлық сыйлаумен өткізілген болатын.\r\n\r\n   Сыйлықтың өткені жоқ сияқты, алайда оның тарихы 2000 жыл бұрын бастау алған.\r\n\r\n   2000 жыл бұрын Вифлеемде Қасиетті жерде Иусус туған.Адамдар аспанда жұлдыз жанғанын көріп, құтқарушы бар екендігін түсінді.Олар Христос табыну үшін Вифлеемге жол ұстады.Олар сәбиге иіліп, сыйға алтын, ладан және смирна тартты.Осылайша, сыйлық жасаудың тарихы осыдан бастау алады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҚазіргі заманғы сыйлық жасау этикеті\r\n\r\nСыйлық жасау\r\n\r\n \r\n\r\n   Әлемде сыйлық алғанды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Кез келген сыйлық адамды қуантады.Алайда әрбір сыйлық алған сайын бір міндет туындайтын сияқты болғандықтан, сыйлық сыйлау әлдеқайда қызығырақ.\r\n\r\n   Сыйлық әрқашанда қуаныш әкеледі.Ол әрқашанда құрмет пен сыйласымдық белгісі.Оның таңдалуы әр адамның жеке қасиеттеріне байланысты.\r\n\r\n   Сыйлық таңдау кезіндегі көңіл аударарлық жай болып оның бағасы саналады. Қымбат сыйлықпен адамды ыңғайсыз жағдайға қойып қалу мүмкін екендігін есте сақтаған жөн.\r\n\r\n   Соған байланысты кейбір елдерде сыйлықтын бағасы белгілі бір сомадан аспауы керек.Бұл әсіресе АҚШ-та маңызды рөл атқарады.Тіпті Л.Джонсон президенті билігі кезінде «Қызметкердің этикалық кодексі» қабылданды.Кодекс регламенті бойынша қызметшіге сыйлаған сыйлықтың бағасы отандастар үшін 20 доллардан, ал шетелдіктер үшін 225 доллардан аспауы керек.Сол сияқты декларациялар басқа да бірқатар елдерде қабылданды.\r\n\r\n   Сыйлықты адамның талғамына, қызықтыратын заттарына, өмір салтына және де хоббиына байланысты таңдау керек.Сонымен қатар ол оқиғаға, адамның жынысына және қарым қатынасыңызға да байланысты.Сыйлық сыйлау алдында оны алдын ала ойластырып алғаны жөн.Асығыста таңдалған сыйлық-сыйлық емес.Ал үйдегі керегі жоқ затты сыйлаған мүлдем этикет нормалары қатарынан тыс жайт.\r\n\r\n   Сыйлық сыйлау процеесіне де көңіл аударған жөн.Оны құр тез бере салу этикет нормаларына жатпайды.Оны әдемі және де сыпайы түрде сыйлау қажет.Сыйлық сыйлаудың алтын ережесіне сәйкес сыйлаған адамға сыйлықты таңдаған өте ауыр болғаны және бағасының қымбаттығы жөнінде айтуға мүлдем дұрыс емес.\r\n\r\n   Сыйлық сыйлау кезіндегі бірқатар ережелер:\r\n

    \r\n

  • Туған күнге туған күн иесінің бүкіл отбасысы емес, тек өзі қолданар зат сыйлау керек;
  • \r\n

  • Сыйлықты туған күн өткеннен кейін сыйлауға болмайды, оған қарағанда алдын-ала сыйлаған жөн болар;
  • \r\n

  • Сыйлық ретінде ақша сыйлау дұрыс емес, егер де ол адам сіз үшін шынайымен қымбат болса уақытыңыз бен көңіліңізді бөліп, қуанышты қылуыңыз қажет;
  • \r\n

  • Өте-өте қымбат сыйлық сыйламаған жөн, бұлай адамды ыңғайсыз жағдайға тұрғызуыңыз және де оны сізге тәуелді сездіруіңіз мұмкін;
  • \r\n

  • Сыйлықтың қапталғаны дұрыс;
  • \r\n

  • Ешқашан өзіңізге сыйлаған сыйлықты сыйлауға болмайды;
  • \r\n

  • Жеуге жарамды сыйлықтарды сол уақытта үстелге сыйлау қажет;
  • \r\n

  • Тірі сыйлықтарды (күшік, мысық, тотықұс және т.б.) сол үйдің отбасы мүшелері рұқсатымен сыйлау керек;
  • \r\n

  • Сыйлықты кіре берісте сыйлауға болмайды, оны қонақ үйде асықпай, жылы лебіздермен сыйлаған жөн болар;
  • \r\n

  • Кез-келген ұсақ түйек сыйлаған сіз туралы жаман ой қалыптастырады;
  • \r\n

  • Екі мағыналы сыйлықтардан аулақ болу керек: мысалы әйелдің жарына мүйіз немесе жаңадан үйленгендерге қайғылы сурет;
  • \r\n

  • Сыйлықтын сюрприз болғаны жақсы;
  • \r\n

  • Ақшалай сыйлықты әрқашан конвертте беру керек;
  • \r\n

  • Жаман сыйлық мүлдем сыйлықтың болмағанынан жақсы.
  • \r\n

\r\n \r\n\r\n   Енді кімге, қашан және қандай сыйлық сыйлау керек деген сұрақтар туындайды.\r\n\r\n   Әрине, әрбіреуге сыйлық сыйлай беру жөнді емес, көп қателіктер жасап қоюыңыз мүмкін, және жақсы таныс емес адамдарға да сыйлық сыйлау дұрыс емес, сізді дұрыс түсіңбеуі мүмкін.\r\n\r\n   Ең күрделі сұрақтардың бірі: бастыққа сыйлық сыйлау керек па? Сыйланған кез-келген сыйлық сіздің жағымпаздануыңыз ретінде түсінілуі мүмкін.Сондықтан, бастықтарға сыйлықтарды тек ерекше кездерде (юбилей, зейнетке шығу және т.с.с.) сыйлаған жөн.Әрине егерде бастық пен қызметкер арасында шынайы достық, жылы қарым-қатынаста болса, бір-біріне сыйлық сыйлау көзделген. Бастыққа сыйлықты барлық коллективпен сыйлаған этикет нормаларымен сәйкестелген.\r\n\r\n   Енді қашан сыйлау? Әрине, сыйлықтар туған күнге, үйлену тойға, мектеп, университет бітіру сияқты оқиғаларға сыйланады.Бұл оңай жағдайлар болып табылады.Үйлену тойына байланысты жылдықтар әлдеқайда күрделірек болып саналады.Үйлену тойының бірінші жылдығы- қағаз той, екінші жылдығы- шыны той, оныншы жылдығы- фарфор той, он бесінші жылдығы- қола той, жиырмасыншы жылдығы- хрусталды той болып есептелінеді.\r\n\r\n   Бүгінгі таңда, 25 жылдық – күміс той, 50 жылдық – алтын тойды тойлау кең таралған.Алайда, күміс тойға күміс, алтын тойға алтын сыйлау міндетті емес.\r\n\r\n   Енді негізгі сұрақтардың бірі- не сыйлау.\r\n\r\n   Сыйлық кімге сыйланатынына байланысты таңдалады.Таныс емес немесе жақсы араласпайтын адамға қарағанда,жақын адамға сыйлық таңдау жеңілдеу болады.Жақын адамға сыйлыққа не беруге болатынын оңай ойластыруға, тіпті гүл, ойыншық немесе үй тұрмысына қажетті зат сыйлауға болады.\r\n\r\n   Жақын туыстарға киім немесе үй тұрмысына қажетті зат сыйлауға болады,ал туыстық алыстаған сайын, сыйлық таңдау қиындай түседі.Егер де жақын туысыңызға қолғап, сөмке немесе т.с.с. зат сыйлау мүмкін болса, жай таныс адамға мұндай заттар сыйлау этикет нормаларымен сәйкес келмейді.\r\n\r\n   Әйел адам жақын ер адамға темекі құрамдастарын, табак, шарап, галстук, жейде немесе свитер сыйлай алады.Ал алыс туыстарға жеке заттар сыйлауға болмайды.\r\n\r\n   Негізі барлық сыйлықтар екі топқа топтастырылады:\r\n

    \r\n

  • Сувенирлік (кітап, кошелек, сувенирлер және т.с.с.)
  • \r\n

  • Бағалы (ваза, сервиз, скатерть, сурет және т.с.с.)
  • \r\n

\r\n   Егерде сыйлық Жаңа жыл немесе 8 наурызға арналған болса, оған құттықтау қағазын қосып берген жөн болады.\r\n\r\n   Бүгінгі таңда кітап сыйлау кең тараған.Кітапты өте мұқият таңдау керек, ол сыйлық алушы адамның талғамына сай болуы, әрі қуаныш сыйлауы керек.Алтын ереже – кітапқа ешқашан жазу жазуға болмайды, оған тек қана автор құқылы. Кез-келген басқа жазу кітапты бұзады, егерде жылы лебіздеріңізді қалдырғыңыз келсе, құттықтау қағазын қыстыруға болады.\r\n\r\n   Зергерлік бұйымдарды ерекше таңдау керек: біріншіден, зергерлік бұйымдарды тек жақын достар мен туыстарға сыйлауға болады, екіншіден, бұйым (брошь, сағат, сырға, сақина, білезік) келешек иегерге жарасымды келетіндігін ескеру қажет.\r\n\r\n   Әрбір сыйлық- сыйлық сыйлаушының жан-дүниесінің айнасы. Сыйлық сыйлау ол міндет емес, көңілдің, жылы қатынастың белгісі.\r\n\r\n   Жиі шақыруларға белгілі бір себептермен келе алмайтын жағдайлар болып қалуы мүмкін.Мұндай жағдайда сыйлықты алдын-ала кешірім сұрап, біреу арқылы беріп жеру, сонымен  қатар жылы лебіздер жазып құттықтау қағазын жазып жіберу керек.\r\n\r\n   Сонымен қатар, сыйлық таңдауды ең соңғы мезгілге қалдырмауы керек. Сыйлықты алдын-ала ойластырып алғаны жөн болар.\r\n\r\n \r\n\r\nСыйлық алу\r\n\r\n   Сыйлық алудың да белгілі бір этикет ережелері бар.\r\n\r\n   Біріншіден, сыйлықты алған кезде оны ары таман жерге қоймау керек. Лезде қабын шешіп, сыйлықты бағалап, алғыс сөздерін айту керек. Сонымен қатар, сыйлық алар кезде, сыйлықты берер қолына емес, сыйлық берушінің өзіне, көзіне қарау керек.Егер сыйлық ұнамаса да әрқашан осылай істеу керек.Алғыс айту- бұл біріншіден көңіл білдірушілік пен сыйласымдық белгісі.\r\n\r\n   Сіздің көзқарасыңыз бойынша мүлдем керек емес немесе қымбат емес сыйлық алған кезде алғысыңызды ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар бұл тамаша сыйлық екендігін айту керек.Қымбат сыйлық пен құр сувенирді бірдей жүректілікпен қабылдау қажет.Сыйлықтарды салыстыруға және араларынан ұнатқанын таңдап алу этикет ережелері бойынша дұрыс емес.\r\n\r\n   Егерде біреу сыйлықсыз келсе, оны басқалармен бірдей қабылдап, уақытын бөліп келгені үшін алғыс білдірген жөн.\r\n\r\n   Этикет ережелері бойынша, сыйлық ретінде кәмпит, шарап немесе торт сияқты заттарды алған кезде, қоршаған адамдармен бөлісу қажет.Алайда, Еуропа мен Америка елдерінде мұндай әрекет түсінбеушілікке алып келуі мұмкін.\r\n\r\n   Ал егер де, ұсынылған сыйлық сізге ұнамаса, мұны көрсетпеу керек, себебі ол адам сіз үшін тырысқан болатын.\r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\n   Сыйлық- ол ең біріншіден көңіл, достық пен махаббат белгісі.\r\n\r\n   Егер сіз сыйлық сыйлауды ұнатсаңыз, сіз эгоизмді жеңіп, басқалар туралы ойлай, оларға қамқор бола аласыз.\r\n\r\n   Сыйлық сыйлау- ол өнер, оны кез-келген өнер сияқты үйренуге болады. Ол адамның ішкі мәдениеті көрінісі болып табылады.\r\n\r\n   Сыйлықтын феномені- оның кері векторлығы- адамдар тек сыйлық алғанды ғана емес, сонымен қатар сыйлық сыйлағанды да ұнатады.адам сыйлыққа өзінің бір бөлшегін салғандай болады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҚолданылған әдебиеттер тізімі\r\n

    \r\n

  1. Малая энциклопедия этикета. – М.: «РИПОЛ КЛАССИК», 2000. – 640 с.; 2. http://allinfo100.narod.ru/kakdarit.html/ Как дарить подарки;
  2. \r\n

  3. http://www.acapod.ru/ Что, кому, когда дарить?;
  4. \r\n

  5. http://etiket.net.ru/ Подарки;
  6. \r\n

  7. http://www.pr-dialog.com/ Подарок – это эстетически упакованный смысл;
  8. \r\n

  9. http://pozdr.h1.ru/ Как дарить подарки;
  10. \r\n

  11. http://7days.belta.by/ Откуда пришел обычай дарить подарки.
  12. \r\n

\r\n                                 \r\n\r\n 

Сырым Датұлы туралы айтылмаған сыр

0

Сырымда әлі сыр бар\r\n\r\n \r\n\r\n Әбілсейіт МҰХТАР, тарих ғылымдарының докторы.\r\n\r\n \r\n\r\nБүгінде Сырым Датұлын, оның тікелей басшылығымен болып өткен күресін, ел басқарған әділ билігін, қол бастаған батырлығын білмей­тін қазақ жоқ десек те болғандай. Бірақ бұл тақырыптағы күрделі мәселелер әлі де баршылық. Олардың бастылары мыналар дер едік.\r\n\r\nАлғашқы нақтылап, баршамыздың міндетті қабылдауға тиісті мәселеміз – С.Датұлының дүниеге келген жылы. Өйткені, 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Сырым батырдың 250 жылдығын атап өту туралы шешім қабылдағанымен, кейінгі оқулықтар, энциклопедиялар оқырман қауымды әбден шатастырып болды. Мәселен, бабамыздың туған жылын 1998 жылғы “Қазақтар” атты көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық (ІІ том, 88-б.), 2000 жылғы Атырау энциклопедиясы (345-б.), 2001 жылғы “Елтұтқа” оқу құралы (169-б.) – 1712 жыл, 2002 жылғы Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы (475-б.) – 1723 жыл деп берген. Бұдан басқа 1733 жылды ұсынушылар да бар. Осындай ұсыныстарға негізгі тірек фольклорлық мұрамыздағы атадан балаға жеткен түрлі аңыз-әңгімелер болып отыр. Ал Алматы, Орынбор, Астрахань, Москва, Санкт-Петербург, Уфа, Қазан қалаларындағы мұрағаттық құжаттар ештеңені жайып салмайды. Ендігі жағдайда неге арқа сүйеуіміз керек, қай жылға тоқтағанымыз жөн, оны қалай анықтаймыз?\r\n\r\n \r\n\r\nБіздіңше, мұрағат қорларындағы Сырым балаларының туған жылдары арқылы және оған шежіредегі деректерді өзара салыстыра пайдалана отырып, қорытынды (онда да шамамен) шығаруға болады. Бұл арада 1992 жылғы Үкімет шешімінде көрсетілген 1742 жыл көңілге қонымды келеді. Оған тарихта белгілі Сырымның үш ұлы – Жүсіп, Қазы, Қамбардың (мұрағатта-Қабылан – Ә.М.) өмірі мен қызметін саралау арқылы да кейбір пайымдаулар жасауға мүмкіндік бар. Орынбор мұрағатындағы 1852 жылғы 24 сәуірдегі мәліметте: “Қазы Сырымов әскери старшын, Байбақты руын басқарушы, 62 жаста. Жазда Үленті, Бұлдырты, Шідерті өзендерін жайласа, қыста Бұлдырты өзені тармағы – Тұзды көлді мекендейді. Ол Байбақты руы Батақ бөлімінің Шолан бөлімшесін басқарады”, — делінген. Яғни, Қазы 1790 жылы дүниеге келген. Ал оның ағасы Жүсіп алғаш рет 1790 жылғы мамырдағы Сырым батырдың мүфти М.Хусаиновпен болған келіссөзінде аталады. Келіссөз барысын жазған журналында мүфти сәуір айының соңында кездесуге алдымен келгендер ішінде Жүсіп тарханның 5 адаммен бірге өз үйінде қалғандығын хабарлайды (Вяткин М. Журнал Оренбургского муфтия. — С.157). ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегіндегі шиеленіскен қазақ-орыс қатынасын реттеуге бағытталған келіссөзге оңы мен солын танитындардың жіберілетінін ескерсек, Жүсіп шамамен 15-20 жас аралығында болған. Жүсіптен кейінгі Сырым балалары 1778 жылғы казак-орыс атаманы Чагановтың шабуылы кезінде қаза тапқан. Міне, енді осындай мұрағаттық деректерге фольклорлық мұрамыздағы:\r\n\r\n \r\n\r\n— Арқаң көп мінген жауыр болсын,\r\n\r\nМінезің қара жерден ауыр болсын,\r\n\r\nӨкпең жоқ – бауыр болсын\r\n\r\nҚұлағыңнан сыбыр кетпесін\r\n\r\nЖасың алпысқа жетпесін – деген Сырымға берілген батаны қоссақ, Сырым Датұлының шамамен 1742 жылы туғандығы дәлелдене түседі. Яғни, 1992 жылғы қабылданған Үкіметтің шешімін орынды деген жөн.\r\n\r\n \r\n\r\nЕкіншіден, Сырым батыр тарихшылар жазып жүргендей, хандық басқаруға қарсы болды ма? Халық Кеңесін ұйымдастырған реформатор дегенді қалай түсінеміз?\r\n\r\n \r\n\r\nМұрағаттық деректер Сырымның хандық басқаруды жоюды емес, керісінше, оны күшейтіп, төңірегіне беделді би, батырларды топтастырып, хан ордасын ел ортасына көшіріп, қазақ елі тәуілсіздігі үшін күрескендігін айғақтайды.\r\n\r\n \r\n\r\n1785 жылы 21 наурызда Орынбор коменданты Я.М.Зенбулатовқа жолдаған хатында Нұралы хан Орал қаласынан аттанған 1000-нан аса казак-орыс әскері бейбіт Қазақ ауылдарын шапқанын ашына жазып: “Енді мен осындай қырып-жоюдан соң, халқым алдында иланбайтын хан болдым. Тұтқынға түскен кінәсіз қазақтар елге қайтарылмаса, мен бар беделімнен айырыламын, менің жанымда ешкім қалмайды”, деп хабарлады. Осы тұста Сырым ақпан, наурыз айларында 2 мәрте ханды ел ортасына шақырып, арнайы елші жіберген. Сырым, Барақ, Тіленші батырлар ханнан Ресейге аманат бермей, жанына Айшуақ сұлтанды ертіп, Сыр бойына көшуге үгіттеді. Бірақ Нұралы хан 1785 жылы 4 сәуірде орыс әкімшілігіне “бүкіл қазақ халқы, бауырларым, балаларым менен бөлініп кетсе де, мен патшаға адалмын” деп ағынан жарылды.\r\n\r\nМіне, осыдан бастап Нұралы хан ретінде ел сенімінен біржолата айырылып, араға уақыт сала 1786 жылы көктемде жанына балалары Бегәлі, Артыққалиды ертіп, орыс қорғанына кетті. Оның арты ханның Уфаға жер аударылуымен аяқталды. Патша үкіметі Кіші жүздегі Әлімұлы, Байұлы және Жетіруды бөлек-бөлек хансыз басқаруды көздеген 1775 жылғы реформаны тез арада қазақ сұлтандарының қатысуынсыз жүзеге асыруды қолға алды және оған Сырым батырды пайдалануды көздеді. Ал Сырым бастаған қазақ старшындары Кіші жүз хандығына Қайып Батырұлын ұсынып, оны бекіттіру мәселесін көтерді. Ресей басшылығының Қайыпты қолдамайтындығы белгілі болған кезде 1790 жылы қазан айында жаңа хан сайлау тағы күн тәртібіне шықты. Қ.Ескендіровтің хабарына сенсек, бір топ Есім сұлтанды жақтаса, Сырым, Көккөз, Дөнен, Бөдене, Наурызәлі бастаған екінші топ бүкіл Кіші жүз халқы жиналса және оған Әбілқайыр, Қайып ұрпақтары келсе, хан сайлау мәселесі дұрыс шешіледі деген өз талабын қойған екен. 1792 жылы 11 қыркүйекте Сырым, Сарыалтай, Сегізбай, Қаракөбек, Басықара би, батырлардың Ресейге қарсы соғыс жариялау себептерінің бірі Ерәлі ханды Халық Кеңесінсіз бекітуі еді. Міне, осы дәлелдердің барлығы Сырымның хандық басқаруды жоюды көздеді деген орыстық, кеңестік тарихнаманың қорытындысы өзге ұлттарды Ресейге зорлап қосудағы саясатын ақтаудан туындаған империялық пиғыл екендігін айғақтайды. Ал Халық Кеңесі қазақ тарихында бұрыннан болды. Оны да өз ыңғайына пайдаланған орыс саясаткерлері түбінде сәтсіздікке ұшырады. Қазақ үшін халық-хан-кеңес ажырамайтын ұғым еді. Нұралы ханның: “Мені қарамағымдағы қазақтар Ресейге адалдығым үшін мұсылман санамайды, тіпті жанымдағы адамдарды да Ресейге берілген, бізді сатқындар ретінде есептейді”, – деп налуы да содан.\r\n\r\n \r\n\r\nҮшіншіден, Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың хронологиясын бұрынғы 1783-1797 жылдар аралығымен шектелмей, 1801 жылға, яғни, Кіші жүз қазақтарының Еділ-Жайық аралығына заңды құқылығы мойындалғанға дейін созған дұрыс. Өйткені қозғалыстың бірден-бір мақсаты жайылым мәселесін шешу болатын. Бұған қоса, қозғалыс халықтың әділ ханға деген сенімінің әлі де күштілігін дәлелдей отырып, патша үкіметінің қазақтарды дәстүрлі басқарудан ресейлік жүйеге көшіру туралы 1775 жылғы реформасын жүзеге асыртпай тастады. 1799 жылы 22 мамырда Сырым Датұлы генерал-майор Н.Н.Бахметовке жолдаған хатында: “Астрахандықтар мен Оралдықтардан адам айтқысыз жәбір көрген қазақтар маған келіп көмек сұрады. Подполковник Михайлов талабын өзім қанағаттандырған тұста, қазақтар маған реніш білдірді… Сондықтан О.А.Игельстром құрған қазақ-орыс, қазақ-башқұрт мәселесін қарайтын арнайы комиссияға қызмет жасатсаңыз”, дей отырып, өзінің ендігі жағдайда халқы үшін қызмет жасауға даяр екендігін хабарлайды. Кейін, 1801 жылы Сырым халқына Нарынға қарай көшуге батасын берді. Яғни, қозғалыс негізгі мақсатына жетті. Төртіншіден, Сырым Датұлының 1802 жылы қайтыс болғандығы дәлелденгенімен, оның қай жерде жерленгендігі бүгінге дейін нақты анықталды деу қиын. 1815 жылы 12 маусымда Орынбор әкімшілігіне жолдаған хатында Бородин “атақты, елге сыйлы Сырым тархан Үргеніш қаласында қайтыс болған” (ОрОММ 6қ., 10 т., 1287 іс, 5п) деп хабарласа, Ығылман Шөрекұлы дастанында Жәңгір ханның Исатай батырға:\r\n\r\n \r\n\r\nШаптым деп ханды мақтанба-ай\r\n\r\nҮргеніште қалған Сырымдай,\r\n\r\nСүйегіңді шетке көмермін, – дегенінен бері араға екі ғасырға жуық уақыт өтті. Алайда Үргеніште қайтқан Сырымның денесі қай қорымға қойылды? Егемендікке қол жеткізуімізбен басталған ізденістер оның Өзбекстан Республикасындағы Нүкіс қаласына 60 шақырым жердегі Гежек батыр немесе Үргеніштен қашық емес Ғайып ата қорымында жерленген деген қорытындыға келді. Екі жақтың да негізгі арқа сүйер тірегі – жергілікті қарттар мен Сырым бабамыздың аталастары айтты деген пікірлері ғана. 2007 жылдың мамыр айында Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен Өзбекстанға арнайы барған ғылыми-зерттеу экспедициясы жоғарыдағы екі қорымды да мұқият тексеріп, археолог ғалымдар қорытындысына сүйене отырып, Сырым Ғайып баба қорымында жерленген деп түйіндейді. Бірақ көңілдегі күмән сейіле қоймады. Сырым өлгеннен кейін сол жерде көшіп-қонған ұрпақтары, оның мәңгілік мекенін кейінгі ұрпаққа неге дәл көрсетпеді? Жүсіп, Қазы Сырымұлдары өле-өлгенше Хиуа хандығымен байланыста болды. Патша үкіметінің тыңшылары Жүсіптің қарындасының Хиуа ханы бауырына тұрмысқа шыққанын, одан да басқа туыстық қарым-қатынас орнатқанын анықтады. Олар сөз жоқ, Сырымның жерленген орнын білгенімен, оны құпия ұстаған, көпшілікке көрсетуді жөн санамаған. Жүсіп Сырымұлының Арынғазы ханмен бірге Санкт-Петербургте, кейін Калугада 1821-1829 жылдар аралығында тұрақтаған кезінде де патша үкі­метіне ол турасында еш сыр ашпаған. Сыр бойындағы Шөмекей руларына 1835-1836 жылдары барып қайтқан И.В.Виткевич: “Жүсіп Сырымов Хиуада тұрады. Орыс үкіметі оған алтын, күміс медальдар бергенімен, ол бізге сенбейді. Оның себебі түсініксіз”, деп те хабарлаған. Оған себеп те жоқ емес еді. Жүсіп ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресей отарлауына қарсы болған Арынғазы (1815-1821), Жоламан (1820-1846), Қайыпқали (1827-1829, 1836-1838), Исатай-Махамбет (1836-1838) бастаған ұлт-азаттық қозғалыстарға белсене қатысты. Ал Қазы да сырт қала қоймаған-ды.\r\n\r\n \r\n\r\n1839 жылы 16 ақпанда Баймағамбет Айшуақов Орынбор шекара комиссиясына Қазының үстінен шағым түсірді. Содан Қазы 1851 жылға дейін қатаң бақылауда жүрді. Бұдан шығатын қорытынды Жүсіп те, Қазы да Ресейге сенбеді. Ал Хиуаға ше? Хиуаның да қай уақытта да қазақтарды өзіне қаратып, Ресейге қарсы тұрар ортадағы қорған ретінде пайдаланғаны белгілі. Әрине, Сырым ұрпақтары оны түсіне білді. Қазақ-орыс қатынасы шиеленіскен ке­зеңде Хиуа әскери көмек берем деген уәдесіне тұрмады. Ата шежіреде Сырымның Хиуа ханымен айтыс-тартысы да байқалып қалады. Қалай дегенмен де Сырым екі ел ортасында өз саясатын жүргізді, мүмкіндігінше елінің тәуелсіздігін биік ұстады. Қазақты отарлап, игеруге тырысқан Ресейге де, Хиуаға да қайраткер Сырым түбінде кедергі бола бастады. Оның ақыры тұлға өлімімен аяқталды. Сырым Датұлының өлімі кісі қолынан болғандығы анық. Бүгінге дейін оны Ресей, Хиуа және Қаратай сұлтан ұйымдастырды деген үш түрлі пікір бар. ХХ ғасырдың басындағы атақты заңгер, Қаратай сұлтанның шөбересі Бақытжан Қаратаев “Обзор материалов по истории колонизации казахского края 1869-1870 гг.” атты қолжазбасында Сырымды өлтіруге атасының тікелей қатысы болғандығын айтады. Мұны сырымтанушы М.П.Вяткин де жазады. Ал ата шежіреде, Ғұмар Қараштың 1911 жылғы “Сырым батыр” өлеңінде оған хиуалықтардың қатысы суреттеледі. Бұған 1798 жылғы орыс патшасының Сырымды Санкт-Петербургке ұстап әкелу не өлтіру туралы бұйрығын қосыңыз. Қорыта келгенде, патшаның тапсырмасы араға жылдар сала жүзеге асты. Ал оның хиуалықтар қолымен орындалғаны ендігі жағдайда айдай анық.\r\n\r\n \r\n\r\nЕндігі бір мәселе, Сырымның көркемдік образы тұрғысындағы бейнесі – суреті бізбен қалай қауышты? Оны салған кім, неге сүйенді?\r\n\r\n \r\n\r\nСырымның орыс қорғанында 5 ай бойы түрмеде жатқаны, бірнеше рет Орынбор әкімшілігі елшілерімен кездескені тарихтан белгілі. Олай болса, оның суреті өз заманында-ақ қағазға неге түспеген? Ең болмағанда, патша шенеуніктері, тыңшылары, әскери күштері Сырымның соңына түсіп, қазақ даласын кезген кезінде оны қалай іздеген? Ол турасында сұрақ көп болғанымен, мұрағат қорларынан жауап кездеспей отыр. Сондықтан да тағы да ел аузындағы аңыздарға жүгінуге тура келді.\r\n\r\n \r\n\r\nАта шежіредегі Көбек бидің Сырымға: “Сарғыштау екенсің. Қоңырлау болғаның тәуір болатын еді, шіркін, келіп қалай босағасын түзей берсін”, Бақай сыншының: “Шешең қараторы, қайратты… еді”, Хиуа ханының: “Сырым мен Есқара адамның қызылқайыңы мен сырттаны екен. Бұл екеуінің ел шабу қолынан келеді екен”, Ұрышта ақынының Қазы Сырымұлына: “Кебеже қарын, кең құрсақ. Әкең сенің Сырымды” немесе Байбақты қызының: “Сырымда үш қасиет бар: біріншісі – батырға біткен тұлғасы, екіншісі – өжет мінезі, үшіншісі – асқан даналығы деп естуші едім. Сырым маған қыран топшылы, толық денелі, кең иықты, шалқақ төсті, жолбарыс бетті болып көрінді, басы да елден ерек, торсық шекелі екен”, дегендері алғаш рет Жәрдем Тілешовтің 1945 жылы соғыста жүріп жазып бітірген “Сырым батыр” дастанында:\r\n\r\n \r\n\r\nТұлғасына қарасам\r\n\r\nАдамға біткен бір алып…\r\n\r\nАжарына қарасам\r\n\r\nАшулы көкжал арыстандай,\r\n\r\nҚабағы тым қатыңқы\r\n\r\nҚара бұлт басқан аспандай\r\n\r\nСәукеле қара сақалды\r\n\r\nАзын-шоғын ақ бардай, – атты жолдармен жинақталып, сомдала түсті. Біздіңше, осындай ата шежіредегі анық суреттеулер Сырым портретіне негіз болған. 1992 жылы Сырымның 250 жылдығын атап өтуге құрылған комиссия уақыт талабын ескеріп, бабамыздың бейнесін салуға арнайы конкурс жариялады. Конкурста суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор М.Қалимовтың “Сырым батыр” портреті жеңімпаз атанды. Сөйтіп, Сырым бейнесі халқымен табысты.\r\n\r\n \r\n\r\nДегенмен, тарихшылар, өлкетанушылар мұрағат, мұражай қорларынан ізденістерін тоқтатпай, жалғастырғаны жөн. Ал М.Қалимов салған баба суреті ата шежіремен және ұрпақтарымен үндескендіктен, барлық басылымдарда көрініс тауып, Сырым батырды бейнелеген өзге суреттерге жол бермеуі тиіс. Бұл арада әркімнің жеке жауапкершілігі – басты міндет. Мәселен, 2001 жылы “Елтұтқа” оқулығындағы Сырым баба суретіне назар аударсаңыз, жоғарыдағы талаптың заңдылығы анық сезіледі. Қорыта келгенде, ел қамын жеп, өле-өлгенше ат үстінен түспеген Сырымның батырлық, қайраткерлік тұлғасы басты назарда болса, ол көпшілік игілігі болмақ.\r\n\r\n \r\n\r\nАлтыншыдан, Сырымның өз заманындағы тарихи тұлғалармен қарым-қатынасы да қайта сараланғаны жөн. Оның Нұралы ханмен құдандалығы 1780 жылдары жүзеге асты. Хан осы кезеңнен бастап Сырымды Орынбор әкімшілігіне “менің құдам” деп мақтанышпен жазған. Оған дейін 1775 жылдан Сырым Байбақты руын басқаруға әкесінің батасын алған Есім сұлтанның ақылшысы да еді. Б.Қаратаевтың жазбасында: “Нұралы хан Сырымның қарындасына үйленді, олардан екі ұл – Қоңырау және Жалтыр дүниеге келген”, деп толықтырған. Яғни, туыстық байланыс орнағанына қарамастан, Ресейдің отарлау саясаты, оған көзқарас екі тұлғаны қарама-қарсы шепке бөлді.\r\n\r\n \r\n\r\nСырым Кіші жүздің бір бөлігін билеген Батыр хан ұрпақтары Қайып хан, Қарабай сұлтан, Әбілғазы, Шерғазы сұлтандармен де сенімді байланыс орнатты. Олар арқылы Бұхара, Хиуа, Түркия билеушілерімен келісімге келді. Сондықтан да Сырым үнемі оңтүстіктегі бауырларына алаңдап, сеніммен қарап, ұзақ үміттенді. Қайып балаларымен оң қарым-қатынасты Сырым өлгеннен кейін де ұрпақтары жалғастырды.\r\n\r\n \r\n\r\nСырымның Есім сұлтанды өлтірді деген тұжырымдарды да мұрағат деректері өзгеше түсіндіреді. Ол турасында батыр “ханды өлтіруші Тілеп Қойбашевтің Орынбор губернаторында екендігін” алға тартқанын жаңаша ой елегінен өт­кізелікші. Бар қазақты қосып, ортақ істі тындырып, көптің келісімін мақсат тұтқан Сырымдай тұлғаны, оның үстіне жас кезінде ақылшы аға болып, тәрбие берушіні Кіші жүз халқын екіге бөлер оқиғаға қалай қиямыз? Қанды оқиғадан кейін Қаратайдан басқа өзге сұлтандар неге Сырыммен өштеспеді? Нұралының үлкен ұлы Бөкей сұлтан, Әбілқайырдан қалған Айшуақ сұлтан, олардан тараған мыңдаған ұрпақ неге үнсіз қалды? Өлім кімге тиімді болды? Сырымның Орынбор әкімшілігін меңзеуі неліктен? О.А.Игельстром хандық басқаруды Сырым арқылы жоямын деп сәтсіз реформа жүргізіп, Орынбор өлкесін басқарған губернаторлық қызметімен 1790 жылы қоштасқан-ды. Ал 1796 жылдың соңында ол Орынборға губернатор қызметіне қайта оралды. Араға үш ай сала, 1797 жылы 27 наурызда Есім хан Красноярск форпосты маңында өлтірілді. Бұл кезеңді А.И.Левшин: “Есім хан Ресейге адал болды, ол арқылы көптеген қарсыластар тапты”, Л.Мейер “Есім ханға қарсы бүкіл қазақ даласы көтерілді” деді. Мұндай жағдайда, әрине, хан қазақ ішінде емес, керісінше, орыс шекарасында отырды. Ішкі тартыс шегіне жетті. О.А.Игельстром үшін Сырымнан өш алатын сәт туды. Жоспар қазақтар қолымен жүзеге асты. Оның артында ұлы империялық ойын жатқанын Сырым түсінгенімен, Қаратай сұлтан ұғынды деу қиын.\r\n\r\n \r\n\r\nҚанды оқиғадан кейін 1797 жылы 29 тамызда орыс шекарасынан қашық емес Кіші Қобда бойында өткен Хан Кеңесіне беделді деген Әлімұлдары, Байұлдары және Жетіру руларының 1000-ға жуық би, батырларын ертіп келуі Сырымның биік парасатын дәлелдегендей. Олай болса, Сырым ел ішінде қалды, тарихи міндетін жалғастыра берді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорыта келгенде, Сырым тарихы – еліміздің тәуелсіздігі жолындағы халқымыздың азаттық күресінің құрамдас бөлігі, оның қайыспаған қайраткер ерлерінің жарқын бейнесі. Оның тарихы болашақ ұрпақ үшін әрқашанда үлгі өнеге, тәрбие алар сабақ болып қалмақ.