Тараздың көне моншалары

0

 \r\n\r\nТараздың көне моншалары.\r\n\r\n   Көне деректерге сүйенетін болсақ, Тараз қаласы Талас өңіріндегі саяси мәдениеттің ірі орталығы болған республикадағы ежелгі қалалардың бірі. Онда көптеген елдің көпестері, мемлекетаралық іспен шұғылданған елшілер, әртүрлі діни ағымды таратушы миссионерлер мен жол кезбелер, тарихшылар болып кеткен. Соңғы кезде көне қала жұртындағы археологиялық қазба жұмысы барысында ірі қоғамдық ғимараттардың тұғырлары мен қабырғаларын безендіруге пайдаланған көптеген ою-өрнегі бар бедерлі тақтайшалардың табылуы Таразда сәулетті сарайлар мен қоғамдық ғимараттардың болғандығын растайды. Оған қазба барысында қала датқасының сәнді-сарайлары мен халық бас қосатын қоғамдық көпшілік үйлерге қойылатын тамаша өрнектері бар бірнеше қоладан жасалған шырағданның табылғандығы да дәлел бола алады. Міне осындай сәулетті сарайда 568 жылы Византияның елшісі Земарахты Түркі қағаны Дизабул (Естеми) салтанатты түрде қабылдап, өзара келісім шартқа қол қойғандығы тарихтан белгілі.\r\n\r\nБүгінде тарихымыздың діңгегі болған Тараз қаласының жұртынан бізге жеткен қоғамдық үйлердің бірі — Ортағасырлық моншалар қалдығы. Егер тарихи деректерге сүйенентін болсақ, көне қалалардың әрқайсысында ең кемінде 5-6 монша болған. Ал біздің Тараз қаласының жұртынан екі монша табылды. Зерттеу барысында моншаларды салуда қаланың санитарлық тазалық жағы ескерілгендігі және соған орай олардың қаланың сыртқы қорғаныс дуалдарының ішкі жағына орналастырылғандығы анықталды.\r\n\r\nТалас өзені ағысы деңгейінің төмендігі, биіктеу жерден табылған су құбырлары моншаларға қажетті судың өзеннен арнаулы шығыршақ арқылы су сақтайтын қоймаға құйылып, ары қарай көлбей қойылған су құбырларымен ағызылғандығын айғақтайды. Кейде қос моншада жеткілікті мөлшерде су болмай қалған кезде суды қабырғалары тастан өрілген құдықтан алатын да кез болған.\r\n\r\n1939 жылы көрнекті археолог А.Н.Бернштам көне қаланың шығыс-терістік жағындағы бұрышынан моншаны қазды. Монша — көлемі 13,60×12,40 және 50-50×6,5 келетін күйдірілген кірпіштен тұрғызылған 6 бөлмеден тұратын болып шықты. Бірінші киім шешетін бөлмеден екі орындық пен пештің калдығы табылды. Ал моншаның оңтүстік-батыс бөлмесінде 1,75×4 м жуынатын астау, еденнен сыртқа су ағатын қуыстары болған.\r\n\r\nҚазба жұмыстары нәтижесіне қарағанда үш бөлменің қабырғалары геометриялық өрнектермен, ал екі бөлменің қабырғалары мен жуынатын астау сегіз бұрышты өрнекті сары бояумен, оның айналасы қара бояумен көмкерілген, ал алтыншы бөлменің кабырғалары ақ, қызыл, сары бояулы тақталармен қиылыстырылып, кейбір жерлерде шөп тәрізді өрнек те қолданылған. Төбеден түскен қалдықтарға карағанда монша көп күмбезді болған, Моншаның еденінен Х-ХІ ғасырлардағы 17 көне тиын ақша, өте жақсы сақталған шырағдан табылды.\r\n\r\nАрхеолог А.Н.Бернштам моншаның қабырғаларындағы геометриялы, шөп тәрізді ою-өрнектердің Айша-бибі кесенесіндегі өрнектермен ұқсастығын айта келіп, оны XI ғасырдағы Қараханидтер дәуірінен қалған жәдігер деп тұжырымдайды.\r\n\r\n1970 жылы Орталық базарда жабық базар құрылысын салу үшін жер қазу жұмысы жүргізіліп жатқанда, ол арадан қабырғалары қызыл кірпіштен қаланған құрылыс табылды. Соған сәйкес жер қазу жұмыстары тоқтатылып, археологиялық қазба жұмыстары басталды. Нәтижесінде көлемі 10,5х10м, төртбұрышты, қабырғаларының биіктігі 1,5 м-ге жуық, қалыңдығы 90 см күйдірілген кірпіштен қаланған, төрт бөлмеден тұратын екінші моншаның орны табылды. Аумағы басқалардан үлкендеу көрінген 1-ші бөлме шешінетін орын болып шықты. 2-3 бөлмелер жуынуға, буға түсуге немесе массаж жасауға арналған. Ал төртіншісінен аумағы онша үлкен емес ыстық су құятын астаудың орны табылды. Ең қызығы қазба барысында табылған аумағы кішкене қыш құбырлардың көпшілігінің өзегінде онымен ыстық су жүргендігін дәлелдейтін ақ дақтардың іздері сақталыныпты, 2-3-ші бөлмелердің астында жылу жүретін жолдар бар. Олардың үстін жалпақ тастармен жауып, әк қосқан ерітіндімен сылап тастаған. Мұның өзі моншаға келгендердің аяғы астында жылудың болуына, терлеп-тепшіп рахаттануына мүмкіндік туғызған. Еден астындағы жылу құбырлары қабырғаларының     нақышына келтіріліп, әсем әрі берік қалануы олардың осы уакытқа дейін бұзылмай сақталуына мүмкіндік туғызған. Терістік жақтағы пештің орны бұзылып кеткен. Шамасы осында жағылған оттың жылуы еден астындағы қуысты бойлап, негізгі қабырғамен аралығындағы аумағы үлкен құбыр арқылы сыртқа шығып кетіп отырған. Моншада ыстықтың көп сақталуы үшін оттың жүретін қуыстардың астына қиыршық тастар төселген.\r\n\r\nМоншаның батыс жағында екі жерден бір бағытқа тартылған ылас жуынды сулар ағатын көлемі бір метрдей келетін қыштан күйдіріліп жасалған түбі жалпақ сүзгіш бар. Пайдаланылған ылас су осында жиылып, одан әрі су құбыры арқылы тастан қаланған құдыққа құйылған.\r\n\r\nБіз төртінші бөлменің батыс жағындағы астауға жақын, терендігі 4 метрге дейін айналасы тастан қаланған құдықты қаздық, бірақ түбіне жете алмадық.\r\n\r\nМоншаға керекті ауыз суды құдықтан алып отырған. Бөлмелердің еденін қазғанымызда табылған жоғарыдан түскен қалың сынықтар моншаның көп күмбезді және бірнеше рет жөндеуден өткендігін білдіретіндей.\r\n\r\nСоңдай-ақ, қазба барысында сол кездегі қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінде көп пайдаланылған, кішігірім тастар, кұмыралар, әртүрлі ою-өрнекті қола шырағдандар және басқа құнды заттар табылды. Осы қазба барысындағы тағы бір олжамыз, екінші бөлменің шығыс жағында орындық ретінде қойылған тастың арасынан моншаға түсуге келген Тараздың бір сұлу кербезінің шашын тарап отырғанда абайсызда жоғалтып алған алтын сақинаны қоярда-қоймай Астана мұражайы алып кетті.\r\n\r\nТараз жұртынан табылған алғашқы моншаның қабырғаларын көмкерген ою-өрнек жақсы сақталғанымен, еден астындағы жылу жүретін құбырлар сақталынбаған. Ал екінші моншаны алсақ, біріншіге қарағаңда әлдеқайда жақсы сақталынған, онда жылу жүретін қуыстар, лас су жүретін құбырлар тізбегі бар. Оның үстіне қазба барысыңда табылған ыдыс-аяқтарды өзінің табылған орнына қойсақ болғаны. Егер мүмкіндігі болса бір бөлмеге бірінші моншадан табылған экспонаттар мен ою-өрнектерді койып, бір қабырғада безендіріп керсеткен оңды болар еді.\r\n\r\nЖуырда осы жоғарыда аталған моншалардың алғашқысы туралы «Егемен Қазакстан» газетінің 5 маусымдағы нөмірінде Қанат Тұяқбаевтың «Көне шаһар маржандары» атты мақаласы жарияланды. Онда автор «мүмкіндік болса Тараз моншасын қайта толығымен калпына келтіруге немесе тап өзіндей көшірмесі салынса» деп орынды меселе көтеріпті. Сірә автор монша орнының ертеде-ақ талқандалып, орнына үйлер салынып кеткендігін, монша туралы деректердің тек А.Н. Бернштамның еңбектерінен ғана белгілі екенін білмейтін секілді. Ол кісі Тараз қаласының 2000-жылдық мерей тойына дайындыққа байланысты ғылыми іс-сапармен келгенінде орталық базардағы № 2 моншаның көміліп жатқанын дәлелдейтін тақтадағы жазуды байқамаған сияқты. Бұл ескерткіш есепке алынып, қорғауға алынған. Егер автор өзінің республикадағы бірден-бір мемлекеттік жөндеу-құрылыс және қайта қалпына келтіру басқармасының бастығы екендігін пайдаланып, Тараздан табылған 2-ші моншаны мұражай етіп ашуға өз тарапынан көмек көрсетсе, нұр үстіне нұр болар еді.\r\n\r\nЖалпы ортағасыр дәуіріндегі дәрігерлер моншаның адам өміріне тигізетін әсерін жоғары бағалаған. Мәселен, атақты ғалым дәрігер Ибн Сина «әрбір моншаның ыстықтығы бір қалыпты, кіре беріс бөлмесі кең, жарық және бөлмелердің қабырғаларында сұлулықты уағыздайтын тамаша суреттер болуы керек» деген. Демек, орта ғасыр дәуіріндегі адамдар монша кабырғаларындағы әртүрлі тақырыптағы бейнеленген мазмұңды суреттерден қиялы шабыттанып, эстетикалық ләззат алып, рахаттана дем алатын болған. Сонымен бірге монша ертеден-ақ көпшілік қауымның бас қосатын орны болған, онда тек тән тазалығын қамтамасыз ету ғана емес, әртүрлі лауазымды іс адамдарымен кепестер бас қосып, көптеген келелі мәселелерді шешіп отырған.\r\n\r\nТараз моншасы сонау ата-бабаларымыздың аманат ретінде бізге қалдырған бірден-бір ескерткіші. Сол себептен оларды бұзылып қирап қалған демей, қолда бар нәрсені көздің қарашығындай сақтап, қамқорлық жасап, қолдан келсе қаражат бөліп мұражай ашу қажет.\r\n\r\nОсындай қолда бар жәдігерлерді көрсету арқылы казақ халқын ықылым заманнан-ақ мәдениеті өркендеген өркениетті ел екенін әлемге танытуға болады. Әрі оның өзі қаланың екі мың жылдық торқалы тойына таралғалы тарту болған болар еді.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 

ҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!

0

                                                                                                                                                    Ел болам десең, бесігіңді түзе,                

\r\n

                                                                                                                                     алдымен анаңның халін біл!!!

\r\n

                                                                                                                                                                                 Мұхтар Әуезов

\r\nБесіктен шығып, есіктен аттаған баланың тәрбиелі болмағы қоғамның алғашқы сатысы, баланың тұңғыш түсер топтық ортасы – білім ордасы. Ал, білім ордасының бесігін тербеткендер бүгін кімдер? Олардың халі нешік? Мен бүгін осы ұлы Мұхтардың ұлағатты сөзін «Ұлт болам десең, ұрпағыңды түзе, алдымен ұстазыңның халін біл!» – деп толықтырғым келеді.\r\n Оқу-ағарту ісі – болашақтың ісі. Қазіргі мектеп балалары болашақ қазақ елінің азаматтары. Ал сол ұрпаққа біздің қоғам толық жауап бере алып жүр ме? Жоқ.\r\n\r\nМен еліміз зиялыларына бір сұрақ қойғым келеді. Балаңыз қандай мектепте оқиды және балаңыздың оқыған мектебіне көңіліңіз тола ма? Бұл сұрақ зиялы атанып жүрген біраз ағамыздың жүрегін сыздатары хақ.\r\n Себебі… ойланамыз әрине…\r\n\r\nҰстаз – ұлт болашағын тәрбиелеуші, бүгінгі ұстаз ертеңгі ұлттың тізгінгеріне бағыт сілтеуші.\r\n\r\nАқырын сөйлеп, анық бас,\r\n\r\nЕңбегің кетпес далаға,\r\n\r\nҰстаздық еткен жалықпас,\r\n\r\nҮйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтпақшы, еңбегін далаға емес балаға шашар, ұрпақтың көзін ашар үлттың ұлы ұстазы Ахметтердің бүгінгі іні-қарындастарының ілімі мен білімі қалай? Ұрпаққа берер өнегесі қаншалық? Дарыны мен жалыны, айлығы мен байлығы ше? Бұл бір емес бірнеше мақалаға жүк.\r\n\r\nҰстаз деген ұлы ұғымды сан-саққа жүгіртіп ақпаратты ақтарып отырсаң, аптасына кемінде бір мәселе көтеріліп келеді. Мұның өзі ұстаз орнының маңызын дәлелдесе керек. Мен әрі ұстаз, әрі ата-анамын. Қазақ атам айтушы еді, шымшық сойса да қасапшы сойсын, – деп, сол үшін де ұстаздың шын бағасын, күнделікті қыры мен сырын сол қазанда бірге қайнап жүрген бізден жақсы ешкім білмес. Сондықтан да, әділ-төрелігін айтуды өзімізге міндет санадық. Әділетін айтайық, жарылар өттер жарыла тұрсын, ұрпақтың болашағы былғанбаса, біздің арманның орындалғаны, міндеттің ақталғаны.\r\n\r\nАл, ұстаздарға айтарым, тағы да сол атам қазақ айтушы еді, қарға қарғаның көзін шұқымайды, – деп бірақ, менің сөзім шымбайларыңызға тисе де шыдаңыздар, біз қарға емес шындығын айтар адамбыз ғой.\r\n\r\nКЕШЕГІ ҰСТАЗ\r\n\r\nЕлдің ертеңін тәрбиелеген ұлы тұлғалар, кешегі қоғамның ең зиялысы еді. Адамдық сананың қалыптасқаннан бастап көргені көпті ұстаз тұтып, шешендердің соңына еріп ұрпағы өскен ел едік. Ауылға алыстан ақын, шешен, не би келсе болашағынан үміт күттірер бір баласын жетектеп келіп әңгіме тыңдатып, үйіне қондырып баласына тәрбие бергізетін дәстүр жалғасқан ұлы халық ек.\r\n\r\nБаланың алғашқы ұстазы атасы мен әжесі ертегімен тәрбиелеп тиым сөздерімен тыйып, салт-дәстүрмен тәлім беріп отырушы еді. Одан кейінгі ұстазы ауылдың ақыны, сөзмер шешені, әйтпесе игі жақсысы еді. Олардың бәрі ауызша сауатын аштыратын, нақтырақ айтсақ, ұрпақтың санасын оятып, ойлантатын. Одан кейінгі ұстаздар ауылдық медресселердегі хат танитын молдалар және алыстан оқып өздігінен сауатын ашқан сол аумақтың зиялысы еді.\r\n\r\nСол сапарды сүзіп шықсақ, қазақ қоғамында арысын айтсақ, төрелер мен хандарды жыраулар мен жыршылар, билер мен шешендер тәрбиелесе, мұғалім деген сөз енген тұста сол атақты Ыбырай, Шоқандар алғашқы болып иеленіп, сол үрдісі қазақ қоғамына жалғап алғашқы мектептердің іргетасын қалап, қазақ оқу-ағарту ісінің негізін қалап еді. Қалап қана қойған жоқ,\r\n\r\nБір Аллаға сыйынып,\r\n\r\nКел, балалар, оқылық,\r\n\r\nОқығанды көңілге\r\n\r\nЫқыласпен тоқылық… – деп жар салды. Қазақ қоғамын оқуға шақырды.\r\n\r\nБұл ғана емес сол ғасырда қазақ қоғамын оқуға үндеген ұлы Абай\r\n\r\nатамыз да: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім,\r\n\r\nПайдасын көре тұра тексермедім.\r\n\r\nЕржеткен соң түспеді уысыма,\r\n\r\nҚолымды мезгілінен кеш сермедім… деп өз өкінішін ұрпағы қайталамасын деп, талайға (қазаққа)ұстаз атанып, шәкірт тәрбиелеп кетіп еді.\r\n Одан кейінгі бір айтпаса болмайтын ұлы ұстаздар ол – Алаш қайраткерлері еді, Ұлттың ұлы ұстазы атанған Ахметтен тартып әр алаш қайраткері әртүрлі оқулықтар жазып, қазақ оқу-ағарту ісін қолға алған-ды.\r\n\r\nАнығын айтсақ, кешегі өткен ғасырдың аяғына дейін ұстаздардың дені, тәрбие мен тәлімді қолға алғандар ұлттың сорпа бетіне шығар қаймағы еді.\r\n\r\nАхмет Байтұрсынұлының: «Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халық та – оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктер түзелгенде оқумен түзеледі. Оны түзететін – білім мен білікті ұстаз» деген сөзінен-ақ оқыту ісін Алаш қайраткерлерінің басты бағытта ұстағаны көрінеді.\r\n\r\nБҮГІНГІ МЕКТЕП ЖӘНЕ МҰҒАЛІМ\r\n\r\nСолардың заңды жалғасы бүгінгі ұстаз кімдер? Олар кешегі қоғамдағыдай ұлт зиялысы міндетін атқара ала ма? Өзгелер зиялы деп қарай ма? Деп қоссаң? Мектеп ше? Ойланып көрелік.\r\n\r\nБілімсіз халықты басқару және айтқанға көндіру ең оңай жұмыс санаған өзгелердің отарлық саясаты келгелі білім ордасы да азды, аздырды. Ұстаздың ұлағаты азайды. Ұрпақтың ұяты әлсіреді.\r\n\r\nҰстаз деген аттан мұғалім деген есімге қарай сырғыған тәрбие мен тәлім иесі тәрбиені бере алмастай күйге түсті. Қоғамның тұлғасы болу емес, қара басының қамынан аспайтын дәрежеге жетті.\r\n\r\nҰстазының алдын кесіп өтпейтін кешегі қазақ қоғамынан ұстазын адам қатарына санамайтын санасыз күйге жеттік. Ұстаздың мәртебесі мен мәні кетті.\r\n\r\nБұл іске кінәлілердің алғашқысы, айтуға оңай жүйе, келесісі қоғам, соңғысы ұстаздардың өзі. Себебін ізделік:\r\n\r\nЖүйе дегеніміз:\r\n\r\n— Ұстаз мамандығын ұлықтай алмаған, басты назарда ала алмаған, қоғамдағы мәртебесін анықтап бере алмаған білім саласының біліксіздігі.\r\n Қоғам дегеніміз:\r\n\r\n— Өзі болған бала әкесін танымайды дегендей толып білімін жинағандар, қоғамның әр саласындағы ат тізгінін ұстаған игі жақсылар ұстаз туралы ұмытты. Өскен мектебі туралы ойлануды азайтты. Ұлт зиялылары мектеп өмірінен алыстады. Ұстазды көзге ілмейтін күйге жеттік, мектепте таяққа жықсада елемейтін болдық. Қосылып жамандайтын болдық. (сол жандарды мектепке әкеліп бір апта мұғалім етсе ғой, басынан кешсе қадірін білер ме еді.)\r\n\r\nҰстаздардың өзі дегеніміз:\r\n\r\n— Қадірі қашқан мамандыққа білікті бармайтын болды. Қарынның қамын ойлағандар ақшаны кім жақсы төлесе, кім жұмсақ орындық сыйласа соған қарай жүгірді де, ұстаздар дегеннің көп сандысы біліксіз, білімсіз күйге жетті. Өзі оңала алмай жүрген мамандықтың одан әрмен құты қашты.\r\n Сонымен бүгінгі қоғамның ұстаздар (бәрі емес әрине көп сандысы, өкінішке орай ащы да болса шындық) мамандық иелерінің ең төменгі сатысы болып, ең нашарлар, сырттай білім алғандар, әйтпесе сатып алғандар мен танысы барлар ұстаз атанып, ұлт болашағын ұсақтатып барады.\r\n Сөзіміз дәлелді болсын:\r\n\r\nБірде 30 жылдан астам уақытын мектепте өткізген ұстаздан балаңызды қазіргі мектептерде оқытқыңыз келе ме – дегенімде әлгі ұстаз:\r\n — Жоқ, көңілім толмайды, – деген еді. Өзі ұстаз болып жүрген бұл ұстаздың өз баласын оқытқысы келмейтін ұстаздың бұл сөзі біраз шындықтың бетін ашса керек. (Ал мен өз баласын оқытқысы келмей, ал өзгенің баласын оқытуы қылмыс дер ем.)\r\n\r\nҚат-қабат қағаздардан ғана бас алмайтын бүгінгі оқыту жүйесінің шындығы мынаған келіп тіреледі:\r\n\r\n— Бүгінгі күні ең үздік ұстаз – ештеңе сөйлемесе де бәрін жазып қоятын ұстаз; ең үздік сабақ беруші, ол – қағазда сабақ даярлаушы. Яғни, ең үздік ұстаз, ол өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етіп қағазға түсіруші. Баланың тағдыры емес, басқарманың тексерісі ойландырады. Ал бүгінгі мектеп – керексіз қағаздардың мұражайы!!!\r\n\r\nӘрине ойланатын жағдай…\r\n\r\nҰСТАЗҒА ТАҒЫЛҒАН АЙЫПТАРДЫҢ АНЫҒЫ МЕН ҚАНЫҒЫ\r\n\r\nБүгін ұстаздарды әркім сынап мінейтін болды, сынаған сайын сыны қашты, өзім ұстаз болғандықтан да, бүгінгі біздерге тағылған айыптардың анығы мен қанығын анықтап бергім келді. Турасын айтайық. Өйткені бұл іс ұлттың болашағы.\r\n\r\nБірінші айып:\r\n\r\n— Мұғалімдердің білімі нашар.\r\n\r\nБұл айыптың келісетін жағы да, келіспейтін жағы да бар.\r\n Келісетініміз кезіндегі арманымен ұстаз болған, мол білімімен келген қауым бұл күні зейнетке кетті немесе бүгін, ертең деп отыр. Ал, нарық заманына келіп, тұрмыс тақсіретін қуғалы үздіктеріміз ұстаз болудан үзілді-кесілді бас тартып, орташалар мен одан кейінгілер (оның өзінде басқа жұмыстың тізгіні бұйырмағандар) ұстаздыққа келді. Өйткені нарық заңдылығы бойынша ақшасыз жерге ақымақтар барады.\r\n\r\nҮйдің отағасының басты міндеті отбасын асырау болғандықтан, ер азаматтардың ақша табу басты мақсатына айналып, мектептердегі ер мұғалімдердің саны 10% – ға жетпейтін күйге жеттік те, тәрбиемен тек әйелдер айналысты. Бұдан барып қыз мінезді, нәзік ер балалар көбеюде.\r\n Әлемнің екінші ұстазы Әл- Фараби бабамыз: «Адам да гүл сияқты жақсы күтіп, баптап тәрбиелемесе қурап қалады» – деген екен. Иә, шындық. Әр адам күнделікті ізденіп тұруы шарт. Оның ішінде ұстаздар ең ізденімпаз болуы керек. Ал, отбасының тірлігімен, қат-қабат қағаздан аса алмайтын нәзік жанды ұстаздарымыз бен аз санды ұстаз атанған ер азаматтарымыздың іздену түгілі білмегенін іздеуге де мұршасы келмейтін күйге келді.\r\n Олай болса білімді ұпақ келмейтін келседе жалғасты іздене алмайтын бұл мамандық иелері нашарламай кім нашарласын. Осындайда қат-қабат қиыншылықты жеңіп, үздік шәкірттер тәрбиелеп жүрген ұстаздарға басыңды иіп ілтипат көрсетпеске шараң жоқ. Тек жатсаң, тұрсаң сол аз санды білімділер мектептен алыстамаса екен деп тілейсің.\r\n\r\nКелесі айып:\r\n\r\n— Тек ақша жинағанды біледі, әрі қосымшаға ақы талап етеді.\r\n\r\nБұны да екі жақты қарастырған абзал.\r\n\r\nБір жағы, айлығы шайлығынан аспайтындар, әр тапсырманы орындауға қалтасынан ақша шығара бергенге қайдан дәрмені жетсін. Онсыз да аз ғана айлық. Әрі нарық қоғамында сағаты санаулы жандар тіршілік үшін отбасы мұғалімдік (репититор) істеуі де заңды. Оның үстіне сапасы нашарлаған, білім жүйесінде талабы ауырлаған қоғамда мектептегі міндетті білім ізденушінің қажетін қанағаттандыра алмасы хақ. Сондықтан білігі жеткен мұғалімдер қосымша бұл саланы табыс көзі етері заңдылық та.\r\n Екінші жағы: онсыз да жүгі ауыр ұстаздар жүгін ауырлатып жалақысын көбейту үшін көптеп сағат алады, қосымша және береді. Бұл сабақтың өнімін нашарлатады. Бірақ, амал не? Жалақы құрғыр жетпейді, ақша көптік етпейді.\r\n\r\nҮшінші айып:\r\n\r\n— Ұсақ-түйек өсек деңгейінде.\r\n\r\nНегізі ұстаз деген ұлы тұлғаны бұл деңгейге түсіру қасірет болса керек. Үйткені балаңыз сіз жамандап отырған адамның сөзін ешқашан тыңдамайды, оны сыйламайды. Сол деңгейде тәрбиесіз тәлімсіз ұрпақ ер жетеді.\r\n\r\nҰСТАЗЫН ОЙЛАМАҒАН ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ БҰЛЫҢҒЫР\r\n\r\nОсы күні ұстаз деген ұғым кімді ойлантады? Ұстаздыққа кімдер барады деген сұраққа жүгінейікші. Осы жерде мектепте болған мына бір оқиғаны кірістіргім келеді.\r\n\r\nБірде бір апай өзіне көп көмектескен бір оқушыға:\r\n\r\n— Балам, мұғалім бол, – деген еді. Әлгі оқушы шошынғандай:\r\n\r\n— Апай, қарғамаңызшы, – дейді. Сонда біз ұстаз бол деген ұлағатты сөзді қарғыс деңгейіне түсірдік. Осыдан барып ұстаздық құн әлсіреді.\r\n Бүгін кімдер ұстаздық мамандыққа түседі?\r\n\r\nБірінші: Байқамай, ақыл беретін адам болмай ұстаздық мамандыққа түсіп кеткендер, бұлар біршама жақсы оқығандар, бірақ өз ақылы толғанда дипломы бойынша мамандығын жалғастырмайды көп сандысы.\r\n\r\nЕкінші: Басқа мамандыққа ҰБТ-да алған ұпайы жетпей ұстаздықты амалсыз 3-ші не 4-ші мамандыққа таңдағандар (ең төмен балмен түсуге болатын мамандық болғандықтан). Ал, енді күтіңіз. Сіз өзі үшке немесе екіге оқығандар балаңызды беске оқытады деп. Бұл ертегі.\r\n\r\nҮшінші: Тек диплом үшін оқитындар. Бірақ жақсы жері мұндайлар мектепке мұғалім болып бармайды.\r\n\r\nБұған дәлел, бірде, жақын досым ауылдағы өзі оқыған мектептің жайын айтты. Оның айтуынша 400-ден астам бала оқитын ауылдық мектепте зейнет жасына жеткен екі мұғалім, облыстағы колледждің күндізгі бөлімінде оқыған екі мұғалім, мемлекеттік университеттің күндізгі бөлімін тәмамдаған үш мұғалім бар екен. Ал, қалған елуге жуық мұғалім сырттай оқығандар, сатып алғандар немесе мүлде басқа мамандық оқығандар. Естіп отырып 400 баланың тағдыры үшін жылағым келді. Бірақ… мұндай ауылдар қаншама? Астаналықтардың жайы өзімізге түсінікті болғанда.\r\n\r\nӘр бала ұстаздан тәлім алады, ал, баласының болашағы ойлантпас ата-ана болмаса, ұстаз туралы ойланбайтын қоғам болмауы керек.\r\n\r\nҰСТАЗҒА БАҒА ҰРПАҚҚА БАҒА\r\n\r\nСуда жүзген кеменің ізі қалмайды,\r\n\r\nҚалса да лездік толқындар легі жалмайды,\r\n\r\nБасылса егер тарих бетіне ізгі ізің,\r\n\r\nДауыл, толқын мәңгі өшіре алмайды,\r\n\r\nІзсіз қалу адамзат үшін жан қайғы, – деп жырлаған қазақтай ұлы халықтың ұрпағын тәрбиелеп, артына сансыз шәкірт, мол дарын иелерін ерткен ұстаздардың жолы – ұлы жол еді, әрине.\r\n\r\nЖақсының жақсылығын айт нұры тасысын демей ме және сол атам қазақ. Әркім жеке бастың қамымен кеткен бұл күнде, бас шаруасын бала тәрбиесіне алмастырған ұстаз қауымын ұлықтау, сыйлау әрбір өсер ұрпаққа бұлтартпас борыш болса керек.\r\n\r\nҚат-қабат тірлігін қайырып қойып, үйінде бала, жұмысында және бала тәрбиелеген қайтпас қажырлы ана, дарынды ұстаздың жолы еді – біз түскен бұл шиыр. Бұл жол әр адамға өнеге жол, қайтпас қажыр сыйлайтын, бағыт бағдар беретін жол еді.\r\n\r\nҰлы Ыбырай, Шоқан, Абайлар бастап «ұлтты түзеу – ұрпақты түзеуден, ұрпақты түзеу – ұстазды түзеуден басталады» – деп ұлағатын сыйлаған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлынан қалған ұлы жолды басып өткен ұстаздар ерлігі өз алдына бір төбе еді.\r\n\r\nҰстаздардың басқалар назар аудара бермейтін қасиеттері де мол. Бұл қасиеттер әр азаматқа бағыт болса деген ізгі тілек бізден.\r\n Айталық, қайтпас ерлігі, отбасының түгемес тауқыметін, мектептің шаруасымен қатар алып жүріп, қатар тербету екінің бірінің қолынан келмес ерлік. Бұл – ұстаз арманы болу керек!Өзгенің баласы деп жүріп өз баласын ұмытқан ұстаздарымыз қаншама!\r\n\r\nҰстазды сыйлай білейік, ұлықтай білейік. Ал, ұлықтауға толмайтын ұстаз – ұстаз болмағаны абзал!\r\n\r\nҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢДЫ ТҮЗЕ\r\n\r\nДамыған кез-келген елде ұстаз мамандығы нөмірі бірінші мамандық. Ең үздік мектеп түлегі сол мамандыққа түседі, ең жоғары жалақыны ұстаздар қауымы алады. Ең жақсы жағдай ұстаздардікі. Сол үшін де сол елдердің оқу-ағарту ісі қарыштап дамып, ғылым техникасы бізге қуып жеткізбей барады. Ал, бізде бәрі керісінше.\r\n\r\nМен осы барыста ұлт болам десең ұстазыңды түзе деген ұранды ұстанып, бұл мәселенің кезек күттірмейтін мәселе екенін ескертемін. Әрі ел ағаларының назарына мынадай шешу жолын жолға қояр ем.\r\n\r\nБірінші: ұстаздық мамандығын бірінші жоғары деңгейдегі мамандық дәрежесіне көтеру керек. Бұл үшін ұстаздардың жалақысын жоғарылату керек, әрі университеттегі ұстаздық мамандықта тәрбиеленіп жатқан мамандық иелеріне баса назар аудару керек.\r\n\r\nЕкінші: ұстаздарды жаппай сынақтан өткізу керек. Мұнда жинаған және жазған қағазымен жылына бір рет әділ түрде өз мамандықтарынан емтихан алу керек. Мұнда қазіргі дәрежеде ҰБТ-ны ұстаздардың өзіне жүргізе салу жеткілікті. (Соның өзінен сүрінетіндер жетіп артылады. Қорқатындар мектепке жоламай-ақ қойсын.) Сүрінгендер мамандығын ауыстырсын немесе қайтадан кемінде бір-екі жыл даярлаудан өтуі керек.\r\n\r\nҮшінші: қағазбастылықты азайтып мүғалімдердің шығармашылық жұмысына мән беру керек. Мұғалімдерді өтірікке толы қалың қағазына қарап емес, шәкіртінің нәтижесімен бағалайтын күйге жетуіміз керек.\r\n\r\nТөртінші: қазіргі кездегі, айлық, күндік, тоқсандық курстарды жойып орнына мұғалімдерді өз мамандығы бойынша кешенді дайындайтын бағдарлы жылдық курстарды ұйымдастыру керек.\r\n\r\nБесінші: мемлекеттік бақылауды күшейтіп, мұғалімдердің оқушыға өзі қойған бағасы арқылы мұғалімдерді бағаламай әр деңгейдегі әкімшілік бағалауларды жандандыру керек. Мұның өзі өтірік қағаз болып кетуі үшін жұмыс жасалып жүр бұл күні.\r\n\r\nАлтыншы: мұғалімдерді марапаттауды және тұрмыстық қамтамасыз етуді ұмыт қалдырмау керек. Республикалық, Халықаралық олимпиада үздіктерін тәрбиелеген және басқа да жетістікке ие шәкірттер тәрбиелеген ұстаздарды қомақты сыйлықтармен немесе тұрғын үй сияқты мәселесін шешіп жас ұрпақтың ұстаздыққа деген қызығушылығын арттыруға және ұстаздар арасындағы бәсекелестікке ұмтылуға жол ашылуы керек. Әрине, бұл жерде жемқорлыққа жол бермеу маңызды.\r\n\r\nЖетінші: мұғалімдікке жұмысқа қабылдауды департамент немесе әкімдік арқылы тікелей қадағалап, мұғалім боламын деген білікті мамандардың жас деген желеумен жұмыссыз қалып орнына таныстықпен кірген шала мамандарды жою керек. Әрі мемлекет бойынша сырттай бітірген әр қандай адамды ұстаздыққа жолатпаған абзал.\r\n\r\nҰстаз – ұлт болашағының айнасы. Сондықтан бұл істі ешқашан ертеңге қалдыруға болмайды. Ұстаздарымыздың ұлағаты кемімесін, ұлтымыздың рухы әлсіремесін, ұяты кемімесін, ұлылығы артсын десек бұл істі қоғам болып қолға алайық. Билік ойлансын!\r\n\r\nАятжан Ахметжан

Баланың бағын байлаған баға

0

Баланың бағын байлаған баға\r\n\r\nМектеп өмірінде кімдер 5-ке оқыды, кімдер 3-ке оқыды ол әр кімнің өзіне аян, бірақ бүгінгі ұрпақ нешеге оқып жүр? Тоқсан соңы ата-ана бала үшін, бала баға үшін алаңдайтын арпалысты шақ. Арпалысты шақтың басты тұлғасы ұстаз, екі түйе соқтығысса ортасында шыбын өледі демеуші ма еді. Әкімшілік пен ата-ана арасында шырқыраған ұстаздардың ұстаздықтан түңілер, қорланар шағы. Ал, оқушылардың ата-ана алдында жауапқа тартылар, әйтпесе, сыйлық алып мәз болар шағы, мұғалімге жаутаңдар кезі.\r\n\r\nБізде бүгін қолданар бестік деген баға бар, аты бестік, әйтпесе ол үш қана құрамнан тұрады, яғни, оның тұңғышы бес. Ол – үздік атты «бақытты» бала бағасы, екіншісі артта қалсам сөз тиеді, алға шықсам көз тиеді деген ортдағылар бағасы. Ал бағаның кенжесі, «Республикалық» баға, оның аты үш. Кейде біреулердің үштің аты күш деп өзін-өзі жұбатар бағасы. Ал енді сіз ішіңізден екі деген баға бар емес пе деп ойлап отырған боларсыз, бірақ оны қазір ешкім алмайды. Неге? Бүгін біздің балалар дарынды ма, әлде…\r\n\r\nЖаттампаздық және жалтақойлық\r\n\r\nБүгінгі бала бағаны қалай алады? Сіз – оқырман, ата-ана, оқушы, студент, әйтпесе болашақ ұстаз шығарсыз, бәлкім, ұлт болашағын ойлар ұлтжанды азамат шығарсыз, сондықтан сіздерге бүгінгі күні баланың алар бағасы жайлы шын мәлімет бергім келді. Бүгінгі біздің оқу-оқытудың бағасына барлап көрелік, сіз бен біз. Ал, мен – бүгінгі ұстаз, ертең баласы мектепке барар ата-ана.\r\n\r\nАта-ана баласын күнделікті бағасы арқылы бағалайды, ал бала ше? Бала түсініп төрт алғаннан гөрі, көшіріп бес алғысы келеді. Білім үшін емес, баға үшін оқу үрдіс алғаны соншалық, бүгінгі күнде баға – тағдыр, баға – өмірге айналған. Басына білім жинағанша, басқаны да өзін де алдайтын баға жақсы болған оқушы үшін. Бұл опық жегізбей ме? Ойланыңыз…\r\n Жалған баға соңынан қуған оқушы бағаға берілгені соншалық, баға алу қиындау тиетін, математика бастаған жаратылыстық ғылымдар маңайына Ұлттық бірыңғай тест таяғанша таямайды, өйткені есеп «шығарып» үш алғанша, ереже жаттап, анықтама айтып төрт алу маңызды 11-сынып деген соңғы жылға барғанша.\r\n\r\nОсындай сан себеп кесірінен бүгінгі ұрпақ жаттампаздық пен жалған білім, жалған баға жинап жалтақойлыққа бет бұруда. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргісі келетін дағды қалыптасып, он жыл өзін де, ата-анасында алдаған бала он бірінші жылы ҰБТ-ға дайындық орталықтарын жағалап, бес уақыттық тамақты ауызға салып жүр де, асқазаны қорыта алмай әуре бүгінгі күні:\r\n\r\nЖасымда ғылым бар деп ескермеппін,\r\n\r\nПайдасын көре тұра тексермеппін,\r\n\r\nЕржеткен соң түспеді уысыма,\r\n\r\nҚолымды мезгілінен кеш сермеппін, – деп, Абайша опық жеп жүрген мектеп бітірушілер саны артып барады. Бұның соңы не болар, ойланайық…\r\n\r\nШектеулі баға – шектелген дарын\r\n\r\nБаға ұстаз үшін де салыстырмалы дүние, алдындағы оқушының деңгейіне сай ең мықтысы бес, орташасы төрт, ал әлсізі үш алады, бұл қатып қалған стандарт, ал оқушы өзін сыныптасымен салыстырады да,\r\n\r\nСен мықты, мен орташа, анау осал,\r\n бәріміз бір аспанның астындамыз – деп бір сыныпта, артық білім үшін ойланбайды да жүре береді, бірақ өзге сыныптың баласы ше, өзге мектеп ше? Содан барып бір мектептің үздігі екінші мектептің орташасымен, кейде тіпті нашарының деңгейін де көрсетіп жүр.\r\n\r\nАл бағаның көлемінің тарлығы бұған басты себеп болуда, айталық, алдыңызда 30 оқушы бар егер де білім стандартына салар болса соның 2-3 оқушысы ғана беске толық жауап береді, ал әйтеуір жақсыларын талдап төрт оқушыға бес деген баға (бұның бір екеуі көтермеленген, басқа сабақтағы бағасы ескерілген бес) қойған ұстаз амалсыздан қалған 26 оқушыны теңдей жарып жартысына 4, (оның жартысы сабаққа келмейтін, әйтпесе келіп-кетіп қана жүретіндерге қарағанда салыстырылған, әйтпесе, сабақ оқымаса да белсенді оқушы) ал, соңғы жартысына 3 (бұның ішінде сабақта кейде бер кейде жоқ, келседе ұйықтап қайтатын, иіс алмас та бар) қояды. Сіз енді қараңыз, біреу келіп кетіп жүрсе болды үш алады, ал, біреу талпынады, бірақ шамасы жетпеген соң үш алады. Содан бірте-бірте, қойшы бәрібір үш алам одан да сол үшті ұйықтап жүріп алайыншы деген күйге жетіп бала бағын тең қойылған бағамен байлайды. Ал, оның ұстаз талпынысына төрт қояйын десе төрттегі одан жақсыларын беске, ал бесті алтыға шығаруы керек, бірақ амалы не алты деген баға жоқ. Ал ойларсыз ең нашар балаға, келмей, келсе де ұйықтап кетіп жүргендерге екі қоймай ма деп. Жоқ! Екі қойуға болмайды. Неге?\r\n\r\nАл бес алған бала жұлдыз бәрін біледі, ол оқушыда әрі қарай білген үстіне біле түсейін деген талпыныс жоқ, бес деген ең жоғары өзінен басқа ешкім жоқ. Ал шындық білім деңгейі шынайы ма, ол жағы белгісіз.\r\n\r\nҚойдырмайтын және қойылмайтын баға\r\n\r\nҚойылмайтын негізінде «қойдырмайтын» баға, бұл қандай баға? Бұл – екі. Неге? Бұның сан астары бар, санап көрелік.\r\n\r\nБірінші: сіз екі қойсаңыз, ата-ана бастап айқайлайды, баласының білмейтіндігін ойлап қынжылмайды, балама білгізе алмадың деп айқайлайды, оу, тоқсанның соңына дейін баласының күнделігін бір ашып, үй тапсырмасын қадағалауға шамасы келмейтін «жұмысбасты» ата-ана, метепке ата-аналар жиналысына жалынып шақырсаң келмейтін ата-ана тоқсан соңында сені өзі іздеп табады баласы егер, екі алса.\r\n\r\nЕкінші: сіз екі қойсаңыз, әкімшілігіңіз қосылып айғайлайды, оқи алмайтын бала жоқ, сен оқыта алмайсың дейді. Қатты кетсе, оқушыға қойған екі өзіңе қойған екі, дейді. Ал енді, өзіңізге, сұрақ қойыңыз сіз оқыта алмасаңыз алдыңыздан шығып жатқан үздіктерді кім оқытып жатыр?\r\n Ал, сіз екі қоймайсыз өйткені өзіңізге жаныңыз ашиды…\r\n\r\nҮшінші: сіз екі қойсаңыз, қат-қабат қағаз басады, сыныптан-сыныпқа қалдыра алмайтын оқушыңызды, өзіңіз қойған екі үшін өзіңіз сабақ өтіп, қағаз толтырып, үшке шығарып, «дарынын өсіріп» жіберуіңіз керек. Неткен қорлық, бұл қорлықтан кейін екі деген бағаны «орынсыз» аузыңызға алып көріңіз қане.\r\n\r\nАл, оқушы ше? Тоқсандыққа екі шықпайтынын білген бала келмей қалудан, келсе де ұйықтап келіп, ұйықтап кетуден, тәртіпке бағынбаудан қорықпайды, ал ондай өскен баладан ұят сұрап не істейсіз?\r\n Ал мұғалім ше? Жүрген бір байғұс, өзін-өзі алдап…\r\n\r\nПайыз және пайда\r\n\r\nСіз мұғалімсіз бе, сіздің біліміңіз алдыңыздағы оқушының пайызы. Сіздің берген сыныптың сіз оқушыға қатаң талап қойып білім сапасын төменірек көрсетіңіз сіздің мәселеңіз май шаммен қаралып, педагогикалық кеңесте қаралады, сіз содан кейін, құдада тыныш, құдайда тыныш деп үндемей жүріп жаныңызды қинамай бағалағанды өзіңізге пайда деп санайсыз, өйткені құлақ тыныш, жан рахат.\r\n\r\nАл бастауыш сыныптың жайы тіптен ауыр, бар пәннің бәрін беретін апай төрт жыл оқытқан баласы өз баласындай болып кетеді, әрі пайыз түсірмеу керек, сонымен бастауыштың жартысы үздік, тоқсан пайызы екпінді, ал бесінші сыныпқа келіп әр мұғалімнің қолына түскенде үздіктен біразының үміті үзіледі. Ал бесінші сынып, сол үшінде мектептегі ең даулы сынып.\r\n\r\nӨрге төмен жалтақтап жүріп, көнгіш көптің бірі боласыз. Сөйтіп жүргенде алдыңыздағы балада, қиналмай жүріп тырнақша ішіндегі төртін алып кете барады. Ал ұлттық бірыңғай тестте ше…\r\n Енді бала болашағы не болар, ойланайық…\r\n\r\nӨтірік баға және өлім (суицид)\r\n\r\n«Жалғандық жарға жығады» деп айтушы еді, атам қазақ. Бүгінгі жалған баға өлімге (суицидке) бірақ әкелуде. Қалай дейсіз бе?\r\n Салыстырмалы әр жерде әр қалай бағаланып келген балаға Ұлттық бірыңғай тест бірыңғай беріледі. Өмірі үш, төрт, бес алып жүрген бала ұлттық тесттен ұшып екіге түскенде (негізгі білімі екі, тек бұрыннан көтермеленіп келген бала), өмірі екіні көрмеген бала екі деген бағаны көргенде өзі де аң-таң, балам екпінді болып оқиды деп жүрген ата-ана да аң-таң. Ата-ана балаға, бала құлағы тыныш далаға қарайды.\r\n\r\nАта-ана баланың тағдырын ойлап жылайды, бала ұяттан немесе ата-анадан естір сөзден қорқып өзін өлімге байлайды. Қоғам шулайды, ұстаз ішіндегісін айта алмай асау аттай тулайды. Өкінгенмен бұл сәтте ештеңе де орнына келмейді, бәрі де кеш…өтеді кетеді.\r\n\r\nАқталмай қалған алтын белгілер астары\r\n\r\nАлтын белгі – аты дардай белгі, бірақ, мектеп деңгейі әртүрлі, мұғалім деңгейі де әртүрлі, сондықтан баланың деңгейі сан қилы, ал баға салыстырмалы, бір мектепте біршама жақсы оқып басқалармен салыстырғанда үздік шығып жүрген біреу салыстырмалы бес қойылып жүріп алтынға айналып кетеді (негізі қола болатындай бала). Әйтпесе мектеп пайызы үшін көтеріліп жүріп үздік болып кетеді. Ал тест талабы жылдан жылға қатаңдап сырттан көмек бармай, алтын тұрмақ мыста жоқ ауылына қайтады. Әйтпесе қайтпай қалар жай да көбейіп барады.\r\n Баласының шынайы білімін білмейтін ата-ана Ұлттық бірыңғай тесттен соң шулайды да қалады. Себепті жан-жақтан іздейді, бірақ, бәрі де кеш ол сәтте, ертерек ойлану керек еді…\r\n\r\nОйланайық…\r\n\r\nҰрпақ – ұлт болашағы, сол үшін де ұрпақ үшін істелер әрбір іс мінсіз болса игі еді. Ұстаз – сол ұлттың болашағын тәрбиелеуші, сондықтан мен баға төңірегінде мынадай ойларымды ортаға салар едім:\r\n Бірінші, біз бестік баға дегеннен құтылып әлем елдері көшіп үлгерген 100 пайыздық бағаға, біздің қазіргі жоғары оқу орнында қолданылып жүрген баға формасына көшкеніміз ең дұрыс еді. Өйткені алдыңызда жүз оқушы отырсада жүз түрлі баға қоюға мүмкіндік алып, балада дәл деңгейі бойынша бағаланар еді. Әрі бала да дәл өз орнын бағалар рейтингісінен жоғарылатуға, бір саты жоғарылату үшін де білімге талпынар еді, қазірдегідей елдің бәрі төрт деп алаңсыз жүрмес еді.\r\n\r\nЕкінші, бүгінгі бала бағадан қорқады, себебі ата-ананың қарайтыны сол баға, сол үшін пайыз қумай әділ бағасын қойғанымыз, керек кезде екіні де қойып ата-анаға соңғы жылдыққа жеткізбей баласы үшін ойландырсақ игі еді. Ал, оқушы үшін екі деген әділ бағасын алып, ертерек есін жидырған абзал. Ұлттық бірыңғай тестке барып өзіне-өзі көзі жетіп жолын қимай.\r\n Үшінші. Ғалымдардың дәлелдеуінше әр адамның миының даму кезеңі әртүрлі болады, сол үшін ілесе алмай жатқан оқушыны сыныптан-сыныпқа қалдырудың пайдасы да зор болар еді. Мысалы, биология 6 сыныпта, физика 7-ші сыныпта, химия 8-ші сыныпта қосылуының өзі де сол пәндердің қиындық дәрежесі мен бала миының дамуына негізделген. Сондықтан, миы кештеп дамыған баланы сыныптан төмендетіп өз деңгейіне қарай сапалы білім алуына мүмкіндік берсек.\r\n\r\nБұл, әрі сыныптан-сыныпқа қалдырмайды деп, оқымай ойнап жүретіндерге де қорқыныш сыйлап, оқуды есіне алып жүрер еді.\r\n Білім сапасы күннен-күнге даму керек, өйткені даму дау жүрмейтін шындық.\r\n\r\nАл, біздің ұрпақтың білім сапасы ше? Ойланыңыз…\r\n\r\nСол үшін оқу-ағартуымызға әлі де біраз өзгерістер керек-ақ. Баға баланың бағын байламаса, бала жерге қарамаса деген бізден тілек.\r\n\r\nАятжан Ахметжан\r\n\r\n 

Өз бетінше шет тілін қалай үйренуге болады?

0

\r\n

\r\n\r\nӘрине, тілді қосымша сабақ арқылы немесе жеке мұғалім жалдап меңгерген неғұрлым тиімді және оның белгілі бір оқыту методикасы жүйелі түрде жұмыс атқарып, өз нәтижесін береді. Алайда, егер көңіліңізден шықпай жүрген немесе деңгейіңізге сай тіл курсын таба алмаған жайдайда не істеу керек? Сөзсіз тілді өзіңіз меңгере бастауыңыз қажет.\r\n\r\nЕгер сіз бір тілді меңгерген болсаңыз, екінші тіл сізге әлдеқайда оңайға түспек. Себебі сіз бұрын тілдің барлық қиын кесек тұстарымен танысып, оқыту бағдарламасын өзіңізге ыңғайластырып, тілдің үйрену барысын көз алдыңызға елестете аласыз. Мұндай жағдайда сіз тілді еш қиындықсыз алып шығасыз.\r\n\r\nАл егер сіз бұрындары тіл үйренбеген болсаңыз, алдын ала алғышарттары ретінде қосымша сабақтар алып, курстарға барып алған жөн. Бұл сізге тілдің негізгі бөлімдерімен танысып шығуға септігін тигізеді.\r\n\r\nТілді өз бетінше меңгергенде ескеретін жайт тілдің барлық үдерісі сіздің мойныңызда болады. Былайша айтқанда өз-өзіңізге қожасыз: мұғалім де өзіңіз, оқушы да өзіңіз. Сол себептен еріншектікті қойып, назардың барлығын тіл меңгеруге салыңыз.\r\n\r\nЕң алдымен тіл игеру барысында жалпы тілдің оқыту методикасын жасап алу қажет. Ол үшін оқу құралы ретінде ішінде аудио, видео, тест материалдары бар кітап  қажет болады. Қандай оқулықты қолыңызға алмаңыз оқу жоспары деңгей деңгейімен қарастырылады.\r\n\r\nТілді келесі бағыттары бойынша үйрену үрдісі:\r\n\r\nАйтылу немесе дыбыстау (prononciation)\r\n\r\nТансық сөздерді дұрыс дыбыстау оңай шаруа емес. Бірақ кей интерактивті өздігінен үйреткіш бағдарламаларда дыбысталу жолдары бірге беріледі. Мысалы, сіз диктофонға айтқан сөзіңізді жазып, салыстырмалы түрде қайталап, сараптама жасайсыз. Ал егер сізде құлақ есту аппараты жақсы дамыған болса, сол тілдегі әуендер мен киноларды қарап, айтылу жолын есте сақтап, қайталап отырсаңыз жетіп жатыр.\r\n\r\n\r\n\r\nГрамматика\r\n\r\nГрамматиканы игеруге екі нәрсе жеткілікті: біріншісі – жақсы оқу құралы, екіншісі – ынта. Бұл санның сапаға айналған уақыты. Грамматика заңдылығы мен ережесін қанша керемет меңгергеніңізбен, оны жаттығу жұмысымен күшейтпесеңіз, жарты жұмысыңыз текке кетті дей беріңіз. Жаттығу барысында жеңіл көрінген тапсырмаларды тастап кетпеуіңіз керек. Ол кейін кез келген тапсырманы автоматты түрде зырылдатып жазуға септігін тигізеді. Тапсырманы бір ғана оқулықпен шектелмей мүмкін деген ресурстарға жүгінесіз. Түсінбеген жағдайда ғаламтордан түрлі форумда сұрақ қойып сұрастыра аласыз. Достарыңыздың арасында меңгеріп жатқан тілді жақсы білетіні болса, қолда бар алтының қадірін жоғалтпай көмекке жүгінсеңіз нұр үстіне нұр болар еді.\r\n\r\n\r\n\r\nЛексика\r\n\r\nСөздік қорын молайту – тілдің ең басты негізі. Тіл сөзден тұрады. Тіл-байланыс құралы. Егер сіздің сөздік қорыңыз тым мардымсыз болса, ондай жағдайда адам өз ойын шала жеткізетін болады. Алғашында сөздерді күнделікті өмірмен қатысы бар дүниелермен байланыстыра жаттаңыз. Уақыты келе сөздік қорыңыз молайып, есте сақтауыңыз соған машықтанады. Сөздік қорын молайтудың ең тиімді жолы –  адаптерленген кітаптарды ең құрмағанда күніне бір беттен аударма жасау. Осылайша көптеген сөздер қайталанып, көз алдыңызға көптеген қарапайым сөздер жатталып қалады. Сонымен қатар субтитрі бар кино, өлеңнен бөлек сөзді тұтасымен жаттап алсаңыз, бір оқпен екі қоянды атқаныңыз. Себебі сізде сөздік қорынан бөлек сөйлеу бірге дамиды.\r\n\r\n\r\n\r\nТіл маманы ретінде айта кетейін, тілді үйрену кезінде алғашқыда жеңіл, ортасында қиын, кейіннен қалыпты жағдайға айналады. Мұны айтып отырған себебім төккен тердің жемісі зая кетпесе екен деймін. Жасаған сан алуан жұмыстың нәтижесін көргіңіз келсе, бір сәтке артқа қарап, қаншалықты алға қарай  ілгері басқаныңыз туралы ойланыңыз.\r\n\r\nАвтор: Нұрбол Нұрмаханұлы\r\n\r\nДереккөзі: massaget.kz сайты\r\n\r\n

Бейсен ҚҰРАНБЕК: Ездің ұрпағы жасық болады

0
\r\n

Кез келген халықтың жер бетінде сақталып қалуы, әлемдік көштен өз орнын табуы үшін ТІЛ, ДІН, САЛТ-ДӘСТҮР секілді мәңгілік құндылықтардың сақталуы аса маңызды екені ақиқат. Ұлттың діңгегі саналатын бұл үшеудің жойылмауы тек мемлекетке емес, өзін сол мемлекеттің иесі санайтын әр адамға байланысты. Ол үшін әрқайсымыз өзімізге мықты болуымыз керек. Мен өмірде ұстанатын қағидаларым туралы айтсам деймін….

\r\n

\r\n

\r\n\r\nМен үшін бірінші анық: Білікті маман болу, тәрбиелеу!\r\n\r\nБіз бір-бірімізді айыптаудан чемпион елге айналдық. Билік басындағылар қарапайым халықты түк түсінбейтін тобыр санайды, қарапайым адамдар жоғары жақтағыларды «жемқорлар» деп айыптайды. Ата-аналар ұстаздарды, мұғалімдер оқушыларды, емделушілер дәрігерлерді, дәрігерлер айлықты, оппозиционерлер саяси жүйені, т.б… Баршамыз басқаларға кінә тағумен өмірімізді өткізіп жатырмыз. Ал, өз ішімізге үңілеміз бе? Сіз өз мамандығыңызды жақсы көресіз бе? Жұмысыңызды сүйіп істейсіз бе? Түсінемін. Мына заманда жүрегің қалаған жұмысты табу, орналасу қиын. Бірақ, түңілгеннен не ұтамыз… Бала-шағаның нәпақасын тауып жүрген қызметіңді барыңды салып, адал атқар! Жиған-тергеніңді жас маманға үйрет. Менің «Қазақтың дәрігері әлемдегі ең білікті, мұғалімі ең білімді, әкімі ең әділ, басшысы ең көреген!» – деп мақтанғым келеді! Әр қазақ өз ісінің хас шебері болуы керек. Басыла бермей балаңыздың болашағын қамтамасыз етуге ұмтылыңыз. Сіз күш салсаңыз ғана ол жақсы мамандық таңдап, оқып, игере алады. Ал, «Төбеден қайыр болмады» деп Сіз езілсеңіз ұрпағыңыз жасық болады! Қандай қиындық көрсеңіз де қазақ деген қара орманның ортасында екеніңізді ұмытпаңыз. Үгіліп бара жатқандарға үлгі болыңыз! Мен өз жеті атамнан бөлек, жұмыста өзіме бағдар беретін, әлемді мойындатқан «жеті атамды» да анықтап алғанмын, жастарға үнемі айтып отырамын. Сонымен менің жұмыстағы «жеті атам»:\r\n\r\nБауыржан Момышұлы: БАТЫЛДЫҚ ПЕН ШЫНДЫҚ!\r\n\r\nҚорықсаң – істемеу, істесең – қорықпау. Өзіңді де өзгені де алдамау.\r\n\r\nДінмұхамед Қонаев: ІЛТИПАТ ПЕН ҚҰРМЕТ!\r\n\r\nӘріптестеріңді, жұмыс барысында кездескен адамдарды, көрермендерді сыйлау.\r\n\r\nТомас Эдисон: ҚҰШТАРЛЫҚ ПЕН ТАБАНДЫЛЫҚ!\r\n\r\nЖұмысты құлшынып істеу. Сәтсіздіктерден сабақ ала отырып, табандылық таныту.\r\n\r\nУилфред Парето: 20/80 ПРИНЦИПІ.\r\n\r\nКез-келген істе ненің маңызды екенін анықтау. Алдымен соларды қолға алу.\r\n\r\nУолт Дисней: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ!\r\n\r\nІздену, іздену және іздену.\r\n\r\nИммануил Кант: НАҚТЫЛЫҚ ПЕН МҰҚИЯТТЫЛЫҚ!\r\n\r\nУақытпен санасу. Ұсақ-түйекке де ұқыпты болу.\r\n\r\nРоуэн-Гарсиа: ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН НӘТИЖЕ!\r\n\r\nӨз жұмысыңа толық жауапты болу. Нәтижеге қалай да жету!\r\n\r\nПринципке сүйеніп жұмыс істеу кей адамға біртүрлілеу көрінер. Бірақ, Баукеңнің «тәртіпке бағынған құл болмайдысын» естен шығармайық. «Жеті атамның» ұстанымы мені жерге қаратқан емес.\r\n\r\nАл, екінші анық нәрсе: Бақытты отбасын құру!\r\n\r\nҚазақ даласында көтерілген әрбір үшінші шаңырақ шайқалып, ортасына түсіп жатыр. Шын жетімді санамағанда, тұл жетімдердің саны жүз мыңнан асып кетті… Есіңізде ме, «Отбасы – шағын мемлекет» деген ұран жиі айтылушы еді ғой? Шағын мемлекеттің шаңырағының шайқалуы үлкен мемлекет уығының берік еместігін байқатады. Ондай елдің болашағы қандай болмақ? Ажырасудың түпкі себебі жоқшылық, психологиялық фактор. Қолынан іс келмейтін, сауда көзіне айналған білімнен сусындаған немесе қабілеті бола тұра жұмыс таппаған отағасы бала-шағасын асырамақ тұрмақ, өз басын алып жүре алмайды. Кетеуі кеткен өмірде ерлі-зайыптылар екі бөлек жол таңдайды. Ал зардап шегетін – бейкүнә бүлдіршіндер. Әкесіз өскен ұл, шеше тәрбиесін көрмеген қыз… Жаратқан өзге жаны бардан айырмасы болсын деп бізге САНА бермеп пе еді… Ал, біз сананы тұрмысқа билетеміз?! Отбасыңнан безінгенде бақытты болып кете алмайсың. Перзенттеріңнің көл болған көз жасы күндіз күлкіңді, түнде ұйқыңды ұрлайды. Ең дұрыс жолы талмай күресіп, ауыртпашылықты жеңу керек. Біз үйленетін кезімізде отбасының 7 қағидасын жасап едік:\r\n\r\n1) Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінді;\r\n\r\n2) Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады;\r\n\r\n3) Қандай сыйлы қонақ келсе де үйімізге ішімдік кіргізбейміз;\r\n\r\n4) Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз;\r\n\r\n5) Ренжісіп қалсақ 5 минуттан соң сөйлесеміз. «Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт санап отырамыз;\r\n\r\n6) Біздің үйде ер-азамат есеп бермейді, телефон соғып: «Қайда жүрсің? Қашан келесің?» – деген сұрақ қойылмайды. Кейбір достарымның әйелдері телефонмен: «Қайда жүрсің қаңғырып?» – деп жатқанын естігенде, «телефоны болмаған біздің ата-бабалар» не деген бақытты деп ойлаймын;\r\n\r\n7) Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел, оған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды.\r\n\r\nБұл келісім бұзылған емес. Сыйластық пен түсіністік үстемдік құрған отбасыны жоқшылық жүндей түте алмайды. Оған көзім анық жетті. Шаңырақтың қос тірегі-әке мен ана бірлесе күрессе ғана кез келген қиындықты жеңеді!\r\n\r\nЕнді үшінші аныққа келейік: біз ұлттық рухта тәрбиеленген дені сау, дарынды ұрпақ өсіру керекпіз!\r\n\r\nҚоғамдағы бұратартпа сүрлеулерден ұрпағыңызды тек Сіз сақтай аласыз! «Өзгеден кем болмасын» деп жалаң ұранға салып, қалағанын қолына ұстатып, бетінен қақпағанда ұтарымыз кәне?! Баяғыда аталарымыздың тым шолжаң бала көрсе «Текті білмейтін – тексіз» деп қабақ шытатынын ұмыттық. Қазір қазақ баласына керегі «Кола», «Спрайт», «Барби» ме? Менің білуімше, оған керегі – бесік жыры, қазақы тәрбие, әкенің жылуы, ананың мейірі. Әлем ғалымдары бесік жырын тыңдап өскен бүлдіршіндердің өзге қатарластарына қарағанда анағұрлым алғыр, зерек болатынын зерттеп, дәлелдеп берді. Бәріңіз «Сұлтан Сүлейменді» көретін шығарсыздар? Түрік режиссері осы сериалда сұлтанның әйелі Хюрремнің жат тілде бесік жырын айтып отырғанын жиі көрсетеді. Себебі, түрік қанынан жаралып, жаттың бесік жырын тыңдаған ұрпақ Ұлы Осман империясын құлатып тынған. Міне, ана әлдиінің құдіреті қандай. Сондықтан бала тәрбиесі қазақ үшін негізгі тағандардың бірі. Бесік жырын айтыңыз, ес біле келе балаңыз «Спанч боб» көре бастаса жанына жайғасып, құлағына «Ер Төстік» туралы ертегі сыбырлаңыз… «Шректі» айтса қазақтың Алпамысы талай Шректі шірене тепкені туралы ертегі ойлап табыңыз. Жанталасыңыз! Рухани азыққа ашқарақ бала өзгенің жетегінде кетсе, оңбаймыз. Мемлекет мойын бұрмады екен деп өз ұрпағымыздан теріс айналмайық. Сіз бен біз осылай әрекет етсек қана балабақшада, мектепте, қоғамда қалыптасқан, баланың басын тұқыртатын жайттардан құтыламыз. Ұстаздар да баланың қабілетін әкесінің қалтасымен өлшегенді қойып, оның Құдай берген дарынын аша түсуге ұмтылады. Шәкірттерге қорадағы ақтылы қой сынды қарамай, еркін ойлай білетін, пікірін ашық жеткізетін АЗАМАТ қалыптастыруға жанын салады. Ұстаз деген ұлы атаудың ең бас­ты мақсаты осы емес пе…\r\n\r\nІргетасы мықты үй ешқашан құламайды!\r\n\r\nМенің ұстанымым осы. Бұларға қол жеткізсек ұрпағы сау, қоғамы ояу, рухы мықты елге айналамыз деп ойлаймын. Қалғанының бәрі бос сөз. Ұлт тағдыры біздің қолымызда.\r\n\r\nБейсен ҚҰРАНБЕК\r\n\r\nДереккөзі: http://parasatjournal.kz/\r\n\r\n

«Көшбасшы.KZ» интелектуалдық сайысынан фото репортаж

0

Бірінші апталық ойынға қатысушылар

\r\n

сурет1сурет 4сурет 3сурет 2

\r\n

\r\n

Екінші апталық ойынның қатысушылары

\r\n

фото 5фото 3фото 4

\r\n

\r\n

\r\n

Үшінші апталық ойын

\r\n

рис 1рис 2рис 3рис 4рис 5рис 6рис 7

\r\n 

«Көшбасшы.KZ» интелектуалдық білім сайысының апталық ойын жеңімпаздары анықталды

0

 Бүгін Қызылорда қаласында «Көшбасшы.KZ» интелектуалдық білім сайысының апталық ойын жеңімпаздары анықталды.  Сайысты Республикалық «Мәртебе.кз» сайты мен «Ізденіс жолы» қоғамдық қоры ұйымдастырып жатыр. Сайысқа қатысушылар бұған дейін де іріктеліп шыққан болатын. Енді, міне апталық ойындар өткізіліп «Айлық ойынға» қатысушылардың есімі белгілі болды. \r\n\r\nОйын барысы 1.30 сағатқа созылды. Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушыларымызда алғашқы да  толқу мен  сенімсіздік байқалғанмен, ойын барысында өздеріне  келіп  ойынға белсене қатысты. Көшбасшыға ең бір қажетті мінез – табандылық пен сенімділік болса, жеңімпаздарымыздың бойынан сол қасиеттерді көрдік. Өз интелектуалдық қабілетімен айлық ойынға жолдама алған алты ойыншыға сәттілік тілейміз!!!\r\n\r\n \r\n\r\n Төменде бірінші апталық ойынға қатысушылардың тізімі көрсетілген. Апталық ойында өзінің зеректігімен көзге түскен №223  мектептің 9 — сынып оқушысы Мырзабай Асхат пен №1 мектептің 10 — сынып оқушысы Абдулатиф Әлима айлық ойынға жолдама алды.\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

1-ші апталық Мектебі Сыныбы
1 Мырзабай Асхат 223 9
2 Абдулатиф Әлима 1 10
3 Нұрдин Нұрдәулет Мұрагер 9
4 Кенжебек Ілияс 212 10
5 Сейтман Бекзат 218 10
6 Әбубәкір Дәуренбек 112 10

\r\n \r\n\r\nАйлық ойынға жолдама алғандар\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Мырзабай Асхат 223 9
 Абдулатиф Әлима 1 10

\r\n \r\n\r\nЕкінші апталық ойынға  қатысушылар да өте жақсы белсенділік көрсетті.  Алты оқушының ішінен №253 мектептің 10-сынып оқушысы Тыныштықбай Заманбек пен №211 мектептің 10 – сынып оқушысы Төлеумұрат Данаби өздерінің білімділігін көрсетіп, айлық ойынға жолдама алды. \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

2-ші апталық Мектебі Сыныбы
1 Сұлтанғали Санура 143 10
2 Өтепбергенова Асылзат 172 10
3 Төлеп Наргиз 15 10
4 Тыныштықбай Заманбек 253 10
5 Бекназар Лаура 112 10
6 Төлеумұрат Данаби 211 10

\r\n Айлық ойынға жолдама алғандар\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Тыныштықбай Заманбек       250  балл
Төлеумұрат Данаби               175 балл

\r\n \r\n\r\nҮшінші апталық ойынға қатысушылардың ішінде де білімді шәкірттер кездесіп жатты. Жарыстың қағидасы бойынша: «бір озып, бірі қалуы керек!». Бағы мен бабы келіскен №6 мектептің оқушысы Рысбай Аружан мен №211 мектептің шәкірті Тұрсынтай Тұрар айлық ойынға жолдама алды. Екеуі де 10 – класс оқушылары.  \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

3-ші апталық Мектебі Сыныбы
1 Рысбай Аружан 6 10
2 Нұрғали Меруерт 268 10
3 Шүкір Әлия 12 10
4 Әлиакбар Айзат 261 10
5 Тұрсынтай Тұрар 144 10
6 Аманжан Арайлым 5 9

\r\n Айлық ойынға жолдама алғандар:\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Рысбай Аружан  155 балл
Тұрсынтай Тұрар   130 балл

\r\n \r\n\r\nСонымен, апталық ойынның жеңімпаздары да анықталды.  Айлық ойында төмендегі 6 оқушы бақ сынайды. \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

1-ші айлық Мектебі Сыныбы
1 Мырзабай Асхат 223 9
2 Абдулатиф Әлима 1 10
3 Тыныштықбай Заманбек 253 10
4 Төлеумұрат Данаби 211 10
5 Рысбай Аружан 6 10
6 Тұрсынтай Тұрар 144 10

\r\n \r\n

Топтан оза шапқан дарабоздарға сәттілік тілейміз!

\r\n

Білім биігінен көрініңіздер!

\r\n 

Түлектерді жиі мазалайтын сұрақтар

0

Кім боламын? Қай салада маман тапшы? Қайда оқуға түсуге болады? Бұл – жыл сайын түлектердің көкейін тесетін сұрақтар. Әрине, әркімнің де 11 жыл оқыған білімін зая кетірмей, алдыңғы қатарлы ЖОО-да оқып, сұранысқа ие маман иесі атанғысы келеді. Олай болса, біз көптеген түлектің санасын мазалап жүрген бірнеше сұраққа жауап беруге тырысып көрдік…\r\n\r\n1. Қай салада маман тапшы?\r\n\r\nА) Қазіргі кезде жаңа технология саласында технолог, газ-мұнай саласындағы инженерлер, құрылыс мамандарын дайындауға көп көңіл бөлінуде. \r\n\r\nӘ) Білім беру жүйесінде ағылшын тілі, информатика, дінтану, мәдениеттану пәндерінің мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары тапшы. \r\n\r\nБ) Жалпы ауыл шаруашылығы саласында агроном, ветеринар, фермер, селекционер, агроном, агроинженерлер жетіспейді. \r\n\r\nВ) Авиация саласындағы ең қажетті мамандар: астронавтар, зерттеуші ғарышкерлер, ғарышкер-сынақшылар. \r\n\r\nГ) Химиялық өнеркәсібінде сұранысы жоғары мамандар: технологтар, мұнай зерттеушілері, биоинженерлер мен биотехнологтер. \r\n\r\nҒ) Басқару саласында УТ-менеджерлер мен УТ-мамандар, техникалық, экономикалық және заңгерлік білімдері ұштасқан инженерлер, жер-жерде құрылыстың өсуіне байланысты кең профильді құрылысшы мамандар да керек. \r\n\r\nД)Техникалық салада металлургтер, энергетиктер, радиотехниктер мен телекоммуникациялық қызмет көрсету мамандары сұранысқа ие.\r\n\r\n \r\n\r\n2. Шығармашылық емтихандар қалай өткізіледі?\r\n\r\nШығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді. Шығармашылық мамандықтарға түсетіндер өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны — екеу. Ол 2-7 шілде аралығында өткізіледі. Ең жоғарғы балл саны — 25.\r\n\r\n10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген тұлғалар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді. Және шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.\r\n\r\nШығармашылық мамандықтарға тапсырғанда ҰБТ-дағы тек 2 пәннің балы ғана қоса есептеледі. Олар: қазақ тілі (немесе орыс тілі) және Қазақстан тарихы. Шығармашылық мамандықтарға түсетіндер бір ғана мамандыққа тапсыра алады.\r\n\r\n \r\n\r\n3. Кешенді тестілеуге қандай құжаттар керек? Құжатты қашан тапсыру керек? \r\n\r\n\r\nКешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында жүргізіледі. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.\r\n\r\nКешенді тестілеуге қатысу үшін қажетті құжаттар: \r\n\r\n — жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш; — жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом(түпнұсқа);\r\n\r\n— тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;\r\n\r\n— 3×4 көлеміндегі екі фотосурет;\r\n\r\n— 086-У нысанындағы медициналық анықтама;\r\n\r\n— Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.\r\n\r\n \r\n\r\n4. ҰБТ тапсырмай университетке оқуға түсуге бола ма?\r\n\r\nҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.\r\n\r\n \r\n\r\n5. Кредиттік оқыту технологиясы деген не? Ол не үшін керек?\r\n\r\nКредиттік оқыту технологиясы – білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылатын жүйе. Оның мақсаты – студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, олардың жеке шығармашылық қабілеттіліктерін жан-жақты дамыту, қажет болған жағдайда студенттерге жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарына кедергісіз ауысу мүмкіндігін беру.\r\n\r\n \r\n\r\nЖауаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 Қаулысы бойынша әзірленді.\r\n

Әзірлеген: Әсел Сарқыт

Оқу барысындағы диагностика жəне бақылау – қадағалау

0

Оқу барысындағы диагностика жəне бақылау – қадағалау \r\n\r\n \r\n\r\nЖоспары\r\n

    \r\n

  1. Оқу сапасын диагностикалау
  2. \r\n

  3. Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері
  4. \r\n

  5. Оқу іс-əрекеттерінің нəтижелерін бағалау
  6. \r\n

  7. Бағалаудағы қателіктер
  8. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Оқу сапасын диагностикалау
  2. \r\n

\r\nБілімдену процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау.\r\n\r\n“Диагностика” түсінігінің мəні “білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.\r\n\r\nДиагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды.\r\n\r\nДиагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік жəне дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет – қимылдар жүйесі.\r\n\r\nМəн – мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу əрекеттерінің нəтижесі жөніндегі мəліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шəкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын байқастырады. Қадағалау нəтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қаншама дəрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процес мүмкіндіктерін оқыту – оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.\r\n\r\nБақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пəн бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тəртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері
  2. \r\n

\r\nОқу процесіндегі қадағалау əртүрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы əдістермен атқарылады. Педагогикалық тəжірбиеде қадағалаудың бірнеше түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды жəне өтілген материал ізімен.\r\n\r\nАлдын-ала қадағалау — əдетте, диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Ондағы мақсат – оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дəрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-ала қадағалау нəтижесінің негізінде мұғалім оқу жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады.\r\n\r\nАғымдағы (күнделікті) қадағалау – оқу барысында ұйымдастырылып, білім, ептілік жəне дағдылардың қалыптасу дəрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты терең жəне берік бекігенін анықтау үшін қолданылады.\r\n\r\nБұл қадағалаудың тиімділігі – оқушылар біліміндегі кемшіліктер мен олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын меңгеруде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті қадағалаудың дұрыс жолға қойылуы оқушылардың əр сабаққа мұқият əрі тыңғылықты дайындалып жүру жауапкершілігін арттырады.\r\n\r\nМерзімді қадағалау – белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.\r\n\r\nТақырыптық қадағалау – тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң өткізіледі.\r\n\r\nҚорытынды қадағалау – оқу процесінің соңғы нəтижелерін жинақтау үшін қолданылады. Ол пəн бойынша бүкіл білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.\r\n\r\nӨтілген материал, тақырып ізімен қадағалау – тақырып, курс, бөлім өтіліп, бірқанша уақыт озған соң қалдық білімді анықтау үшін қолданылады. Мерзім үш айдан жарты жылға дейін не одан көп созылуы мүмкін. Мұндай қадағалау оқу процесінің тиімділігін соңғы нəтиже бойынша пайымдау талаптарына сəйкес келеді.\r\n\r\nҚадағалау əрқилы формада жүргізілуі мүмкін. Формалық жағынан мұндай жұмыс жеке-дара, топтық жəне сыныптық болып бөлінеді.\r\n\r\nҚадағалау барысында əрқилы əдістер де қолданылуы мүмкін. Қадағалау əдістері дегеніміз – бұл оқушылардың оқу танымдық іс — əрекеттері мен мұғалімдер жұмыстарының нəтижелілігін айқындауға жəрдемші жол, тəсілдер.\r\n\r\nПедагогикалық практикада ауызша, жазбаша, тəжірибелік, компьютерлі (машынды) қадағалау жəне өзіндік қадағалаулар қолданылуда.\r\n\r\nАуызша қадағалау – оқушыларға ауызекі сұрақ қоюмен орындалады. Ол шəкірттердің білім, ептілік жəне дағдылар деңгейін айқындауға, сонымен бірге оқушының материалды баяндау қисынымен танысуға, меңгерген білімдерін процестер мен төңіректе болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептіліктерін байқауға, өз пікірін білдіру мен дəйектеу жəне қателікті көзқарастарға қарсы тұрып, дəлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға мүмкіндік береді.\r\n\r\nЖазбаша қадағалау – жазба бақылау тапсырмаларын (жаттығулар, бақылау жұмыстары, шығармалар, істелген жұмыстар бойынша есеп беру ж. т. б.) орындау формасында жүргізіледі. Мұндай қадағалау əдісі барлық оқушылар білімін бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді, алайда жазба жұмыстары көзден өткізіліп, бағалау көп уақытты талап етеді.\r\n\r\nТəжірибелік қадағалау – оқу, тұрмыс жəне өндірістік ептілік, дағдылардың қалыптасуын не қозғалыс, қимыл дағдыларының орнығуын анықтауда пайдаланылады.\r\n\r\nАқпараттық технологиялардың дамуымен компьютерлі қадағалау ен жаюда. Мұндай машынды қадағалау оқытушының да, оқушының да уақытын үнемдеуге көп көмегін тигізеді. Компьютерлі қадағалау арқылы білім деңгейін өлшестіру мен бағалауға бірыңғай талаптар белгілеу мүмкін. Бұл қадағалауда оқу нəтижелерін статистикалық талдау мен өңдеу өте жеңіл. Білім бағалаудағы мұғалім субьективизміне машын шек қояды.\r\n\r\nМашынды қадағалау қолданумен өзіндік қадағалауды да оңтайлы ұйымдастыруға болады, дегенмен өзіндік қадағалауды қарапайым жолмен де өткізу мүмкін. Бірақ бұл үшін оқушыларды өз бетінше қателіктерін байқауға, танымдық міндеттердің қате шешілу себептерін талдауға, оларды болдырмау, түзеу жəне реттеуге үйрету қажет.\r\n\r\nƏртүрлі қадағалау əдістерінің бірге қолданылуы аралас (тығыздалған) қадағалау деп аталады. Əдетте, мұндай тексеру ауызша жəне жазба сауалнамалар беру түрінде өтеді.\r\n\r\nОқу процесіндегі қадағалауларға төмендегідей педагогикалық талаптар қойылады:\r\n\r\n– қадағалаудың даралықты сипаты. Əр оқушы жұмысы, оның жеке оқу іс-əрекеттері өз алдына қадағаланады. Бір шəкірттің оқуындағы нəтижелерді ұжымдық жұмыстар қорытындыларымен не керісінше алмастыруға болмайды;\r\n\r\n– жүйелілік қадағалаудың оқу процесі барша кезеңдерінде үздіксіз, ретімен өтіп тұруы;\r\n\r\n– қадағалау формаларының əртүрлігі. Осыдан қадағалаудың оқыту-үйрету, дамыту жəне тəрбиелеу қызметтері қамтамасыз етіледі;\r\n\r\n– қадағалаудың жан-жақтылығы. Қадағалау баланың теориялық білімдерін, ақыл-ой парасаттылығын, тəжірибелік ептіліктер мен дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді;\r\n\r\n– қадағалаудың шынайылығы. Қадағалауда субъектив жəне қателікті пікірлер мен қорытындыларға жол берілмеуі тиіс;\r\n\r\n– жекелестірілген бағыт-бағдар. Оқушылардың жеке-дара тұлғалық сапа-қасиеттері ескерілуі тиіс;\r\n\r\n– мұғалім тарапынан болған талаптардың бірыңғай болуы.\r\n\r\nСоңғы кездері тестік қадағалау көптеп қолданылуда. Мұндай тексерудің негізгі құралы – тест тапсырмалары. Өлшестіру, анықтау нысаны тұрғысынан педагогикалық, психологиялық, əлеуметтік – психологиялық, мəдени – эстетикалық таным тестері ажыралады.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Оқу іс-əрекеттерінің нəтижелерін бағалау
  2. \r\n

\r\nОқушылардың оқу-танымдық жұмыстарын қадағалау нəтижесі сол жұмыстарды бағалаудан көрінеді. Бағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу дəрежесін анықтау.\r\n\r\nБағалау қызметтерінің сандық көрсеткіші – баға, яғни баға оқушылардың білім, ептілік, дағдылар дəрежесінің шартты сан не ұпаймен белгіленуі.\r\n\r\nОқу нəтижесі тек баға емес, басқа да жолдармен анықталуы мүмкін. Мысалы, ол ауызекі қолдау не қолдамау, алғыс жариялау, мақтау парағы не медальдармен мадақтау жəне т. б.\r\n\r\nБілім бағалауда шынайылылық, білім сапасын анықтаудағы бірыңғай талап үлкен маңызға ие. Себебі, білімдік баға оқушыға ықпал жасаудың өте нəзік құралы. Көтеріңкі баға шəкіртті қуантады, қанаттандырады, сонымен бірге оның жұмысқа болған немқұрайлылығын да пайда етеді. Əсіресе, болымсыз бағаның əсері күшті: ол баланың оқуға деген ықыласын арттыруы да не тіпті оқудан бас тартуға ықпал жасауы мүмкін. Сондықтан да, кейінгі жылдары бағалау, баға қою мəселесі үлкен пікір талас туғызып отыр. Педагогтардың бір тобы сыныптан сыныпқа оқушыны білім сапасына қарамастан өткізуді ұсынуда. Осыған байланысты еліміздегі бағалау проблемасының əр кезеңдегі жайы өз алдына қызықты.\r\n\r\n1917 жылға дейін оқушылар білімі балдық жүйеде бағаланды. Баға нөлден беске дейінгі алты балдық жүйеде қойылды. Кейін нөлдік баға жойылып, бес балдық жүйе қабылданды.\r\n\r\nОқу нəтижесін балл бойынша бағалау əрқилы көзқарастар туындатты. 1917 жылдан соң тіпті оқу жүйесінде бағалау, баға қоюға қарсылықтар да болды. Кеңестік еңбек мектебінің тұжырымдамасына орай оқу іс-əрекеттері шəкірттің қызығушылығына, дербестігіне, ынталылығына, шығармашылық сипатына негізделуі тиіс болды.\r\n\r\nДəстүрлі келе жатқан оқушыларды баға жəрдемімен тəртіпке шақыру əдістері тиімсіз деп танылды. Осыдан 1918 жылы Кеңестік өкімет жарлығымен оқушы білімі мен тəртібін балдық жүйемен бағалау мектеп тəжірибесінен мүлде шығарылды, сыныптан сыныпқа өткізу, куəліктер беру оқушылар білімі жөніндегі педагогикалық кеңес шешімі негізінде орындалатын болды.\r\n\r\nЕмтихан түрлерінің: қабылдау, ауыстыру, бітірту – қай-қайсы да жүргізілмейтін болды. Сабақ барысындағы оқушыны жеке-дара тексеру де орынсыз деп табылды. Өте қажетті жағдайларда жалпылама сынақтау сипатындағы ауызша сұрақтар мен жазба жұмыстарды ғана өткізуге рұқсат берілетін болды. Оқушылармен өтілген тақырыптар бойынша мерзімді əңгіме-сұхбаттар жүргізу, оқыған кітаптары мен мақалалары бойынша баяндарын тыңдау ұсынылды. Оқушылардың жеке таңдауымен өз бетінше орындаған жұмыстары дəріптелді. Дəстүрлі қадағалау жүйесі өзіндік бақылаумен ауыстырылды, жеке оқушы табыстары еленбей, ұжымдық жетістіктер негізге алынды. Өзіндік бағалауда тестік қадағалау формасы жаппай қолданылды.\r\n\r\nБағасыз оқу бір жағынан тиімді де болды, себебі оқушылардың біршамасында дербес, өз бетінше оқу қабілеттерін дамытты. Дегенмен, мұндай оқу көпшілік жағдайларда оқушылар білімінің, тəртібінің құлдырауына алып келді. Оқушылар мектепте, үйде тиянақты білім игеру жұмыстарын тоқтатты, сабақтарға қатыспайтын болды. Сондықтан да, алғашқыда қадағалаудың əрқилы формалары біртіндеп енгізіліп, ал 1932 жылдан жеке оқушының білімі оның даралықты ерекшеліктерін ескерумен жүйелі бағалау принципі негізінде орындалатын болды.\r\n\r\n1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сөздік (вербалды) баға: “өте жақсы”, “жақсы”, “қанағаттанарлық”, “жаман”, “өте жаман” – енгізілді. Бұл жүйе 1943 жылға дейін сақталды. 1944 жылдың қаңтарынан оқушы білімі мен тəртібін бағалаудың сөздік бағамен сандық баға жүйесімен ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.\r\n\r\nРеттелген тəртіпте білім есебін жүйелі жүргізу өзін ақтады, оқушылардың оқу дайындығы мен мінез құлық сапасынан көтерілуіне ұнамды себін тигізді.\r\n\r\nОқу іс-əрекеттерінің нəтижесін балл жүйесінде бағалау көптеген кемшіліктеріне қарамастан өз баламасын таппай отыр. Дегенмен, педагог ғалымдардың көбі сауаттылық дəрежесін бағалаудың мұндай жүйесіне қарсы. Олардың дəйегі:\r\n\r\n– білімділік іс-жүзінде үш балдық жүйеде бағаланады (“1”, “2” бағалары білімсіздік көрсеткіштері).\r\n\r\n– білімділікті бағалаудың шынайылығы кем (“5”, “4”, “3” бағалары гимназиялық сыныптарға да, дарынды оқушылар топтарында да, ақыл-есі кем балалар оқуында да бірдей тең қойылады. Ал аталған оқу түрлеріндегі білім игеру нəтижесіне қойылған талаптар əрқилы болатындықтан бағалардың мəні біркелкілігін жояды).\r\n\r\n– оқушылар білімін бағалауда үш балдық өлшем жеткіліксіз (сондықтан да оқытушылар қосымша өлшемдер қолданып жүр: балл жанына “плюс” не “минус” белгілерін қояды).\r\n\r\nҒалымдар он балдық, он екі балдық тіпті жүз балдық та бағалау жүйелерін ұсынуда.\r\n

    \r\n

  1. Бағалаудағы қателіктер
  2. \r\n

\r\nМектеп пен жоғары оқу орындарындағы баға қоюдың субъектив қателіктері төмендегідей:\r\n\r\n– кең пейілділік, орынсыз жомарттық. Баға ретсіз көтеріңкі қойылады. Оқушыларды бағалаудағы “жомарттықтың” шектен асқан, бүгінгі күнде мектеп тəжірибесінен арылуы қиындық тудырып отырған формасы — “проценттікке” жүгіну (процентомания).\r\n\r\n– оқушыға болған ұнамды не кері қарым-қатынас күйін бағалауға, бағаға өткізу;\r\n\r\n– көңіл-күйге орай баға қоя салу;\r\n\r\n– тұрақты да қатаң өлшем-шектердің болмауы (деңгейі төмен жауап үшін мұғалім жоғары не ұнамсыз баға қоя салуы);\r\n\r\n– орташа бағалау ұстанымында болу (“екілік” не “бестік” бағаларды қоймау);\r\n\r\n– жүйе тұрақсыздығы (оқытушы көп уақытқа дейін сұрақ жүргізбей, баға қоймай не бір сабақты түгелдей сұрақ қоюмен оқушылар бағасын тізіп салу);\r\n\r\n– өткендегі бағаға жақындау бағаны қоя салу (мысалы, оқушының өткендегі “екілігінен” кейін оған бірден “бестік” баға беру мұғалім үшін қиын сияқты);\r\n\r\n– əсіре (ореол) қателігі (оқытушы өзі ұнатқан оқушысына жаман, жек көрген шəкіртіне ұнамды баға қоюда тартыншақтыққа түседі);\r\n\r\n– баланың тəртібіне қойылатын баға пəн үлгеріміне ауыстырылады;\r\n\r\n– бағаны əсіре көтеру не себепсіз төмендету жəне т. б.\r\n\r\nДегенмен, əрқандай бағаны көтере түсу немесе төмендей бағалау негізінде неше түрлі мəн болуы мүмкін. Мысалы, үлгерімі төмен оқушыға көтеріңкі баға қою оған психологиялық қолдау көрсетіп, алдағы оқуда ілгерілеуіне көмектесу ниетінен болуы мүмкін. Сондықтан бағалаудағы субъектив ойдың бəрін бірдей қателікті деп қарастыру дұрыстыққа келмейді.\r\n\r\nСұрақтар мен тапсырмалар \r\n

    \r\n

  1. Қадағалаудың негізгі қызметтеріне сипаттама беріңіз.
  2. \r\n

  3. Қадағалауға қойылатын педагогикалық талаптар қандай?
  4. \r\n

  5. Ауызша жəне жазбаша қадағалаулардың тиімділігі мен кемшілігі неде?
  6. \r\n

  7. Компьютерлі қадағалау мүмкіндіктері қандай?
  8. \r\n

  9. Бағалау, баға қою өлшемдерінің қай түрінің болашағы бар деп ойлайсыз?
  10. \r\n

Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары

0

Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.\r\n\r\n        Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз —  әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.(5.28)\r\n\r\n       Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.\r\n\r\n        Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен  психологияның  орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.\r\n\r\n        Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады.       Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.\r\n\r\n     1.Практикалық іс-әрекеттілік.\r\n

    \r\n

  1. Көрнекі-бейнелік
  2. \r\n

\r\n     3.Сөздік – логикалық.\r\n\r\n        Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.\r\n\r\n1/ Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/\r\n\r\n2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/ т.б.\r\n\r\n3/  Заттың  мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.\r\n\r\n4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.\r\n\r\n5/  Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.\r\n\r\n6/  Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.\r\n\r\n7/  Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.\r\n\r\n8/  Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.\r\n\r\n9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.\r\n\r\n10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.\r\n\r\n       Сын есімді оқыту процесінде оқушылардың ойлауын дамыту дегенде ойлаудың барлық түрлері, формалары мен амалдарын қалыптастыру және жетілдіруді танымдық және оқу іс-әрекетінде тәсілдерінің білімінің бір облысынан екіншісіне көшіруді жүзеге асыра білуді түсінеміз.\r\n\r\n        Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру арқылы біз оқушылардың ойлауын дамытамыз.Ойлауды дамыту критерилері ретінде оқушылардың ойлауын дамытудың қандай да бір деңгейінің жетістігін көрсететін көрсеткішті түсіндіреді.\r\n\r\n       Деңгей-ойлауды дамытудың дәрежесі, критерий – деңгейдің өлшемі.\r\n\r\n       Оқушылардың ойлауын дамыту деңгейлерін анықтау үшін, психологтар ойлауды дамытудың сегіз шартын тұжырымдайды:\r\n\r\n-ойлау операцияларын түсіну дәрежесі – ойлаудың маңызды сипаттаушысы:\r\n\r\n-операцияларды меңгеру дәрежесі/анализ,синтез, салыстыру, жалпылау, нақтылау, классификациялау және т.б./ оларды барлық танымдық процестерде қолдана білу /оқу, оқудан тыс/\r\n\r\n-операцияларды түсіну және ойлау тәсілдерін басқа жағдайларға және басқа нәрселерге ауыстыруды жүзеге асыра білу дәрежесі.\r\n\r\n-ойлаудың әртүрлі түрлерінің қалыптасу дәрежесі.\r\n\r\n-білім қорының, олардың жүйелілігінің, білімді меңгерудің жаңа тәсілдерін білу дәрежесі.\r\n\r\n-мидың әртүрлі сапаларының динамикалық дәрежесі /тереңдігі, икемділігі, тізбектілігі, шапшаңдылығы және т.б./\r\n\r\n-іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен жұмыс,жаңа жағдайларға бейімделе білу.\r\n\r\n-оқушылардың логикалық ой қорытуларды меңгеру, оларды іс-әрекетінде қолдана білу дәрежесі (6.32)\r\n\r\n       Психолог А.Н.Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсетті.(7.57)\r\n\r\n      Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады:\r\n\r\n1.Ойлаудың икемділігі.\r\n\r\n2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.\r\n\r\n3.Ойлаудың сынилығы.\r\n\r\n4.Ойлаудың мақсаттылығы.\r\n\r\n5.Ойлаудың жалпылығы.\r\n\r\n6.Ойлаудың өз бетіншелдігі.\r\n\r\n7.Анықтылығы,дәлелдігі.\r\n\r\n        Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге, олардың  интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі.\r\n\r\n        Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды,қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады.\r\n\r\n        Ақыл-ой еңбегі мәдениеті — ойлау мәдениеті— сыншыл ойлау мәдениеті.\r\n\r\n        Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді.\r\n\r\n        Ойлау мәдениеті түсінігін А.Қасымжанов, А.Ж.Келбұғанов ойлау қабілеті дамуының белгілі бір дәрежесі ретінде түсінеді, яғни тар мағынасында ол “Ойлаудың қағидалық әдісі немесе ұғымдарға сүйеніп ойлау өнері”. Бұл бәрін терең, әрі жан-жақты қарастыруға көмектесетін, сол арқылы мәңгі даму үстіндегі әлемді дұрыс қабылдайтын ойлаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы қол жеткізу (8.43).\r\n\r\n        Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше еңбек ету және еңбек ету мәдениеті дағдыларын меңгереді. Бұл оларда өзінің жұмыс орнын қарапайым ұйымдастырудан бастап, дәл және дұрыс ақыл-ой, сонымен бірге практикалық әрекет дағдыларына дейін барлығынан көрініс табады. Олар ақыл-ой әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды. Олардың таным әрекеті жоғарғы дәрежелі ойлау операцияларымен, ойлаудың шапшаңдығы, икемдігі, оралымдығымен, оқушылар бұрын кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің білімін, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын өз бетінше көшіріп қолдана алуымен ерекшеленеді. Оқу әрекеті дағдыларын меңгермеген оқушылар өз жұмысын жоспарлап, уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алмайды.\r\n\r\n        Бұл жерде сөз ақыл-ой процестерінің сырттан басқарылуы/мұғалімі тарапынан, бағдарламалық оқулықтарымен, оқытатын құралдар, электронды машиналармен/ жөнінде ғана емес, оқу әрекеті барысында саналы түрде өзін-өзі басқару және өзін өзі реттеу жөнінде де болып отыр. Ал бұл үшін оқушыға оның жеке-психологиялық ерекшеліктерін, оның оқу және практикалық әрекетке қатынасын ескере отырып ықпал ету керек және оныңмеңгерген өзіндік жалпылама тиімді тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етуі қажет. Интеллектуалдық білік-дағдыларға үйрету бір-бірімен тығыз байланысты болатын төрт мәселені қамтиды: ойлау әрекетінің саналы болуына қажеттілік қалыптастыру, әрекет ету бойынша жалпы ережелерді білу, бұл әрекеттерді тәжірибе жүзінде тексеру және өзін-өзі бақылау.Оқушыларды керекті себептендіруді /мотивация/ тудыру үшін оларда ойлау процесінің өзін саналандыруға /рационализация/ қажеттілік пайда болуы, оны дамыту туралы неғұрлым кең мәселеге өсетін белгілі бір нақты әдіс қолданылады. Зерттеулер көрсеткендей, бұл қажеттілік оқыту барысында ақыл-ой әрекеті әдістерінің ұзақ уақыт қалыптасуы нәтижесінде пайда болады. Ойлауды саналандыруға қажеттілік ойлау мәдениеті әдістерін тиімді меңгерудегі қажетті алғы шарттардың бірі болып табылады.\r\n\r\n        Бұл жағдайда оқушы есіне үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады, бірақ оны пайдалана алмауы да, құрғақ жаттап алған материалдың мазмұнын жете түсінбеуі де мүмкін. Міне осы жерде ойлау мәдениетіне үйрету керек болары сөзсіз.\r\n\r\n        Әрине, оқушы білімді меңгеру кезінде ойлау әрекетінің белгілі бір тәсілдері мен әдістерін меңгереді, бірақ мұндай стихиялы, жүйесіздік жеткіліксіз екендігі анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог психологтардың көзқарастары әртүрлі, біреулері оқытуды өз бетінше ойлауды дамытатындай  етіп ұйымдастыру керек деп есептейді,егер соңғы нәтижесінде оқушылар дұрыс ойлау мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ.\r\n\r\n         Жақсы өңделген және берік тұрақталған әдістердің қалыптасуына әкелетін ақыл-ой дамуының аса маңызды жағын құрайды. Бірақ бұл пікір жалпылама сипатта ғана, себебі нақты әдіс-тәсілдері сан алуан, әр текті болып келеді. Бұл жерде біз ойлау мәденеитіне тоқталамыз.\r\n\r\n        Соңғы кездердегі педагогикалық ізденістерде ақыл-ой біліктерінің мақсатты түрде  дамуына ойлау әрекетінің арнайы қалыптасуына ерекше назар аударылуда, яғни ойлау дағдыларына үйретуге, танымдық ізденіс процестеріне ден қойылуда. Бұл ізденіс басталғаннан бері педагогикалық тәжірибеде әртүрлі оқу курстарына ақыл-ой дамуына байланысты тапсырмаларды енгізуге ұмтылыс жаппай сипат алды. Мамандар мен оқытушыларға жаппай бағдар беру мақсатында ойлаудың білік-дағдыларының ортақ көрініс көрсету үшін ортақ үрдісіне мақсатты түрде қалыптастырылуға тиіс осы ойлау машықтарының бірыңғай үлгісі жасалды. Ақыл-ой/интеллектуалдық/ дағдыларының орталық тірегі, діңгегі болып ойлау белгіленеді.\r\n\r\n        Ойлау мәдениеті үшін төмендегідей сапалар тән болуы тиіс: айқындық, қайшылықсыз, бірізділік, негізділік, дәйектілік, яғни ойлау тәртібін құрайтын заңдылықтар басшылыққа алынады.\r\n\r\n        Ойлау мәдениетін тек қана пайымдаулар мен тұжырымдардың логикалық тұрғыдан қатаң дәлелдігі айқындамайды, ол үшін мінез-құлықтың да белгілі бір сапалары қажет: “оқушының ақыл-ойын басынан-ақ өзіндік сыншылдыққа, өзіндік көзқарастарын өз бетінше қорғай алуға, қарсы пікірлерге жауап табуға үйрету керек” екендігін И.Кант дәлелдеген болатын (9.102)\r\n\r\n        Ақылдың сыншылдығы, сонымен бірге, жеке тұлғаның мінез-құлық\r\n\r\nерекшелігіне айналады, ақыл-ой процестерінің жүруіне әсер етеді. Ол, шын\r\n\r\nмәнінде, міндеттің ақиқат жағдайлары мен шарттарына сәйкес келмейтін сәтсіз ұқсату –сәйкестендірілуі шығарып тастайды.\r\n\r\n        Адам өзінің және өзгенің ойларына қатаң баға беріп отырады, олардың күшті және әлсіз жақтарын көре біледі, кез-келген болжамды ақиқат ретінде тани бермейді, оның ақиқаттығын дәлелдеуге ұмтылады. Адамның ойлау сыншылдығы өзі қалыптасқан көзқарастарын, қағидаларын қайта қарап, егер ол ғылым мен практиканың жаңа, тың мәліметтеріне,деректеріне қайшы келсе, оларды соған сәйкес өзгертіп отырады.\r\n\r\n         Ғылыми-техникалық даму жағдайында әр саладағы білімнің қажеттілігі мен адам әрекетінің сан алуан түрлерінің бөлініп шығу үрдісі, сонымен бірге әртүрлі мамандыққа ортақ болатын құраушы бөліктерінің көрініс беруі арқылы олардың бірігу үрдістері үнемі жүріп жатады, бұл адам еңбегінің неғұрлым түсуінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан оқыту барысы кезінде жеке тұлғалық сапалардың нақты дағдылары мен біліктерінің, қатаң анықталған білім жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз ету керек болады. Бұның бәрі оқушының оқу процесі кезіндегі ақыл-ой әрекетін басқара білуді барынша өзекті мәселеге айналдырды.\r\n\r\n        Оқушыларды ой еңбегіне тәрбиелеу түгелдей оқыту-тәрбие жұмыстарының кезінде үздіксіз жүріп отырады. Ақыл-ой тәрбиесінің табыстылығын айқындайтын негізгі факторлар; оқу материалдарының мазмұны, оқыту әдістері және оқушының сол арықылы реттеле ұмтылдырған, қоршаған өмірге байланысты жеке өзіндік тәжірибесі арқылы бекітілген танымдық әрекеті, сыныптағы және сыныптан тыс сабақтардың мазмұны және мектеп оқушылары оқып білім алатын, өмір сүретін жалпы ақыл-ой ортасының дәрежесі болып табылады.\r\n\r\n       Оқушылардың ойлау әрекетін басқарудың маңыздылығы қазіргі заманғы оқыту процесін талдау барысында үш негізгі аспектіден ашылады:\r\n\r\n1.структуралық/құрылымдық/-оқыту процесін жүзеге асыратын жүйенің құрылысы жағынан;\r\n\r\n2.функционалды /қызметтік/ — оқыту процесін басқаратын негізгі бағыттың көрінісін анықтау тұрғысынан;\r\n\r\n3.информативтік /ақпараттық/ — осы жүйеде әрекет ететін білімдік, танымдық ақпараттар тұрғысынан;\r\n\r\n        Ақыл-ой әрекетін басқарудың маңыздылығы оқытушы мен оқушының белсенді түрдегі байланысын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен арта түседі. Ұстаз оқушының танымдық әрекетін мақсатты түрде басқару арқылы нәтижесінде оқушыда белгілі бір анық білім қоры, дағдылар мен тіліктер қалыптасады.\r\n\r\n        К.Н.Волков адам ойының, ойлаудың дамуы нәтижесінде бірқатар құнды ойлар білдірді. Бұл процесте оқытудың жетекші роль атқаратынын ерекше көрсете отырып, К.Н.Волков: “оқыту процесі оқушының кешегі өткен даму жасына емес, болашақтағы даму жасына қарай бағыт-бағдар алуы тиіс, оқытуды аяқталған бір даму кезеңі немесе деңгейі ретінде қарастыруға болмайды. Оқыту ең алдымен әлі қалыптаспағанға, енді алда оқыту арқылы қалыптаспағанға, енді алда оқыту арқылы қалыптасатынға қарай бағытталатындай түрде жүргізілуі қажет” (10.97).\r\n\r\n        Оқытуда деректер мен теориялық қағидаларды білмейінше, даму жоқ және болуы да мүмкін емес. Тұлғаның дамуы мен білімді меңгеруі екеуін тікелей бір нәрсе деп есептеуге болмайды. Сөйте тұра оқушылар деректер мен теориялық қағидаларды есінде сақтап алып, өздерінің танымдық қабілеттерін әртүрлі дәрежеде жетілдіреді, алған білімді өздігінен, біреулері саналы әрі жедел түрде қолдануды үйренеді. Оқытудың түрлі әдістері тұлғаның қалыптасуына өз әсерін тигізіп отырады.\r\n\r\n        Ойлау дамудың жеке көрсеткіштерінің бірі адамның алдынан пайда болған қағидалық және тәжірибелік міндеттерді аңдап қалуы, оны жете түсінуі және оны орындап шығуы болып табылады. Оқушылар үшін даму үйренімділіктің, оқытылымдықтың өсуі, яғни барынша үнемді түрде мүмкін болғанша неғұрлым мол білімділік және тәрбиелік құндылықтарды алу қабілеті арқылы анықталады.\r\n\r\n        Өзіндік жұмыстар арқылы оқушыларды оқытудың әдістері мен психологтар мен дидактиктер жасаған оқушыны ойлау әрекетіне меңгерту тәсілдері тығыз байланысты. Сондықтан бұл тәсілдер де оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу тәсілдерімен байланыста қаралады. Ақыл-ой әрекетінің кең көлемді тәсілдерін, яғни ойлау әрекетінің әртүрлі жағдайында қолданылатын және оқу материалдарының көптеген түрлеріне ортақ болатын жалпы тәсілдерді және әрекеттің тар белгілері бір жағдайында ғана пайдаланылатын арнаулы тәсілдерді ажыратып, екіге бөліп қарастырылғанымен, бұл екеуінің арасында қатаң шекара жоқ. Екеуі де ақыл-ой тәрбиесіне көмегін тигізеді, бірақ олардың ықпалдығы бірдей дәрежеде емес.\r\n\r\n        Дамыту әрқашан тәрбиеленуші, ал тәрбие дамытушы болуы тиіс. Бұл пікірдің көкейтестілігі сонда, жеке тұлғаның белгілі бір сапаларын меңгермейінше ойлауды дамыту мүмкін емес, оқыту барысында тәрбиелеу процесі әрдайым қатар жүріп отырады. Ойлау қабілетін дамытуды қарастырғанда, оның жүйелі ұйымдастырылған оқыту процесінде жүзеге асатынын ескеру керек болады. Ойлауды ұйымдастырылған оқыту процесінде дамыту жағдайында жүзеге асырудың өзіндік мәні бар басты ерекшелігін көрсету қажет: ол оқушылардың теориялық ойлауының қалыптасуына қарай бағдарланады. Әлеуметтік тәжірибенің барлық құндылығы қандай да бір ғылыми сала арқылы жеткізіледі. Ал мектептегі білім беруде әрекет етудің бұл салалары оқу пәндеріне айналатыны белгілі. Оқыту процесінде ойлауды дамыту әлеуметтік, қоғамдық тапсырыстардың педагогикалық үлгісі ретінде білімнің мазмұны арқылы, түптеп келгенде белгілі бір нақты ұғымдар мен түсініктерді, біліктер мен тәжірибелерді оқушыларға меңгерту арқылы жүзеге асырылады.\r\n\r\n        Педагогика мен психологияны да дамытудың көптеген шарттары көрсетіледі. Мысалы, Л.В.Занков оқушылар үшін үш аспектіні көрсетеді:\r\n\r\n1.Бақылай алу, ойлау және практикалық әрекет;\r\n\r\n2.Кеңінен танылған шарт ретінде оқушының өз білімдері мен тілектерін іс жүзіне ауыстырылып қолдана білуі болып табылады;\r\n\r\n3.Ол неғұрлым өз бетінше жұмыс жасай алатын болса, бұл ауыстырудың да аумағы соғұрлым кең және оның шарттары да күрделі бола түседі, бұл оқушының қаншалықты дамуын, яғни даму дәрежесін көрсетеді. Дамуды бағалау шарттарының көптігі мектепте дамытуға қажетті танымдық сапалардың көптігін береді.\r\n\r\n        Оқыту процесінде ойлаудың дамуы жіктелмелі түрде жүреді. Қандай да бір сабақта дамуға қол жеткізгені анық көрініс беруі керек. Бір сабақтарда даму және меңгеру анық көрініп тұрса, кейбір сабақтарда ол елеусіз ғана болуы мүмкін.\r\n\r\n        Әрекет ету сипатына қарай және қайшылықтарды шешудің оқу танымындағы жолына қарай ойлаудың түрлі деңгейлері туралы айтуға болады. Бұл деңгейлер ойлаудың табиғатына және таным процесінің заңдылықтарына байланысты анықталады: бірқатар оқушылар жақсы түсіне отырып өз бетінше жемісті ойлай алады, кейбірі олай етуге қабілетсіз болады, бірқатар оқушылар талдау жасай алады, енді біреулерінің бұл әрекет қолынан келе бермейді. Оқушылардың бұлайша әр деңгейдегі дайындығы әртүрлі нұсқаларды құрастырудың объективті негізі ретінде танылады, ол үшін оқытудың барынша түрлі әдістерін қолдану керек, яғни түрлі дидактикалық құрылымдарды, ерекшеліктерді ескеретін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ойластыру қажет болады.\r\n\r\n         Қазіргі қазақ тілі сабақтарында сын есімді оқыту барысында жаңа үлгідегі сабақ өткізуде мынадай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.\r\n\r\n І. Ізденіс кезеңіндегі қолданылатын әдістер:                                                                         \r\n

    \r\n

  1. Байқау;
  2. \r\n

\r\n  3.Сұрақ-жауап;\r\n\r\n  4.Іздендіру;\r\n\r\nІІ. Жаңа білімді игеру кезеңінде қолданылатын әдістер:\r\n\r\n    1.Зерттеу;\r\n\r\n    2.Жалқылау, жалпылау;\r\n\r\n    3.Салыстыру;\r\n\r\n    4.Эвристикалық;\r\n\r\nІІІ. Практикалық дағды беру кезеңінде қолданылатын әдістер:\r\n\r\n1.Жаттығу;\r\n\r\n2.Өзіндік жұмыс;\r\n\r\n3.Талдау;\r\n\r\n4.Дидактикалық ойындар;\r\n\r\n6-сыныпта күнтізбелік жоспар бойынша сын есімдерді оқытуға 4 сағат, 7-сыныпта 3 сағат бөлінген.\r\n\r\nОйлауды дамытуға негізделген жаңа үлгідегі сабақ жоспары жасалды. Сонымен қатар, сын есімді оқыту барысында қолданылатын сабақтың әр кезеңіне арналған тілдік тапсырмалар, жаттығулар міндетті, мүмкіндік, шығармашылық деңгейлер бойынша жасақталды.\r\n\r\n         6-7 сынып оқушыларына сын есімді дамыта оқыту арқылы олардың ойлауын жетілдірудің негізгі мәні – оқушыларға берілетін грамматикалық теориялық білімнің басты орында болуында.6-7 сынып оқушыларының ұғымдар жасай алуы – дамыта оқытудың негізгі мақсаты болып алынады да, оған жету үшін мақсатқа сәйкес арнайы іріктеліп грамматикалық білім мазмұны жүйеленеді. Дамыта оқу технологиясының ерекшелігі теориялық ойлау болып табылады және де оның моделдік абстракциялау, алғашқы нақтылық, соңғы нақтылық арқылы көрсетуге болады. Оқушылардың сын есімді меңгеруі барысында түрлі оқу-таным қызметін орындайтынына байланысты дамыта оқуды жұмысымызда оқушының оқу-таным қызметінұйымдастыру деп белгіледік. Оқушылар оқу-таным қызметін орындауда, алдымен танылып отырған нысанның сыртқы белгілерін, олардың өзара байланыстылығын кең түрде талдаудан өткізуі керек. Осындай кең түрдегі талдау қызметі барысында оқушылардың ойлау қабілеті де шыңдала бастайды. 6-7 сынып оқушыларына сын есімнің ұғымдарын теориялық тұрғыдан оқытуда мұғалімнің алдына қоятын мақсаттары- теориялық топтастырылған ұғым жасауға үйрету, сын есім туралы білім мазмұнын оқушы өз бетімен жасалатын ақыл-ой әрекеттерін орындау арқылы меңгеру.\r\n\r\n \r\n\r\n